close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 21 Жанаарка газеті

код для вставки
№21 (9858), 19 мамыр, 2018жыл
Елбасы Жолдауы-маңызды құжат
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктер» атты Жолдауын жариялады.
Жолдауда алдағы уақытта атқарылатын негізгі 10 міндетті тайға таңба басқандай айқындап берді.
Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан
әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды
экономикалық даму жолына бет алғанын, еліміздің 2050
жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылып, 100 нақты қадам Ұлт
жоспары аясында реформалар қарқынды жүргізіліп, индустрияландыру саласын өркендету
үшін жүйелі жұмыстар атқарылып келе жатқаның, конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің үшінші жаңғыруын бастағанын, рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді
іс-шаралар жүргізіліп жатқанын және Цифрлық Қазақстан бағдарламасы қабылданғанын
айта келіп, биылғы Жолдауда алдағы негізгі 10 міндетті айқындағанына тоқталып,
Жолдаудың бағыттарына шолу жасады.
Елбасының биылғы жылғы Жолдауында Заң үстемдігін жетілдіруге, жемқорлықпен күрес
жүргізуге тиісінше назар аударылған, соның ішінде тиімді мемлекеттік басқару.
Жолдаудағы сегізінші міндеттің басты арқауы мемлекеттік қызметтердің сапасы жоғары
әрі қол жетімді болуына бағытталған. Мұнда мемлекеттік органдарды қағазбастылықтан
азайту жолдары да жан-жақты қарастырылған. Қызмет көрсету кезінде халыққа қолайлы
жағдайлар туғызудың тың тәсілдері ашып көрсетілген. Мемлекеттік органдардың
ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшу ісінінде берері мол. Сегізінші
міндет осындай өміршең әдістерді алға тартумен құнды. Тоғызыншы міндет жемқорлықпен
күрес және Заңның үстемдігі. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық ұғымы азаматтық қоғамда
үйреншікті құбылысқа айналса, ал екінші жағынан Қазақстанның қауіпсіздігіне,
мемлекеттің экономикасының дамуына кері әсер ететін факторға айналуда. Сыбайлас
жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арызшағымы.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа
адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге
міндетті.
Елбасы нақтылаған мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары, барлық маңызды
сұрақтар бойынша мақсаттар мен міндеттерге жетудегі жаңа кезең болып табылады.
Ғ.Т.Омаров,
бөлім басшысы–аға сот орындаушысы
Жемқорлыққа жол жоқ
Қазіргі заманда жемқорлықпен күресу мемлекетіміздің
өзекті мәселесі болып отыр. Мұның әлеуметтік те, саяси
да мәні зор. Себебі жең ұшынан жалғасу, бармақ басты
сияқты келеңсіз әрекеттердің соңы сыбайластыққа, тіпті
ұйымдасқан жемқорлыққа әкеп соғатыны қазіргі
қоғамда аз кездесіп жатқан жоқ. Елімізде нақты шешімі
табылмай тұрған өзекті мәселенің бірегейі – сыбайлас
жемқорлық, көбінесе мемлекеттік қызмет саласында
жүргендер арасынан орын алып отырғаны жасырын
емес. Сондықтан, Ұлт жоспарында 2015-2025 жылдарға
арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның
мақсат-міндеттері айқын көрсетілген. Бұл алдымен
жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алуды және жоюды көздейді.
Бұл орайда халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, адамдардың мемлекеттік
органдардың өкілдеріне сенімділік дәрежесін біртіндеп қалыптастыру мәселесі күн тәртібіне
шықты. Пара алушы ғана емес, пара беруші де Заңға қарсы әрекет жасап тұрғанын білуі
тиіс.
2015 жылдың 18- қараша № 410-V қолданысқа енген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы» Заңды жүзеге асыру мақсатында еліміздегі барлық мекемелерінде, әсіресе
мемлекеттік қызмет орындарында, күштік құрылымдарында құқықтық білім деңгейін арттыру жұмыстары жүйелі жүргізіле бастағаны БАҚ арқылы мәлім.
Мекемеде азаматтарды қабылдау орнында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стенд
ілініп, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің және ОАИ-ның мекен
жайы, сенім телефондары, электрондық адрестері жөнінде ақпараттық мәліметтер ілініп
қойылған. Азаматтарды жеке қабылдау әр жұмыс күні сағат 16-00 ден 17-00 ге дейін.
Қызметшілердің заңсыз іс-әрекетіне азаматтардың шағымдары мен ұсыныстары үшін арнайы жәшік орнатылған. Егер мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп Кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын бұзу фактілері анықталатын болса оны
жою жөнінде дер кезінде іс шаралар қолданылады.
Инспекция бойынша 2-62-55 сенім телефоны жұмыс істейді.
Ғ.Қ. Мұхамеджанов,
«ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитеті Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы»
ММ-нің басшысы
Басты мақсат – бюджеттің
орындалысын бақылау
15-мамыр күні аудандық мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі және
халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау туралы тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Отырысқа Қарағанды облыстық тексеру комиссиясының
мүшесі Б.А.Таханов, аудандық мәслихат хатшысы Қ.А.Имантүсіпов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш.Қожықаев, аудан әкімдігінің бөлім мен мекеме
басшылары, қоғамдық кеңесінің өкілі қатысты. Отырысты аудандық мәслихаттың бюджет
және аймақтық саясат туралы тұрақты комиссияның төрайымы М.Х.Әбілдинов ашып,
жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан бюджетінің 2017 жылы атқарылуы
туралы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы А.Жылқыбаев хабарлама жасады.
Келесі сөз кезегін алған Қарағанды облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Б.А.Таханов
аудандық бюджеттің 2017 жылғы атқарылуына жүргізілген бақылау нәтижелерімен таныстырды. Баяндамашы тексеріс қорытындысы бойынша аудан бюджетін жоспарлау мен
атқару кезінде Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасы нормаларының
мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету мен бюджет жүйесі принциптерін қатаң түрде
басшылыққа алу, мемлекет қаражатының тиімді пайдаланылуына ерекше назар аудара отырып, мемлекеттік мекемелердің – бюджеттік үдеріс қатысушыларының жауапкершілігін
арттыру, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, олардың ведомстволық ұйымдарының
қызметін бюджеттік қаржыны немқұрайлы игеруден бюджеттік бағдарламаның тікелей
нәтижелеріне және қойылған міндеттерге қол жеткізуге қайта бағдарлау бойынша шаралар
қабылдау, Қазақстан Республикасының заңнама бұзушылықтарын ескерту және жою үшін
бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ішкі қызметінің ұйымдастырылуына талдау жасау,
бағдарлама қатысушыларының аймақтағы мәселелерді біртіндеп шешу бойынша
ведомстволық өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар жасады.
Хабарламаларды тыңдаған депутаттар өз сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды.
Қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.
Аудандық мәслихат аппараты
Рухани жаңғыру
Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі
жаңғыртылуда. Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі
басым мемлекеттік міндеттер қатарына шықты. Сондықтан
ұстаздар қауымы әр өткізілген сабағында ел ретіндегі
құндылықтарымызды оқушыларымыздың бойына сіңіруге
тырысады. Осы ретте Б.Амалбеков атындағы шағын орталық
тәрбиешісі Қаламғазы Айнұрдың өткізген ашық сабағының
ерекшелігі мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың
басымдықты идеяларын бүлдіршіндер арасында кеңінен насихаттау болып табылды.
Жалпы сабақ барысында бүлдіршіндердің сана-сезіміне сай рухани жаңғыруды сипаттау
және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға көп мән берілді. Арнайы дайындалған көз тартарлық қызықты көрнекіліктер арқылы Рухани жаңғыру
мақаласында көтерілген туған жерге еңбек сіңіру, ауданымызға қарасты киелі жерлер турасында қызықты мәліметтер берілді.
Оқушылар отансүйгіштік тақырыбында тақпақтар айтып, әндер шырқады. Жалпы
оқушылардың бойында ұлттық сананы кішкене кезінен ояту, туған халқына деген құрмет,
сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру жұмыстары ұстаздар
қауымына тікелей байланысты. Себебі саналы ұрпақ ол еліміздің ертеңінің жарқын
болуының кепілі.
Рысты Мұздыбаева,
Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
19 мамыр 2018 жыл
Елбасының Жолдауы-халықтың қолдауы
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 10 басым бағытты атап
көрсеткен.
«Адамзат өндірістік революция
кезеңіне қадам басты. Жаңа технологиялар әлемді күнде өзгертіп
жатыр. Қазақстан осы мүмкіндікті
пайдаланып, дамыған 30 елдің
қатарына кіру үрдісін тездетуі
тиіс»,- деді мемлекет басшысы өз
мәлімдемесінде. Жолдау жолдарында көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы жаңа заманға лайықты
даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар.
Еліміздің қарқындап даму мүмкіндіктері зор. Өйткені, Қазақстан –
Еуропа мен Азияның арасындағы «Алтын көпір» сияқты мемлекет.
Жолдауда Президент жүзеге асыруы тиіс 10 негізгі бағытты айқындаған.
Бірінші кезекте Елбасы: Индустрияландыру жаңа технологияларды
енгізудің көшбасшысына айналуы керектігіне тоқталған. Заманауи технологияларды құрылыс саласында да пайдалану аса маңызды. Бұл
халықтың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Президент
мәлімдемесінде қаржы секторын қайта жаңарту қажеттілігі айтылды.
Бұл қадам еліміздегі банк секторын жандандырады. Нұрсұлтан Назарбаев адами капиталдың сапасын арттыруды да сөз етті. «Халыққа сапалы білім алуы үшін, сапалы медициналық қызмет көрсетілуі үшін
барлық жағдай жасалуы керек», - деді Президент. Тиімді мемлекеттік
басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі - Жолдаудағы негізгі басымдықтар.
Бұл Жолдаудың негізгі мазмұны қазіргі жаһандық жағдайда әлем
елдерінің көшінен қалмай, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін
ғылыми-техникалық, ақпараттық-технологиялық салаларды дамыту
және адами капитал – жаңғыру негізі екендігін атаған. Енді, Президент
Жолдауында аталған тапсырмаларды елімізде әрбір саланың мамандары
жүзеге асыруы қажет. Оған қоса мемлекет барлық саланы қадағалап,
оған бөлінген қаражаттың нәтижесін сұрап, есебін алып отыруы
тиіс.Тек, сонда ғана өркениетті елдер сияқты мемлекеттің ілгерілеп
дамуы болады деген ойдамын.
А.С.Әкімбекова,
С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жарқын болашаққа бес бағдар!
Елбасы бірлескен отырыс барысында
халыққа
арналған
«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуін жариялады.
Онда әрбір отбасына баспана
алудың жаңа мүмкіндіктерін
беру,
жалақысы
төмен
жұмысшылардың еңбекақысын
көбейту үшін олардың салық
жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын
арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту,
шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газбен қамтамасыз ету ісін
жалғастыру жөніндегі бастамалар қамтылған.
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әлеуметтік бастамалар қоғамымыздың
әлеуметтік бірлігін нығайтуға және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын
ары қарай жақсарта түсуге бағытталғанын атап өтті.
– Біз бүгін әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасауға
дайынбыз.
Бұл – елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар оптимистік жоба.
Өркендеген Қазақстан – бұл, ең алдымен, мемлекеті өзін қорғап, қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан
жүрегімен сүйетін, патриоттық танытатын өздеріне сенімді адамдардың
мекені деп санаймын, – деді Қазақстан Президенті. Елбасының мығым
әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі
үшін бар күш-жігеріміз бен білімімізді сала еңбек етсек үлкен биіктерден көрінеріміз анық. Бұндай бастамаларды сіз бен біз болып
қолдауымыз қажет.
Ж.Жакиянова, Бидайық ауылдық округінің жетекші маманы
ҚР ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ
ҚОҒАМ МИНИСТРІ ДАРХАН
КӘЛЕТАЕВ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ
ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗЕДІ
13-маусым күні сағат 15.00-де ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың халық алдындағы есептік кездесуі өтеді.
Министр есептік кездесуінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам
министрлігінің өткен жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтады. Сондай-ақ, есептік кездесу барысында түскен
халықтың сұрағына жауап береді. Өңір тұрғындарының онлайн-режимінде сұрақ қоюлары үшін бейнеконференция байланыс жүйесі
қамтамасыз етілетін болады. Министрдің халық алдындағы есептік
кездесуі тікелей эфир арқылы www.bnews.kz интернет-порталында
көрсетіледі.
Өтетін орны: Астана қ., Д.Қонаев көшесі 4, «Қазмедиа орталығы»
ғимаратының кино-концерт залы.
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметіне
қатысты
сауалдар
мен
ұсыныстарды
тұрғындар
[email protected]электрондық поштасына немесе 8 (7172) 7418-48, 8 (7172) 74-18-68 телефонына хабарласу арқылы тікелей
жолдай алады.
2
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
ұлттық баяндама
Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастау алған Қазақстанның қазіргі заманауи тарихында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаевпен жарияланған жемқорлықпен табанды және ымырасыздық
күрес бағыты республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мағынасын қалыптастырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саясатының базалық бағыттары
Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру
арқылы нақты белгіленген. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін
азайтудың мақсатты нұсқамаларына қол жеткізу алгоритмі сыбайлас
жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесінде бүгінгі күні басты
бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа
қарсы стратегиясында көрсетілген.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бірізді іске асыру ұлттық
тәжірибе ауқымы мен озық халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тартуды ескерумен өзінөзі жетілдіру режимінде тұрақты тұрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей үлгісін қалыптастыруға
мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін іске
асыру табысты аяқталды, бұл оны орындаудың алғашқы нәтижелерін ұғыну қажеттілігін өзектендіреді. 2015
жылғы 18-қарашада бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптары тұрақты
әзірлеуге негіз болған осы жыл сайынғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамада
өзінің көрінісін тапты.
Ұлттық баяндаманың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша практикалық іс-шараларды әзірлеу
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірумен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және оның таралуының жай-күйі мен үрдісіне объективтік талдау болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес Ұлттық баяндама сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жұмысының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басқа
да субъектілері (мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің) қызметінің нәтижелері негізінде қалыптастырылады.
Осы жылы алғашқы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық актінің - посткеңестік кеңістікте теңдесі жоқ
Заңның қабылданғанына 20 жыл толып отыр. Бұл оқиға, сонымен қатар, Қазақстанның жаңа сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясатының жүзеге асырылуының алғашқы қорытындылары Ұлттық баяндамада
көрсетілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа модель мемлекеттік қызметті жаңғырту арқылы мемлекеттік биліктің барлық
тармақтарын жүйелі реформалауға, құқық қорғау және сот жүйелері заңның үстемділігі, ашықтық пен есептілік,
тұтынушыға бағдарлану принциптеріне бағытталған.
Бұған бір қатар әр қайсысының орындары жемқорлықты төмендетуге бағытталған заңдардың қабылдануы себеп
болды («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қоғамдық кеңестер
туралы», «Ақпараттарға қол жеткізу туралы»).
Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралуының үрдістері мен жағдайының сараптамасы осы Баяндамада қарастырылған.Биылғы жылы, сыбайлас жемқорлықты қабылдау рейтингісінде
Қазақстан 31 ұпайға иеленіп, көрсеткішті 2 ұпайға және 9 позицияға жақсартып 122 орынға шыққанын айта кеткен жөн. Бұл бағалар еліміздің Трансперенси Интернешнл (1999 жылы – 23 ұпай) рейтингісіне енгізілген сәтінен
бастап берілген жоғары баға болып табылады. Осындай нәтижелерге қолжеткізу, атап айтқанда, 30 ұпай шектік
мәнді асыру, сыбайлас жемқорлыққа аса бейім елдерінің санатынан шығуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар Баяндамада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған шаралар ұсынылған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар орындалуының анағұрлым маңызды нәтижелері
ретінде мемлекет пен салық төлеушінің арасындағы қатынастың ырықтандырылуын, жоспардан тыс тексерістерді өткізу үшін негіздер санының 62%-ға төмендеуін ( 32-ден 12-ге дейін), ауыл шаруашылығы саласындағы
субсидияларды беру бойынша бірқатар процесстердің авотматтандырылуын, сонымен қатар дәрі-дәрмектер пен
медициналық құрал-жабдықтардың сатылай электрондық сатып алуларға көшірілуін және т.б. атап өтуге болады.
Азаматтық қоғамның мемлекеттік саясатқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысу, қоғамдық сыбайлас
жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету
мәселелері де Баяндамада көрсетілген.
Мәселен, Агенттікпен ЖОО қауымдастығымен, орта және арнайы орта оқу орындарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Кәсіподақ федерациясымен, дін конфессияларымен серіктестік қарым-қатынастар орнатылған,
көптеген бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Азаматтық қоғамның белсенді өкілдерінің қатарынан сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегия іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша арнайы мониторингтік топтар
құрылған.
2018 жылдың 3 сәуірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама Елбасымен
ұйғарылды. Оның толық нұсқасымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында танысуға болады (http://kyzmet.gov.kz/ru/pages/nacionalnyydoklad-o-protivodeystvii-korrupcii) .
АТҚАРУШЫЛЫҚ ӨНДІРІС БОЙЫНША
Сот орындаушыларының жұмысы сот шешімдерін орындаудан
құрылады және бұл оңай жұмыстың бірі емес, өйткені сот орындаушылары өздерінің жұмысының әр кезінде адамдар
тағдырымен, жан дүниесімен және күйзелісімен жолығады.
Мемлекеттік сот орындаушыларының жүктемесін қайткенде
жеңілдету үшін 2011 жылы атқарушылық іс жүргізу баламасы —
Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының
өңірлік алқасы құрылды.Енді азаматтар өздерінің таңдауын жасай алады — мемлекеттік сот орындаушыларына
әлде жеке сот орындаушыларына жүгінеді.
Елбасы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы түбегейлі реформалар аясындағы 27-і қадам сот
орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту арқылы жеке сот орындаушыларының институтын
одан әрі дамыту болып табылады.
Осы бағытта арнайы заң қабылданып, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке сот орындаушылардың құзыретіне
мемлекеттен өндіріп алу, одан әрі мемлекет пайдасына 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы өндіріп
алу туралы құжаттарды, мемлекет мүддесінде жүргізілетін үйден шығару, бұзу, жер учаскелерін алып қою туралы
құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжаттардың барлық санаттары берілді.
Жеке сот орындаушыларының қызметiне ақы төлеу өзiн-өзi қаржыландыру негiзiнде iске асырылады, яғни оның
iс-әрекеттерiне ақы борышкерден талап етiлетiн қаражат есебiнен жүргiзiлетiнi туралы заңнамада белгiленген.
Сонымен қатар, жеке сот орындаушы атқару құжатын орындауға қабылдайтын кезiнде өндiрiп алушымен
шығындардың алғашқы төлемiн төлеу туралы келiсiм-шартты жасайды. Кейiннен төленген алғашқы төлемнiң
сомалары борышкерден өндiрiлген қаражатынан ұсталады.
Алимент мәселесі бойынша жаңа заң нормаларында азаматтарға төлем талап етiлмейтiн жеңiлдiктер
қарастырылған, яғни атқарушылық құжаттарды ұсынатын өндiрiп алушылардан жеке сот орындаушылардың
қызметiне алдын - ала төлемдердi талап етуге тыйым салынған. Алименттердi өндiру туралы құжаттар әлеуметтiк
маңызы бар iстер санатына жатқызылып, бұл түрдегi iс жүргiзулер бойынша борышкерлердiң кiрiстерi және
атына тiркелген мүлiктерi болмаған жағдайда жеке сот орындаушылардың қызметiне ақы төлеу республикалық
бюджет есебiнен жүргiзiлетiнi көзделген.
Ғ.Т.Омаров, бөлім басшысы- аға сот орындаушы
19 мамыр 2018 жыл
3
Мектеп үшін жаралған жан
Рухани жаңғыру
«Болашақтың кілті білімді ұрпақта»,- деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
айтқандай білім саласында да жыл өткен сайын
өзгерістер мен реформалар кеңінен қолданылуда.
Жаңартылған білім беру
бағдарламасы аясында
еңбек
етіп
жүрген
ұстаздар
қауымы
заманның
көшінен
қалмаймыз, білімді әрі білікті шәкірт тәрбиелейміз
деген
мақсатта еңбек
етуде. Электронды замана
көшіне ілесу үшін жаңа
техналогиялармен
қаруланған, жан-жақты даярланған мамандар білім сапасының артуына оқушыларды зейіндік, зеректік бағытта тәрбиелеуде. Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы 7-ші бағыты «Адами
капитал-жаңғыру негізі» бөлімінде білім беру саласы мен ұстаздардың еңбегіне көп көңіл
бөлінген.
Еліміздің өркендеуі, озық елдің сапынан көрінуі үшін алдымен білім сапасын көтеріп,
болашақ иесі жас ұрпақты патриоттық сезімге бейімдеп, білімді әрі іскер, жылдам шешім
қабылдай алатын, өзінің мүмкіндігін пайдалана білетін, біліктілігін іске асыруға
құмар
азаматтар мен азаматшаларды
тәрбиелеу керек. Осы мақсатта еңбек етіп
жатқан ауданымыздағы әр мектептердің жетістіктері жетерлік.
Соның ішінде 2016 жылы негізгі мектеп
қатарынан жалпы орта білім беретін мектеп
сапына өткен, жаңа ғимаратқа көшіп, білім
берулерін жалғастырған «Жаңаарқа» ЖОББ
мектебі.
Жаңа мектеп заманауи құрылғылар мен
жиһаздармен жабдықталыпты. Жаңаның аты
жаңа. Көрсең көрнекіліктен көз сүрінеді.
Бұл мектепке біз арнайы келдік. Олай
жасауымыздың басты себебі биылғы жылы мектеп тарихында ерекше жыл болмақ. Іргесін
өткен ғасырда қалағандарымен алғаш түлектерін ұшырғалы тұр.
Мектеп ұжымы 9-мамыр Жеңіс күніне орай салтанатты кеш ұйымдастырыпты.
Оқушылары мен ұстаздары бірге атсалысып, өткізіп жатқан «Ерлікке тағзым» мерекелік
қойылымды тамашалай, мектеп басшысымен тілдесуге асықтық.
-Бұрын шағын мектепте екі аусыммен еңбек ететінбіз. Қазыр міне, өзіңіз көріп
тұрғандай жаңа, жарық, кең, заман талабына сай мектепте білім берудеміз. Бұл да біздің
еліміздің тәуелсіздігінің шапағаты деп білемін. Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана»
бағдарламасы аясында бой көтерген
мектепте 146 оқушы білім алады. Бұл
балаларға 29 ұстаз дәріс береді.
Жоғарғы санатты 5 мұғалім, 1 санатты 10 мұғалім, тазалық басқа да
жұмыстарды
қадағалайтын 16
қызметкер бар. Мектеп талапқа сай
жабдықталған. Оқушыларымыздың
білім сапасы 67 пайызды құрап отыр.
15 оқушымыз
ыстық
тамақпен
қамтамасыз етілген. Мектебіміз негізгі болғандықтан оқушыларымызды
9 сынып бітіргеннен кейін колледждерге болмаса аудан басындағы
мектептерге жіберетінбіз. Біздің білімді балаларымыз 11 сыныптан кейінгі мемлекеттік сынақтан жоғары
баға
алғанда
мерейіміз
өсіп,
қуанатынбыз. Өйткені білім нәрі 1- сыныптан бастап оқушының бойына сіңеді де соның
нәтижесін береді. Биылғы жылы 11 оқитын алғашқы түлектерімізді ұшырамыз.
Оқушыларымыз бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысып, жақсы баға алады деген ойдамын,деген мектеп басшысы Күлшат Бимендина мектепті аралатып, өз кабинетіне бастады.
-Күлшат Жәкенқызы, мектебіңіздің жай күйімен таныстық, енді оқушыларыңыз бен
ұстаздарыңыз туралы айта өтсеңіз?
-Мен бұл мектепке 1998 жылы келген болатынмын. Содан бергі аралықтағы 20 жыл
уақытым осы мектеп өмірімен біте қайнасып, бірге өтуде. Қаншама аға буын өкілдерімен
бірге еңбек еттік. Білмегенімізді үйрендік, сол кісілердің салған сүрлеуін кеңейтуге
атсалыстық. Бүгінде осы мектептің аға буыны сапында соңымыздан ерген жас мамандарға
көшбасшы болып жүрміз.
Мектептен алған тәрбие мен тәлім өмірлік азық. Сондықтан, мектеп қабырғасындағы әр
ұстаз оқушыға үлгі болуы керек. Біздегі талап сол. Ұстаз жүрегі мейіріммен шуаққа
толғанда ғана оқушыға өзіндік әсер береді деп ойлаймын. Мейрімді ұстазды оқушының
жақсы көруі заңдылық. Олай болса жақсы көрген мұғалімнің сабағын зейін қойып, бар
ықыласпен тыңдайтыны анық. Ұстаз бен оқушы арасындағы байланыс көрінбейтін сәуле
сияқты. Ол кіп- кішкентай болып келген оқушының жүрегіне шуақ себе отырып, оны бі-
лімді, өнегелі, тәрбиелі, алғыр да отансүйгіш етіп тәрбиелеуде жемісін бермек.
Мектебімізде Ж.Оспанова, Р.Қалжанова, Г.Айтжанова сынды ұстаздар еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен
Д.Сабирова келді. М.Омаров, Ұ.Сейфуллина, М.Жапелова, С.Қыдырбекова,
А.Көкенова
білікті
мамандар.
Н.Төкенова, Ә.Рымбекова, А.Бүлкенов,
Қ.Аманжолов
жас
мамандар.
Оқушыларымыз Хамзе Асқар, Жахин
Жасұлан, Аманбай Аяулым, Қаратаев
Мағжан, Марғұлан Айзада, Аманбай
Ерасыл, Боранқұлов Берген, Алпысбаева
Данагүл, Зекенова Ақдана білім, өнер,
спорт саласынан топ жарып жүр.
Мектеп директоры болған Амантай
Оспановтың балалары жылда демеушілік жасап келеді. Үздік оқушыларымызға степендия тағайындап берген. Мектепке 280
мыңға Рәміздер бұрышын сыйға тартса, 120 мыңға “Шаңырақ” жобасына көмектесті. Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында мекпетпе мұражай ашпақ ойымыз бар.
-Отбасыңыз жайлы айтсаңыз, ұстаз болуға кім әсер етті?
- Мен 1966 жылы Қараағаш ауылында қарапайым отбасында өмірге келдім. Әкем Бимендин
Жәкен малшаруашылығына атсалысқан азамат. Өмірден небары 42 жасында озды. Анам
Нәркеш Мақажанқызы баға жетпес батыр адам. Ауылға оқу бітірісімен дүкенші болып
барып, әкеме жар, әулетімізге келін болған аяулы жан. 15 құрсақ көтерген анам зейнеткерлікке
шыққанша
бала
басты
болғанымен еңбектен қол үзіп,
жұмыстан қалып көрген емес. Бір
үйдегі үпір-шүпір бала бір-бірімізді
бақтық, тәрбиеледік, өсірдік. Үйдің
үлкені мен жауапкершілікті ерте сезіндім. Анама қолқабыс ете жүріп, мектепте озат
оқушы, қоғамдық
жұмыстың белсендісі болдым. Мектеп
қабырғасында жүргенде ұстазымыз
Зияда Тасжанова апай сияқты ұстаз
болсам деген арманым алдамады. 8
сынып бітіргеннен кейін Жезқазған
педучилищесіне оқуға түсіп, бастауыш
сынып мұғалімі мамандығын игердім.
Соңымдағы 9 бауырыма қарайласу ешқашан жадымнан шыққан емес. Студенттік күнімнің
өзінде бауырларыма сыйлық жасауға, соларды қуантуға асығатынмын. Бір-бірімізге деген
қамқорлық ұямыздан бойымызға сіңді. Әрқайсымыздың өзіміздің атқаратын жұмысымыз
болатын. Үнемі жұмыстағы әкеміз бен анамыздың қас қабағын бағып өстік.
Оқуды бітіретін жылы әкем өмірден озды. Анам 9 баласы қасында, оныншы балаға жүкті
болып қала берді. Анама Алла сабыр беріп, қайратына-қайрат қосты. Шиттей он баланы
азаматсыз жеткізу оңай емес. Тағдыр ісіне көніп, бізді аяғымыздан тік-тұрғызуға барлық
күш-қайратын жұмсады. Шаңырағын шайқалтпай әке орынына әке болып, бәрімізді
оқытты.
Бүгінде
балаларының ортасында
бейнетінің
зейнетін
көруде.
1986 жылы өзім оқыған
мектебіме жас маман
болып келдім. Мектеп директоры Болат Мейізбековтан, ұстаздар Бақыт
Дүйсенова мен Орынбасар
Сәтжановалардан
көп
тәлім алдым.
Бүгінгі
басшылық
қызметімде
Бөкеңнен алған тәлімтәрбием кәдеге жарап
жүр. Мектеппен ауылдың
қоғамдық жұмысына белсене
араласып,
«Қызғалдақ» үгіт бригадасының белсенді мүшесі болдым.
1989 жылы Омаров Қайыртайға тұрмысқа шықтым. Жас отбасы болып Жартас,
Қызылшоқы бөлімшелеріндегі мектепте еңбек еттім. Қайыртай ауылшаруашылығын
көтеруге атсалысты. Бүгінде теміржол саласында еңбек етеді. 1998 жылдары тоқырау
кезіне тап болып, ауылдағы мектептер жабылып, Мұқажан Жұмажанов ауылына қоныс
аудардық. Бес баламыз бар. Ғалымжан мен Мейіржан магистранттар. Ғалымжан
Қарағанды қаласында “КазМұнайгазда” қызметте, келініміз Әсем заң қызметкері, Асылым
атты немереміз бар. Мейіржан Қарағандыда теміржол саласында еңбек етеді. Жанайым
Алматы қаласындағы «Гүлдер» би ансамблінің белді бишісі, Салтанат-Қарағанды медицина академияның 2 курс студенті, Мағжан -11 сынып оқушысы.
Отыз жыл білім саласында еңбек еткен Күлшат Жәкенқызының өмір жолына көз
жүгіртіп, өткен күндеріне бірге саяхаттадық. Жұмыс пен бірге білімін жетілдіріп, әлеуметтік
педагогика бойынша жоғарғы оқу орнын үздік бітірген Күлшат апай мектебінде тарих
пәнінің маманы болмағандықтан үшінші оқу тарих пәнінің мұғалімі мамандығын алған.
2010 жылдан осы мектепте басшылық қызмет атқарып отыр.
Білімді ұрпақтарыңыз көп болсын деген тілекпен біз де қоштастық.
Салтанат Аманқызы
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021
жылдарға арналған» және «Ауданды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында
жоғарғы немесе орта кәсіби оқу орындарын бітірген, мамандығы бойынша жұмыс істемеген
29 жасқа дейінгі түлектерді «Жастар тәжірибесіне» қатысуға шақырамыз. Құжаттар мамыр
айының 30-на дейін қабылданады. Толық ақпараттар бойынша мына мекен-жайға
хабарласуларыңызды сұраймыз: Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы 1, «Жаңаарқа
ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, тел: 2-80-40
В целях реализаций программ « Развитие продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы «Енбек» и «Программы развития территории» для участия в
«Молодежной практике» приглашаются безработные выпускники, не работавшие по специальности, с дипломами средне-специального или высшего учебного заведения. Документы
принимаются до 30-го мая. Для полной информации обращаться по адресу: пос.Атасу,
проспект Тәуелсіздік 1, КГУ «Центр занятости населения Жанааркинского района»,
тел: 2-80-40
ХАБАРЛАНДЫРУ
ОБЪЯВЛЕНИЕ
19 мамыр 2018 жыл
Жүлдемен оралды
4
11-12 мамыр күндері
Қарағанды қаласында
«Жастар» спорт кешенінде және Н.Әбдіров
атындағы спорт сарайында
Қарағанды
облысының мәслихаты
және
Қарағанды
облысының
дене
шынықтыру және спорт
басқармасының
ұйымдастыруымен
облыстық, қалалық және
а у д а н д ы қ
мәслихаттардың депутаттары мен аппарат қызметшілерінің арасында І-спартакиада аясында арқан тартыс, волейбол, дойбы, шахмат, үстел теннисі бойынша жарыс өтті. Жарысқа аудандық мәслихаттың
депутаттары мен аппарат қызметкерлерінен жасақталған команда қатысты. Жаңаарқа
ауданының атынан қатысқан аудандық мәслихат депутаттары Ж.Рыспеков, Н.Орынбасарова,
Ө.Айтжанов үстел теннисінен ІІІ-орынға ие болды. Аудандық мәслихаттың депутаты Р.Рахимов және аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Қ.Матин дойбыдан ІІ-орынға ие болды.
Жеңімпаздар арнайы грамоталармен, кубокпен марапатталды.
Аудандық мәслихат аппараты
«Атасу кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің мен қоғамдық кеңес алқасының
кенттегі көше тұрғындарының қатысуымен өткізген
қоғамдастық жиналыстың
ХАТТАМАСЫ
Атасу кенті
10.05.2018 ж.
Жиналыс төрағасы:
Атасу кентінің әкімі- Р.Түсіпов
Жиналыс хатшысы: Атасу кенті әкімі аппаратының бас маманы – Д.Күзеубаева
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысына сәйкес
көшелерге атау беру және оларды қайта атау мақсатында Атасу кентіндегі Транспорт орамын, Лесхозная, Интернациональная, Дружба, Парк, Мир көшелерін қайта атау және Атасу кентіндегі Павлодар-Жезқазған айналма тас жолының солтүстігі құрылыс алаңындағы №1 көшеге
атау беру мәселелері. Жиынға қатысқандар: Жаңаарқа ауданының қоғамдық кеңес мүшелері,
ардагерлер кеңесінің мүшелері, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, зиялы қауым өкілдері, Транспорт орамының, Лесхозная, Интернациональная, Дружба, Парк, Мир көшелерінің тұрғындары. Жалпы қатысқандар саны – 210 адам.
Сөз алғандар:
Атасу кентінің әкімі - Р.Түсіпов: 2017 жылы 28 ақпанда № 17-388-5 Елбасының жергілікті
жерлерде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын атауларды тарихи
жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту, сондай-ақ кісі аттарына мейлінше шектеу қою туралы барлық билік тармақтарына қатаң ескерту жөнінде тапсырмасы келген болатын.Бүгінгі таңда аталған тапсырмаға сәйкес жергілікті жерлерде тиісті
жұмыстар жүргізіліп келеді. Дегенмен, кейбір өңірлерде әлі де жоғарыдағы тапсырманы
сақтамай, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада көрсетілген ономастика жұмысының критерийлеріне сәйкес келмейтін кісі есімдерін беру мәселесі кездеседі. Осы ретте, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан ортақ тарихи сананы қалыптастыру
мақсатында «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдері
жобасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілді. Сондай-ақ,
аталған тізім жобалары 2018 жылдың 12 наурызында өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысында қаралып, мақұлданды.
Осыған орай, объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау
беру және қайта атау жұмыстары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген
«Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдеріне сай
жүргізілуі керек. Аудан орталығы Атасу кентіндегі Транспорт орамы,Лесхозная, Интернациональная, Дружба, Парк, Мир көшелерін қайта атау бойынша Жаңаарқа ауданының ақсақалдар
кеңесінің атынан өтініш түскен болатын. Бұл жиналыс осы өтініш негізінде ұйымдастырылып
отыр. Осы көшелерге қайндай атаулар ұсынасыздар және Атасу кентіндегі Павлодар-Жезқазған
айналма тас жолының солтүстігіқұрылыс алаңындағы№1 көшегеқандай атау
ұсынасыздар?Ұсыныстарыңыз бар ма?
Жаңаарқа аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Төтеев:Құрметті жерлестер! Біз осы
мәселені өз арамызда бірнеше рет талқыға салып, ақылдасқан болатынбыз. Елбасының осы
салиқалы көзқарасымен отлықтай келісеміз. Қазіргі уақытта белгісіз кісі есімдері нысандарға,
көшелерге көп ұсынылады. Идиологиялық тұрғыдан есікірген атауларға жаппай кісі есімдерін
бере беруді біз де құптамаймыз. Сондықтан, бізде мынадай ұсыныстарымыз бар. Транспорт
орамы кентіміздің кіре берісінде болғандықтан, көрнекі жерде әрі тұрғындары көп
болғандықтан, бәрімізге ортақ «Сарыарқа» деген атауды берсек, Лесхозная көшесіне «Қарағаш»
атауын, Интернациональная көшесіне «Бірлік» атауын, Дружба көшесіне «Достық» атауын,
Парк көшесіне «Саябақ» атауын, Мир көшесіне «Бейбітшілік» атауын, Атасу кентіндегі Павлодар-Жезқазған айналма тас жолының солтүстігіқұрылыс алаңындағы№1 көшеге«Жаңа Нұр»
атауын беруді ұсынамыз.
-Атасу кентінің тұрғыны, ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары А.Майшин: Құрметті
жиналған қауым! Осы мәселе көтерілгеннен бастап, мен аталған көшелерге тиімді атау таңдасақ
екен деп едім. Барлық ақсақалдар кеңесі жиналып, бұл мәселені қарадық, әрбіріміз өз ойымызды
ортаға салдық. Бірлесіп шешілген мәселе әсте жаман болмайтынын барлығымыз жақсы білеміз.
Сондықтан, біз осы таңдалған атауларға тоқтаймыз.
ШЕШІМ:
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанындағы №138 Қаулысы негізінде Атасу кентіндегіТранспорт орамына «Сарыарқа» атауын, Лесхозная көшесіне «Қараағаш» атауын, Интернациональная
көшесіне «Бірлік» атауын, Дружба көшесіне «Достық» атауын, Парк көшесіне «Саябақ» атауын,
Мир көшесіне «Бейбітшілік» атауын және Атасу кентіндегі Павлодар-Жезқазған айналма тас
жолының солтүстігі құрылыс алаңындағы №1 көшеге «Жаңа Нұр» атауын жиынға
қатысқандардың 100% пайызы қолдағандықтан, аталған көшелерді қайта атау Қарағанды
облыстық ономостика комиссиясынан сұралсын.
Жиналыс төрағасы, Атасу кентінің әкімі
Р.Түсіпов
Жиналыс хатшысы,
Атасу кенті әкімдігінің бас маманы
Д.Күзеубаева
Анализ материалов аудита
Департамент внутреннего государственного аудита по Карагандинской области в целях
снижения фактов нарушений при проведении процедур исполнения бюджета на постянной основе посредством мониторинга и анализа информационных систем осуществляет мероприятия по изучению материалов конкурсов по закупке услуг по
организации питания обучающихся в организациях образования, реализующих общеобразовательные программы начального, основного среднего и общего среднего образования предусмотренного Правилами организации питания обучающихся в
организациях среднего образования и приобретения товаров, связанных с обеспечением
питания детей, воспитывающихся и обучающихся в дошкольных организациях образования, организациях образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения
родителей утвержденными приказом и. о. Министра образования и науки Республики
Казахстан от 31.12.2015г. №717 (Правила).
Информация о результатах мониторинга в целях реализации стандарта государственного аудита и финансового контроля «Гласность» и обеспечения открытости государственного аудита направляется Организаторам конкурсов, публикуется и размещается в
средствах массовой информации, на интернет-ресурсах государственных органов, а
также на сайте самого Департамента внутреннего государственного аудита по Карагандинской области.
На современном этапе совершенствования государственного аудита и финансового
контроля задача Департамента внутреннего государственного аудита по Карагандинской области состоит не только в том, чтобы выявить нарушения, но и определить их
причины, произвести анализ и дать рекомендации по их профилактике.
С целью обеспечения правильности и соотвествия процедур конкурсов по закупке
услуг по организации питания обучающихся Департментом внутреннего государственного аудита по Карагандинской области производиться анализ типичных нарушений
допускаемых Организаторами конкурсов, потенциальными поставщиками.
Так, по результатам мониториинга процедур закупке услуг по организации питания
обучающихся за первый квартал 2018г. выявлены следующие наиболее типичные нарушения:
в нарушение п.57 Правил и требований Приложения 7 к Типовой конкурсной документации конкурсной комиссией не правильно подсчитываются баллы по критериям
выбора поставщиков, в частности, по критерию «Объем продуктов питания, приобретаемых у отечественных производителей», при расчете которых необходимо использовать данные о заключенных договорах на приобретение продуктов питания у
отечественных производителей.
При этом, 80% приобретаемых товаров у отечественных производителей является обязательным условием;
конкурсными комиссиями отклоняются от участия в конкурсе заявки индивидуальных
предпринимателей, как не соответствующие требованиям конкурсной документации,
в связи с тем, что сумма внесенного обеспечения меньше 1 % от суммы, выделенной
на конкурс, тогда как потенциальный поставщик подает заявку на участие в конкурсе
только на определенные лоты.
Принятое в конкретном случае решение конкурсной комиссии нарушает требования
п. 43 вышеуказанных Правил и привела к не правомерному отклонению заявки индивидуального предпринимателя;
Организаторами конкурсов не разрабатываются и не утверждаются планы приобретения услуг;
в состав комиссии не приглашаются и не включаются представители государственного
органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения;
общее количество членов комиссии зачастую составляет четное число, тогда как их
количество должно быть нечетным;
установлены случаи, когда Организаторами конкурсов на интернет - ресурсах размещаются кардинально разные протоколы об итогах конкурса, согласно которым победителем конкурса признаются разные потенциальные
в нарушение п.21 Правил, Приложения 1 к ним в плане приобретения услуг или товаров не указывается финансовый год, на который он утвержден;
в нарушение п.8, пп.2 п.36 Правил Техническое задание, разработанное и утвержденное Организаторами конкурсов не соответствует форме Приложения 3 к Типовой конкурсной документации и в нем не указываются отдельные категории учащихся, для
которых поставщик организует щадящее (диетическое питание);
в нарушение п. 46 Правил организации питания обучающихся вскрытие конвертов с
документами потенциальных поставщиков производиться позднее времени указанному
в объявлении и при этом, в протоколе не отражаются причины такого изменения;
в нарушение требований Приложения 3 к Типовой конкурсной
документации «Техническое задание» потенциальными поставщиками в качестве подтверждающих документов о соответствии качества продуктов прикладываются декларации соответствия, сертификаты, у которых истек срок действия и тем самым,
потребительские свойства пищевых продуктов не соответствуют техническим регламентам в части безопасности пищевой продукции для детей;
в конкурсных заявках потенциальных поставщиков отсутствуют сведения и документы,
подтверждающие стаж работы работников, в том числе поваров, заведующего производством, технолога, диетолога и др.;
в конкурсных заявках потенциальных поставщиков отсутствуют заявки на участие в
конкурсе (Приложение №5) составленные на государственном языке;
в конкурсных заявках потенциальных поставщиков в Приложении 5 «Заявка для физического лица» потенциальными поставщиками не указываются контактные телефоны, почтовый адрес поставщика, а также сведения о том, состоит ли физическое лицо
в реестре недобросовестных участников государственных закупок, а также о наличии
у физического лица близких родственников, обладающих правом принимать решение
о выборе поставщика;
в нарушение п. 60 Правил потенциальными поставщиками и не вноситься обеспечение
исполнения договора в размере 3% от общей суммы договора.
Департамент внутреннего государственного аудита по Карагандинской области по результатам мониторинга закупок услуг по организации питания учащихся направляет в
адрес организаторов конкурса письма о необходимости повышения ответственности
руководителей и должностных лиц за качественным проведением процедур закупок
услуг питания.
Организаторам конкурсов, потенциальным поставщикам необходимо конструктивно
воспринять вышеприведенную информацию с ее последовательным обсуждением и
проведением целенаправленной работы по устранению и недопущению впредь нарушений, тщательному изучению вышеуказанных Правил и соблюдения его требований.
Г. Кулатаева,
Руководитель отдела аудита государственного
сектора №1 ДВГА по Карагандинской области
19 мамыр 2018 жыл
5
“Жаңаарқа” газетіне 80-жыл
ҚАНАТ ҚАҚҚАН ҰЯМЫЗ
Биыл міне, сексен жылдығын атап отырған
«Жаңаарқа» газеті кезінде еңбек жолымызды бастап, өмір өріне қанаттанған ыстық ұямыз. 80 жыл
— бір дәуірдің кезеңі. Байырғы басылым осы жылдар ішінде заман тынысымен үндесіп, аудан
өмірінің өшпес шежіресін жасаумен келеді. Балғын
бала кезімізде газеттің «Лениндік жол» аталғаны да
еміс-еміс есте қалыпты. Алдыңғы толқын ағалар
мен ардагер әріптестеріміз газеттің атауы 1962
жылы «Жаңаарқа» болып өзгергенін айтып отыратын. Ауылдағы газет оқуға құштар бала ретінде алпысыншы жылдарда газет редакторы Әбікен
Бақтыбаев екенін білуші едім. Ал, өзім еңбек жолымды бастағанда газет редакторы белгілі қаламгер
Бұқпа Әшімов болатын.
Орта мектепті бітірген жылы аудандық газеттің редакциясына корректор болып орналастым. Осы саланың технологиясына бойлауыма бұл көп көмегін тигізді. Газеттің беттелуі,
басылуы сияқты қара жұмыстарына аралас-құралас жүретінбіз. Сол кезде баспахана директоры Жақан Қасқадамов, одан кейінгі жылдарда Мэлс Сәдуақасов. реттеуші шебер Болат
Сақауов болды. Линотип машиналарымен Кәукіш Жүсіпова, Жанат Сәдуақасова апайларымыз әріп терсе, Тойбала Төкенова тәтеміз бет жасайтын. Тақырыптық әріптерді қолмен тереді.
Газетке қол қоюды ертерек бітіру үшін ұяшықтардан әріптерін алып беріп, бет-аузымыз қара
күйе болып жүретін кез де есімде. Мұңлық деген метранпаж да болды. Газет басушылар
Совет Байжұманов ағай, одан кейін Шәмшия апай болды. Корректор кезекші болған журналистпен бірге басылатын газеттің алғашқы данасы шыққанын көріп, дұрыстығына көз жеткізіп үйге бір-ақ қайтатын.
Арада төрт жылдан аса уақыт өткеріп, бауыр басқан сүйікті газетіме 1974 жылы қайта оралып тілші болып қызметке тұрдым. Қаламы жүйрік ағалармен қатар жүруге алғашқыда
тайсақтағанмен, кейін бір ұядағы ағайынды адамдардай араласып кеттік. Редакторымыз Бұқпа
ағамыздан бастап, Асан Жұмаділдин, Өміртай Жақыпов, Қалиакпар Әбілдин, Қыдырбай Бексейітов, Марал Хасенов, Ұзақбай Мұқышев, Хамит Дәрібаев, Зейнолла Көшкенов сынды
көшбасшы журналистерден көп тәлім алып, тәжірибе жинақтадым. Бөлім меңгерушісі болып,
жетекші материал жазуға ұмтылып, өзіммен үзеңгілес жолдас Қашқынбай Сейсекеев екеуміз
Жаңаарқаның жайсаң азаматы, журналистикаға бет
бұрғанымда батасын берген тәлімгерлерімнің бірі Қалекең
жайлы көңілде қашанда жылы леп еседі. Баспасөз
саласының ардагері, ақын Қалиакпар Әбілдин 75
жасқа толғанда облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде Жаңаарқаның жайсаң азаматы туралы «Нағыз
адам» деген менің мақалам жарияланған болатын.
«Бұл жазбаңды портреттік очерк десе болғандай екен»
деп, кездескенде ағамыз ақырын жымиып, ризашылығын
білдіріп еді. Өмірде алқын-жұлқыннан аулақ, сабырлы да сыпайы осы бір жанды көп адамдар қадірлеп Қалекелеп жатса,
ізбасар інілері мен әріптестері «өзіміздің Қалағаң» деп
айрықша ізет көрсетіп тұратын. Тұлпардай жүйткіген, шіркін
уақыт-ай десеңізші, осы бір зиялы жанмен етене танысып,
«сіз-біз» дескеннен бері де зымырап жарты ғасырға жуық
уақыт өте шығыпты-ау. Еске еріксіз арман қуған балаң кезең,
қаламға жармасқандар үшін киелі шаңырақ саналатын
аудандық «Жаңаарқа» газеті редакциясының табалдырығын
тұңғыш аттаған кезең түседі.
...Мектеп қабырғасында жүргенде мақала, өлең жазып, оларын газеттерге толассыз жөнелтіп, жарияланып жатса желпініп жүру біздің буындағы әріптестеріміздің көбісінің
басынан өткен ортақ жағдай. Сол үрдіспен біз де жетінші-сегізінші оқып жүргеннен бастап «Жаңаарқа» газеті арқылы
біршама «танымал» болып қалған едік. Жазғандарымызды
пошта арқылы жібергеніміз болмаса, оныншы оқығанша
редакцияға өз аяғымызбен бару жөнінде батылдық жасап,
ойлап көрмеппіз. Содан не керек, мектеп бітіретін 1969
жылдың көктемінде бір көлемділеу жазған мақаланы өз
қолыммен тапсырмақ ниетпен әрі журналистика факультетіне жолдама алудың жайын білмек болып, аудандық газет
редакциясының есігін жүрексіне ашқан едім. Бір қабатты
жұпынылау ғимараттың шағындау дәлізінде даурығыса
сөйлесіп тұрған үш-төрт адамды көргенде не әрі, не бері барарымды білмей, абдырап тұрып қалсам керек. «Шырағым,
кімді іздедің, неге келдің?» — деген сауалдарын төпелеген
ағаларға жөнімді айтқан едім, шұрқырасып сала берді. «Пәлі,
сен біздің өз тілшіміз екенсің ғой, зіңгіттей үлкен жігіт екен
деп жүрсек, сен әлі оқушы екенсің ғой»—деп, бірден іштартып әкетті. Кабинеттердің біріне бастап, аз-кем сөйлескен
соң өздерін де таныстырып жатыр. Ақырын күліп, әдеппен
сөйлейтін аққұба өңді, ашаң кісінің Қалиакпар Әбілдин екенін білдім. Редактордың орынбасары екен. Ол кездегі редактор белгілі қаламгер, марқұм Бұқпа Әшімов болатын. Осы
таныстығымыз одан әрі жалғасты болды. Мектеп бітірісімен
мені редакция басшылары үгіттеп, корректорлық жұмысқа
шақыра бастады. «Келесі жылы журфаққа жолдамамен
барсаң бірден түсесің»—деп үміт отын жаға түсті. Мүйізі
қарағайдай қаламгерлердің айтқанын екі ете алмай, бір жылдай корректорлықты атқарып көруге белді бекем бууға тура
келді. Қарап отырсаңыз, «Жаңаарқа» газетінің сол кездегі
қызметкерлері де ылғи сайдың тасындай іріктелген азаматтар еді. Қалекең орынбасары болса, Марал Хасенов жауапты
хатшы, Өміртай Жақыпов, Зейнолла Көшкенов, Қыдырбай
Бексейітов бір-бір бөлімнің құлағын ұстаса, Ұзақбай
Мұқышев сынды қағылез тілшісі де бұрқыратып жазып жататын. Кейінірек бұлардың қатарына жазушы ағамыз
газетке жаңа тақырып,
өзгеше леп әкелсек деп
маза таппайтынбыз. Орыс
Күлшетай
газетінде
Түйебаева жеңгей әуелде
кейін
аудармашы,
редактордың орынбасары
болып ұзақ жылдар еңбек
етті. «Жаңаарқа» газеті
қалам
үшін
мен
шыңдаған
қарымымды
алғашқы мектебім, небір
жайсаң жандармен қатар
жүріп қадірлес болып
сыйласқан алтын ұя ретінде ыстық. Ойлап отырсам, сол бірге жүрген
бүгінде
жандардан
қарашаңырақтың көзіндей
болып тек Ұзақбай ағамыз
ғана
Күлшетай
бен
қалыпты. Қалғандарының
бәрі бақилық болған.
Марқұмдардың жатқан
жері жайлы болсын деп
арнайы еске алып отырмын.
Төменде алғаш еңбек
жолымды бастағанда «Жаңаарқа» газетінде табысып, ұзақ жыл аралас-құралас болып, сыйласып өткен әріптес екі ағам туралы жазған сыр толғауымды газет мерейтойы аясында
оқырман қауымға ұсынғанды жөн көрдім.
Амандық РАХҰЛЫ,
Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі
Асан Жұмаділдин қосылды. Ойлап қарасақ, аудандық
газеттің сол кездегі ортасы шығармашылықтың нағыз
Жайсаң жан
қайнаған қара қазаны сияқты екен. Аптасына үш рет
шығатын газеттің қатесін түзету жұмысымен ғана шектелмесін деген ниетпен олар корректор болып жүрген маған да тапсырма беріп, бірде материал жазғысса, енді бірде хат
қорытуды жүктейтін. «Корректорлықтан бастаған адамнан
келешекте жақсы журналист, әйтпесе редактор шығады»—
деп көңілді өсіріп те қоятын. Сол ағалардың ішінде
Қалекеңнің қамқорлығы бір төбе болды. Сол уақытта
салиқалы, сарабдал көрінетін ол кісі небәрі 34-35 жаста ғана
екен ғой. Келесі жылы оқуға баруыма да қолдау білдіріп,
редакцияның атынан КазГУ-ге жолдама жазып берді. Кейін
оқуда жүргенімде Алматыға партия мектебі курсына келе
қалса іздеп тауып алып, Көктөбеге бір шығарып кетуінің өзі
неге тұрады. Өмір жолында Қалиакпар Көшекұлымен одан
кейін де сан мәрте ұшырасып, аралас-құралас болған кездеріміз аз емес. Түбі көрініп жататын тұп-тұнық үлкен
өзендерде бір жылы ағыс болушы еді ғой. Жанды рахатқа
бөлейтін, иірімі терең ағыс. Қалағаңмен бірге жүріп, іні ретінде сырласа қалсам тап сондай бір тұнықтықты, иірімі
тұңғиық тереңдікті сезінуші едім. Жылы ағыстай көңіл
шуағы жан-жаққа сәуле шашып тұратын. Қашанда
қарапайым, мінезге бай, әзіл-қалжыңға бейілді адам еді.
Ондайда бір рахаттанып, шиқылдап күлуінің өзі керемет.
Ең ғажабы, ол кісі біреудің сыртынан ғайбат айтуды
білген емес. Ұжым да басқарды, күрделі ортада да
еңбек етті. Сол бірқалыпты, сабырлы қалпынан
айныған кезі болған жоқ. Қалағаң еңбек жолын
Жаңаарқа аудандық комсомол комитетінде мектептер
бөлімінің меңгерушісі болып бастаған екен. Қарағанды
педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіргенмен, 1958 жылдан бастап журналистік қызметте
болған. Арасында 1976 жылдан 1986 жылға дейінгі кезінде
өзі шыңдалған «Жаңаарқа» газетінде бас редактор болды.
Осы он жылда газет мәртебесі мен мазмұнын көтеру жолында тынымсыз ізденумен қатар редакция қызметкерлерінің
қатарына көптеген жас таланттарды тартып, шоғырландыра
білген еді. Бүгінгі Алаштың айтулы ақыны Ғалым Жайлыбай,
белгілі жазушы Төкен Әлжантегі, республикаға танымал
журналист Мағжан Садыхан, ақын Болат Асанұлы сияқты
көптеген жастар Қалекеңнің қамқорлығын көріп,
«Жаңаарқа» газетінен қанаттанып шықты. «Қилы-қилы
заман болады, қарағай басын шортан шалады»,- дегендейін,
қайта құру мен жариялылық даңғазасы кезіндегі солақай саясат салқыны Қалекеңе де қырсығын тигізгені бар. Руханият
нұрын себуші, ағарту мекемесінің басшысы саналатын редакторды бағалаудағы түсінбеушіліктің салдарынан
жазықсыз жапа шекті. Қашаннан жаны нәзік, айтыс-тартыстан аулақ жүретін Қалиакпар Көшекұлы әділетсіздікті
қасқайып тұрып қарсы алғаны есте. «Керегі осы болса» деп,
өтінішін жазды да редакторлық мәнсабын мансұқ етіп, үнтүнсіз жүріп кетті. Түсінген адамға мұның өзі ерлік еді.
Бұдан соң облыстық «Жезқазған туы» газетінің Жаңаарқа,
Қаражал аймағындағы меншікті тілшісі болып іске кіріскен
Қалекеңмен тіпті жиі араласудың мүмкіндігі туды. Жезқазған
облысы ашылған бетте, бұған дейін де үш-төрт жылдай осы
газеттің меншікті тілшісі болған Қалиакпар Әбілдинді ұжым
басшылары да құрмет тұтатын. Биязы, сыпайы қалпынан айнымайтын ағамыз отырған жеріне көрік беріп, сөйлей қалса
шешендігімен, бастап кетсе көсемдігімен танылып жүрді.
Білімі мол Қалекең қай саланы болсын жетік білетін. Білмейтін саласын жазбайтын, қарабайырлыққа ұрынғанын
көргеміз жоқ. Қалағаң газеттің қауырт жұмыстарынан сәл
қолы босаса қарап жатпайтын. Әдебиеттің қаймағын қалқып
ішкендерден қалыспай, өлеңін өріп, шығармашылықпен де
жүйелі айналысты. Дүбір шықса, қызып шыға келетін
жүйріктей, ақындық алымы да бөлек болушы еді. Бұл кісінің
өлеңдері мен толғаулары оқыған жанның жансарайын
ашады, көңілге керімсал шуақ шашады. Жыр кітабы жарық
көрді. Сонымен қоса ол өз заманының үлкен галереясын,
замандастарының өшпес портретін сөз құдіретімен сомдаған
қаламгер. Өңір тарихының таңбалы беттері мен танымал
тұлғалары туралы талай суреттемелер жазып қалдырды.
Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы болатын Қалекең.
Жасандылықтан ада, жаны таза жайсаң ағаның өмірден
өткеніне де жеті жылдың жүзі болыпты-ау. Арамыздан кеткенімен, көңілімізден ешқашан кетпейді Қалағаң. Жатқан
жері жайлы болсын, жарықтықтың!
19 мамыр 2018 жыл
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – өмір
жолындағы маңызды тетіктердің бірі
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының
басты бағыты» атты халыққа Жолдауында «Халыққа қөрсетілетін мемлекеттік
қызметтердің сапасын арттыру – жемқорлыққа қарсы әрекеттік және мемлекеттік
органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың басты аспектісі» - деп,
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ерекше назар аударған болатын.
Бұл орайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер адамның тіршілік әрекетінің барлық
салаларын және барлық кезеңін қамтитындығы ақиқат. Азамат өмірге келген сәттен бастап өмір бойы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу арқылы мемлекетпен өзара
әрекеттеседі.
Азаматтардың мемлекеттік қызмет алу бойынша құқықтарын кепілдендіру үшін мемлекет өз тарапынан мемлекеттік органдар үшін
өз құзырына кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша стандарт пен регламент
қабылдау және қызмет көрсету кезінде стандарттың талаптарын басшылыққа алу
қажеттілігін белгілейді. Мемлекеттік секторды реформалаудың басты бағыттарының бірі
мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және мемлекеттік қызметті тиімді көрсетуге әсер
ететін процестерді жетілдіру болады. Үкімет қойған тапсырмаларды іске асыру аясында
Электрондық үкіметті дамыту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және
оңтайландыру және мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде барлық қызметтерді электронды түрге көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жыл басында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың
жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету және мемлекеттік
органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндіктер
беретіндігін, сонымен қатар табиғи монополия субъектілері көрсететін қызметтерінің
сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру керектігін, ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық үкіметке көшу
қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет екенін атап өтті.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын
жүргізе отырып, әлеуметтік желілерге, БАҚ-ға мақалалар жариялап және «egov»
жүйесімен қызметтерді «оңай және жылдам» алуға болатын видеороликтерді жолдап отырады. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының сапасын арттыру үшін мамандармен
семинарлар, лекциялар және дөңгелек үстелдер өткізіліп, күнделікті бейнероликтер
көрсетіліп тұрады.
Расында, қазіргі кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге күннен күнге сұраныс
жоғарылап келеді. Бұл ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, оның ішінде
электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін
мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы қоғамның хабардарлығы артуда. Енді,
осы сәттен бастап халыққа максималды қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процесін толық жаңарту процесі басталды деп сеніммен айта
аламыз.
Мемлекеттің негізгі мақсаты, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және
әр азаматтың мемлекетпен артық кідіріссіз өзара әрекеттесу рәсімдерін жеңілдету болып
табылады.
Осыған орай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария
талқылау, мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдерін жақсарту бойынша әр азаматқа
өзінің ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік беретін өзіндік ашық диалог алаңы екендігі
сөзссіз. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария
талқылаумен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторинг
тетігі енгізілген тағы бір негізгі жаңалық болып отыр. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік
қызмет алушылардың яғни, халықтың басқарушылық шешімдерді мемлекеттік
қызметшілермен бірге қабылдауға қатысуға мүмкіндік беретін жаңа тетіктердің бірден
бірі екендігін білдіреді.
Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс, тек сонда ғана біз халықтың мемлекетке деген сенімін
арттырамыз және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылатып еліміздің
даму процесін жылдамдататын боламыз.
СӘРСЕНОВ ЖАНДОС ШЕРАЛЫҰЛЫ,
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы
6
Ауданның жұмыс берушілерінің назарына
Қазақстан Республикасы «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің» 2017 жылғы
28- тамыздағы № 280 бұйрығымен «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс
орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттары» бекітілген.
Жұмыс берушілерге субсидиялар арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін құралжабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға кеткен шығындарды өтеу мақсатында беріледі.
Жұмыс берушілерге субсидиялар уақытша жұмыс орындарын жарақтандыруға берілмейді.
Жұмыс берушілерге субсидиялар олар мынадай шарттарды сақтаған кезде ұсынылады:
1) құрылып жатқан арнайы жұмыс орындарының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығымен (Қазақстан
Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13913
болып тіркелді) бекітілген Мүгедектің жұмыс орны стандарттарына, сондай-ақ «Қазақстан
стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны әзірлейтін
ұлттық стандарттарға сәйкес келу;
2) мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын тұрақты жұмыс
орнын құрған сәттен бастап кемінде күнтізбелік он екі ай мерзімге сақтау;
3) есептелген салықтар, алымдар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша
берешектің болмауы;
4) жұмыс берушіде жалақы бойынша берешектің болмауы;
5) жұмыс берушінің құрылған арнайы жұмыс орындарында атқарып отырған лауазымына
сәйкес мөлшерде жалақы төлеуін қамтамасыз етуі.
Арнайы жұмыс орындарын қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталығы
республикалық бюджет есебінен арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің
шығындарын өтеуге субсидия беру арқылы жүзеге асырады.
2018 жылы жұмыс берушілерге субсидия есту қабілеті және тірек-қимыл аппараты бұзылған
мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құру үшін беріледі.
Толық ақпараттар бойынша мына мекен-жайға хабарласуларыңызды сұраймыз: Атасу
кенті, Тәуелсіздік даңғылы 1, «Жаңаарқа ауданының Халықты жұмыспен қамту
орталығы» КММ, тел: 2-80-40
Тұрғындар назарына!!!
Шағын несие аламын деуші азаматтарға «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай
кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының ІІ бағыты «Жаппай
кәсіпкерлікті дамыту» үшін төмендегі шарттары ұсынылуда:
•микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін;
•микрокредиттің ең жоғары сомасы – 4 млн теңгеге дейін;
•микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан артық емес;
•Қатысушының микрокредит алуы үшін міндетті шарты салық заңнамасына сәйкес оның
салық органдарында тіркелуі болып табылады;
•микрокредиттердің мерзімі мен сомасы микроқаржы ұйымы мен «Ауыл шаруашылығын
қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның кредиттік өнімдерімен бекітілетін, Бағдарламаға
қатысушылардың қызмет бағыттарына сәйкес анықталады.
Қосымша ақпараттар үшін мына мекен-жайға хабарласуларыңызды сұраймыз: Атасу
кенті, Тәуелсіздік
даңғылы 1, «Жаңаарқа ауданының Халықты жұмыспен қамту
орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, тел: 2-80-40
К вниманию населения!!!
Для желающих получить микрокредиты предоставляются следющие условия по ІІ направлению «Развитие массового предпринимательства» Программы развития продуктивной занятости
и массового предпринимательства на 2017 – 2021 годы «Еңбек»:
•срок микрокредита – до 5 лет;
• максимальная сумма микрокредита – до 4 млн. тенге.
• годовая эффективная ставка вознаграждения по микрокредиту – не более 6 % годовых;
•по решению кредитора заемщику предоставляется льготный период по погашению основного
долга и вознаграждения не более одной трети продолжительности срока микрокредитования;
•обязательным условием для получения микрокредита участником является его регистрация
в налоговых органах в соответствии с налоговым законодательством;
•сроки и суммы микрокредитов определяются в соответствии с направлением деятельности
участника Программы кредитными продуктами, утверждаемыми организацией микрокредитовании и АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства».
Для дополнительной информации просим обратиться по адресу пос.Атасу, пр.Тәуелсіздік
1, КГУ «Центр занятости населения Жанааркинского района», тел: 2-80-40
Целинный ауылдық округінің «Целинный» атауын «Орынбай»
деп қайта атау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының Хаттамасы
Орынбай ауылы
№4
2017 жыл қазан
Жиналыс төрағасы: Целинный ауылдық округінің әкімі М.Садвакасов. Жиналыс хатшысы: Целинный ауылдық округінің жетекші
маманы С.Қазыбекова. Қатысқандар: Целинный ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы А.Бакарамов, жетекші мамандары
Н.Аманжолова, Д.Қазбеков,қоғамдық жиналыстың төрағасы Ш.Шуданбеков және ауыл тұрғындары -65 адам.
Күн тәртібі: 1.Целинный ауылдық округінің «Целинный» атауын «Орынбай» деп қайта атау (өзгерту) туралы.
Тыңдалды: Целинный ауылдық округінің әкімі М.Садвакасов- Құрметті ауыл тұрғындары өздеріңізге белгілі, кеңшар 1965 жылы
құрылғанда, кеңшардың бағыты егін шаруашылығы болғандықтан, тұрғындары көп ұлттан құралғандықтан кеңшардың атауын
сол уақыттардағы саясатқа байланысты «Целинный» деп атаған. Одан бері заман өзгерді, тәуелсіздігімізді алғанымызға 25 жылдан
асты. Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі болып бекітілді. Республика аумағында елді-мекендер, қала, кент, өзен-су атаулары бұрынғы
тарихы атауларымен қайта аталуда. Біздерге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен бірнеше рет ескертулер мен
ұсыныстар болғанына қарамастан, округтің атауы Целинный осы күнге дейін өзгертілген жоқ. Осы мәселені бір жақты етіп, шешу
мақсатында сіздердің пікірлеріңізді білсек дейміз. М.Досаев ауыл ақсақалы: Целинный атауы маған қаншама ыстық болғанымен
заман талабына сай «Целинный» атауын озгертуге қарсы емеспін. Тек, округтің орталығы Орынбай болғандықтан округтің де
атауын «Орынбай» деп қайта атауын ұсынамын, себебі Орынбай атауы мемлекетіміздің картасында бар, мекен-жайымыздың
атауы да Орынбай деп аталады. Ш.Шуданбеков ауыл ақсақалы, қоғамдық жиналыстың төрағасы: Округтің атауын «Орынбай»
деп қайта атауға (өзгертуге) қарсы емеспін. Осы ауыл ежелден Орынбай деп аталады. Естуімше Орынбай деген кісі Қалыбек
руының беделді азаматы болған дейді, басқа деректерді білмеймін. Ауылымыз «Орынбай ауылдық округі» деп аталса көп қаражат
шығыны болмас деп ойлаймын. Е.Ташмағанбетов ауыл ақсақалы: Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырдан асты, соған
қарамастан Кеңестік кезеңнен қалған «Целинный» ауылымыздың атауы әлі өзгерген жоқ. Округтің атауын «Орынбай» деп
өзгертуіне қарсы емеспін, қолдаймын. Ауылымыздың Орынбай ауылдық округі болып қайта аталуын кейіннен пікір білдірген
ауыл ақсақалдары Бакарамов Жанат, Әлжанов Жамсап, ұстаздар Құнанбаев Жасұлан, Хасенов Ғабдуллалар қолдады.
Қорытынды
Жергілікті қоғамдастық жиналысқа қатысқан тұрғындардың пікірлерін тыңдай келе төмендегідей шешім қабылдансын: 1.Целинный ауылдық округінің «Целинный» атауы «Орынбай» деп қайта аталсын (өзгертілсін). 2. Округтің «Целинный» атауының
«Орынбай» деп қайта аталуы (өзгертілуі) туралы шешімі тиісті орындардың қарауына ұсынылсын.
Жиналыстың төрағасы ауыл әкімі:
М.Садвакасов
Хатшысы жетекші маман:
С.Қазыбекова
ӨЗ ГАЗЕТТЕРІҢІЗ
«ЖАҢААРҚАҒА»
ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР!
Құрметті аудан тұрғындары, газет оқырмандары!
Өздеріңіздің сүйікті басылымдарыңыз “Жаңаарқа”
газетіне жазылу жүріп жатыр. Газетке аудандық
почта торабынан, газет редакциясынан жазыла аласыздар.
Заңды тұлғалар үшін индекс 16282
6 айға – 1248 теңге
Жеке тұлғалар үшін индекс 66282
6 айға – 996 теңге
Хабарландыру
Жаңаарқа аудандық сот ғимаратында 22-мамыр күні
сағат 16.00-де сот төрағасы Кенжин Жәкен Еденұлының
қабылдауымен (жеке және басқа да сұрақтармен) “Ашық
есік күні” өткізілетінін хабарлайды.
Жаңаарқа аудандық сотының баспасөз орталығы
Жарамсыз деп
танылсын
Қараағаш ауылының тұрғыны Халилин Канбол
Шотовичтің атына 2010 жылы берілген № 0760191 заң
бойынша мұраға құқық беру куәлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
Рухани жаңғыру
Бақытымның бастауы туған өлкем
Ел боламын десең бесігіңді түзе, туған жер-алтын
бесігің, туған ел-тұнған шежіре, туған жерге туыңды
тік демекші Қазақстанның әр азаматының негізі
ауылда, түп-тамыры ауылдан бастау алған. Тоқыраулы
кезеңде толқыған теңіздей ауылдан- ауданға, ауданнанқалаға көш түзегендердің қатары көбейді. Қазірде бар.
Дегенмен ауылдан қалаға көшіп ауылда қалған
ағайынды аңсайтындар, шаңы шығып, көшесі құласа
да өскен өлкесін, туған жерін сағынатындар саны
көп. Сондай бір азамат ай сайын мекеменің телефонына қоңырау шалып: “...ауылға жәрдемдессек деп
едік”,-деп ағынан жарылады.
Біресе поштамен біресе әлеуметтік желімен жеткен хаттарының түпнұсқасын
қолтықтай келе жатқан ағайды бірден таныдым. Бұл Қараағаштың тумасы, «Туған
жерім Қараағаш» қоғамдық қорының төрағасы Әбділдә Әмзеұлы ағамыз. Сонау
1977 жылы Алматы ауылшаруашылық институтын бітіріп келіп еңбекке араласқан
аға СПТУ №178 мекемесінде шебер, аудандық ауылшаруашылық басқармасында
инжинер, техниканы бақылау орталығында басшы, Дружба кеңшарында инженер,
ауылдық кеңесінің төрағасы, Рассвет ауылдық кеңесінің төрағасы, жұмысшылар
ұйымының төрағасы, аудандық жанар-жағар май базасының директоры, Қараағаш
ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған Әбекеңмен амандасып, денсаулығына
қарамай елге келуінің басты себебін сұрадым.
- “Рухани жаңғыру, туған елге туын тік”,- деп Елбасы айтқандай, балалық шағым,
жас кезім, жігіт ағасы кезім ауылда өтті. Шоңның өзі және балалары Оспан мен Ахметжан Қараағаш болысын қазан төңкерісіне дейін билеп тұрғаны тарихтан белгілі.
Қараағаш–Көнек өңірінің билігі «Бес берен» аталған Айтқожадан тарайтын
Тәңірберген балаларының қолында болды. Ол Ақмырзаның Омары «Тақыр Омар»,
Омардың Ақмағамбеті 1962 жылы Ынталы, Қызылшоқы және Өркендеу колхоздары
бірігіп «Рассвет» кеңшары құрылды, кейін «Өркендеу» бөлімшесінің жаңа құрылған
XXV партия сьезі атындағы кеңшарына берілді. Шаруашылықты тәжірибелі ел азаматтары басқарды С.Спатаев, Қ.Жүсіпбеков, С.Түсіпов, Н.Кежетаев және
С.Жұмажанов. Әр жылдары кеншардың әлеуметтік экономикасы өсу үстінде болады.
Әсіресе 1980 жылдары аудан, облыстың алдыңғы қатарында болды. Егін салуда
дихандардың егіншілік мәдениеті артты. Асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиырларын
өсірді. Жаңадан ұйымдастырылған «Жартас» бөлімшесінде асылдандыру фермасы
ашылды. Ал, «Қызылшоқы» бөлімшесі мал бордақылаумен айналысты. 1985 жылы
«Рассвет» кеңшары асыл тұқымды малды өсіретін шаруашылық болып бөлінді.
Шаруашылықта 424 оқушыға арналған екі қабатты мектеп, 110 орындық балабақша,
300 көрерменді мәдениет үйі болды. 15 шақырым өңірге ауыз су құбыры, сауна, бассейн, екі монша іске қосылды. Музыка мектебінде домбыра, баян, пианино, қобыз
сыныптары жұмыс істеді. Жаңа үлгідегі шеберхана, орталық аурухана, кітапхана әр
бөлімшеде болды. Үш саябақ тұрғызылды. Жасыл экономика біздің «Қараағаш»
өңірінде 1985 жылдары іске асты. Қызыл құмға егілетін жиде ағашын егіп, құм
көшуін тоқтатты. 1990 жылдардың басында «Қайта құру» деп аталған тоқырау кезінде кеңшардың экономикалық көрсеткіштері күрт төмендеп, халықтың тұрмыстық
жағдайы құлдырап кетті. Жекешелендіру, мемлекет игілігінен жекешеге алу бастылып, бейнеткер қауымның мандай терімен тұрғызылған, жиналған ен дәулет бар
мүлік, тал басы, техника талан-таражға, таласқа түсті. Небір сәулетті шаруашылық,
мәдени, тұрмыстық кешендер аяусыз қиратылды.
-Сол тұралаған кезден ауылымыз әлі еңсесін тіктей алмай келеді. Қараағаш ауылында қазір 212 отбасы, 1159 адам тұрады. Аллаға шүкір жағдайлары жаман емес.
Әр отбасының өзіндік тіршілігі бар, дегенмен Жаңаарқаның басқа ауылдарымен
салыстырғанда өте төмен деңгейде. Жөндеуден өткен үйлер бар болғанымен бір
жаңа үй салынбаған. Халыққа қызмет көрсететін монша, асхана, тойхана жоқ.
Осы жағдайды ескере келе Қараағаштың тумалары, Астана қаласында тұратын
С.Сейдуәлиқызы, А.Сағынтайұлы,
Д.Жолтайұлы, Ғ.Кәдірсізұлы және Ж.
Әбдірахманов бастама көтеріп, ауылға бір тойхана салып берейік деп шешіп,
қалғанымыз қолдап, қағаздарын дайындап, халық банкіден КZ 566010002109515548;
БИН: 180440028554 счет аштық. «Туған жерім Қараағаш» қоры құрылды. Соған
барша Қараағаштықтарды, Қараағаштың суын, асын ішіп еңбек еткен азаматтарды
бірлесіп атқаруға шақырамын. Қараағаштықтар еліміздің түкпір–түкпірінде
баршылық. Қыздарымыз барған жерлеріне келін болып түсіп, ел анасы атанып отыр.
Ел ағасы атанған Ә.Ақмурзин, С.Жұмажанов, С.Әбеуов, Д. Биткөзов, Қ.Есенов,
Т.Үсенов, Е. Халилин, Ә.Кенешев, Ж.Оспанов, М.Молдабаев, Ш.Рысалдин, Қ.
Шалқарбеков, Ш.Ислямов, Г.Онаева, Б.Әлеуханов, К.Ахметов, Т.Жаманов,
Ж.Әубәкіров, Н. Кәкенов, Е.Рысалдин, Ғ.Сапарұлы, ауданымызда мәслихат хатшысы
Қ.Имантүсіпов, мекеме басшылары Ғ. Қойшыбаев, А. Түсіпов, Т. Сағындықов, жеке
кәсіпкер Т. Жанғозин, М.Әбеуова сынды азаматтарымыз мақтаныштарымыз.
Осындай ел азаматтары шыққан өңірге өзіміз қараағаштықтардың жаны ашуы
тиіс деп ойлаймын. Қараағаштың жерін, суын пайдаланып, кәсібін дөңгелетіп
жатқан шаруа қожалық иелері де бұл игілікті бастамаға атсалысады деп ойлаймын.
-Жақсы бастамаларыңызға жанашырлық танытатын ауылдастарыңыздың
шығатынына сенімдіміз. Ел игілігі оның үстіне туған жердің түтінінің түзу
шығуына атсалысқандарыңыз әрине өзгелерге үлгі болары анық.
-Қолға алған шаруамыз қолдау табады деп ойлаймын. Барлығының кәсіптеріне
Алла береке берсін, ауылдың әлеуметтік жағдайына бірлесе атсалысайық ағайын.
Қаражат жиналған күнде, әр порталда кім қанша аударды, ол интернетте жарияланып
тұрады. Хабарласам деген азаматтарға, азаматшаларға мекен – жайым: «Туған жерім
«Қараағаш» қоғамдық қорының төрағасы Әбділда Әмзеұлы. (+7 701 286 47 04;
+7 (7172) 65-54-70). Істеріңізге Алла береке берсін!
Өз тілшімізден
7
ЕскЕ Алу
19 мамыр 2018 жыл
Құрметті Жаңаарқаның тумасы, өз ортасының қалаулысы болған,
қазақтың бір туар азаматы, асыл жар, ардақты асқар таудай әке
болған, жанашыр бауыр, отбасының тірегі Хамит Үкенұлы тірі
болғанда 27-мамырында 70 жасқа толған болар еді. Осыдан 39
жыл бұрын небәрі 31 жасында дүниеден өтті.
Амал еткен адам қуанышқа шүкір етіп, мол сауапқа бөленеді
екен. Өмір бар жерде өлім бар. Қаза бар жерде аза бар. Мына
тіршілктің ащы шындығы осындай. Бақиға жоқтау айтылмай
аттанған адам-жоқталмаған адам. Адамның асыл қасиеті, ақыл
парасаты көзі тірісінде емес, өзі өмірден озғанда айқынырақ
бағалана ма деп ойлайсың. Арамызда жүрген жақсы адам өмірден
өтіп кетседе көңілден ешқашан өшпек емес. Сіздің айтар
ақылыңыз, әрбір істі шешердегі ұлағаттығыңыз, кез-келген қиын
жағдайда тығырықтан шығар жолды ойланып, ақыл таразысына
салып, кесімді пікіріңізді тұжырымдау сияқты қасиеттеріңіз осы күнде бізге жеткіліксіз.
Бүгінде ардақтымыздың есімі аталғанда лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ.
Өйткені ол өмірінде желдей аңқылдаған көңілімен, көркем мінезімен көптің көңілін баурады.
Аққан жұлдыздай болған жігіт ғұмыры арман-жырға айналған қадірімізді сағынышпен еске алып,
дұға бағыштаудан өзге лажымыз қане?. Жақсының аты өлмейді. Бұл- шындық. Шәкәрім
Құдайбердіұлы айтқандай: “Өткен адам болады көзден таса, Ол кетседе белгісі жоғалмайды, керектісін ескеріп ұмытпаса”,- демекші Хамиттің жақсылықтары жүректен өшпейді. Рухы біздің
арамызда мәңгілік жасай береді. Алладан мейір, Пайғамбардан шапағат тисін. Жаны жәннатта,
тәні рахатта, ұстағаны шырақ, мінгені пырақ, мекені жұмақ болсын деп, Алла ақпәр дейміз.
Сағынышпен еске алушы: Қарағандыдан жұбайы-Жаңыл, бауырлары, балалары мен келіндері, немерелері, күйеубаласы мен жиендері
«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет туралы
Жалғызбасты қарттармен мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасы денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына 23-қосымша
халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына сай көрсетіледі. Үйден әлеуметтік қызмет жасына байланысты өзіне қызмет
көрсетуге мүмкіндігі жоқ жалғызбасты адамдарға (қарттар) және жалғызбасты мүгедектерге
көрсетіледі. Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңының 131-бабы бойынша өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті
еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша
(егде жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне
немесе басқа елді мекенде тұруына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен
қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектерге және «Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы
Заңының 9-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне-өзі күтім көрсете
алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарттарға тәуліктің күндізгі уақытында әлеуметтік қызмет
көрсетіледі. Мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсетуге: ауру процесі белсенді сатыдағы
туберкулездің; психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас
жай-күйлерді, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы
бар (2-3 айда бір реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі тырыспалы синдромдарды қоспағанда);
карантиндік инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың,
ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін
аурулардың болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады. Қызмет алушыларды оларға
бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін үйде қызмет көрсету
бөлімшесіне жіберуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге
асырады. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынатын үйде қызмет көрсету
ұйымына қызмет алушыларды қабылдау үйде қызмет көрсету бөлімшесіне мынадай құжаттардың
негізінде жүзеге асырылады: 1) қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке басын
куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын
құжат (мекенжай анықтамасы не село/ауыл әкiмдерінiң анықтамасы); 3) «Медициналық-әлеуметтік
сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді); 4) осы мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта; 5)
мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы үзіндісінің көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді); 6)
зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі; 7) Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының
қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің
көшірмелері.Құжаттардың көшірмелері түпнұсқасымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады.
Хабарласу мекенжайы: Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы №5, 2-80-46, 7-90-39.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Жасыл желек жайқала берсін
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер
оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады.
Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады. С.Сейфуллин
ауылдық округінің әкімі Н.Ғ.Әбдіковтың бастамасымен
Ынтымақ ауылдында 1977 жылы туып өскен азаматтар «Ауылым-алтын бесігім» -деп қамқорлық танытып, демеушілік
жасап, ауылымызға 500 түп жас қарағай көшеттерін алып берді.
Барлық ауыл тұрғындары жиналып ақсақалдардың батасымен
орталық саябаққа, мәдениет үйіне, мектеп ғимаратының ауласына және ауыл тұрғындарының аулаларына отырғызды. Атам
қазақ айтқандай «Атаннан мал қалғанша, тал қалсын»,- демекші
осындай игі іс жасап, ауылымыздың абаттанып, көркеюіне үлес қосып жүрген ауыл азаматтарына және ауыл әкімі Н.Ғ.Әбдіковке,
1977 жылы туған азаматтарға ризашылығымыз
шексіз. Ынтымағы жарасқан ауылымыздың
жастарының әлі алда атқаратын ізгі істері жетерлік. Біз ауыл ақсақалдары осындай
ұйымшыл жастарымыздың өсіп, өніп келе
жатқанына қуаныштымыз.
Сартбай Төкенов, Ынтымақ ауылының
ақсақалдар алқасының төрағасы
Құран оқу жарысы
Мамыр айында
а уд а н ы м ы з д ы ң
орталық мешітіндегі бас имам
Н ұ р с ұ л т а н
Қуатұлының
ұйымдастыруымен
7-15
жас
аралығындағы балалар
арасында
Қасиетті Рамазан
айының құрметіне
Құран Кәрімнің 30шы
парасын
оқудан аудандық байқау өткізілді.
Тәлім-тәрбиеге, әдеп-мәдениетке, имандылық-қайырымдылыққа, көркем-сабыр, кешірім
және басқа ізгілікті адами қасиеттерге негіз болар бұл сынаққа төрағалық еткен
Нұрсұлтан Қуатұлы, көмекшілері ретіндегі орталық мешіттің наибимамы Айтболат
Мұқымбайұлы мен Нұр-Мүбарак университетінің түлегі Серік Маралұлы болып, шебер
де білімді жүргізуші Ізбасар Бейбітұлы сынды азаматтар өз жауапкершіліктерін абыроймен атқарған еді.
Байқау қорытындысында бірінші орынға Әмина Асқар, екінші орынға Әли Рахым мен
Айша Азаматова ие болса, үшінші орын жеңімпаздары Әли Асқар, Аңсар Жақан, Исмайыл
Ербол болып танылды.
Алланың ақ жолына талпынған балалардың еңбегін алдын-ала бағалап, бәріне бірдей
Алғыс хат және бірінші орынға 15 мың, екінші орынға 10 мың, үшінші орынға 5 мың, сондай-ақ барлық қатысушыларға 2 мың теңгеден ынталандыру сыйақысы берілді.
Соңында, Рамазан айындағы ауызашар үшін мешіт жанына арнайы тігілген киіз үйге,
жарысқа қатысқан барлық балалармен қоса көрермендер де құрметпен шақырылып, дәм
берілді.
Мешітте тұңғыш рет өткізіліп отырған игілікті шараның жалғасын табатындығына кәміл
сенеміз. Ізгілікті іс атқарған азаматтарға Алла разы болсын.
П.Жүкенов,
аудан мешітінің алқа мүшесі
Бәрекелді!!!
Бағың жансын балапан
Таяуда Алматы қаласында “Ұлы дала дарыны” байқауы
өтті. Осы жарыста эстрадалық вокал бойынша Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінің 3-шы сынып
оқушысы Жарылқасын Айым 3 орын иеленді. Айым
кішкентай
кезінен
ән
шырқайды.
Мектеп
оқушыларының арасынан бұл жарысқа іріктеу бойынша үздік деп танылып барған Айым жүлделі
орыннан көрінді. Айымға алда алар марапаттары көп
болып, тек қана жеңіс тұғырынан көріне берсін демекпіз.
ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫЛАРЫ
Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен
сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынып, интеллектуалдық роботтар
да пайда бола бастады. Робот техникасының дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр
жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы
және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Ардақты әріптес, білікті маман Қайыпберлина Ардақ
Торғайқызын 18-мамыр күні 58 жасқа толуымен
құттықтаймыз.
Еңбек жолын 1982 жылы Жаңаарқа сигнализация және
байланыс дистанциясында бастап, үздіксіз 36 жыл еңбек
еткен Ардақ Торғайқызы жұмыс істеген уақыт ішінде
өзін жақсы жақтарынан көрсете біліп, лауазымдық міндетін абыроймен атқарып, өзінен де және басқалардан
да тәртіптілікті талап ете біледі. Ұжым арасында сыйлы,
қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өзінің жұмыс
тәжірибесін үнемі жас қызметкерлермен бөлісіп, жас мамандарды тәрбиелеген әріптесімізді туған күнімен
құттықтаймыз.
Станция ұжымында беделге ие, өз ісінің білгірі
әріптесімізге бар жақсылықты тілейміз. Жарыңыз Сайлау екеуіңіз
қос
балдапандарыңыздын қызығын көріп, немерелеріңіздің шат-күлкісіне бөлене
беріңіздер.
Құтты болсын туған күн, ұзақ болсын өмірің,
Шалқып тасып, шаттансыншы аппақ таза көңілің.
Біз тілейміз қуаныш пен шаттық, бақыт, мол табыс,
Қуанышқа толы болсын, алдағы бар өмірің.
Ізгі тілекпен: Жаңаарқа сигнализация және байланыс дистанциясының ұжымы
Тоғызқұмалақ
Шахтинск
қаласында
тоғызқұмалақтан
жасөспірімдер арасында Қарағанды облысының чемпионаты өтті. Ауданымыздың
Ю.Гагарин,
О.Жұмабеков, Б.Амалбеков, С.Сейфуллин ЖОББ мектептері мен Ақтайлақ НМ оқушыларынан құралған
аудан құрамасы жақсы ойын көрсетті. 168 оқушы
қатысқан байрақты басекеде Б.Амалбеков атындағы
ОМ оқушысы Ізбасар Әсет (БЖСМ-нен жеке бапкері
Меиізбеков С.М) қола медалді жеңіп алды. Сондай-ақ,
Ю.Гагарин ЖОББМ оқушысы М.Кимашев және
С.Сеифуллин ЖОББМ оқушысы Балагазина Ділназ
қола медаль үшін ойында ұтылып 4 орында қалды.
Әсет облыс құрама сапына қабылданып,осы жылдың
маусым айында Ақтөбе қаласында өтетін
тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Қазақстан
чемпионатына қатысуға жолдама алды.
Аудандық спорт бөлімі
Балуандар жеңіспен оралды
Дзюдо күресінен 2001-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы “Саяси қуғын
сүргін құрбандарын” еске алуға
арналған Республикалық ашық
турнир өтті. 90 кг салмақта Мирас
Сұлтанмұрат ІІІ орын қола медаль
алып, спорт шеберлігіне үміткер
атанса, Әлібек Кәрібаев (81 кг) ІІ
орын күміс медаль иегері атанды.
Қос
балуанның
жетекшісі
халықаралық дәрежедегі төреші
Рахметулла Қыдырбеков.
Боз
кілемді
бағындырып,
қанжығалары майланып жүрген
балуандарымызға сәттілік тілейміз.
Ат баптап, тазы жүгірткен...
автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде.
Мектеп бағдараламасында заман талабына сай арнайы роботтотехника бойынша сағаттар
бөлініп, оқушылармен жұмыстар бірізділікке қойылып келеді. Сол жұмыстардың нәтижесі
бойынша 11-12 мамыр күндері Қазақстандық білім беру және спорттық робототехникалық
«KazRobotics» федерациясының ұйымдастыруымен республикалық сайысытың облыстық
іріктеу кезеңі өтті. Метептің «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі Жәркенова Ғалия
Ибрагимқызы жаңашыл көзқарасты, жаңалыққа жаны құмар жас өрендердің ішінен озығы,
үздігі деп танып №132 ЖОББМ 8 «Ә» сынып оқушыларын дайындаған болатын. Үкіліген
үміттері ақталып, «Робосумо» сайысы бойынша І орынды Жаппаров Тілектес Қаратайұлы,
Бөрібаев Ерзат Русланұлы иемденденсе, «Кегельринг-квадро» сайысы бойынша Мәнтенов
Асхат Қанағатұлы, Кәріпбеков Диас Нұрланұлы ІІІ орын иеленді. Енді республикалық іріктеу кезеңінде жеңіспен оралады деп сенім артамыз. Жеңістері құтты болсын дей отырып,
мектебіміздің жас өрендерімен мақтанамыз.
Г.И.Достаева,
№132 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРАЛИНА САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
Қазақ ертеден-ақ жігітке жеті өнерде аз деп
тәрбиелеген. «Жеті» қасиетті сан. Жеті
қазынасы тағы бар. Қыран бүркіт, құмай тазы,
жүйрік ат, сұлу әйел, т.с.с. Осындай өнерлерді
бойына сіңіріп, ежелгі дәстүрді жалғастырып
келе жатқан қазіргі кезде аз да болса,
шүкіршілік,
азаматтарымыз
баршылық.
Солардың бірі Атасу станциясының тұрғыны
Хасенов Ғазиз Жұмабайұлы. Аудандық ат
спорты құрамасының мүшесі, көкпаршы және
атбегі. Біраз жылдардан бері сырт жерлерден
тұқымы жақсы бәйге аттарды әкеліп, оларды
күтумен, баптаумен шұғылданып келеді.
Алғашқы нәтижелері де жаман емес. Жүлделі
орындардан көрініп жүр. Ақтүбек ауылының
ғана емес, аудандағы ат спортының дамуына да өз
үлесін қосып жүрген азамат. «Жеке батыр» көкпар командасын жасақтауға басшылық жасап,
додаға түсетін аттарды ауылдың сегіз спортшысына алдыртып беруге ықпал жасады. Іңісі
Байбосын Алтынтөрені ұлттық ат спортын дамытуға, бәйге, көкпар аттарын дайындауға
баулып келеді. Сонымен қоса Ғазиз жүйрік, аңға түсетін асыл тұқымды тазы иттерді асыраумен айналысып отыр. Өткен жылы Алматыдан екі құмай тазының арланы мен қаншығын
алып келіп, аң аулауға баулып жүр. Кезінде кең даланы ат тұяғымен дүбірлетіп, қыран баптап, жүйрік тазы жүгірткен сал-серілерден қалған дәстүрді жалғастырып жүрген Ғазиздей
азаматтар көп болсын деп тілейміз. Қазақы рухты оятатын осындай істер жалғасын таба
берсін.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1633 дана
Тапсырыс №21
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
72
Размер файла
46 034 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа