close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 22 Жанаарка газеті

код для вставки
№22 (9859), 26 мамыр, 2018жыл
31 мамыр - саяси қуғын-сүргін
құрбандарын еске алу күн і
Зұлмат жылдар оқиғасы енді
қайтып қайталанбасын!
Өткен ғасырдың отызыншы жылдары тарихта
өшпес ізі бар жылдар. Ел басын төнген
ашаршылық жылдары мен сүт бетіндегі қаймақ
зиялы қауымның жаппай жалаға ұшырауы қазақ
елінің жазылмас жарасына айналды. Кеңес
үкіметінің ұйымдастырған зұлмат жылдарында
Қазақстанда 1,5 млн. адам қырылып, 600 мыңдай
қазақ шет елдер мен басқа республикаға үдере
көшіп кеткенін көрсетті.
Нәубеттен Жаңаарқа ауданы да қатты зардап
шекті. 48 мыңнан астам адамнан 1933 жылғы
санақта 5 мыңнан сәл-ақ асатын халық есепке іліккен. Қызыл империяның тағылық әрекетіне қарсы
шыққан ел азаматтары аяусыз өлтірілді, сотталды, жер аударылды.
Отызыншы жылдардың аяқ шеніндегі қуғын-сүргінде халқымыз біртуар қайраткер
тұлғаларынан айырылды, мыңдаған жазықсыз жандар жапа шекті. Еңсемізді тіктеп,
тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін зобалаң туралы шындықтың беті ашылды, тарихи әділеттілік қалпына келтірілді. Жер-жерлерде марқұмдарға ескерткіш пен белгілер қойылды.
Ұлтымызды қырғынға ұшыратқан сол бір зұлмат жылдар оқиғасы қайтып
қайталанбасын! Еліміздің іргесі берік болып, жұртымыз тыныштықта өмір сүрсін!
Бүгінгі ұрпақ арманда кеткен есіл ерлер мен ашаршылықта қаза болған жандардың
бейнесін мәңгі ұмытпайды.
Аудан әкімі
Ю.Бекқожин
Аудандық мәслихат хатшысы
Қ.Имантүсіпов
1 - маусым балаларды қорғау күні
Балғын балалар – біздің болашағымыз
Құрметті бүлдіршіндер!
Сіздерді 1-маусым балаларды қорғау күнімен
шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер Егемен елдің
ертеңі, Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағысыздар.
Сондықтан, келешегіміз кемел болсын десек, біз
балаларымыздың бүгін бақытты өмір сүріп,
балдырған күндерін мұңсыз өткізуіне, құқықтары
мінсіз қорғалуына барлық жағдайды жасауымыз
қажет.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен
қазақстандық сәбилердің береке мен бейбітшілікте
ғұмыр кешуі үшін тың жобалар жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысы биліктің барлық органдарының
назарын өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне, онда қалыптасқан ахуалдарды шешуге,
әлеуметтік базаны дамытып, нығайтуға, ғылым саласында озық оймен танылған жас
дарындарға қолдау көрсетуге, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға, мүмкіндігі
шектеулі бүлдіршіндерге ерекше жәрдем жасауға аударып келеді.
Елімізде балаларымыз сапалы білім ала алатын заманауи құралдармен жабдықталған жаңа
мектептер салынып, оқушыларымыз білім алуда. Бүлдіршіндердің жан-жақты даму үшін
қажетті жағдай жасалған балабақшалар ашылуда. Балалардың денсаулығын қорғау жүйесі
ретке келтірілуде. Оларға арналған қайырымдылық қорлары, өзге де ұйымдар табысты
жұмыс істеуде.
Құрметті жас өрендер!
Сіздердің жүздеріңізден қуаныш пен бақыт күлкісі кетпесін. Жүректеріңізге тек мейірім
мен шапағат ұяласын. Ата-аналарыңыздың үмітін ақтап, үлкен азамат болып өсе беріңіздер!
Барлықтарыңызға мықты денсаулық тілейміз. Жазғы демалыстарыңызды жақсы әрі көңілді
өткізулеріңізге шын көңілден тілектеспіз!
Аудан әкімі
Ю.Бекқожин
Аудандық мәслихат хатшысы
Қ.Имантүсіпов
Жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асырамыз
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев барша Қазақстан халқына жыл сайын Жолдау арнап
отырады. Елбасымыздың биылғы қаңтар айында жолданған
Жолдауын насихаттап, талқылау мақсатында Бидайық ауылдық
округінің мәдениет үйінде ауыл әкімі мен аппаратының бастауымен «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты кеңес
өткізілді.
- Елбасымыздың негізгі ұстанымы алдымен экономика, содан
кейін саясат. Елбасының:-қазір бой жарыстырған заман емес,
ой жарыстырған заман,- деген сөзі дәл бүгінгі танда барша
Қазақстандықтар үшін өзінің өзектілігін сезіндіруде.
Халық «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын
ықыласпен қабылдады. Жұртшылықпен кездесу барысында Елбасының атына көптеген жылы сөздер айтылды. Сондай-ақ он негізгі міндет аясында өндіріс үдерістерін сандық негізге көшіру арқылы индустрияландыруды өрістету, білім беруді жаңа сипатта дамыту, қаржы секторын қайта қалыптастыру,
көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес және тиімді мемлекеттік басқару жүзеге асатынына сенім білдірді.
Бағдарламалық құжаттағы дағдарысқа қарамастан, мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық
көлемде орындайтыны, яғни азаматтарымыздың әл-ауқат деңгейін одан әрі арттыру мүмкіндігі бар екенін
ауыл тұрғындары ризашылықпен қабылдады. 1-қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 8 пайызға өсті,
шілдеден бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташалғанда 1,8 есе ұлғаяды. Президент
одан басқа 1 шілдеден бастап балалық кезінен кәмелет жасына толған I топтағы мүгедектердің күтімі үшін
ата-аналарына мемлекеттік қосымша жәрдемақы енгізуді тапсырды. Бұл – өте қажетті қолдау.
Мектеп мұғалімдері де еңбекақыны көтеру туралы шешімді жылы қабылдады. Бұл шара олардың еңбегінің
беделін көтереді және кәсіби біліктілігін одан әрі жетілдіруге ынталандырады. 1-қаңтардан бастап мазмұны
жаңарған оқу материалдарына көшетін мұғалімдердің лауазымдық еңбек ақысы 30 пайызға ұлғаяды және
қарқынды дамып келе жатқан экономиканың арқасында мемлекетте оған жететін қаржы бар.
Ауыл еңбеккерлері Жолдауда агроөнеркәсіп кешені еліміздің экономикасының драйвері ретінде атап
өтілгенін, бұл сала алдына биік әрі орындалатын міндеттер қойылғанын атап өтті. Президент атап өткендей,
ауыл шаруашылығы ғылымы айрықша назар аударуды және аграрлық университеттердің рөлін қайта
қарауды, жаңа технологиялар мен бизнес үлгілерін ойланып енгізуді талап етеді. Елбасы мемлекет пен
бизнес өкілдері бірлесе отырып, отандық өнімді ілгерілету керектігі туралы айтты. Президенттің бұл сөзі
өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын ұлғайту үшін қажырлы қызмет етіп жатқан және еңбек
өнімділігін ұлғайтуға әзір жергілікті өнім өндірушілерге қанат бітіреді.
Елбасымыздың жаңа Жолдауы барша Қазақстандықтарға жігер беріп, болашаққа деген сенімдерін арттырды деп ойлаймын. Ендігі кезекте Елбасымыздың Жолдауын әрі қарай насихаттап жүзеге асыруға әрбір
мемлекеттік қызметкер өз үлестерін қосу керек. Жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асыру, қай салада
қызмет атқарсақ та баршамыздың алға қойған мақсат-міндетіміз.
С.А.Баязитов, Бидайық ауылдық округінің әкімі
Рухани жаңғыру
Талантты ұстаз жемісі
Президент Н.Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру”
мақаласында:- “Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі,
яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
Бұл
саяси
және
экономикалық
жаңғыруларды толықтырып қана қоймай,
олардың өзегіне айналады”,-деп атап
өткен болатын. Бұл мақалада сананы
жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық
кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік
құндылықтармен үйлестіріп, ел игілігіне
жарату жолындағы мақсат- мүдделер туралы үлкен өзекті мәселе
көтеріліп отыр. Білім- мемлекеттік саясатының басым бағыттарының
бірі. “Қазақстан -2050” стратегиясына сәйкес мүғалім мамандығының
беделін көтеруге, педагогтарды еңбекке ынталандыруға, оларды мемлекеттік қолдауға, сонымен қатар білім жүйесін жоғары білікті кадрлармен
қамтамасыз етуге басты назар аударылуда.
“Дарынды балаларға- талантты ұстаз” педагогикалық олимпиадасының
негізгі мақсаты- педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттыру,
осы мамандықты таңдаған талантты жастарды анықтау.
Биылғы жылдың наурыз және сәуір айларында өткен аудандық және
облыстық “Дарынды балаларға-талантты ұстаз” олимпиадасының
кезеңдерінде бас жүлдені иеленіп, Б.Амалбеков ЖОББ мектебінің физика
пәні мұғалімі, жас маман Думан Сәлкенов Республикалық байқауға жолдама алған болатын. Думан 4-5 мамыр күні Семей қаласында өткен осы
байқауға қатысып, жүлделі екінші орынға ие болып, 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жарыс үш бөлімнен тұрды: “ Педагогикалық дебют” немесе “Өзін-өзі
таныстыру”, педагогикалық шеберлік қоймасы, ғылыми “TED”жобасы;
портфолио жинағын бағалау.
Республикалық олимпиадаға физика, математика және информатика
пәндері бойынша 35 жас маман қатысты.
Сәлкенов Думан Қарағанды қаласындағы Е. Бөкетов атындағы мемлекеттік университетінің физика-техникалық факультетінің бакалавриат
және магистратурасында оқып білім алған. Думан “ Физика пәнінен педагогика ғылымдарының магистры”атты дәрежені иеленген жас педагог.
Б. Қуанышбекова,
Б.Амалбеков ЖОББ мектебі
26 мамыр 2018 жыл
Жаңа әлеуметтік бастамалар күн
тәртібінде
Президент Н.Ә.Назарбаевтың 5
әлеуметтік бастамасы жұртшылыққа
серпіліс әкелді. Жаңа әлеуметтік бастамалар күн тәртібіне қойылды.
“Қазақстан–біздің ортақ үйіміз”
идеясы аясында жаңа ұсыныстар әрбір
қазақстандықтың
әл-ауқатын
жақсартуға бағытталары анық.
Әлеуметтік маңызы бар алғашқы бастама–“Әрбір
отбасына
баспана
алудың жаңа мүмкіндіктерін беру”. Баспаналы болудың шешімі – тұрғын үй
ипотекасының жаппай қол жетімділігін арттыруға жағдай жасау.
Ілгеріде “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша жас мамандар жұмыспен және
қолжетімді баспанамен қамтылды. Мәселен, мектебімізде маман бағдарлама бойынша
жұмысқа кіріп, үй кілтіне ие болды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасының ауқымды жалғасы сияқты «Әр отбасына баспана»
бастамасы бірер жылда орындалатынына күнделікті өзгерістер куә. Келесі бір тоқталатын
бастама – «Жоғары білім алудың қолжетімділігі» бастамасы. Мектебіміздің түлектерінен
жоғары оқу орындарына түскені 35, оның 12 мемлекет бөлген грантпен білім алуда. 20182019 оқу жылында мемлекет техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтарына оқу
орындарының гранттары бөлінетіні – жастарға мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі.
Студенттердің білім алуы мен тұруына арналып салынатын заманауи жатақханалар да
өзекті тақырып.
Сонымен қатар, осы бастамада төмендегі мәселелер қозғалып өтті. 2018 жылы білім
берудің жаңартылған мазмұнына көшкен мұғалімдердің лауазымдық жалақыларын 30% ға, біліктілікті айқындайтын тест тапсырған соң, лауазымдық жалақыны қосымша 50%ға өсіру, денсаулық сақтау саласы, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы мен
студенттер стипендиясын көтеру қарастырып жатқаны, шілде айынан бастап орташа
зейнетақы 37% - ға артатыны айтылды.
«Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық
жүктемесін азайту», «Шағын несие беруді көбейту», «Елді газбен қаматамасыз етуді
жалғастыруды» белсенді жалғастырып, ауыл-аймақтар үшін ерекше маңызды бастамаға
айналып, жүзеге асырылуы қажет. Мемлекеттің жаңа бастамасы барша азаматқа игі әсер
етері сөзсіз. Бес бастаманың әрбір қазақстандыққа қажет фактор екені белгілі. Әлеуметтік
жаңғыру жолында жаңа ұсыныстар мен бастамалар ауқымды қадам жасауға бағыттайды.
Р.Рахимов,
О. Жұмабеков атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебі
(Ресурстық орталық) директоры
ЖЕҢІСПЕН ОРАЛУ - БАСТЫ
МАҚСАТ
Қазақстан Республикасының ішкі істер
министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің
ұйымдастыруымен, жалпы «Рухани жаңғыру», салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында
мемлекеттік күзет қызметі саптық бөліністері
(күзет полициясы) арасында республикалық
спорттық
жарыстар
өткізілген
болатын.
Қызылорда қаласында кіші футболдан өткізілген
республикалық жарыста Қарағанды облысының
МКҚБ аясында құрылған командалық топ 2- орынды иеленді. 4-Полиция батальоны
Жаңаарқа ауданы полицейлері полиция старшинасы Макишев Аян Амангелдіұлы, поли-
2
Мал ұрлығы – өзекті мәселе
Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары
Қанат Қожықаевтың төрағалығымен, ауылдық
округ әкімдерінің қатысуымен мал ұрлығы
бойынша жиналыс өтті. Жиында аудандық
жергілікті полиция бөлімінің басшысы Жантас Әбдіков баяндама жасап, бірқатар
мәселелерге тоқталды. Мал ұрлығын болдырмау үшін малды арнайы бақташыға еңбек
шартын жасау арқылы бақтыру керектігі және
ауылдық жерлердегі жұмыскерлер мен
малшылардың төлқұжаты талап етілу
қажеттігі айтылды.
Сондай-ақ, жиында аудандық ветеринариялық
станцияның директоры Қанат Мұқанов аудан
бойынша ауыл шаруашылық малдарының
меншік түрлеріне қарамай дерекқорға енгізілуі, сырғалануы және таңбалануы туралы
мәселелер жайлы мәлімдеме жасады.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Қоршаған ортаны қорғайық
Казақстанның қалдықтармен жұмыс істеу саясаты Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 30- мамырдағы №577 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының
жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамасымен анықталған. Тұжырымдамаға
сәйкес қоршаған ортаға шығарылатын қалдықтардың 2030 жылға дейін 40пайызы, 2050
жылға дейін 50 пайызы өңделіп, залалсыздандырылып, қайта пайдалануға жаратылуға тиісті.
Қарағанды облыстық маслихатының VIII сессиясының 12.12.2017ж. № 259 шешімімен
қала және аудан әкімдеріне өнім немесе энергия өндіру мақсатында биологиялық ыдырайтын қалдықтарды көмуді қысқарту жөніндегі іс – шараларды ұйымдастыру тапсырылған.
Бұдан өзге, Экологиялық кодекстің 300 бабы 3-1, 6-1 және 6-2 пункттарымен келесі
ақпаратпен толықтырылған: қатты тұрмыстық қалдықтарды алдын-ала өңдеу жұмыстарын
жүргізбей көмуге тиым салынады. Бұл Заңнама талабы 2019 жылдың 1- қаңтарынан бастап
күшіне енеді.
Сонымен қатар 2019 жылдың 1- қаңтарынан бастап полигонға пластмассаларды, полиэтилен, макулатура, картон, тағамдық және құрылыс қалдықтарын қабылдауға тиым салынады.
Осыған байланысты біздің ауданның елді мекендерінде де қалдықтарды сұрыптап жинау
және кәдеге жарату үшін тиісті қабылдау пункттерін ашып, оларды өңдеуді қолға алу
қажеттілігі туындайды. Бұл жұмыс өткен жылдан бері әкімшілік тарапынан жан-жақты зерттеліп зерделенуде. Қарағанды қаласындағы «Промотход» ЖШСіне барып әртүрлі
тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинап өткізу жөнінде келісімшарт жасау жөнінде бірнеше кәсіпкерге ұсыныстар жасалды. Ауылдық жерлерде күл-қоқыс пен қатты
қалдықтардың көлемі қыста қолға қарайтын малдың көңі мен үйлерді жылытуға
пайдаланылған көмірдің күлінің есебінен көбейеді. Ал бұл қалдықтарды жеке – жеке жинап
бір жерге өткізсе оларды бау-бақшаға және құрылысқа пайдалану мүмкіндігі туар еді.
Алайда көпшілік жағдайда тұрғындар бұл мәселеге мән бермейді де үйден шыққан
тұрмыстық қалдықтармен араласып іске алғысыз болып қалады. Нәтижесінде пайдасыз
қалдықтардың көлемін ұлғайтып отыр. Осы мәселе бойынша кенттің сыртқы қатты
қалдықтар полигоны жанынан арнайы жер бөліп оған тек қана мал көңін орналастырса және
күл мен шлакты да тұрғындар жеке жинаған жағдайда оны да кәдеге жарату үшін арнайы
орын белгілеуге болар еді. Бұл мәселелер бірнеше жылдан бері кент әкімі аппаратында
талқыланып келеді. Өткен жылы осындай көң сақтайтын жер белгіленген болатын, алайда
ол жерге таза көңді төгу мүмкін болмады , өйткені тұрғындар біріншіден көңге басқа да
қоқысты қосып әкеледі және түнгі уақытта аталған жерге тұрмыстық қоқыстарды төгу
көбейіп кетті. Ал пластмассаларды, полиэтилен, макулатура, картон, тағы басқа да өңдеуге
келетін қатты қалдықтарды жинау жұмыстарын ұйымдастыруға аудан кәсіпкерлерін
шақырамыз.
Р.Түсіпов, Атасу кентінің әкімі
« Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық
байқауын өткізу туралы
ция аға сержанты Кәріпбеков Еркебұлан Қанатұлы, полиция аға сержанты Бошаев Берік
Домабайұлы топта үздік ойын көрсете отырып, жеңіске жетуге зор үлес қосты.
Шымкент қаласында өткен ҚР ІІМ мемлекеттік күзет қызметі саптық бөліністері арасында Республикалық деңгейде өткізілген қоян-қолтық ұрыс тәсілінен өткізілген жарыста
4-Полиция батальоны Жаңаарқа ауданы полицейі, полиция старшинасы Әбілдинов Еркін
Қайырбекұлы (жаттықтырушысы Р.Қыдырбаев) 2 – орынды иеленді.
Мамыр айының басында Тараз қаласында мемлекеттік күзет қызметі саптық бөліністері
арасында Республикалық деңгейде өткізілген екі жүзге жуық өнерпаздар арасында,
патриоттық нышанда полицейлердің арасындағы көркем өнерпаздарды анықтау
мақсатында өткізілген жарыста 4-Полиция батальоны Жаңаарқа ауданы полицейі, полиция
старшинасы Сәрсембаев Жақсыгелді Әбікенұлы 2- орынды иеленді.
Жоғарыда көрсетілген полицейлер ҚР ІІМ ӘПК, МКҚБ басшылығы тарапынан
дайындалған кубоктармен, дипломдармен, медалдармен мараппаталды. 4-Полиция батальоны Жаңаарқа ауданы полицейлері осындай жеңістерге жетулері, ұдайы түрде кәсіби
даярлығының жоғары деңгейде болуы, қызметтеріне деген асқан жауапкершілікпен
қарауы арқасында мүмкін болып отыр. Осындай полицейлер келешекте ауданымыздың
атын еліміздің әр жерінде мәре тұғырынан көрінетіне сенім білдіреді.
Б.Е. Жарылғапов,
Қарағанды облысының МКҚБ 4-Полиция батальоны командирінің орынбасары
полиция капитаны
2018 жылдың қыркүйек және желтоқсан айлары аралығында «Нұр Отан» партиясының
«Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы өткізіледі. Байқаудың мақсаттары
мен міндеттері: БПҰ қызметін уәждемелеу және олардың жұмысын жандандыру, үздік БПҰ
анықтау және олардың жұмыс тәжірибесін тарату, партиялық кадрлардың резервін
қалыптастыру. Байқау 3 кезеңнен тұрады: І кезең – байқау ресми жарияланған күннен бастап (1 тамыздан кеш емес) ағымдағы жылдың 1-қазанына дейін; ІІ кезең – ағымдағы
жылдың 1-қазанынан 1-қарашасына дейін; ІІІ кезең – ағымдағы жылдың 1-30 қарашасы
аралығы; Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2018 жылдың желтоқсанында. Байқауға қатысу
үшін өтінімдер тиісті аумақтық байқау комиссиясына ұсынылады.
«Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы, Тәуелсіздік көшесі №3, үй телефон 2 87 60,
Объявление
о проведении Республиканского
конкурса партии «Нұр Отан»
«Лучшая первичная партийная
организация»
С сентября по декабрь 2018 года проводится Республиканский конкурс партии «Нұр Отан»
«Лучшая первичная партийная организация». Цель и задачи конкурса: мотивация и активизация деятельности, выявление лучших ППО и распространение их опыта работы;
формирование партийного кадрового резерва. Конкурс проводится в 3 этапа: І этап начинается с момента официального объявления конкурса (не позднее 1 августа) и проводится до
1 октября т.г.; ІІ этап - с 1 октября до 1 ноября т.г.; ІІІ этап - с 1 до 30 ноября т.г.; Награждение
победителей в декабре 2018 года. Для участия в конкурсе заявки подаются в соотвествующие
территориальные конкурсные комиссии.
Жанааркинский районный филиал партии «НұрОтан». ул.Тәуелсіздік, N 3, телефон
2 87 60
3
26 мамыр 2018 жыл
31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Сырбаз Сәкен Сейфуллин елінің жүрегінде мәңгі сақталады
Құрметті «Жаңаарқа» газетінің оқырмандары
Анда-сонда елге келгенде осы газеттің бетінен ел туралы,
жер туралы хабар біліп, көңіліміз марқайып қалатынымыз
бар, қанаттанып қайтатынымыз бар.
Өкінішке орай, сыртта қызмет атқарып жүргеннен кейін, жиі
соғудың реті келе бермейді. Газеттің бұрынғы редакторы, ел
азаматы Дүйсенбай ағамыздың о дүниелік болғанын естіп,
көңілім құлазыды, иманды болсын марқұм. Елдің абыройлы
азаматтарының бірі еді...
Көкшетауда белгілі ақын, жазушы, драматург Төлеген
Қажыбай ағамның жанында «Жер шоқтығы» журналын,
«Бұқпа» газетін шығарысып жүрмін. Кейбір ел
азаматтарының бәлкім жадында шығар, бұл кісінің аудан
орталығында Сәкен Сейфуллиннің 110 жылдық мерейтойына
арналған ақындар мүшайрасында бас бәйгені жеңіп алып,
Жаңаарқаның халқының үлкен сый-құрметін көріп, көңілі
АяН
Сәкен мен Гүлбаһрамның сүйікті жалғыз ұлдары,
шаһит кешкен Аянның ру хына
Топшысы темір тіршілік,
Талпына алмай жаттың ба?
Періште жаның түршігіп,
Мұнарлы мұңға баттың ба?
Зұлматты кезең нәубетін,
Шыбындай жаның сезді ме?
Сейфуллиндердің әулетін,
Есірік заман езді ме?
Көңілің әлде ұқты ма?
Тағдырын ғазиз әкенің.
Жауыздық жардан жықты ма?
Қазақтың сұңқар Сәкенін.
Тағасы болат тұлпарды,
Салмаған ешкім ауыздық.
Сұлатып салды-ау сұңқарды,
Жымысқы жылмаң жауыздық.
Аз ба еді тартқан азабы,
Тайғақтан табан таймаған.
Жоқшысы жалғыз қазағы,
Сол үшін белін байлаған.
Ертеңін ойлап жұртының,
Жоғалтқан жоғын жоқтаған.
Намысын қайрап ұлтының,
Сыпыр деп басты ноқтадан.
Жырлары жалын қақтаған,
Қырандай күнде түлейтін.
Арманы тұлпар ақтабан,
Алдынан бақыт тілейтін.
Сұлулық еді-ау іңкәрі,
Селінен сезім жаралған.
Бидайық құстық сұңқары,
Таң нұрымен таранған.
Көкшесін сүйген табынып,
Тәу етер қағбам сен деді.
Арына ғана бағынып,
Ажалды оққа сенбеді.
Тілегі өлім емес-ті,
Өмір деп соқты жүрегі.
Ермек етпей елесті,
Жасқылық тосып тұр еді.
Бейнетқор жұртын жетелеп,
Жетсем-ау деді жарыққа.
Қуаныш сыйлап еселеп,
Әперсем деді халыққа.
Сол үшін тартып азапты,
Көнгенді небір зорлыққа.
Күреске бастап қазақты,
Көнбейміз деді қорлыққа.
Мінді де тұлпар тағалап,
Асығыс тез аттанды.
Бетпақтың бойын жағалап,
Тұзаққа түспей шақ қалды.
Демікпе жандай ентігіп,
Алқымда қалған арман-ай.
Тұлпарым оқыс мертігіп,
Сенімнің әдіра қалғаны-ай!
Өтті де солай алмасып,
Болжаусыз өмір баяны.
Тірлікпен титтей жалғасып,
Артында қалды Аяны.
Сормаңдай сәби тағдыры,
Сезімді қарыр сыз болып.
Ананың әлди зар мұңы,
Жүректе қатқан мұз болып!
Бейкүнә сәби егіліп,
Әкенің жолын тосады.
Жас болып күнде төгіліп,
Жоқтайды жарын қосағы.
Сәкенсіз қалып Сарыарқа,
Сабылды сана сандалып.
Жампозын жоқтап Жаңаарқа,
Салтанат, сырлы ән қалып.
Иманақ түскен иінің,
Боздайсың іздеп арысты.
Баса алмай іште күйігін,
Мұқалтып мұңмен намысты.
Аянды қалған жетім деп,
Аймалап, сүйсең нетеді.
Қайғыдан көңіл кетілмек,
Өзіңмен бірге кетеді.
Әкенің қалған жейдесін,
Баурына басып жатады.
Есіне алып бейнесін,
Ұйқысыз таңы атады.
Ұлым деп ерек өбектер,
Әкесі пана бел еді.
Соңынан қалмай дедектеп,
Кімдерге енді ереді.
Жаутаңдап мойыл жанары,
Әркімге бір сүзілген.
Сандалтып сәби баланы,
Өтеді күндер тізілген.
Әкесіз мына тіршілік,
Аянға тастай батады.
Өксіктен демі тұншығып,
Талықсып барып жатады.
Әкесі қайда, ұқпайды,
Соншама неге кешікті.
Дидары естен шықпайды,
Аңдиды анау есікті.
Есігі үйдің таскерең,
Кірмейді, ешкім шықпайды.
Әкесі қайда ақберген,
Аянжан тіпті ұқпайды.
Ұқпайды тірлік наласын,
Сәби қайдан сезінер.
Аймалап жатып анасын,
Өксіп барып көз ілер.
Қарғылы иттей қорқаулар,
Ісіңді жатқа жориды.
Жалқаулық бар да, қорқау бар.
Кірпік ілмей ториды.
Солар ғой жалғыз панаңды,
Ажалды оққа байлаған.
Ұғынбай жатып ғаламды,
Келсін-ау қайдан ой саған.
Анаңның ыстық құшағы,
Ғаламның ғажап бесігі.
Жаныңды тербеп құс әні,
Ашылған өмір есігі.
Сен де ертең ержетіп,
Өмірге сергек қарайсың.
Есіңнен шығып кем-кетік,
Өзіңді ерге балайсың.
Әкеңді білген қалың жұрт,
Құрметін сенен жасырмас.
Жымысқы ұры кей бір қырт,
Жаулығын бастан асырмас.
Әкеңді жау деп қаралар,
Қарғылы итттер әлі бар.
Жас жаныңды жаралар,
Олардың да «әні» бар.
Есіңде болсын Аяным,
Әкең сенің ұлы еді.
Жырлаған азат баянын,
Адалдықтың құлы еді.
Билікке басын имеген,
Арда ұлы ғой қазақтың.
Арманын алға сүйреген,
Жесе же жанын азап мұң.
Жалынды жырдың жолында,
Алау болып жанды ол.
Қосылмай қорқау тобына,
Сол биікте қалды ол!
тасқындап, «шіркін, Жаңаарқа десе дегендей, елің елақ екен!» деп мерейі өсіп қайтып еді. Мен де елім
үшін төбем көкке тигендей мағұрланып ем.
Ол ағамыз таяуда мерейлі 75 жылдық тойын
Көкшетауда дүрілдетіп атап өтті. Сол абзал ағам
Сәкендей елінің ардақтысын қастер тұтатын, оның
Көкшетау топырағында қалған бір жапырақ перзенті
қыршын кеткен Аянына арнап дастан жазды. Ол небары үш-ақ жыл жарық дүниені кешсе де Сәкендей
халқының аяулы ұлының перзенті ғой. Көкшелік азаматтар жыл сайын 31- мамыр қуғын сүргін
құрбандары күнінде Аянның басына барып, құран
оқып, барша алаш арыстарына тағзым етіп, еске
алады.
Құрметпен Дәулет Әмірұлы
Төлеген Қажыбай
Сен осындай асылдың,
Ардақ тұтқан ұлысың.
Алдында мынау ғасырдың,
Қызмет етер құлысың!
Әттең, бұған жоқ амал,
Арман болып қалды ғой.
Ажал деген-қу тажал,
Құшағына алды ғой.
Егіліп біз де үмітпен,
Ұзасын дедік өмірің.
Арылып ада күдіктен,
Көркейсе дедік көңілің.
Жалғыздың жары өзіңе,
Еткендей едік құлшылық.
Сенгендей едік сөзіңе –
«Құдайсыз сынбас бір шыбық».
Азапқа төзбей жүрегің,
Талықсып барып тоқтады.
Үзіліп солай тілегім,
Қызуы сөнген шоқ қалды.
Қаралы тағдыр белесін,
Қалдырып жаны жаралы.
Өлген сәби денесін,
Арқалап ана барады.
Әкең сүйген Көкшетау,
Болды ақтық тұрағың.
Өсе алмадың есен-сау,
Арманда өткен Ұланым.
Азалы анаң қасыңда.
Тыпыршып жүрек тынды ма,
Арсыз ажал басында,
Салтанатын құрды ма?
Көтеріп тірлік қайғысын,
Анаңның белі талыпты.
Баянсыз, бақсыз, байғұсым,
Жапанда жалғыз қалыпты.
Қызыл қурай басында,
Қасірет күйін шертеді.
Не сыйламақ расында
Қаралы күннің ертеңі.
Таппай жүрмін мүрдеңді,
Жусаннан басқа белгі жоқ.
Жапқызбай жүр іргемді,
Өмір – жалын, өлім – шоқ!
Қара жер жатыр қасарып,
Қайғылы көзден жас ағар.
Көктем сайын жасарып,
Қызыл қурай жасанар.
Күз келгенде әр таяр,
Солып, семіп, қурайды.
Ол да сұлап жантаяр,
Баста дәурен тұрмайды.
Елекке түсіп сүзілген,
Өтер бәрі, досым-ай,
Таспиық тастай тізілген,
Өмір заңы осылай.
Аян зары тым ауыр,
Мұңайма, жаным, мұңайма.
Әке, аға, жоқ бауыр,
Не жазып ек құдайға?!
Обалың қарғыс қоғамға,
Қарғылы иттер мекені.
Сыйлаған өлім адамға.
Өксігім қашан жетеді.
Күйігін жанның басам да,
Деймін нұрың шалқысын.
Ажал ортақ қашан да,
Жалпы үшін де жалқы үшін.
Күнде мейлің, күндемес,
Жанымда менің мұң басым.
Белгісіз қалған мүрдеңе,
Орнатқан жырым – көктасым!
Ел есіндегі жылдар
«Халқым, елім, жерім, Атамекенім! Бірлігіміз білектің күшіндей еді ғой. Аш –
жалаңаш қайда беттеп барамыз? Қара
шаңырағым
шайқалып,
жерімізден
қуылып қайдан, кімнен пана іздейміз?
Күнім не болады, заманым не болады,
ұрпағымның күні не болады? Қу құдай,
жаратқан ием, қолдай көр! Не жаздым
бұл
өмірде?
Найзаның
ұшында,
қылыштың жүзінде жүріп, атабабаларымның қаны төгіліп, қорғаған
жері еді ғой!» Дәл осындай зарлы үн XX
ғасырдың басында қазақтың жерін жайлап еді. Қайран, қазақ елі...
Бүгінгі ұрпаққа айта алмаған, жеткізе
алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға,
мұңға толы тарихтың парақтары қаншама?
Оған куә мына жатқан кең дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер, мазарлар, қираған ежелгі
қалалардың орны. Біз бүгін басып жүрген
топыраққа ғасырлар бойы ата-бабамыздың
қаны тамып келгені ақиқат.
Иә, қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді?
Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұлама» заманынан бастап, «репрессия»
жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың
осынау кең жаһан далада жойылып кету
қаупі тұрған еді.
Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928
жылдан басталды. Өйткені 1925 жылы
Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин
республиканың саяси-экономикалық және
әлеуеттік
жағдайымен
танысып
«Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының
ешқандай ықпалы болмады, сондықтан
мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау
керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе
бастайды. Ол ең алдымен зиялыларға ауыз
салды. Солардың ішінде қазақстандық
Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков т.б.
болды. 1930 жылдары Кеңес Одағының
құрамында болған Қазақстанда 103 мың
адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың
адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және
саясат саласының зиялы қауым өкілдері
атылған. Жалпы 1930-1953 жылдары
аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл
заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында
болған барлық халықтар мен ұлттардың
бетке ұстар интелегенция өкілдері
ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал, Қазақстан аумағында
орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар,
Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ
халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс
аударылып келген. Қаншама зобалаң жылдарды
бастан
кешкен
қазағымның
әрқайсысының айтқан зары, кешкен мұңы,
жүріп өткен тар жолдары– бәрі-бәрі бүгінгі
ұрпақтың құлағында, жүрегінде, мәңгі
есінде.
Осыған орай, 1997 жылы ҚР Президентінің
Жарлығы шығып, соған сәйкес 31-мамыр
Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні болып
жарияланды, ал ҚР үкіметіне жыл сайын 31мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарына
арналған іс-шаралар әзірлеп өткізу
тапсырылған. Бұл күні бүкіл ел саяси
қуғын-сүргін құрбандары болған біздің отандастарымызды еске алады.
К.Жакыпова, архивист
26 мамыр 2018 жыл
4
ӘР СӨЗІ МІРДІҢ ОҒЫНДАЙ
“Жаңаарқа”
газетінің
80
жылдық мерейтойына
о
р
а
й
газетіміздің
поштасына
аудан айнасын
“Жаңаарқа” газетінде еңбек
етіп, бүгінде
арамызда жоқ
жақсылар мен
жайсаңдардан
тәлім-тәрбие
алған аға-апал а р ы м ы з
мақалалар
жазып, өткен
күннен естеліктер жазуда. Бүгінде Қазақстан Республикасы
Ақпарат саласының үздігі Амандық Рахұлы ағамызда
аудандық газетте еңбек еткен. Газетіміздің өткен санында 19-мамыр №21(9858) Амандық ағаның “Қанат
қаққан ұямыз” естелігінде “Жаңаарқа” газетінде табысып, ұзақ жыл аралас-құралас болып, сыйласып өткен
әріптес екі ағасы туралы сыр толғау оқырмандарға
ұсынған болатын. Өткен газетте Қалағаң (Қалиақпар
Әбілдин) туралы жазылса, бүгін Маркен (Марал Хасен)
ағасы жайлы жазылыпты.
«Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» деп дауылпаз ақын
Қасым айтқандайын, Марал Хасеннің «Жүрек қанын сия
қылған...» деген кітабындағы лейтмотив етіп алған мына бір
қысқа да нұсқа шумақ өмірін журналистикаға арнаған
қаламгердің бүкіл еңбек жолы мен болмысы туралы сыр
ашып, хабар беріп тұрғандай көрінеді. Оқиықшы:
«Жаздық біз ертеңді де, бүгінді біз,
Біз кімбіз? Тарихтағы үгіндіміз...
Әр жерден Марал атым қылаң берер,
Үйінді де қалмаса тігіндіміз...».
Иә, дәл солай екендігінде дау жоқ. Газет пұшпағын илеудің
иініне сонау 1963 жылы «Жаңаарқа» газетінде корректор
болып еңбек жолын бастаған кезден ерте қаныққан Маркең
қымқуыт бейнеті көп болғанымен, жанын рахатқа бөлейтін
осы қарбалас жұмыстан қырық жыл бойы қол үзбей, бүгінді
де, ертеңді де жазумен болғанын жақсы білеміз. Редакцияда
бөлім басқарды, жауапты хатшы болды, бас редакторлықтың
тізгінін біраз жыл ұстады. Соның он жылы туған өңірдегі
«Жаңаарқа» газетінде өтіпті. Осы жазу-сызуының арқасында
мен ақберен жорналшы Марал Хасенұлымен ең кем дегенде
жеті-сегіз жылдай бірге, бір газетте қоянқолтық еңбек етуім
өзім үшін үлкен өмір мектебі болғанын үнемі еске алып отырамын. Болашағыма айтарлықтай бағыт-бағдар берген сол
бір шырайлы күндерді тағы да еске түсірейінші...
Барлық әріптестеріміз тәрізді мектеп қабырғасында жүрген
кездің өзінде аудандық «Жаңаарқа» газетіне жолдаған
мақалаларым бұрқырап шығып жататын. Ара-тұра өлеңге де
ойысып қоямыз. Редакция қызметкерлерінің атына газет
арқылы сырттай қанық болғанменен, ешқайсысын көзбен
көрмеген едім. Аптасына үш рет шығатын «Жаңаарқа» газетін құр жібермей, құмарта оқитынбыз. Бір жолы «Шуперуайдағы комсомол» деген бір мақала елең еткізгені.
Кейіпкері — біздің Ақтүбек ауылындағы күнде көріп жүрген
ақсақалымыз Бабас Көкеев. Мақала авторы — Марал Хасенов. Ойпырмай, Бабкеңнің біз білмейтін сырлары көп екен,
колхоз құрылысының екпіндісі, комсомолдың белсендісі
болған, басынан қилы-қилы қызық оқиғалар өткен.
Тақырыбының өзі айқайлап тұрған тартымды жазылған осы
мақала ендігі шимайлайтын дүниемізге басқаша қарау керектігін ұқтырғандай болды. Әлқисса, сонымен не керек,
онжылдықты тәмамдаған жылы имене басып тұңғыш рет редакция табалдырығын аттамаймын ба. Мақсат — КазГУ-дың
журфағына жолдама сұрау. Аттары дардай адамдардың алдына келген соң абдырап қалған мені олар кеу-кеулеп
көтермелей түсті. «Ой, Рахымов деген тілшіміз сен екенсің
ғой» деп ақпейілдерін таныта түсті. «Гонарарыңды алып
жүрсің бе, жазғандарыңды құр жіберіп жатқан жоқпыз», —
деп қалды өткір жанарлы сымбатты жігіт. Жауапты хатшы
болып істейтін Марал ағамыз осы кісі екен. Ол кезде
гонорардың не екенін қайдан білеміз, мақала шыққанына
мәзбіз ғой баяғы. Сол екі ортада газет редакторы Бұқпа
Әшімов те келе қалып, әңгіме соңы мені редакцияға
корректорлық жұмысқа шақыруға ойысты. Барлығы үгіттеп
жатыр, жақсы газетші болу үшін әуелі корректордан бастау
керек дейді баяғы. Корректордың немен айналысатынын да
білмейтін мен пақырың жүрексініп, қипақтай беремін.
Сөйтіп, ойда жоқта 1969 жылдың жазында «Жаңаарқа»
газетінің білдей корректоры болып шыға келдім. Қолжазба
нұсқасымен салыстырып оқып, газет шығар алдында қатесін
тексереміз. Жауапты хатшы Марал Хасеновтің бояу
қарындашпен әдемілеп сызатын макетінің жобасын да біртебірте пайымдай бастадық. Түзетудің таңбаларын игеріп, жетпей қалатын «қуыстарға» қандай материал салынатындығына
да көз қаныға түсті.
Ж а у а п т ы
х а т ш ы н ы ң
қақпалауымен аратұра хат қорытумен
айналысып, енді
бірде
теміржол
кәсіпорындарына
барып
материал
жазып келуді де
мойынға алуға тура
келді. Осылайша
бір жыл жұмыс
істеп,
газет
тірлігінің алғашқы
әліппесіне мен Марал ағам арқылы қаныққан едім.
Бұдан кейін арада бес-алты жыл өткен соң тағдыр соқпағы
бізді жаңадан ашылған Ақадыр ауданының төскейінде кезіктірді. Облыстық «Жезқазған туында» жауапты хатшының
орынбасары болып жүрген Марал Хасенов жас ауданның
жаңа газетінің редакторы болып тағайындалыпты деп естідік.
Көп кешікпей өзі де соғып, кешегі қанат қаққан
қарашаңырағына келіп кетті. Астында су жаңа сары «Уазик».
Жаңа ауданда кадр жағы қиындау дегенді аңғартты. Ол кезде
«Жаңаарқа» газетінде мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып,
қабілет-қарымымызды көрсетуге тырысып небір мақаланы
бұрқырата бастаған дәурен болатын. «Келесің бе» дегендей
емеурін білдіріп еді, елп ете қоймадым. Екі ауданның арасы
130-140 шақырымдай ғана. Маркең «сарыжорғасымен» заулап Жаңаарқаға жиі келіп тұрады. «Бір сенімді көмекші
керек боп тұр» деп қолқалауын көбейтті. Аупартком мен
ауаткомға қайта-қайта барып үй сұраудан тауым шағыла
бастаған шақ еді. «Құланның қасуына — мылтықтың басуы»
демекші, «Ақадырға келсең үй деген оңай» деген уәжін алға
тарта бастаған соң ойланып қалдым. «Қой, ат-түйедей қалап
отырған Мәкеңнің меселін қайтармайын» деген шешімге
келіп, ақыры 1976 жылдың күзінде Ақадырға бір-ақ тарттым.
«Ақадыр таңы», «Агадырская новь» деп аталатын қос тілді
газеттің тізгінін ұстап отырған Марал Хасеновтің беделі бұл
жерде барынша жүріп тұр екен. Аудандық партия комитетінің
бюро мүшесі көрінеді. Дүрілдеп тұрған сол беделдің
арқасында бірінші хатшы Колбасин Иванның есігін «теуіп кіретін» жағдайға жеткен. Қалған хатшыларын жүре тыңдайды.
Ол кезде аудандық газет редакторларының арасында бюро
мүшесі болу некен-саяқ. Содан не керек, Марал мен Иванның
арқасында үш айға жетпей Ақадырдан үй алдым.
Редакцияның жауапты хатшысы болып бір-екі жыл істеген
соң Мәкең өзінің орынбасары етіп тағайындады. Осылайша
жеті жыл бірге істедік, жетеге жететін талай өнегесін
үйрендім.
Марал Хасенұлының білімдарлығына, көңіл көкірегінің
кеңдігіне кез келген жан тәнті болатын. Көп оқиды, кітапханасында құнды дүниелер көп. Біз қашанда еліктегенмен, ол
деңгейге жете алмадық. Алайда, арамызда қызғаныш болған
жоқ, қызыға қарайтынбыз. Қабілет-қарымына сүйсінетінбіз.
Бірде жаңа жылдық нөмірге ауданның беткеұстар озаты,
Ақжал кенішінің бұрғышылар бригадирі Әжібжан Жанасбаев
туралы очерк жазуды жоспарлап, Марал редакторымыз соған
мені жіберді. Барып келіп, өйтіп-бүйтіп жазғанымды алдына
апарған едім. «Мынауың тәуір болып шыққан екен,
аудармашыларға берсек құн-жұнын шығарады-ау. Дүкенге
жүгіріп келсең мен өзім аударайын», — деді әзілдеп. «Очеркімді редактор тәржімаласа, одан артық не керек» дегендей
мен де мәймөңкелетіп қоямын. Маркеңе тағы бір
таңқалғаным, сол очеркті машинканың алдына барып
орысшаға «диктофкамен» аударды. Әдетте қазақшадан
орысшаға қотарған материалдардың жолы кеміп қалып, орыс
газетінің макетін жасағанда көлемі дұрыс келмей, ызы-қиқы
болып жататынбыз. Маркең «Рождения рекорда» деген әдемі
тақырып тапқан сол очеркті қазақшадағы көлемінен бір жол
да кемітпей бір-екі сағатта аударып-ақ тастағаны. Осындай
талантының талайын көрдік. Әсіресе, газетті техникалық безендіруге келгенде алдына жан салмайтын. Марал Хасен
басқарған тұста полиграфиялық безендіру жағынан «Ақадыр
таңы» республика басылымдары арасынан озық шығып,
талай мәрте диплом алғаны да есте. «Марал мектебінің
түлегіміз» дейтін менімен қатар бірталай жастар өсіп шықты.
Іштерінде белгілі қаламгер, сөз зергері Төрехан Майбас та
бар. Біреуге ат тағып, айдар қоюға бейім тұратын Мәкең
қарап жүрмей оны «кәріс» деп әзілдейтін.
Мәкеңнің бір қасиеті әзіл мен юморға жүйрік. Тілі мірдің
оғындай — өткір. Кейде осыған бірбеткей мінезі қосылғанда,
сырын білмейтін адамдар тоңсырайып, өкпелеп қалатынын
да көріп жүрдік. Ұмытпасам, бірде Октябрь революциясы
мерекесінің шеруі болатын күн-ау деймін. Қар ұшқындап, күн
суыта түскен. Аудан кәсіподағын басқаратын беделді
басшының бірі жаңадан алса керек, құндыз құлақшынын
қолға алып ақырын аялай сипап тұр екен. Мұндайда Маркең
қарап тұра ма: «Ойпырм-ай, бәленшеке, мына бөркіңіз
бөлекше екен» демесі бар ма. Ол кезде ондатр мен суыр болмаса, құндыз бас киім ілуде-шалу кездесетін кезі ғой. Ана кісі
де аса бір маңғазданып, осыны бәлен сомға әрең тауып алдым
ғой дегенде: «Апырм-ай, ә, өзі басыңыздан бас киіміңіз
“Жаңаарқа” газетіне 80-жыл
қымбат болды ғой» демесі бар ма Маралдың. Ел ду күлді.
Ана кісі ертоқымын бауырына алып туласын. Осындай
жағдайдан кейде жоқ жерден өзіне дұшпан тауып алып жүрсе
де Маркең әзіл-қалжың дегенде айылын жия қоймайды. «Келеді бір салт атты белден құлап» дей бастаса біздің езуімізге
күлкі үйіріле қалатын. «Бұл кім десең, өзіміздің
пелменқұлақ» деп жалғасатын бір шумақ аупарткомның
жалпы бөлімін басқаратын бір замандасымен арадағы
қалжыңының түрі. Оны естіп қалса ана кісі дызақтап, ыза
болады. Айтса айтқандай, ол ағамыздың «локаторы» анадайдан қарағанда жарықтық пельменге ұқсайтыны да бекер емес
еді. Кейде Мәкең әдейі телефон соғып: «Пеке» деп қалады да
әрі қарай «то есть» деп түзетіп әкетеді. Ақадырдағы жылдарымыз не керек, өміріміздің бір шырайлы кезеңі болғаны
сөзсіз. Осы ауданның газетінде Мәкең тапжылмай 14 жыл бас
редактор болды.
Тоқсаныншы жылдардың қарсаңында облыстық «Орталық
Қазақстаннан» ойып тұрып орын алған Марал жорналшы
өткір фельетондарымен, саяси памфлеттерімен оқырманға
жарқырай көрінді. Халықаралық жағдай туралы саяси
шолуларының өзі бір қаралық болушы еді. Алайда, еркін
ойлы азаматтың астарлы юморы мен өткір қалжыңын ба, әлде
бірбеткей мінезін бе, көтере алмағандар да болды-ау деймін.
Кейін «Орталықтан» ойысып, басқа басылымдарда шеттеп
жүргенін естідік. Біз Жезқазған облысы болып тұрған кезде
Қарағандымен сирек хабарласатынбыз. Көп жағдайда
Мәкеңнің кейінгі уақытта немен шұғылданып жүргенінен
бейхабар жүрген едік. Сөйтсек ағамыз қарап жатпапты,
атанға жүк боларлықтай аудармамен айналысыпты. Аударма
болғанда қандай, кәдімгі маржандай төгіліп тұрған көркем
тәржіма. Олардың ішінде әлемдік өркениеттің көрнекті
өкілдерінің көптеген туындылары Марал қаламгердің шеберлікпен тәржімалауының арқасында қазақ оқырмандарына
жеткенін үлкен сүйсініспен айтуға болады. Хемингуэй, Драйзер, Бунин сияқты көптеген қаламгерлердің қабырғалы
дүниелерін қазақша сөйлетті. Сонымен қоса, өз жүрегінен
туған көсемсөздері де кенже қалған жоқ. Өмірінің соңғы
кезеңінде Нобель сыйлығының лауреаттары атанған әлемге
әйгілі жазушылардың дүниелерін аударып, бірінші томын
шығарған болатын. Келесі томының жарыққа шығуын көруді
тағдыр оған жазбады. Артында қалған мұраларының ел
кәдесіне айналуы жолында асыл жары Рымкеш жеңгеміз тынымсыз күй кешіп, көп еңбек жасап жүр.
... Жаңаарқадан түлеп ұшып, қазақ баспасөзі мен әдеби
көркем аудармасында айшықты қолтаңбасын қалдырған
Марал ағамыз бүгінде туған топырағындағы жер бесігінде
мәңгі тыныстап жатыр. Алайда, оның өршіл рухы өлген жоқ.
«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегендейін, асыл азаматтың аяулы есімі мен артында қалған құнды
мұралары, өнеге-тәлімі тілекші достары мен әріптестерінің
көңіл төрінде ұдайы жаңғырып тұрары сөзсіз.
Амандық РАХҰЛЫ
« Жаңаарқа»
газетіне арнау
Қаламыма жыр берген,
Көңіліме сыр берген.
Аудан, ауыл тынысын,
Жедел жазып үлгерген.
80-ге келді «Жаңаарқам».
Өнерпазға ән берген,
Қыз-келінге сән берген.
Аудан-аймақ айнасы,
Жаналыққа жан берген.
Ардагерге сый берген,
Азаматқа сын берген.
Өткен өмір өткелін тарихты жазып түрленген.
Тойла, жар сал «Жаңаарқам».
Намысты ұлға ар берген,
Палуандар мектебі ауданыма сән берген.
Ат жарысын өткізіп,
Көкпар тартып өңгерген.
Спорт хабар жаршысы-80 жаста газетім.
Өмірдің ұлы көшінде,
Өсе берші «Жаңаарқа».
Ғалым, Серік, Аманжол
Өнер сыйқыр тұсауын кесе берші газетім.
Ұлағатты дана боп
Абыз жасқа толыпсың
Оқырманның сағынған
Жан сырласы болыпсың
Әр босаға,әр үйге,
Шүйіншілеп жар салып
Көгершін болып қоныпсың.
Айкен Асанова
5
Баспахана шебері
26 мамыр 2018 жыл
Аудан баспаханасы жайлы айтқанда, көкейге сонау
Кеңес заманында аудандық баспахана деп аталатын мекеме келеді. Оқушы кезімізде мектептің жоспарлы ісшарасы болуы керек, сыныптар жетекшілерімен осы
айтулы тарихи мекенге экскурссияға баратын едік.
Аудан баспаханасының сол кезде жандануына мол еңбек
сіңірген әкем Сақауов
Болат Жұмажанұлы
өз мамандығын жетік
біліп, жұмысына берілген жан. Баспа
мекемесінің
қырсырын төгілте жеткізуі
сол еңбегінің арқасы. Газеттің шығуға қалай дайындалатынын, қатар тізілген әріптер мен бояу құйылғанын
ұяшықтары бар баспаханада «Жаңаарқа», «Новая степь» газеттерімен қоса, қойын дәптерлер мен сурет салатын альбомдар, 24 беттік қалың дәптерлер, шақыру билеттері
шығарылатын.
Қағаз кесетін аппараттың ретпен оқтай етіп қағаз кесіп
жатқаны, зауыттан жаңа өңделіп келген жас қағаздың иісі
әлі жадымда. Не керек, КСРО ыдыраған тұста, баспа түгіл
бас қайғы болып, небір мекеме, техника тістегеннің аузында, ұстағанның
қолында кетті.
Әкеміз бен
әріптестерінің жанарына жас келіп, көмейлеріне құм
құйылып, ауданның маңдайалды баспаханасының тоналған
түрін көріп, әжептәуір қажып, мұқалғандарын көзіміз көрді.
Әкемнің еңбек жолы өткен, өзі бес саусақтай білетін машинкалары мен баспахана туралы айтқанын баяндағанды
жөн көрдім.
-Мен 1950 жылы Қарағанды қаласында шахтер отбасында
дүниеге келдім. Әкем Сақауов Жұмажан СССР-дің
«Құрметті кеншісі» болған адам. Анам екеуі көп балалы
жанұя болып 1954 жылы зейнетке шығып, ата-баба қонысы
Жаңаарқаға көшіп келіпті. Содан 1957 жылы В.И.Ленин
атындағы мектепке 1-сыныпқа бардым. 1967 жылы 10сынып бітіріп, арманым дәрігер болуы еді, Қарағанды мединститутына барып, түсе алмай,
ауылға қайтып, осы баспаханаға жұмысқа тұрдым. Алғашында қағаз кесуші, одан кейін баспа
машиналарын, әріп құятын машиналарын жөндеуді үйрендім. Директорымыз Қасқадамов
Жақан, мастер Тайтөлеуова Мақпуза апай, печатниктер Байжұманов Совет, Смағұлов Темірбай, механик Сәдуақасов Мэлс, әріп құятын (ленотип) Н-7 аталатын машинада Қаукіш
Түсіпова, Жанат Сәдуақасова, Тойбала Төкеновалар жұмыс жасады. Ол уақытта баспахана
мекемесі ескі ғимарат еді. Газет шығару жұмысы әбден біткенше таңғы 5-ке дейін жүруші
едік. 1969 жылы әскер қатарына шақырылып, Самарқанд, Фрунзе қалаларында азаматтық борышымды атқарып, атақты Панфилов дивизиясында аға сержант дәрежесінде өтеп, елге оралдым. Келісімен 1971 жылы баспаханаға жұмысқа қайта кірдім.1972 жылы Жаңаарқа аудандық
баспаханасына облыстық баспа және кітап саудасы комитетінің ауыспалы туымен
марапаттауға басшысы Скащенко келіп, кабинетке шақырып алып:
-Сақауов дайындал, келесі жылы Мәскеуге полиграфия институтына оқуға жібереміз, бізде
ұлттық кадрлар жетіспейді, оның ішінде жоғары білімдісі,-деді. Өзі қазақшаға ағып тұрған
адам еді, өкінішке орай, 1973 жылы біздің аудан жаңадан құрылған Жезқазған облысы
құрамына беріліп, оқу жайына қалды. Директорымыз Қасқадамов Жақан Жезқазған
облыстық баспаханасының жаңа басшысы болып тағайындалды. Аудан баспаханасының басшысы Сәдуақасов Мэлс Кенетайұлы болып бекіді. Облыс басшылары Ленинград
қаласындағы оқу орнына жіберді, атақты «ленотип» Н-14, Н-140, Н-240 деген машиналарды
бүге-шігесіне дейін жасап шығаратын. «Ленполиграфмаш» заводында тәжірибеден өттік,
түске дейін сабақ , одан кейін заводтамыз. Осылайша оқуды жаңа бітіріп, елге оралдым.
Уақыт зырғып тоқтай ма, еңбегіміз жанып тұрған шақта, 1973 жылы 47 жасында анам қайтып,
күзде өзіммен бірге оқыған бұрыннан қалада шахтерлар отбасы болып аралас-құралас туы-
стай қатысқан үйдің қызы Жұмабекова Күләй деген қызға үйлендім. Отбасының үлкені
болғандықтан, арқа сүйер, ақыл берер үлкендер дүниеден озғандықтан, жұбайымыз екеуміз
бауырларымызды жеткізуге тырыстық. Ең кішісі 7 жаста, алды мектеп бітіре бастады. Бауырларыма қамқор болып, қарындастарымды тұрмысқа беріп, ұлдарды үйлендірдік. Бауырларым бұғанасы бекімеген кезде, жан-жақтан Ақмола, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш,
Жәйрем, Ағадырға қызметке жоғарылауға шақырғанымен жас өрім іні-қарындастарымды
тастап, Жаңаарқадан
кете алмадым.
Бұл мамандық өзі
бір
қызығы
да,
шыжығы да бар, кез
келген адам келе бермейтін, жалақысы да
о р т а ш а
болғандықтан,
жоғары білімді кадр
т а п ш ы л ы ғ ы
байқалатын. Біздің
баспахана аудандық
«Жаңаарқа», «Новая
степь» газеттерін аптасына 3 рет жарық
көретін және бланк
өнімдерін
басып
шығаратынбыз.
Ауданның барлық мекемелері, совхоздар
тіпті
Шахтинск,
Саран,
Теміртау,
Топар,
Қарағанды
қаласының фабриказаводтарынан тапсырыс миллиондаған
данамен
келетін.
Содан болар үкімет
мемлекеттік
стандартпен салынған 2 қабат жаңа баспахана салып берді. Жаңа әріп теретін машиналар тікелей
Ленинградтан келетін, Чехиядан кіші форматты офсет әдісімен басатын станок келді,
бұрынғы Т-4 тигельмен басатын станоктың орнына жаңадан әр түрлі бояумен басып
шығаратын станок келді. Осының бәрін шағын коллектив игеріп үйреніп алып кетті. Әр жылдары (1968 жылдан) басшы болып істеген адамдарды айтып кеткім келеді: Қасқадамов Жақан,
Сәдуақасов Мэлс, Мұхамеджанов Қазбек, Бишимова Гүлжәмила, Жұмашева Жүзім. Сондайақ, баспа ісінің ыстығы мен суығын көрген, көтерген мастерлер: Тайтөлеуова Мақпуза,
Тайтөлеуова Шамшия, ленотипте әріп терушілер Жүсіпова Кәукіш, Төкенова Тойбала,
Сәдуақасова Жанат, Садыкова Баян, Құтбекова Мұңлық, Түйебаева Күлшетай, газет бетін жасаушы Жексембекова Бәти, Матина Қалампыр, бланк бетіне әріп терушілер Артухевич Лида,
Иванюшкина Раиса, Жұматаева Үміт, Т-4-те әріп теруші Темірбекова Торғай, «Жаңаарқа»,
«Новая степь» газетін басатын Қасқатаева Шолпан, Островерхова Нина, Рымкүл Түсіпова,
Раукен Ашықбаевалар болатын. Аталған адамдардың біразы ортамызда жоқ. Биыл
«Жаңаарқа» газетіне 80 жыл толып отыр. Тарих қойнауына кеткен осы жылдарда редакция
мен баспахана қызметкерлерінің еңбегі, қайраты өлшеусіз. Осындай еңбектің ішінде мен де
болғаныма қуанамын.
Әріптестеріме және «Жаңаарқа» газетінің ұжымына табыс, бақыт тілеймін! Газетіміз
ғұмырлы болсын! Еңбектеріңіз жемісті болсын!- деп жүрек түкпірінде жиналған естелігін
аяқтаған абзал әкенің жұқалтаң жүзінен «өкінішті көп өмір кеткен өтіп» деген өткенге
сағынышы мен «әттең-ай» дегізген қайрылмас уақыттың зымырап, бой бермей кетіп бара
жатқанына толқығаны байқалды.
Ж.Б.Сақауова,
О.Жұмабеков атындағы ЖОББ мектебі базасындағы тірек мектебінің мұғалімі
Атасу кенті әкімінің аппараты Атасу кентінде ішкі маршруттарда жүргіншілерді тасымалдау бойынша конкурс жариялайды .
№1 маршрут . Маршруттың ұзындығы – 7,8 км, келесі көшелерді қамтиды :
-Ә.Байбосынов көшесі – сыртқы жол айналымынан бастап Абай көшесіне дейін ;
-Абай көшесі – Транспорт орамынан С.Сейфуллин даңғылымен қиылысқа дейін;
-С.Сейфуллин даңғылы – Абай көшесімен қиылыстан Жамбыл көшесіне дейін;
-Жамбыл көшесі- С.Сейфуллин көшесінен Байдалы би көшесіне дейін;
-Байдалы би көшесінен Ә.Байбосынов көшесінің аяғына дейін ;
№2 маршрут . Маршруттың ұзындығы -8,4 км, келесі көшелерді қамтиды :
-Транспорт орамынан С.Сейфуллин даңғылымен К.Әбжанов көшесі қиылысына дейін;
-К.Әбжанов көшесі – Жамбыл көшесіне дейін ;
-Жамбыл көшесі – С.Сейфуллин даңғылымен қиылысқа дейін ;
-С.Сейфуллин даңғылы – Тәуелсіздік даңғылымен қиылысқа дейін ;
-Тәуелсіздік даңғылы – Жамбыл көшесіне дейін;
-Жамбыл көшесі – Байдалы би көшесіне дейін ;
-Байдалы би көшесі – Транспорт орамына дейін;
Конкурсты ұйымдастыру Ережесінің 134 пунктіне сәйкес жүргіншілерді және багажды
жүйелі түрде тасымалдаумен тек қана төмендегі тасымалдаушылар атқаруға құқылы:
-Маршрутта қызмет көрсету бойынша өткізілген конкурс жеңімпаздары ;
-Осы жүйелі автомобильдік тасымалдау қызметі бойынша жергілікті атқару органымен
келісімшартқа отырған тасымалдаушылар .
Конкурсқа кез келген тұлға, меншік түріне қарамастан, қатысуға құқылы :
-Автобустар мен микроавтобустардың меншік иелері немесе басқа да заңды негізде пайдаланушылар (жалға алушылар ) ;
-Ереженің талаптарына сай жүргіншілерді тасымалдауды ұйымдастыра алатын тұлғалар .
Автомобильдік тасымалдаушылар ретінде жеке және заңды тұлғалар бола алады:
-Автомобильдік көлікке жеке меншік құқығы бар немесе басқа да заңды құқы бар тұлғалар
-Жүргіншілерді, багажды ,почтаны жалдану немесе ақылы тасымалдау қызметін атқаратын
тұлғалар ;
-Осы жұмыстарды атқаруға лицензиясы немесе белгіленген үлгіде берілген арнайы рұқсаты
бар тұлғалар .
Конкурсқа қатысудың міндетті талаптары :
-Әрбір маршрутты қызметпен қамтамасыз ету үшін сиымдылығы 12 орыннан кем емес 3 автобус болуы керек ;
-Маршрут бойынша жүргіншілерді тасымалдау қызметі сағат 7-00 ден сағат 21-00 ге дейін
атқарылуы тиіс.
-Автобустардың жүру интервалы – 15 минут;
-Автобусқа міну құны – бір ересек адам үшін -50 теңге , 10 жасқа дейінгі балалар үшін -20
теңге ,
Конкурсқа қатысушы конкурсқа конкурстық ұсыныс береді, онда төмендегі критериилер бойынша комиссия қатысушыларға баға береді :
-Ұсынылып отырған автокөліктер (автобустардың маркалары мен саны, меншік түрі,
пайдаланылған уақыты, төлқұжаттық сиымдылығы )
-Жүргіншілерді тасымалдау бойынша жақсы тәжірибе ( жергілікті атқару органдарның
жүргіншілерді тасымалдау қызметі бойынша өткен 6 айдағы қызметі жөніндегі қортындысы).;
-Жүргіншілерді таситын автокөліктерді сақтау ,техникалық күтім және оларды жөндеу үшін
қажетті өндірістік – техникалық базаның болуы (меншікті, жалға алынған немесе келісімшартпен қызмет көрсететін);
-Автобустар мен микроавтобустарды қажет болған жағдайда ,олар маршрутта жүрген кезде
істен шыққан жағдайда , оларды ауыстырудың жолдарын қарастыру;
-Жүргіншілерді тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында қосымша ұсыныстар беру .
Қатысушы конкурстық ұсыныстар бойынша толық және шындыққа сәйкес келетін
ақпарат берулері қажет.
Келісімшартқа отырған конкурс жеңімпазына маршруттарды жүргізуге құқық беретін
куәлік, келісімшарт жасалған мерзімге беріледі.
Конкурсты өткізу күні – 27 маусым 2018 жыл.
Конкурсты өткізетін жер – Атасу кенті әкімінің аппараты, кент әкімінің кабинеті .
Конкурстың өтетін уақыты – 15-00 сағат.
Өтінімдерді қабылдайтын жер Атасу кенті әкімінің аппараты ғимарат, №3 кабинет.
Өтінімдер 2018 жылдың 27 маусымы, сағат 14-00 дейін.
Анықтама алу үшін телефондар : 8-71030-26980, 8-71030-26088,8-71030-2-8504.
Атасу кенті әкімінің аппараты
ХАБАРЛАНДЫРУ
26 мамыр 2018 жыл
6
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің
орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2017
№ 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау
қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жергілікті бюджетте тиісті
қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде
тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртібін айқындайды.
2. Өнімділік және басқа да шаруашылық бағалы белгілері бойынша ең жақсы нәтижелері бар сорттардың және
будандардың тұқымдары басым тәртіппен субсидияланады
(сорттардың және будандардың сипаттамасы жөніндегі ақпарат
http://www.mgov.kz сайтында орналастырылған).
2-тарау. Субсидия алушылар
3. Субсидиялар:
1) алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары –
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2017 № 248
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2) элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының (бұдан әрі –
элиттұқымшар) нақты сатып алған бірегей тұқымдарына
жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге;
3) элиттұқымшар бір уақытта бірегей тұқым өндіруші (бұдан
әрі –оригинатор) болып табылған жағдайда, элиттұқымшардың
егіске нақты пайдаланған өзі өндірген суперэлиталық
тұқымдарына (мақта үшін – көбейту питомниктерін
қоспағанда, бірегей тұқымдар) кеткен шығындарын ішінара
өтеуге. Бұл ретте, элиттұқымшардың шығындарын ішінара
өтеу элиталық тұқымдардың жоспарлы өндіру көлемін
қамтамасыз ету үшін суперэлиталық тұқымдардың (мақта үшін
– көбейту питомниктерін қоспағанда, бірегей тұқымдар)
ғылыми негізделген қажеттілігін есепке ала отырып
жүргізіледі;
4) тұқым өсіру шаруашылықтарының (бұдан әрі – тұқымшар)
және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі
– ауылшартауарөндiрушiлер) нақты сатып алған элиталық
тұқымдарына жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге;
5)тұқымшар бір уақытта элиттұқымшар болып табылған
жағдайда, тұқымшарлардың егіске нақты пайдаланған өзі
өндірген элиталық тұқымдарына кеткен шығындарын ішінара
өтеуге. Бұл ретте, тұқымшардың шығындарын ішінара өтеу
элиталық тұқымдардың жоспарлы өндіру көлемін қамтамасыз
ету үшін элиталық тұқымдардың ғылыми негізділген
қажеттілігін есепке ала отырып жүрізіледі;
6)ауылшар тауар өндiрушiлердің майлы дақылдардың, көп
жылдық және біржылдық шөптердің, арпаның, күріштің,
картоптың және мақтаның нақты сатып алынған бірінші
көбейтілген тұқымдарына (бұдан әрі – бірінші көбейтілген
тұқымдар) жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге;
7)ауылшар тауар өндiрушiлердің жүгерінің, қант
қызылшасының, рапстың, күнбағыстың және мақтаның нақты
сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына
(бұдан әрі–бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары)
жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге;
8) ауылшар тауар өндiрушiлердің жеміс-жидек дақылдары
мен жүзімнің элиталық көшеттерін (бұдан әрі – элиталық
көшеттер) нақты сатып алуға жұмсаған шығындарын ішінара
өтеуге арналады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы
министрінің 20.06.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Субсидияларды алу талаптары
4. Субсидиялар субсидиялауға жататын тұқымдар егілген тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк
құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері
бар болған жағдайда беріледі (жиынтықта).
5. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары –
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2017 № 248
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6.Осы Қағидалардың 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген
субсидиялар элиттұқымшар ауданның немесе облыстық
маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі
– бөлім) немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік
корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына
(бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) осы Қағидаларға 2қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған бірегей
тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінім берген
жағдайда төленеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы
министрінің 20.06.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7.Осы Қағидалардың 3-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген
субсидиялар элиттұқымшар бөлімге немесе Мемлекеттік
корпорацияға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша егіске пайдаланылған өзі өндірген суперэлиталық
тұқымдарға (мақта үшін – көбейту питомниктерін қоспағанда,
бірегей тұқымдар) субсидиялар алуға арналған өтінім берген
жағдайда төленеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы
министрінің 20.06.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8.Осы Қағидалардың 3-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген
субсидиялар тұқымшар бөлімге немесе Мемлекеттік
корпорацияға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алған элиталық тұқымдарға субсидиялар алуға
арналған өтінім берген жағдайда төленеді. 9.Осы
Қағидалардың 3-тармағы 5) тармақшасында көрсетілген суб-
сидиялар тұқымшар бөлімге немесе Мемлекеттік корпорацияға
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша егіске
пайдаланылған өзі өндірген элиталық тұқымдарға субсидиялар
алуға арналған өтінім берген жағдайда төленеді. 10. Осы
Қағидалардың 3-тармағы 6) тармақшасында көрсетілген субсидиялар ауылшар тауар өндiрушi бөлімге немесе Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша сатып алған бірінші көбейтілген тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінім берген жағдайда төленеді. 11.
Осы Қағидалардың 3-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген
субсидиялар ауылшар тауар өндiрушi бөлімге немесе Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының
тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтінім берген
жағдайда төленеді. 12. Осы Қағидалардың 3-тармағы 8)
тармақшасында көрсетілген субсидиялар ауылшар тауар
өндiрушi бөлімге немесе Мемлекеттік корпорацияға осы
Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып
алынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық
көшеттеріне субсидиялар алуға арналған өтінім берген
жағдайда төленеді. 13. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші
өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді осы
Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша элиталық,
бірінші көбейтілген тұқым және бірінші ұрпақ будандарының
тұқымдарын немесе элиталық көшеттерді арзандатылған құны
бойынша сатып алған элиттұқымшар немесе тұқымшар
арқылы бере алады. Бұл жағдайда, субсидиялар осы
Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілердің элиттұқымшар және
тұқымшар
арқылы
берген
өтінімдері
негізінде
қалыптастырылған жиынтық өтінімді бөлімге немесе Мемлекеттік корпорацияға ұсынатын элиттұқымшарға немесе
тұқымшарға төленеді. 14. Элиттұқымшарлар, тұқымшарлар
және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер субсидиялауға
жататын бірегей, элиталық, бірінші көбейтілген және бірінші
ұрпақ будандарының тұқымдарын (бұдан әрі – тұқымдар) және
элиталық
көшеттерді
тиісінше
оригинаторлардан,
элиттұқымшарлардан немесе тұқымшарлардан, тұқым
өткізушілерден, шетелдік компаниялардан және олардың
Қазақстан Республикасындағы ресми өкілдерінен сатып алады.
4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі
15. Осы Қағидалардың 3-тармағы 2), 3), 4), 5) және 8)
тармақшаларында көрсетілген субсидиялар облыстың жергілікті атқарушы органы белгілеген квоталар шегінде төленеді.
Бұл ретте квоталар облыс бойынша көзделіп отырған егіс
алаңдарының құрылымына, сорт жаңарту мен сорт
алмастырудың ғылыми негізделген нормаларына сүйене отырып белгіленеді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы
министрінің 20.06.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Субсидияларды төлеу сорттың немесе буданның Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы
30 шілдедегі № 434 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5759 болып тіркелген)
бекітілген
Қазақстан
Республикасында
пайдалануға
ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) енгізілгендігіне (енгізілмегендігіне) байланысты жүзеге асырылады. Бұл ретте,
субсидиялар осы Қағидаларға 11-қосымшада көрсетілген
тұқымдардың және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің
элиталық көшеттеріне арналған субсидиялар нормативтерінен
(бұдан әрі – субсидиялар нормативі) аспауы тиіс.
Субсидиялар нормативі:
1) Мемлекеттiк тiзiлiмге енгізілген сорттарға (ұсынылған облысты ескере отырып) – тұқымдардың және элиталық
көшеттердің толық құнының 70%-ы;
2) Мемлекеттiк тiзiлiмге енгізілмеген сорттарға, сондай-ақ тиісті облысқа ұсынылмаған сорттарға – тұқымдардың және
элиталық көшеттердің толық құнының 30%-ы есебінен белгіленген.
Тұқымдардың және элиталық көшеттердің құны есептелген
субсидиялар нормативі есептелген құннан төмен болған
жағдайда, субсидияларды есептеу нақты құн бойынша осы
тармақтың үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген
субсидиялар көлемдерін есепке ала отырып жүргізіледі.
Тұқымдардың және элиталық көшеттердің құны субсидиялар
нормативі есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативіне тең болады. Осы Қағидалардың
3-тармағы 6) тармақшасында көрсетілген субсидиялар
дақылдың егіс алаңының 10 %-ына дейінгі алаң үшін сатып
алынған тұқым көлеміне төленеді. Осы Қағидалардың 3тармағы 2), 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген
субсидиялардың қажетті көлемде төленуі қамтамасыз етілген
және тиісті қаржы жылында жергілікті бюджеттен қосымша
қаражат бөлінген жағдайда, осы Осы Қағидалардың 3-тармағы
6) тармақшасында көрсетілген субсидиялар дақылдың егіс
алаңының 10 %-ынан асқан алаңға төленеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы
министрінің 20.06.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі және субсидиялау
жөніндегі есептілік
17. Бөлім аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат
құралдарында субсидиялар алуға құжаттар қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысу
үшін өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру
жариялауды қамтамасыз етеді. Бұл ретте өсіру нысанына
(күздік, жаздық) және бақтар (жүзімдіктер) отырғызу мерзіміне
қарай субсидиялар алуға арналған өтінімдердің кезең-кезеңмен
берілуі ескеріледі.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы
министрінің 20.06.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Бөлім өтініш беруші (оригинатор, элиттұқымшар немесе
тұқымшар, ауылшартауарөндіруші) немесе Мемлекеттік корпорация субсидия алуға тиісті өтінім ұсынған сәттен бастап үш
жұсым күні ішінде оларды осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9, 10, 11,
12 және 13-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі
және олардың толық толтырылуы тұрғысынан тексереді.
Элиттұқымшарға немесе тұқымшарға субсидиялар алуға
құқық берілген жағдайда, бөлім осы Қағидаларға 12қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды
төлеу туралы өтінімдер берілген элиттұқымшарлар және
тұқымшарлар тізілімін жасайды және оны облыстың ауыл
шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – облыс басқармасы)
жолдайды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы
министрінің 20.06.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
19. Өтінімді тексеру аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні
ішінде, бөлім:
өтініш берушіге субсидиялар беруге оң шешім қабылданған
жағдайда – осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны тиесілі субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған
өтінімдердің тізіміне енгізеді.
теріс шешім қабылданған жағдайда – субсидиялар беруден
бас тарту негіздерін көрсете отырып, өтініш берушіні немесе
Мемлекеттік корпорацияны жазбаша хабардар етеді және осы
Қағидаларға 14, 15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша субсидиялар беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған өтініш берушілердің
тізбесін жасайды;
облыс басқармасына тиесілі субсидиялар төлеу туралы
мақұлдаған өтінімдердің тізімін және субсидиялар беруге теріс
шешім қабылданған өтініш берушілердің тізбесін жолдайды.
20. Облыс басқармасы тиесілі субсидиялар төлеу туралы
мақұлдаған өтінімдердің тізімі келіп түскеннен кейін үш
жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне
өтініш берушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару
үшін төлем шоттары тізілімін және (немесе) төлем шотын
ұсынады.
Бұл ретте, облыс басқармасы ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушінің тұқымды немесе элиталық көшеттерді
субсидиялауға арналған өтінімді өздігінен беруі және осы ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушінің өтінімді элиттұқымшар
немесе тұқымшар арқылы беруі фактілерін тексереді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер беруі фактілерін анықтаған
жағдайда, облыс басқармасы элиттұқымшар және тұқымшар
арқылы берілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің
өтінімін қабылдаудан бас тартады, бұл жағдайда ауыл
шаруашылығы тауарын өндіруші элиттұқымшарға немесе
тұқымшарға тұқымдардың немесе элиталық көшеттердің
нарықтық құны мен оларға төленген сома арасындағы
айырмашылықты қосымша төлейді.
Элиттұқымшардың немесе тұқымшардың көрсетілген
элиттұқымшарға және тұқымшарға тиесілі субсидияларды
төлеу туралы өтінім ұсынған басқа облыстың ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілеріне тұқым өткізуі фактілері
болған жағдайда, аумағында элиттұқымшар және тұқымшар
орналасқан облыс басқармасы осы Қағидаларға 16-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша субсидия төлеуге басқа облыстың ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілеріне тұқым өткізген
элиттұқымшарлардың және тұқымшарлардың жиынтық тізілімін жасайды және аталған ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге субсидия төлеуге жол бермеу мақсатында оны
аумағында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егіс
алаңдары орналасқан облыс басқармасына жолдайды.
21. Субсидиялар беруден бас тартуға негіздер: 1) оригинатор,
элиттұқымшар, тұқымшар немесе ауыл шаруашылығы тауарын
өндіруші субсидияны алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін
анықтау; 2) субсидиялар алу үшін қажетті ұсынылған деректер
мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға
сәйкес келмеуі; 3) оригинаторға, элиттұқымшарға, тұқымшарға
немесе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қатысты оның
қызметіне немесе субсидиялар алуды қажет ететін жекелеген
қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне
енген шешімінің (үкімінің) болуы; 4) оригинаторға,
элиттұқымшарға, тұқымшарға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің
болуы, оның негізінде ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші,
элиттұқымшар және тұқымшардың субсидиялар алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.
22. Жергілікті бюджетте көзделген тиісті қаржы жылына
арналған бюджет қаражаты толық игерілген және қосымша
қаражат болмаған жағдайда, өтінімдерді қабылдау
тоқтатылады.
23. Облыс басқармасы Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылығы министрлігіне бірінші жартыжылдықтың
қорытындысы бойынша 10 шілдеден кешіктірмей, ал жылдың
қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 20
қаңтарынан кешіктірмей, субсидия алушылар бөлінісінде берілген субсидиялар туралы жиынтық ақпарат ұсынады.
Осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
тұқым шаруашылығын дамытуға берілген субсидиялар туралы
жиынтық ақпарат облыстың жергілікті атқарушы органының
интернет-ресурстарында жылына бір рет, тиісті жылдың 31
желтоқсанынан кешіктірмей орналастырылады.
ЕСКЕ Алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, асыл
жар, ардақты әке, қамқор ата болған
Мұқашев Ерденбай 25 мамыр күні
өмірден өтіп, көз жұмғанына 10 жыл
толып отыр. Ардақты жан тірі
болғанда 90 жасқа келер еді. Ардақты
әкеміз арамыздан алыстап, бақиға аттанды. Маңайына мейірім шуағын
төгіп, ізгіліктің алып емені болған
қайран әке бабалар көшіне ілесіп,
қайтпас сапарға аттанды. Артында
әкелерін жоқтап балалары, немерелері
қалды.
Жоқсың әке, сен енді алыстадың,
Құлыным деп балаңмен қауышпадың.
Алла өзі жасатар жасын беріп,
Татар дәмін жаратқан тауысқанын.
Әке деумен кеш батып, атар таңым,
Бұйыртсын Алла сізге жұмақ бағын.
Көшеңіз ол жақтағы жарық болып,
Жай тапсын ана өмірде, әке жаның.
Еске алушылар: жұбайы-Жамал, ұлы-келіні Қайрат-Гүлнәр,
күйеубалалары мен қыздары, немерелері: Серік-Индира, АқтанАйжан, Мереке-Айдана, Ернар, Гүлжан, Айша және жиендері
7
26 мамыр 2018 жыл
ЕСКЕ Алу
Сәкен ауылының тумалары Балтабайқыздары Бибігүл
мен Мәдинаның кенеттен дүниеден өткендеріне 30мамыр күні 40 күн толады. Аяулы жандарды сағына еске
алып, жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын
деп Алладан тілейміз.
Қыршын кеткен қапыда, қос аққу, Ана -бауыр-ай
Орны толмас ардақты, Бибігүл мен Мадина,
Ел-жұртқа болдың бағалы-ай.
Жан жарың мен балаларың, жақын бауыр зар тұтып.
Алла ісіне шара жоқ, айырылып қалды арман-ай.
Ана болып екі үйге, құт-береке болғансың,
Жүректерге жара боп, қайғы шерге салғансың
Екі үйдің думан-ай,
Опасы жоқ өмір ғой, жалған десе, жалғансың.
Бибігүл мен Мадина, жайнаған гүлім кешегі.
Боталарың жаудырап, сағынып жүріп, өседі.
Пана болсын жаратқан, «Орынында бар,оңалар»,- деседі.
Тілейміз бір Алладан дұға арнап, нұрымен жарық етсін қабіріңді.
Еске алушылар: жолдастары: Мұрат, Қайрат, балалары:Айжан-Төлеген, Сұлтан, Айбат, Асылжан,
Әсем-Нариман және немерелері, бауырлары: Ғалия-Бекет, Рыскүл, Рысжан-Елтай, Зарлық-Әлия, Динара, Ғалым-Шырын, Әсет-Бота, Қақанай-Нұгүл
30.05 күні Сәкен ауылының «Ақ босаға» тойханасында ауызашарға Мәдинаның қайтқанына қырық
күн толуына байланысты ас беріліп, дұға оқылады
1.06 күні Жәйрем кенті «Сарыарқа» тойханасында ауызашарға Бибігүлдің қайтқанына қырық күн толуына байланысты ас беріліп, дұға оқылады
Өткен күннен естелік
Мен әскер қатарына 1960
жылдарының
басында
шақырылдым. Бір ай (Фрунзе)
Бішкек қаласында болып, бізді шетелге жіберді. Бір полковник
келіп, солдаттарды алып жүретін
жүк поезына отырғызып, эшалонмен
Польша, ГДР –ға Бранд
қаласына алып келеді. Мен Рехлин
қалашығындағы
әскери
бөлімшеге келдім. Біз ол жерде
СУ– 9, МИГ– 21, МИГ– 19 жылдам ұшатын (истребитель) ұшақты
ұшуға
дайындадық.
Мен
жүргізщуші болды. Ұшақты
стартқа шығарамыз, кейін қару–
жарақ дайындайтын механик болдым.
Рехлиндегі аэродром
Гитлердің жеке меншікті аэродромы екен. Қысы– жазы аэродром ыстық сумен жылытылып дайындалады. Ұшақтың ұшатын алаңында жай
күндері соғысқа дайындық жүрсе, мереке күндері жоғарғы дәрежеде өтетін. Американың мираж жедел ұшатын
ұшағы ГДР ге 100 шақырымға дейін шекараны бұзып кіріп кететін күндері жиі болып тұратын. Оған біздің жедел
ұшақ қарсы ұшатын. Біздің жедел ұшақ қуып жеткенше ФРГ аумағына мираж кіріп үлгеретін. Жақсы қызмет
атқаратын солдаттарды Берлин, Дрезден, бұрынғы концлагер Зексенхаузенге экскурссияға алып баратын. Берлин
екіге бөлінген. Берлинді екіге бөліп тұрған дуал Тревтоп парк, Зоопарк. Фашизмде өлген адамдардың Берлин
шайқасында мұражайы мен Рейхстагты сыртынан көрдік. Трептоп паркіндегі анасы өлген неміс нәрестесін аман
алып қалған кеңес сарбазы ескерткіші, Дрезден мұражайы соғыс кезінен Америка ұшағы бомба тастап жартылай
қираған. Потстамдағы Сансуси паркі сол қалпында Берлиндегі Бранденбург қақпасы сол қалпында әсем көрініс
береді. Ал енді Зексенхаузен мұражайы адам түршігерлік қалпында екен. Шала жансар адамдарды жаққан пеш,
адамдардың терісінен сөмке жасап, адамдардың қанын алып неміс жаралы солдаттарына құйған, дені сау адамдарды жол салу, шахта қазу, т.б жұмыстарға салған. Адамдарды қыста мұзы бар суға шомылдырған. Ауырған
адамдарды тірідей жерге көмген. Итке адамды жегізіп үйреткен. Жұмысқа он адам барса күнде біреуі жоқ болады.
Себебі, оны итке талатқызып, жегізген. Кішкентай балаларды анасынан айырып, оларға ит жемейтін тамақты жегізген, құм араластырылған комбикорм берген. Әрине концлагерде жиырма шақты адам қамайтын барак болған.
Ал сол үш жылдағы қарауылдағы солдаттарды өлтірген. Алма бақтың ішінде немістердің солдатты өлтіріп, қарнын
жарып алма тығып кеткен әр түрлі әскери бөлімдері болып жатты. Оны бұйрықпен айтып жатты. 1966 жылы
ғарышкер Поповичпен солдаттармен кездесу болды. 1966 жылы Египетпен Израиль соғысты, күзде соғыс тоқтады.
Содан елге қайттық. Тағы Этилон Черняховск шекарасына Свердловск Фрунзе поезына отырып аман – есен үш
жыл яғни желтоқсанның жиырма бесінде үйде болдым.
Шет тілдер институтын бітіре сала, Берлиндегі Гумбольд атындағы академиясының аспиранты атандым.
Аудандағы Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінде сабақ бердім.
Анамыз Қосай 105 жасында немере, шөбере, шөпшегін көріп өмірден өтті.
Өткен ғасырдағы алапат аштықты, қуғын –сүргінді, қырғын соғысты бастан кешкен әке –шешелеріміздің өмірі
мен қайтпас қайсарлығы ұрпақтарына өнеге болып қалды. Сол қиындықтардың шет жағасын менің замандастарым
да көріп өсті. Қазіргі бейбіт заманда өмір сүріп жатқан жас ұрпақ уайым қайғысыз ғұмыр кешсе екен деймін.
Орақбай Үмбетжанұлы Мұхамеджанов
Карантиндік арамшөп-жатаған
(қызғылт ) укекіреге қарсы күрес
шаралары туралы
Жаңаарқа ауданы бойынша карантиндік объектілерді уақытылы
анықтау және ошақтарын айқындау үшін «Республикалық
фитосанитарлық диагностикалық және болжамдар әдістемелік
орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі қызмет етеді. Ауданда карантиндік объект жатаған (қызғылт) укекіре болып табылады.
Республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жол жиектерінде, 10 ауылдық округте, 7 шаруа қожалығының 4159 га жерлері
залалданған.
Карантин режимі енгізіліп, карантиндік объектілерді оқшаулау және
жою жұмыстары жүргізіледі. Қазақстан Республикасының 16.07.2015
жылғы № 330-V Заңымен «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 18
бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы және де
Заңның осы 18 бабы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа
енгізілді, яғни 01.01.2016 жылдан бастап карантиндік арамшөптерге
қарсы химиялық өңдеу шаралары жеке және заңды тұлғалардың
қаражаты есебіне жүргізіледі. Химиялық өңдеу жұмыстарын «Фитосанитария» ШЖҚ РМК Қарағанды облыстық филиалы және
шаруашылық субъектілері өз күштерімен жүргізеді.
Ластану
дәрежесіне қарамай укекіремен ластанған тұқымдарды себуге кесімді
түрде және ластанған жерлерде ауылшаруашылық дақылдарының
тұқымдық
учаскілерін
орналастыруға
тыйым
салынады.
Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымының жатаған укекіремен
лас болғандарына алып-сатуға және оларды осы мақсатта залалданған
шарушылықтардан және ауданнан тыс шығаруға тыйым салынады.
Карантин деп жарияланған шаруашылықтарынан және аймақтарынан
азық-түлікті және жемдік астықты тасымалдау, тек қана аумақтық
органның өсімдіктер карантині жөніндегі қызметінің берген карантиндік, фитосанитариялық сертификаттарымен жүргізіледі.
Қарағанды облысы бойынша ҚР АШМ АӨК МИК аумақтық инспекциялары мен жергілікті атқарушы органдардың 2018 жылға бірлескен
іс-шаралар жоспарына сәйкес, қызғылт укекіре ошақтарын оқшаулау
және жою жөніндегі карантиндік іс-шараларды жүзеге асыру қажеттігі
туралы ауылдық округ әкімдеріне хабарлама және шаруашылық жетекшілеріне нұсқамалар таратылып берілді. Карантиндік объектілер:
жұпсыз жібек көбелегімен және қызғылт укекіремен күресу тәсілдері
жөнінде «Республикалық фитосанитарлық диагностикалық және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-нің облыстық филиалымен
дайындалған Әдістемеліктер карантиндік аймақта орналасқан
шаруашылықтарға таратылып берілді.
Сонымен қатар, ауылшаруашылық құрылымдарымен жатаған укекіремен күресудің кешенді шараларын жүзеге асыру үшін
агротехникалық шараларды жүргізу жоспарлану керек. Карантинді
объектілермен күрес шараларын орындамаған жеке және заңды
тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Шаруашылық құрылымдары басшыларының назарына!
Химиялық өңдеуге жататын ошақтарға белгі тақталары қойылсын.
Сонымен қатар, бұл ластанған жер телімдерін пайдалануға және мал
бағуға тыйым салынады. Химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу мерзіміне шаруа қожалығының бұйрығымен, жүргізілетін жұмыстарды
ұйымдастырға және қадағалауға жауапты адам бекітілсін. Химиялық
өңдеу жұмыстары барысында пестицидтерді қолдану Қазақстан
Республикасының аумағында пайданалануға рұқсат етілген пестицидтер тізбесіне енгізілген болу керектігі және сақтау, тасымалдау кезінде
Ереженің талаптары қатаң сақталуы керек. Қазақстан Республикасы
бойынша гербицидтерді таратуға рұқсаты бар фирмалар жөнінде
мәліметтерді Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясынан (Жамбыл көшесі 124) аласыздар.
Дінов Біржан,
« ҚР АШМ АӨК МИК Жаңаарқа аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттікмекемесінің бас маманы, өсімдіктер
карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы
Қос бәйгеде де топ жарды!
Қарағанды облысында мектеп оқушылары арасында 17 мамыр күні дәстүрлі ХІХ Абай оқулары
өтті. Бәйгеге ауданымыздың намысын қорғап
барған Ынтымақ ЖОББ мектебінің 8-сынып
оқушысы Берікқызы Мәдина облыстық байқауда
топ жарып, «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»
номинациясы бойынша І орынды қанжығалап
қайтты. Абай шығармашылығынан екі жүзге
жуық өлеңді мүдірмей жатқа оқитын ол өзіне
артылған міндетті мүлтіксіз орындады.
«Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» демекші
Мәдинаның биікке жетіп, марапат мінберінен
көрінуі оған дұрыс бағыт-бағдар беріп,
ізденімпаздық жолға түсірген ұстазы Алданыш
Исинаның қосқан үлесі зор.
Алдындағы
оқушысының талабын тап басып, дайындап ,
баптаған ұстаздың үміті ақталды.
Жеңімпазға
Қарағанды
облысы
білім
басқармасының дипломы және 15 мыңдық (5 мың теңгелік сертификаттан 3 дана) сертификат табыс етілді.
Байқаудың басқа бөлімдері бойынша, Оразалы Жұмабеков атындағы ЖОББ мектебінің 7сынып оқушысы Расул Төлепбекте (жетекшісі Ж.Сыздықова) бағын сынап қатысып,
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша №132 орта мектебінің 6-сынып
оқушысы Ерғабыл Меруерт те (жетекшісі Г.Достаева) ІІІ орыннан көрінді.
Ал келесі күні Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының
ұйымдастыруымен тіл мәдениетін көтеру, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту,
көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында «Абай оқулары» болып өтті.
Облыстық байқауға ауданымыздың сөз өнері жүгін арқалап барған Қарағанды мемлекеттік
университеті журналистика факультетінің 2-курс студенті Пазылова Ақниет болды. Асыл
сөзді байрақ етіп желбіретуді мақсат тұтқан ол байқаудың 1-бөлімінде Оралхан Бөкейдің
прозасынан үзінді оқыса, 2-бөлімінде Мағжан Жұмабаевтан әдемі поэзияны жүрекке жеткізе
орындады. Байқау қорытындысы бойынша Ақниет Қарағанды облысының тілдерді дамыту
жөніндегі басқармасының Алғыс хатымен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.
Осындай асыл сөзді іздеп, тіл құдіретін сезінетін тіл жанашырлары барда, тілдің тұғыры
биік болары хақ.
Ә.Рышкен,
Жаңаарқа ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері
Жүлделі спортшылар
Жартылай марафон. Астана қаласының 20 жылдығына арналып
20- мамыр күні Қарағанды қаласында жартылай марафон өткізілді.
«Балапан»-2 км, «Достық»-3 км, «Спутник»-14 км және «Арманға
жол»-21 км болып бөлінді. Осы аталған спорт бәсекесіне аудан
құрамасы қатысып, өз күштерін сынады. «Балапан» шарасы бойынша өткен жүгіруде №132 ЖОББ мектебінің 7 сынып оқушысы
Иванов Владлен жүлделі ІІІ орын алып, 30.000 тг. сертификатын
және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Жаттықтырушысы
А.Тәжікенов. Жалпы жартылай
марафонға 10.000 спортшы,
қатысса «Балапанға» - 450 бала
қатысқанын ескерсек, бұл жақсы
нәтиже
болып
есептеледі.
Спортшыларымыздың табысы
тасқындай берсін деген тілек білдіреміз.
Волейбол. Мамыр айында өткен мерекелерге арналып спорт ардагерлері мен жастардың
қосылуымен (4+2) волейболдан дәстүрлі турнир өткізілді.
Жарысты ашқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Қарабаев
спортшыларға сәттілік тілеп, ардагерлерге спортты қолдап, жастарға үлгі болғандары үшін
ризашылығын білдірді. Турнирге 6 командадан 40 спортшы қатысты. «Қараағаш», «Ардагерлер», «Б.Амалбеков», «Байдалы би», «ДЕПО» және «Бидайық» командалары өзара күш
сынасты. Тартысты
өткен бәсекеде І
орынды «Б.Амалбеков», ІІ орынды
«Ардагерлер», ІІІ
о р ы н д ы
«Бидайық» командасы иеленді. Ойын
кезінде А.Баубеков
(сот қызметкері),
Р.Нұркеев(кәсіпкер), Е.Бесбаев(кәсіпкер), Ж.Дүйсенов(ұстаз), Е.Әбдембеков(қызметкер),
С.Рымбеков(кәсіпкерлік палатасының басшысы) және Қ.Мұздыбаев(ұстаз) сынды ардагерлер өзіндік ойын өрнектерімен көрініп, көрермендердің ризашылығына бөленді. Бас
төрешілікті Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
С.Сейтжапанов жүргізді. Барлық жеңімпаздар аудандық дене шынықтыру және спорт
бөлімінің мақтау қағаздарымен, медальдармен, ал жүлдегер командалар бағалы
сыйлықтармен марапатталды.
Аудандық спорт бөлімі
Шаруа қожалықтарының НАЗАРЫНА
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау бойынша шаруашылықтардан өтінімдер
2018 жылдың мамыр айынан бастап қабылданады.
Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРАЛИНА САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
Мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды
Түбіртекті талап ет–жүлдені ұтып ал!
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Түбіртекті талап ет –
жүлдені ұтып ал!» акциясының жалғасатындығы жайлы хабарлайды.
Осылай, 2018 жылдың 21 мамырынан бастап барлық азаматтарға тағы бір рет заңнаманы
сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатыса отырып, бағалы жүлделер ұтып алуға
мүмкіндік береледі, сонымен қатар сыйлық ұтып алу мүмкіндігі бар.
Акция мақсаты- азаматтарды тауарлар мен қызметтерді тұтынушы ретінде өз мүдделерін
қорғай білу саласындағы құқықтық мәдениетке тәрбиелеу болып табылады.
Акция «Атамекен» АЭС-нің қаржылық қолдауыменкөленкелі экономикамен күресетін
«Wipon» мобильдік косымшасы арқылы электронды форматта жүзеге асырылатын болады.
«Wipon» қосымшасы отандық бағдарламашыларымен әзірленген таза қазақстандық өнім
болып табылады. Осы қосымшаны тегін жүктеуге және смартфондар мен басқа да гаджеттердін барлық тұрлерінде пайдалануға болады.
Акцияға қатысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыстар мен
қызметтердін, тауарды алғандығын растайтын жай ғана түсірілген фискальды чектін суретін ұсыну арқылы науқан жүргізілген кезде қатыса алады. Сондай-ақ, фискальды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарға да шығымдана алады.
Акция 2018 жылдын 21 мамырынан бастап 30 қараша аралығында өткізіледі. Гранд финал
осы жылдын соңында бас жүлде автокөлік, сонымен қатар бағалы сыйлықтар ойнатылуымен Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. тыс ойынының женімпаздары чекті кездейсоқ
іріктеу әдісімен анықталатын болады. Осылайша, анағұрлым көп жіберілген чек,
қатынасушыларға соғұрлым жүлдені ұтып алу мүмкіндігін береді! Қайталап жіберілген
фискальды чектер ұтыс ойынына қатыса алмайды.
Қаншалықты көп чек жіберсеңіз - жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.
Сондықтан, Жаңаарқа ауданы тұрғындарын «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал» акциясына қатысып, сыйлықтарды, бас жүлде - автокөлікті ұтып алуға шақырамыз!
Тіркелген шегерім пайдаланылатын
арнаулы салық режимі
2018 жылдың 1- қаңтарынан бастап шағын бизнес субъектілері үшін жаңа тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі енгізілді. Қазақстан Республикасының
Салық кодексінің 683 бабының 2 тармағына сәйкес тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі пайдалану үшін мынадай талаптарға сәйкес келу қажет: салықтық
кезеңдегі жұмыскерлердiң орташа тізімдік саны 50 адамнан аспайтын, салықтық кезеңдегі
кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1
қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 260 еселенген мөлшерінен аспайтын (2018 жылы 346 761 840 теңге).
Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану туралы хабарламаны
салық төлеушілер тұрған жеріндегі салық органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық
нысанда, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынады.
Тіркелген шегерім пайдаланылатын АСР қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі Салық Кодексінің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді есепке
алғандағы кіріс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалатын салық салынатын кіріс болып табылады.
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің кірісі осы тұлғалардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде салықтық кезең ішінде алынуға жататын (алынған)
кірістерінен тұрады.
Шегеріске жататын шығындардың түрлері Салық кодексінің 692 бабында көрсетілген.
Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші
салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасына
Салық кодексінің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді ескере отырып
айқындалған кіріс сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшердегі тіркелген шегерім сомасын қосуға құқылы. Бұл ретте тіркелген шегерімді қоса алғанда, шегерімге
жатқызылатын шығыстардың жалпы сомасы Салық Кодексінің 691-бабының 4-тармағында
көзделген түзетулер ескеріле отырып, кіріс сомасының 70 пайызынан аспауға тиіс.
Заңды тұлғалар үшін корпоративтік табыс салығының ставкасы 20 пайызды, ал дара
кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығының ставкасы 10 пайызды құрайды. Тіркелген шегерім
пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі
жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде тапсырылады. Декларацияда
көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу декларацияны тапсыру мерзімнен кейін
күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша жүргізіледі.
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік аударымдарды (МЗЖ,
әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары) төлеу
ай сайын, 200.00 нысанды салық есептілігін тоқсан сайын тапсыру жолымен жүргізіледі,
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Сатылады
Атасу кентінде үй қоршауға арналған, зауытта арнайы жасалған, темір бағаналарымен
бірге темір қоршаулар (әр қайссының ұзындығы 2,45 м, биіктігі 1,65 м, 18 дана) сатылады. Жиналмалы темірден жасалған 6 қанат киіз үй сатылады. Киіз үйдің үзігі,
туырлығы мен түңілігі су өткізбейтін материалдан жасалған. Киіз үйдің іші қазақы ою
-өрнек салынған матамен әдеміленіп, көмкеріліп, қапталған.
Хабарласу үшін: 87017593159: 2-80-90
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
«ҚР АШМ АӨК МИК Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы» ММ-нің мемлекеттік
қызметшілерінің әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы заңдылықтарын бұзған фактілері жайын хабарлау үшін 2-75-02 сенім телефоны
жұмыс істейді.
Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекция мемлекеттік мекемесі
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1633 дана
Тапсырыс №21
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
35
Размер файла
15 706 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа