close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 25 Жанаарка газеті

код для вставки
№25 (9862), 16 маусым, 2018жыл
Қайырымдылық – қадірлі іс
Таяуда Қарағанды облысында «Атамекен» ҚР Ұлттық
кәсіпкерлер палатасы жанындағы облыстық іскер әйелдер
кеңесінің бастамасымен «Жүректен жүрекке» қайырымдылық
акциясы бастау алған болатын. Аталған акция Теміртау
қаласынан басталып, біздің ауданда мәні мен мазмұны үйлесіп
жалғасын тапты.
Аудандық мәдени-сауық орталығында аудан әкімдігі мен
Жаңаарқа аудандық іскер әйелдер кеңесі және «Нұр Отан»
партиясының қолдауымен «Мейірімділік - асыл мұрам» атты
қайырымдылық кеш өтті. Сансыз сауапқа кенелтіп, рухани
рақымға бөлейтін шараның жоғары деңгейде өтуіне мәдениет үйінің қызметкерлерімен қатар, аудан
орталығындағы «Арай»
инклюзивті білім беретін
балаларды
дамыту
орталығы да бір кісідей
атсалысты.
Қайырымдылық шарасына арнайы қатысқан
аудан әкімі Юржан
Бекқожин,
алдымен,
балғындар мен жергілікті
шеберлердің
қолымен
жасаған
бұйымдары қойылған
көздің жауын алатын
көрмені аралап, тамашалап, оң бағасын берді.
Қайырымдылық концертінде мүмкіндігі шектеулі балалар өздерін
жаңа қырынан танытты. Бойларын шалқар шабыт кернеген рухы асқақ өрендердің өрнекті өлеңдері
көрерменнің көңілін тебірентті. Ана мен баланың мағынасы терең монологын да тыңдарман айрандай ұйып тындады. Талантты жасөсіпірімдер әсем әндерді әуелетіп шырқаса, тал шыбықтай
бұрала билеген жас өнерпаздар сахнаның сәнін келтірді.
Шара барысында мінбеге көтерілген аудан басшысы:
- Бүгін баршамыз Астананың 20 жылдығы мен мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған қайырымдылық кешке жиналып отырмыз.
Қайырымдылық - адамның ең асыл қасиеттерінің бірі. Жомарттық - өзіңдегі барды мұқтаж адаммен
бөлісу, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жандарға көмек
қолын созу болып табылады. Осы сынды адамзатты асыл қасиеттерге
т ә р б и е л е й т і н
қайырымдылық
акциясының облысымызда өтіп жатқаны
қатты
қуантады.
«Адамға
жасаған
жақсылық, арнап берген
нармен тең»,– демекші
қайырымдылық
шараның
өтуіне
мұрындық
болып
отырған аудандық іскер
әйелдер кеңесіне және
шараға
атсалысқан
барлық
жандарға
алғысымды білдіремін,-деді.
Қайырлы шараны ұйымдастыруға аянбай атсалысқан азаматтардың бірде-біреуінің еңбегі ескерусіз
қалмады. Жұдырықтай жұмылған белсенділерді мәртебесін асқақтатып аудан әкімі «Алғыс хатпен»
марапаттады. Сонымен қатар, оларға «Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары Әсет Аманжолов та мақтау- мадақтамалар табыстады.
Шара барысында сөз алған аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Орынжан Әбілдинова
акцияның мақсатына тоқталып, келешекте дәл осындай қайырымдылық кештердің жиі өткізілетінін
айтып өтті.
Қайырымдылық кеште жиналған қаражат аудан тұрғындары - Надежда Буртаеваның туа біткен
жүрек ақауы дертіне шалдыққан 4 жасар қызына ота жасауға және сал ауруымен ауыратын
баласының еміне көмек ретінде Гүлжәзира Қалиақбароваға бөліп берілді.
Надежда БУРТАЕВА:
-Әсіресе, тура бір туғанымдай демеген жомарт жандар мен аудан басшысы Юржан Асанұлына
шын жүректен рахмет білдіремін. Шараның шынайы шапағын сезініп, сенімділігім артты. Осындай
істердің саны сейілмесін!-деді.
«Жүректен –жүрекке» акциясының эстафетасы Қаражал қаласына салтанатты жағдайда жолданды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Құрметті мемлекеттік органдар
қызметшілері және ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Биыл Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20 жыл
толған мерейлі жыл.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихы көрсеткендей, кез келген мемлекеттің жетістіктері мен дамуы мемлекеттік органдардың тиімді және кәсіби қызметіне тікелей
байланысты. Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында мемлекеттік қызмет саласында ауқымды реформалар жүргізу, кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөнінде кездейсоқ айтқан жоқ. Сол арқылы түпкі мақсат – баршаға
арналған заманауи мемлекеттік құрылымға қол жеткізу көзделіп отыр.
Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің келбеті. Біздің ауданымызбен еліміздің
табысты дамуы Сіздердің өз істеріңізге адалдықтарыңызға, белсенді
азаматтық ұстанымдарыңызға, кәсібиліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңізге тікелей байланысты деп білеміз.
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық,
отбасыларыңызға береке, мемлекетіміз бен халқымыздың әлеуетін арттыру
жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!
Жаңаарқа ауданының әкімі
Мәслихат хатшысы
Ю.Бекқожин
Қ.Имантүсіпов
Құрметті полиция қызметкерлері және
ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Полициясы күнімен
құттықтаймыз!
Республиканың құқық қорғау органдары өзінің құрылғанынан бергі 26 жыл
ішінде қылмысқа тосқауыл қоятын, азаматтардың Конституция кепілдік берген құқығы мен бостандығын қорғайтын, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты
қорғайтын қуатты мемлекеттік жүйеге айналды.
Сіздердің тынымсыз қызметтеріңіздің нәтижесінде аудан тұрғындары
қамсыз еңбек етіп, тыныш өмір сүру мүмкіндігіне ие болды. Әрине, бұл жетістікке жетуде кейінгілерге бар білгенін үйретіп, сара жолды салып кеткен аға
ұрпақтың – ардагерлердің де рөлі зор екендігі даусыз.
Келешекте де заман ағымына сәйкес, мемлекет басшысы алға қойған жаңа
тапсырмаларды осы қалыптасқан дәстүр, тәжірибе мен заманауи білім
арқасында ойдағыдай орындай беретіндіктеріңізге сенімдіміз.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және Отанымыз –
Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!
Жаңаарқа ауданының әкімі
Ю.Бекқожин
Мәслихат хатшысы
Қ.Имантүсіпов
Құрметті денсаулық сақтау саласының
қызметкерлері мен ардагерлері!
Медицина қызметкерінің мерекесі құтты болсын! Осынау қадірлі мамандық
барлығымыздың баға жетпес байлығымыз – денсаулығымыз бен өмірімізді
қорғайтын ерекше жандарды біріктіреді.
Мемлекет әрбір азаматтың сапалы медициналық қызметке қол жеткізуі
үшін қыруар қаражат жұмсайды, барлық күш-жігерін салады. Кейінгі жылдары ауданымызда, ауылдық округтерде де жаңа медицина мекемелерін ашу,
жөндеу мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған іс-шаралар, әрине,
сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз болмаса, оң нәтиже бере алмайды.
Иә, қазіргі күні медицинаға жаңа технологиялар енгізілуде. Бірақ, дәрігердің,
медбикенің жылы сөзі мен жүрек жылуы – адам денсаулығын оңалтудың
басты шарттарының бірі болып қала беретінін естен шығармағайсыздар.
Шуақты мерекеде денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне және осы
күнді еңбек орнында, ауруханаларда, жедел-жәрдем ұжымдарында қарсы
алып, тұрғындар денсаулығын күзеткен жандарға ыстық ықылас білдіріп,
ерекше құттықтауымызды жолдаймыз.
Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен байлық, адамзаттың алғысына бөленген
еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
Әріптестеріңіздің сый-құрметі, туғандарыңыздың мейірімі, сіздерді, өмірде
және еңбек жолында жаңа белестерге жетелесін!
Жаңаарқа ауданының әкімі
Ю.Бекқожин
Мәслихат хатшысы
Қ.Имантүсіпов
16 маусым 2018 жыл
2
Рухани жаңғыру
Бірлік пен ынтымақтың жемісі
Ауданымызға қарасты Байдалы би ауылдық округінде ауыл
тұрғындарының қолдауымен асқан елжандылықты бейнелейтін игі іс жүзеге асырылды. Аталған ауылдан Ұлы Отан
соғысына аттанып, Отан үшін от кешкен ардагерлердің
құрметіне арналған ескерткіш тақта орнатылды. Сондай-ақ,
ауылдың орталық көшесіне «Жан жүрегім - Атасу» шағын конструкциясы қойылды.
«Ер есімі – ел есінде» деп аталатын ескерткіш тақтаға көзі
кетсе де халқының жадында
мәңгі сақталатын еңбек майданында тер төккен 41 азамат пен
Ұлы
Отан
соғысынан
оралмаған 34 майдангердің
есімдері жазылған.
Ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуына аудан әкімі
Юржан Бекқожин арнайы
барып
қатысты.
Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа
бағдар – Рухани жаңғыру» атты
мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысқан тұрғындар мен игі іске
мұрындық болған ауылдық округтің әкімдігіне ризашылығын білдірген аудан басшысы лента қию
рәсіміне де қатысты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
« Жаңаарқа» газетінің 80 - жылдығына орай, га зетте көп жылдар бойы қызмет атқарған,
қарымды журналистер Қалиақпар Әбілдин мен
Асан Жұмаділдин атындағы поэзия, проза
жүлдесі үшін» байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1. Байқау мақсаты мен міндеттері:
Ауданымыздың талапты жастарының әдебиетке деген құштарлығын
ашу, қаламын ұштау, талаптандыру, жаңа есімдерді анықтап, олардың
туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, қолдау көрсету.
2.Байқау ұйымдастырушысы: аудандық «Жаңаарқа» газеті
3. Байқауды өткізу тәртібі
1. Ұйымдастырушы байқауға келіп түскен материалдарды жинақтап,
сараптаудан өткізеді, байқау комиссиясын белгілейді, байқау
қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды марапаттайды.
2. Байқауға жіберілетін ұсыныстар 2018 жылдың 15- маусымынан
бастап 10- тамызғаға дейін қабылданады.
3. Байқаудың қорытындысы 2018 жылдың 15-тамыз күні шығарылады.
4. Жеңімпаздар ұйымдастырушылардың және Қалиақпар Әбілдин мен Асан Жұмаділдин
ұрпақтарының арнайы тағайындаған сыйлықтарымен марапатталады.
4. Байқауға жұмыстарды ұсыну тәртібі
1. Байқауға қатысуға тілек білдірушілер жастардың (15-35 жас аралығында) барлық шығармалары
(проза, поэзия) қабылданады.
5. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:
1) Байқауға тіл мәдениеті, этикалық нормалар сақталмай, авторлық құқықтар бұзылған жұмыстар
қабылданбайды.
2) Жұмыс көлемі 5 беттен аспау тиіс, шрифт Times New Roman, әріп көлемі - 14, жол аралығы - 1,5.
3) Байқау жұмыстарын редакциямыздың [email protected] электронды мекенжайға немесе Атасу
кенті, Тәуелсіздік даңғылы, № 2-үй мекен жайына жіберу қажет.
4) Үздік деп танылған шығармалар газет бетіне және газетіміздің Facebook сайтына жарияланатын
болады.
6. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі
1. Байқау комиссиясы белгіленген мерзім өткеннен соң 5 күн ішінде ұсынылған жұмыстарды қарап,
жеңімпаздарды анықтайды.
2. Байқау комиссиясының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.
Байқауға қатысушылар мына тақырыптар бойынша сынға түседі.
«Газет- заман келбеті», «Жаңаарқа – аудан айнасы», «Жайнаған жасарған Жаңаарқа» және
Қалиақпар Әбілдин мен Асан Жұмаділдин жайында өз қалауларыңыз бойынша тақырып
таңдауға болады. Хабарласу нөмерлері: 2-71-01, 2-85-45, 87075409848
С.Сейфуллин ауылдық округіне қарасты Ынтымақ жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп түлектерінің кездесу кеші өтті. Ұшқан ұя мектебімен
бұдан елу, қырық, жиырма, он жыл толған мектеп
түлектері қауышты. Әсем безендірілген мектеп
ауласына әр жылы бітірген түлектер сапқа тұрып,
мектеп өмірін естеріне түсірді.
Кездесу шарасына ауыл тұрғындары, ардагер ұстаздар шақырылды. Шара мектеп бітіргендеріне 50 жыл болған түлектер сыйға тартқан «Түлектер аллеясы» ескерткішінің ашылуымен
басталды. Ескерткішті ардагер ұстаз, мектепті көптеген жыл басқарған Зейнегүл Омарова
ашты.
Кездесудің екінші бөлімінде бітіргендеріне жиырма жыл толған түлектердің демеушілігімен
«Мұражай-ел шежіресі» атты мұражайдың ашылу салтанаты өтті. Бірнеше бөлімнен тұратын
мұражай көптің көңілінен шықты. Мұражайға сонымен қатар, 50 жылдық түлектер линолеум,
стенд сыйлады. Бұл мұражайдың алдағы уақытта оқушыларға патриоттық тәрбие беруде
үлкен үлес қосатыны анық. Түлектердің кездесуі мектептің акт залында жалғасты. Кезеккезек сөз алған түлектер жылы лебіздерін білдіріп, мектеп өнерпаздарының өнерін тамаша-
Облыс әкімінің ауыл жастары
кәсіпкерлігін қолдау мен дамытуға
арналған грантын бөлу ережесі
1.Облыс әкімінің ауыл жастары кәсіпкерлігін қолдау мен дамытуға арналған
грантын бөлу ережесі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты» заңына сай жасалған, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексімен
29 жастан аспаған жастарға грант бөлу шарттары мен механизмін анықтайды.
Облыс әкімінің ауыл жастары кәсіпкерлігін қолдау мен дамытуға арналған
гранты Қарағанды облысы ауыл жастарының жаңа кәсіп ашуына және
қолданыстағы кәсіпті дамытуына бөлінеді.
2.Облыс әкімінің ауыл жастары кәсіпкерлігін қолдау мен дамыту грантын
бөлетін комиссия үміткерлерді іріктеуді келесі талаптар бойынша жүргізеді: жобаның нақты аймаққа актуалдығына қарай; -облыстың ауылдық аймақтарының
жұмыспен қамту орталықтарында есепте тұрған, жұмыссыз ауыл жастарына
жұмыс орнын құру; - жобаның өзін-өзі ақтауы; - болашақ бизнесті одан әрі дамыту перспективасы; -жобаны іске асыру облыстық, қалалық, аудандық
орталықтан қашықтығы.
3.Облыс әкімінің гранты жылына бір рет бөлінеді, грантты табыстау ауыл
жастарының Форумында салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.
4.Ауыл жастары кәсіпкерлігін қолдау мен дамыту гранттарының жалпы сомасы
10 000 000 (он миллион) теңгені құрайды, конкурстық комиссияның шешімі бойынша 10 үміткерге 1 000 000 (бір миллион) теңгеден бөлінеді.
5.Облыс әкімінің ауыл жастары кәсіпкерлігін қолдау мен дамыту гранттары
үміткердің жеке шотына аударылады.
6.Комиссияның ауыл жастары кәсіпкерлігін қолдау мен дамытуға грант бөлуге
шешім қабылдағаннан бастап10 (он) күнтізбелік күн ішінде, комиссия
мүшелерімен бекітілетін екі жақты келісім-шарт жасалады.
7.Келісім-шарт жеке бизнес ашылуына байланысты қаражат аударуға негіз болып
табылады.
8.Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына сүйенеді.
9.Комиссия өз құзыреті шегінде: 1) Облыс әкімінің ауыл жастары кәсіпкерлігін
қолдау мен дамытуға арналған гранттарын бөлуге үміткерлерді іріктеуді жүзеге
асырады; 2) жыл сайын облыс әкімінің гранттар бөлу жөніндегі конкурстық комиссия отырысын өткізеді;
9.Комиссияның әрбір мүшесі бір дауыс құқығына ие, ауысу құқығынсыз
қатысады.
10.Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып
табылады.
11.Егер оған комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса комиссияның
отырысы құқықты болып есептеледі.
12.Шешім комиссия мүшелерінің отырысқа қатысып отырған ашық және
қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
13.Құжаттарды қабылдау комиссиясына 15 күнтізбелік күн ішінде көрсетілген
мекен-жай бойынша жүзеге асырылады.
14.Үміткерлерді іріктеу, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің бизнес жобасының
аталған аймақтағы перспективасын толық визуализациялық бағалау үшін комиссия мүшелерінің аймақтарға шығу жолымен жүзеге асырылады.
15.Комиссия мүшелерінің ұсынылған құжаттар бойынша ауылдық аймақтарға
шығуының қорытындысы (сараптама және бизнес жоспарларын қорытындысы)
бойынша, үміткерлердің бизнес-жоспарларының презентациясын тыңдалатын
комиссияотырысы жүргізіледі.
16.Комиссия шешімі, белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде,
комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
17.Комиссияның жұмыс органы «Қарағанды облысының жастар саясаты
мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады
18. Комиссия отырыстарында үміткерлердің ұсынылған құжаттарын белгіленген
шарттар
талаптарын
сақталуын
талдау
және
бағалауы
жүзеге
асырылады.Үміткерлердің комиссия Шарттарының талаптарына сәйкес келмеген
жағдайда, үміткерлер құжаттары қабылданбайды. Қабылдамау туралы шешім
хаттамаға енгізіледі.
19.Қарағанды облысының әкімі қаулысы негізінде комиссия өз қызметін
тоқтатады.
20.Облыс әкімінің ауыл жастары кәсіпкерлігін қолдау мен дамытуға арналған
грантына іріктеуден өткен үміткер, өңірлік жұмыспен қамту орталығында есепте
тұрған 29 жасқа дейінгі жас адамды оқытуға және жұмысқа орналастыруға міндеттеледі.
21.Қатысуға арналған құжаттар тізімі: 1.Жеке куәлігі (көшірмесі); 2. БСН/ЖСН
(көшірме); 3.Бизнес-жоспар, кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқығаны туралы сертификат; 4. Өтініш (түпнұсқа). (аудан, ауылдық округі әкіміне); 5.Жұмыс істеп
тұрған кәсіпкерлер үшін несиелік берешегі болуы (болмауы) туралы қызмет
көрсететін банктердің (түпнұсқа) анықтамасы; 6.Меншік құқығын растайтын
құжаттар, мүлік, пайдаланылатын өндірістік бағдарлама жобасы бойынша, сондай-ақ жалдау келісім (көшірмесі); 7. Құжат тігілетін папка.
Жастар ресурстық орталығы: 2–73–28.Жоғарыда көрсетілген тізбе бойынша
құжаттарды қабылдау мекен жайы: Қарағанды қ, Алиханов 37 к, 201 кеңсе, ҚФ
"Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту Қоры". Анықтама телефоны : 8(7212)51-0857, сағ.:9.00-ден 18.00-ге дейін.
Жастар ресурстық орталығы
лады. Мектеп бітіргендеріне 40 жыл толған түлектердің атынан кәсіпкер Ермек Бұхаршин
мектеп дәлізінің қабырғасын пластикке айырбастап
Рухани жаңғыру берсе, он жылдық түлектер мектеп ауласына сегіз
көше шамын жарқыратты.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Патриотизм кіндік
қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген
сүйіспеншіліктен басталады»- деп атап көрсеткендей, «Туған жер» бағдарламасына үлес
қосушы азаматтар жетерлік. 1977 жылы туған түлектерінің демеушілігімен мектеп ауласына
100 қарағай көшеттері отырғызылып, оқушылардың қамқорлығына алынды. Ал, жеке
кәсіпкер Ғазиз Мұқатаев мектепке «Тынығу алаңын» сыйға тартса, елге сыйлы болған азамат
Жұмасейітов Дүйсенбай ағамыздың баласы Самат терезелерге жалюзи сыйлады.
Ынтымақ ЖОББ мектебінде өткен ұрпақтар сабақтастығын паш ететін бұндай шаралар
алдағы уақытта да жалғасын табатыны сөзсіз.
Ө.Айтжанов, аудандық мәслихат депутаты
Жақсылыққа жетелеген игі істер
3
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
қызметтер көрсететін мемлекеттік және
мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік
мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет
көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы
Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 20-бабы 3 тармағы,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген
Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесiнің негізінде, сонымен қатар «Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011
жылғы 28 қазандағы №1222, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының 22-қосымшасының
қаулдарының негіздерінде көрсетіледі.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі №2 Қарағанды қаласындағы
қарттармен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне (пансионатқа) арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдейді. Қызмет алушылардың келесідей
дәрежесі болуы тиіс: Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға
теңестірілген адамдар, тыл ардагерлері, «Алтын алқа» және «Күміс Алқа» иегерлері,
жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектер.
Ол үшін қажетті құжаттар тапсыру керек:
1)қызмет алушының жазбаша өтініші;
2)жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешімі
(жалғызбасты азаматтар үшін);
3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы
не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);
4)мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
5)мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
6) зейнеткерлік жастағы адам үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
7)Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар
үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам
мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады;
8) белгіленген нысан бойынша медициналық карта;
Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік және мемлекеттік емес
қарттар үйіне, психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда)
және Қарқаралы қаласындағы оңалту мекемесінде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды
ресімдейді.
Өтініш мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:1)жергілікті атқарушы органның
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешімі; 2)тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе
ауылдық әкiмдердiң анықтамасы); 3) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі; 4)
мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме; 5)зейнетақы куәлігінің
көшірмесі; 6) белгіленген нысан бойынша медициналық карта;
Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың барлығын тапсырған кезде көрсетілетін
қызметті беруші тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған
адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.
Аталған құжаттар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мекемесіне өткізіледі.
Ресімделген құжаттар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде
қажеттілік тізіміне қосылады.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге (ұйымдарға) мемлекеттік қызметті
көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартылады: 1)әлеуметтік қызмет көрсету үшін
қабылдауға тұтынушыда медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы; 2) осы мемлекеттік
қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттардың бірінің болмауы; 3) көрінеу жалған
құжаттама беру.
Толық ақпаратты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен білуге болады. Байланыс телефонымыз: 7-90-39
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Дзюдо
Спорт
2-3-маусым күндері Ресей федерациясы Барнаул қаласында дзюдо күресінен 2004-2005
жылдары туған жас өспірімдер арасында XV халықаралық фестивальда БЖСМ шәкірті
Дархан Қайроллаұлы жүлделі ІІ-орын иеленді. Жатықтырушысы Мәулен Қожин.
Спортшыға алдағы жарыстарға жеңістер тілейміз.
Мемлекеттік қызметкерлердің жарысы
8-9-маусым күндері Сәтпаев қаласында дәстүрлі ХХ –шы әкім аппараты және оның
бөлімше қызметкерлері арасында аймақтық спартакиадасы өтті. Аудандық мемлекеттік
қызметкерлерден құралған команда жарыстың биік сатысынан көріне білді. Атап айтсақ
волейбол ойынынан І-орын алды. Құрама мүшелері: Н.Бекеев, Ө.Уалиев, А.Түсіпов, А.Ахметов, М.Түркешев, М.Зарлық, С.Мейрамова, И.Мұстафа. Шахматтан ІІ- орын құрама
мүшелері: А.Қарабаев, А.Батталов. Үстел тенисінен ІІ- орын құрама мүшелері:
М.Түркешов, Ф.Бестембекова, М.Қанапин. Қол күресінен жекелей сында 70 кг салмақта
А.Алпысов ІІ-орын, 80 кг жоғары салмақта Е.Аманбаев ІІІ-орын, кір тасын көтеруден 70
кг А.Алпысов ІІІ-орын, +80 Е.Аманбаев ІІ-орын иеленді. Жарыс жеңімпаздары мен
жүлдегерлері мақтау қағаздарымен, медальдарымен, арнаулы кубокпен және бағалы
сыйлықтармен марапатталды.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі
ӨЗ ГАЗЕТТЕРІҢІЗ «ЖАҢААРҚАҒА»
ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР!
Құрметті аудан тұрғындары, газет оқырмандары!
Өздеріңіздің
сүйікті
басылымдарыңыз
“Жаңаарқа” газетіне жазылу жүріп жатыр. Газетке
аудандық почта торабынан, газет редакциясынан
жазыла аласыздар.
Заңды тұлғалар үшін индекс 16282 6 айға –
1248 теңге
Жеке тұлғалар үшін индекс 66282 6 айға
– 996 теңге
16 маусым 2018 жыл
НЕКЕНІҢ БҰЗЫЛМАҒАНДЫҒЫ –
САЛТТЫҢ САҚТАЛҒАНДЫҒЫНДА
Қазақ халқының өмірінде сақталып келген көптеген салт-дәстүрлерінің бірі ретінде некеге
тұру немесе отбасын құруды айтуға болады. Адам өміріндегі аталмыш заңды құбылысты
тегіннен тегін қозғап отырған жоқпыз. Себебі, «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады. Енді осы жерден асықпай әңгіменің
бауын тарқатсақ.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган
болып табылады.
Бұл орайда, уәкілетті орган тарапынан мемлекеттік қызмет берушілермен көрсетілетін
қызметтерге тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп отырады. Сол мониторингтің
нәтижесіне зер салатын болсақ, жан түршігерлік мәліметтерге куә боламыз. Олай дейтініміз, 2016 жылы Қарағанды облысы бойынша некелерін 11 575 ерлі-зайыптылар тіркеген
болса, 6 692 ерлі-зайыптылар некелерін бұзған. Осы орайда айта кететін жайт, «Некені
(ерлі-зайыптылықты) бұзу» да мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.
Өткен жылы яғни, 2017 жылы Қарағанды облысы бойынша некелерін 12 933 ерлі-зайыптылар тіркеген болса, 25 858 ерлі-зайыптылар некелерін бұзған екен. Некеге тіркелгендерден көрі екі есе ажырасқандардың көп екендігін байқаймыз. Аталмыш жағымсыз
статистикаға қарап, көңілге кірбің ұялайды, өкініш өзекті өртейді. Ата-бабаларымыз бізге
осындай болашақты көксеп пе еді? Әрине, жоқ! Бұл қай сүрінгеніміз, әлде жығылғанымыз
ба? Әлде, некеге тұру дәстүрі қазіргі жастар үшін қадір-қасиетін жоғалтты ма? Жоқ, бізге
сананың төңкерісі керек.
Осы орайда, «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты» - деп, Елбасының «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын дер кезінде жарық көргенін байқаймыз. Дегенмен, Елбасының көрегендігі, жарқын болашаққа нық көзқараспен қарауға сүйемелдейді.
Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне жүгінетін болсақ, Қазақстанның ұшы-қиыры жоқ
байтақ жерінде мекендеген қазақ халқының неке құру түрлері мен үйлену тойын
ұйымдастыру тәртібі және оған байланысты қалыптасқан сан алуан әдет-ғұрыптары жайында толып жатқан деректер бар. Қазақ арасында жастай некелестіру ежелден келе
жатқан дәстүр. Кей уақытта қыздарды 13-14 жасында ұзатса, ел балаларды 15-16 жасында
балағатқа толды деп үйлендіре берген.
Халық түсінігі бойынша неғұрлым жастарды ерте үйлендірсе, олар әрбір жағымсыз
қылықтардан аулақ болып, ұрпақтары мықты болады деген сенім де болған. Қазақстан
жері ұлан-ғайыр болғандықтан, оның әр түкпірінде мекендейтін қазақ жұртшылығына
сырттан тиетін экономикалық әсер мен ислам дінінің ықпалы әр түрлі болғандығы даусыз.
Осыған орай Қазақстанның әр ауданына байланысты әр уақытта жазылған әдеби мұрадағы
деректерге тоқталайық. Мәселен, Ы.Алтынсаринның айтуынша Қазақстанның солтүстікбатысын мекендейтін қазақ жұртшылығының арасында ХІХ ғасырдың екінші жартысында
сегіз атаға толғанша, ал П.Маковскийдің айтуынша, Қазақстанның солтүстік-шығысында
бұрын жеті атаға дейін қыз қыз алыспаған. Осылайша, ойымызды сабақтайтын болсақ,
аймағымызда некенің қиылуына қарағанда, бұзылуының көп кездесетіндігіне көз жеткіземіз. Бұған себеп, бірнеше әлеуметтік факторлар екендігі баршамызға аян.
Алайда, кішкене ғана статистикаға арқа сүйеніп, үлкен мәселенің басы шалынған
мақалаға, әрі қарай өз ойларыңызды тоқиды деген сенім бар. Бұзылған некенің азаюы, әр
қиылған некенің нұры мен ырысының тасығандығы.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік
қызметтер көрсету басқармасының бас маманы
ЖҮНІС ЖАНСЕРІК БҰРХАНҰЛЫ
Мүгедектерді протездік-ортопедиялық
көмекпен және техникалық көмекші
(орнын толтырушы) құралдармен
қамтамасыз ету
Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы 1тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22-қантардағы
«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» № 26 бұйрығымен бекітілген
Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету Ережесінің негізінде көрсетіледі.
Протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы)
құралдармен қамтамасыз етілетін төменде аталған санаттағы адамдар:Ұлы Отан
соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдар; Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінде қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты мүгедек болған әскери
қызметшілер; ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының басшы және
қатардағы құрамының қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты мүгедек болған
адамдар; жалпы аурудан мүгедек болғандар; бала жасынан мүгедектер; мүгедек балалар;
жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған
жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға
шалдыққан мүгедектер;
Протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы)
құралдарды алу үшін төмендегі көрсетілген құжаттарды Жаңаарқа ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсыру қажет: 1)жеке басын
куәландыратын құжаттың деректемелерін көрсете отырып, белгілеген үлгідегі өтініш,
әлеуметтік жеке кодының нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі болғанда); 2)өтініш берушінің
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ал кәмелетке толмаған мүгедек балалар
үшін–баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, ата-анасының біреуінің
(қамқоршысының, қорғаншысының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3)мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін–мүгедекті оңалтудың жеке
бағдарламасынан үзінді көшірме; 4)Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері
және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген
адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәліктің көшірмесі; 5)Ұлы Отан соғысы
қатысушылары үшін – протездік-ортопедиялық көмек көрсету қажеттілігі туралы
тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым қорытындысының көшірмесі; 6)жұмыс
берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан
мүгедектер жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға
таратылған жағдайда– жазатайым оқиға туралы актінің көшірмесін және жеке кәсіпкер –
жұмыс беруші қызметін тоқтатқаны немесе заңды тұлға таратылғаны туралы құжат.
7)Мекен-жай анықтамасы;
Құжаттардың көшірмелері мен салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары беріледі, кейін
құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. Мемлекеттік қызмет көрсету
тәртібі туралы толық ақпаратты Тәуелсіздік көшесі 5 үйде орналасқан Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен білуге болады, байланыс телефоны 50005 (Накипова Г).
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ
16 маусым 2018 жыл
4
Өткен күн –өмір белесі
Рухани жаңғыру
“Мен 1945 жылы Алғабас ауылында дүниеге келіп, осындағы мекетепте 1954 - 1964 жылдары оқыдым. Сол ауылда мектеп бітіріп,
осында бой жеттім. Үйде екі ағайындымыз, менен кейін інім бар.
Мектепті тәмәмдап редакцияға жұмысқа орналастым. 1965 жылы
осы ауданның азаматы Жақсылықов Аман Жаңабайұлына тұрмысқа
шықтым. Отбасылық өмір жалғасын тауып, уақыт зымырап өте
берді. Бала тәрбиесі мен отбасын қатар ала жүріп, жұмысымда да
белсенді қызметкер болдым. Оқу бітіргеннен бастап зейнетке
шыққанға дейін редакцияда қызмет жасадым. Ең алғаш жұмысқа іс
жүргізуші болып орналасып, кейін корректор болып қызмет
атқардым.
Әріптестеріміз ұйымшыл болды. Жұмыс күніміз әр
уақытта керемет өтетін. Кез келген тапсырманы жақсы көңіл күймен,
орындайтынбыз.
Жұмысымыздың сәтті нәтижесі біздің
еңбегіміздің дәлелі. Ол уақытта редактор Бұқпа Әшімов болатын. Ұжымға ол
кісінің еңбегі, қолдауы өте көп болды.
Соның арқасында шыңдалып, жұмысқа
белсене атсалыстық. Айтулы күндері
әр түрлі іс–шараларға қатысып,
көптеген жетістіктерге жеттім, еңбегім
бағаланып, марапаттарға ие болдым.
Басшының
тапсырған
жұмысын
уақытымен орындап, жүктелген міндетті абыроймен атқаратынбыз”,- деген,
газеттің байырғы қызметкері Қапиза
Асқарова. Ордалы шаңырағында ұлқызының ортасында бақытты күн
кешкен
апамыздың үлкен баласы
Мұрат құрылысшы, келіні Бақытгүл екеуі 4 баланың ата-анасы, екіншісі Қалкен теміржол саласында
еңбек етсе, келіні Гүлзира мейірбике, кенжесі Нұрлан күзет саласында, келіні Жанар кірістер
бөлімінің маманы болып еңбек етеді.
- Аллаға шүкір, үш ұлымнан 8 немере, 5 шөберем бар. Жолдасым балаларымыздың қызығын көріп,
зейнет жасына жетіп, 2009 жылы дүниеден өтті. Ана үшін баласының бақытынан артық ештеңе жоқ
қой. Немере шөбере көріп, балапандарымның бақытты жүзін көріп, тәтті күлкісін естіп ояну мен үшін
үлкен қуаныш. Қазіргі таңда мен осындай үлкен бақыттың ортасындамын. Аллаға шүкір!,-деген
Қапиза ана өзімен бірге жұмыс істеген әріптестерін еске алып, бір жасап қалды.
- Сексенге толған газет ұжымына толайым табыс тілеймін, Жаңаарқаның тарихын, бүгіні мен
ертеңін жарыққа шығарып, жайнай беріңдер!,- деп сұхбатын тәмәмдаған апаға бізде алғыс білдіре
қоштастық.
Құндыз Жакенова
Дін және экстремизм
Түлек-2018
Мамандық таңда, оқуға кел
Елордамыз Астананың белді оқу орындарының бірі ол С.Сейфуллин атындағы
Қазақ агротехникалық университеті екендігі сөзсіз. Дауылпаз ақын С.Сейфуллин
атын иеленген Қазақ агротехникалық университеті - бүгінде республика бойынша аграрлық сала мамандарын даярлайтын ең ірі білім ордасы. Біздің университетіміз әлемдегі озық 800 жетекші оқу орындары мен отандық жоғары
білім беру саласы көшбасшыларының қатарында. Аккредиттеу және рейтингтің
тәуелсіз агенттігінің 2018 жылғы жариялаған Рейтингі бойынша С.Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық университеті үздік 4-орынға табан тіреді, оның
ішінде ауыл шаруашылығы мамандарын дайындау бойынша бірінші орында.
Болашақта ҚазАТУ Назарбаев Университеті үлгісіндегі ғылыми-зерттеу университетіне айналмақ, қазіргі таңда осы мақсатта кешенді жұмыстар атқарылып
жатыр.
Оқу ордасының 60 жылдан астам тарихында халық шаруашылығының түрлі салаларына қажетті 65 мыңнан астам білікті мамандар дайындалды, олар
еліміздің барлық аймақтары мен әртүрлі салаларда жемісті қызмет атқаруда,
ондай білікті мамандар мен түлектер Арқа өңірінде де жеткілікті. Солардың
қатарында бүгінде Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан Асанұлы Бекқожин, әлі
күнге дейін жастардың аузынан түспей келе жатқан «Жас қалам» әнінің авторы
деп танылған Қорабай Есенов та бар.
Университеттің 8 факультетінде (агрономиялық, жер ресурстарын басқару,
сәулет және дизайн, ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы, компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру, техникалық, энергетикалық,
экономикалық және сырттай-қашықтықтан оқыту факультеттері) 84 оқу
бағдарламасы жүзеге асырылуда: 36 бакалавриат; 31 магистратура; 17 докторантура университет қабырғасында 11 мыңнан астам студенттер, магистранттар
мен докторанттар білім алуда: олардың қатарында Арқадан келіп оқып жатқан
студенттер де бар.
Білім алушыларға 890 білікті оқытушы білім береді, оның ішінде 500 ғылым
докторлары мен кандидаттар.
Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасына» сәйкес 2018-2019 оқу
жылында студенттерге қосымша 20 мың грант бөлінетін болды. Ол гранттардың
ішіндегі 11 мыңын, мүмкіндік болса одан да көбін сұраныс бар техникалық
мамандықтар бойынша бакалаврға бөлу жоспарлануда. Университетте аталған
техникалық бағыт бойынша: көлік, көлік техникасы және технологиялары,
аграрлық техника және технология, тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру
және көлікті пайдалану, стандарттау, сертификаттау және метрология,
технологиялық машиналар және жабдықтар, қайта өңдеу өндірістерінін технологиясы, энергетика саласында мамандар дайындалады. осы бастама ауыл
жастарының біздің университетке ел экономикасына ең қажетті техникалық
мамандықтар бойынша мемлекеттік грантқа оқуға түсуге мүмкіндігін арттырып
отыр. Осы орасан зор мүмкіндікті бүгінгі түлектер қолдан шығармауы қажет.
Бүгінгі таңда ЖОО-лар мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамту
мәселесі өткір болып отыр. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
университеті білім алушылар жатақханамен 85% қамтамасыз етілген еліміздегі
жалғыз ЖОО. Мемлекеттік грант негізінде білім алатын және шалғай
аймақтардан келген білім алушылар жатақханамен 100% қамтамасыз етіледі.
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының мәліметі бойынша біздің
түлектердің жұмыспен қамтамасыз етілуі 80 пайыздан жоғары. Бұл көрсеткіш
республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Жас түлек! Егер сен өнерді сүйсең, саған университеттің қоғамдық кәсіптер
факультеті, жастар ісі бойынша комитетінің есігі айқара ашық! Егер сен спортты
сүйсең, Данияр Елесусінов (осы университет түлегі) сияқты болғың келсе бізде
әр түрлі спорт секциялары бар.
Мамандық таңдауда қателеспе! Сені С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУдың бір
отбасындай болған студенттер ұйымы күтуде!
Біздің мекен-жайымыз: Астана қ, Жеңіс даңғылы 62, Бас ғимарат. Анықтама телефондары: 8(7172) 31-75-56, 39-80-18. Біздің сайт: www.kazatu.kz және E-mail:
[email protected]
С.Сейфуллин атындағы Қазақ
агротехникалық университеті
есеп және аудит кафедрасының
меңгерушісі А.Қ.Байдақов,
аға оқытушы Б.И.Тукенова
Еліміз егемендікке қол жеткізгелі талай уақыттың жүзі болды. Осы жылдар аралығында мемлекетіміздің барлық салаларында
терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін тіктей бастады. Халықаралық
деңгейде әлемнің алпауыт мемлекеттерімен бәсекелес бола алатын қабілеттілігін көрсетті. Әсіресе, тарих қойнауында жатқан
рухани мұрамыз қайта жаңғырып, өзінің лайықты орнын тапты. Десек те, бүгінгі қоғамда алаңдатарлық келеңсіз мәселелер де
жоқ емес. Солардың бірі – мемлекетіміздің діни ахуалы.
Жалпы, дін дегеніміз не, экстремизм деп нені түсінеміз? Осыған қысқаша тоқтала кетсек: «Дін» – Жаратушы тарапынан
Пайғамбарлары арқылы жеткізілген, өзіндік тарихи жолдарымен қалыптасқан, өз жүйесімен әлемдік ортаға, қоғамға, мемлекетке
қауіп төндірмейтін негіздер жиынтығы. Ал Экстремизм болса, тілдік мағынасында «шеттеу» (фр.Extremisme, лат.Extremus),
яғни «орталықтан ауытқу», «белгіленген жерден шығып кету» дегенді білдіреді. Терминдік тұрғыда: «тәртіпті мойындамайтын»,
«өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы» дегенге саяды. Экстремизм, көбіне, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген пікірінен туындайды. «Тек менің ғана пікірім дұрыс болуы керек»,- деген секілді.
Дін атын жамылып, арам пиғылдарын іске асырмақ болып жатқан экстремистер мен лаңкестерге қарсы тұру – баршамыздың
ортақ міндетіміз, әрі мүддеміз. Бұл міндетті іске асыруда дін көшбасшылары мен мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес
ұйымдардың мүшелері, жалпы ұлт болып, халық болып бір сапта, бір шепте тұрып, біріге күрес жүргізуіміз ләзім. Егер біз
лаңкестердің лас әрекеттерінен тазарған әлемді көргіміз келетін болса, біздің күш-жігерімізді дәл осы мақсатта шоғырландыруға
тиіспіз.
Ислам – терроризмге, зорлық-зомбылыққа, діни экстремизмге қарсы. Бүгінгі таңда әлемнің түпкір-түпкірінде Ислам атымен
сандаған жазықсыз адамдардың қаны төгіліп жатқаны өкінішті. «Бір адамға қиянат жасау – күллі адамзатқа бағытталған қиянат».
Осы қанатты сөзді ескерсек, Ислам діні қашан да қақтығыс, лаңкестік, зорлық-зомбылық, өктемдік секілді мұсылмандыққа жат
іс-әрекеттер мен арам пиғылды айыптаған. Біздің асыл дініміз, керісінше, қоғамдық тұрақтылықты, ізгілікті, ұстамдылықты
уағыздайды. Ал, лаңкестіктің ұлты да, діні де жоқ. Сол себепті нағыз мұсылманның лаңкес болуы әсте мүмкін емес.
Сөз соңында айтарымыз, қазақ халқы бірлік пен ынтымақтың маңыздылығын жете түсінген. Олай болса, бабаларымыздың
«Алтау ала болса – ауыздағы кетер, төртеу түгел болса – төбедегі келер», - деген ұлағатты сөздерін алға тарта отырып, дінаралық
татулық пен ауызбіршілікте өмір сүру үшін ұлттың салт-санасымен біте қайнасқан дәстүрлі Ислам дінін дұрыс насихаттап,
бекем ұстанайық.
Өз тілшімізден
Сот актісін орындамаған
құқық бұзушы әкімшілік
қамаққа алынды
Жаңаарқа аудандық сотында құқық бұзушы Т-ға
қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669 (Сот
үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және
атқарушылық құжатты орындамау) бабында көзделген
әкімшілік іс қаралды.
Құқық бұзушы Т Жаңаарқа аудандық сотының
қаулысын яғни ӘҚБК 440 бабының 3 бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға
масаң күйде келу) бойынша салынған 24 050т
айыппұлды атқару құжатын орындамай, Қазақстан
Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген
құқық бұзушылық әрекетін жасаған. Сот отырысында
азамат Т.-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін
мойындау жауабымен қатар, іс бойынша жинақталған
құжаттармен өз дәлелін тапты.
Аудандық соттың қаулысымен азамат Т. Қазақстан
Республикасы ӘҚБтК-нің 669 бабында көзделген
әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі
деп танылып, осы баппен 1 тәулікке әкімшілік қамаққа
алынды. Соттың қаулысын орындау әрбір тұлғаға міндет екенін ұмытпайық. Сот қаулысын орындамай
қамаққа түсуден сақ болайық!
Ә.С.Рахымжанова,
Жаңаарқа аудандық сотының бас маманы
16 маусым 2018 жыл
5
Жақсының аты өлмейді
Шарапаты мол жан еді
Жол апшысын қуырып жүйткіген
көлік тастақ жолдан тасырқап, ойпаң
жерден
орғи
зулап
келеді.
Мақсатымыз
Ақтау
ауылына
жаңадан салынған мектептің тыныс-тіршілігімен
танысу. Сондағы
оң
өзгерістермен тың идеяларды басқаларға үлгі ету. Көлік ішіндегі аудандық білім
бөлімінің сол уақыттағы басшысы Жетпісбай Жетібаев, Талдыбұлақ орта мектебі мен
О.Жұмабеков орта мектебінің директорлары Ерекең (Еренғайып Әбдікәрімов) мен
Айтқожа Тұрғынбеков пен жүргізуші және
мен.
Ауылға қарай жол түскеніне қуанып келемін.
Жақа (Жетпісбай Қырғызбайұлы)
мұғалім де Ақтау ауылының келісті табиғаты,
ел ағалары, еңбек адамдары, мектеп ұжымы
мен олардың ұйымшылдығы туралы әдемі
әңгімелеп
келеді. Кенет
алдыңғы
орындықтағы Ерекең:
-Иә, ауылың мақтасаң мақтанға тұрарлық
жер. Мен де Ақтау
орта
мектебінің
түлегімін. Ақтауда кешегі Ерекең (Е.Отарбаев), Нәкең (Н.Дүйсенбеков), Сәкең
(С.Сәтбаев), Мырзекең (М. Нұрахметов),
Әбекең (Ә.Кенешов), Сақаң (С.Берлібаев),
Жәкең (Ж. Күлмағанбетова), Шәкең (Ш.Жандаева), Өмекең (Ө.Кәріп), Есекең (Е. Искаков)
сынды
ұстаздар легімен бірге
еңбек
еттікқой. Негізі қай саланы жақсы көрсең
сол сені өзіне тарта бастайды екен. Ескенеде
туып, сол жердің топырағынан нәр алдым.
1956 жылы мектепке барып оны ойдағыдай бітіргеннен кейін сол уақыттың заңына
бағынып, ауылшаруашылығын өркендетуге атсалыстым. Ауылда жұмыс күші қажет
кезде еңбек майданында шыңдалып, 1971 жылы Ақмола-Целиноград қаласындағы С.Сейфуллин атындағы пединститутқа оқуға түсіп, бала кездегі арманым физика-математика
саласының студенті атандым. 1975 жылы бітіріп, еңбек жолымды Ақтаудан бастадым.
Оқуда жүріп жеңгелерің Күлшатпен отбасын құрғанбыз. Қос мұғалімді Ақтау құшақ
жая қарсы алды. Күлшат бастауышқа мен жоғарғы сыныптарға сабақ беріп
жұмысымызды бастадық. Ұстаздар легінің арасына жас маман болып келген біздер
мектепішілік жұмыстарға белсене араластық. Қандай қиын сәттерді еңсеруге әзір едік.
Соның арқасы болар басшылық мені келер жылы директордың оқу-тәрбие жөніндегі
ұйымдастырушы етіп тағайындады. Ал, 1977 жылы Ақтүбек ауылының 8 жылдық мектебіне директор етіп тағайындады. Екі жыл тұрсақ та біз Ақтауды, ауыл бізді қимай
қоштастық.
-Сізбен мектебімде әріптес бола алмасам да кейін директор болғанымда семинарлар мен
оқуларда бірге болып ағалы-інілі, сыйлас болып кеттік қой деген Жақа
мұғалімнің сөзін Айтекең іліп әкетті.
–Иә, Ерекеңнің ұйымдастырушылық
қабілеті жоғары ғой. Барған жерімізде
көшбасшы болып, ақыл-кеңесін аямай
ылғи қамқорлық танытады. Жалпы Ерекеңнен үйренетін нәрсе көп деді.
Бір-бірін қостай кеткен әріптестер өткен күннен қызықты естеліктер айтып, риясыз
күліп, лезде ауылға жеттік.
Ақтау орта мектебінің директоры Мақсат Әнуарұлы қарсы алып, мектептегі атқарылып
жатқан жұмыстар легімен таныстырды. Жаңадан салынған мектептің ауласындағы абаттандыру жұмыстарымен ішкі көрнекіліктермен танысып, білім беру жүйесіндегі
жаңашылдықты бағамдаған Ерекең:
-Жақсы, өте жақсы екен. Мақсат айналайын сен жақсы ұйымдастырушы екенсің. Жасың
кіші болғанымен көшелі істің басында жүрсің, еңбегің жансын. Жастар осылай жанып
тұруы керекқой. Қандай керемет. Үлгі ететін, тәжірибемізге қосатын тың идеялары жетерлік екен-деген аға жас директорға риза болып, арқасынан қақты.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын»-демейме, көпті көрген елағасы Ерекеңнің
ағалық пейілі бәріміздің мереймізді тасытты. Риза болыстық. Ауыл аймақ, ел жайлы
әңгімемізге Ақтау ауылының игі жақсылары тұздық болып ауданға жеттік.
Ерекең мұғаліммен мен осылай таныстым. Толқынды шашы өзіне жарасып, мейрімді
жанары мен биязы сөзі, талғаммен киінетін киімі, жүріс-тұрысы бір-бірімен астасып,
үйлесімділіктің үлгісін көрсететін аға жүрген жерінің, отырған ортасының сәні еді.
Кешегі Біржан Сал мен Ақанның серілігі бойына қонған азамат кішіпейілдіктің, ағалық
қамқорлықтың, інілік ізеттің үзілмес үрдісін жалғастырушытын. Мен-мендігі жоқ,
қарапайымдылығы қанында бар аға қазақылықтың қалпын сақтай, дала дархандығын
бойына дарытқан жан болатын.
Білім беру саласына өлшеусіз үлес қосқан Ерекең Ақтүбек негізгі және орта мектебінің
директоры, Талдыбұлақ негізгі және орта мектебінің директоры қызметтерін атқарды.
Көп жылдары жинаған тәжірибесінің арқасында екі мектептің де орта мектеп болып
өзгеруіне ықпал етіп, атсалысты. 2011 жылы Талдыбұлақ ауылында жаңадан мектеп
салынып, соның ашылуына көп еңбек сіңірді. Білім саласындағы атқарған қызметі
бағаланып, марапаттарға ие болды. Барлық ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған азамат
ардақты әке атанып, ұл-қызының тәрбиелі болуына атсалысты. Жары Күлшат екеуі
ұлықты ұл, қылықты қыз өсірді. Бүгінде балалары Қарлығаш, Қаламқас, Ғабдулла, Азамат,
Бекболат, Арайлым үйлі-баранды болып, өз жолдарын тауып, еңбек етуде.
Еліне еңбегін сіңген азамат өмірден озғанымен ол туралы жақсы пікір мен естеліктер
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жаңғыра бермек. Бекзат болмысты жанның шапағатты
ғұмыры әр кезеңде өзінің өміршеңдігін көрсете бермек.
Салтанат Аманқызы
ДОСҚА СЫР
Қайран
Ерен!!!
Өмірден
өзің өтіп, көз
а л д ы м д а
көлбеңдеген бейнең
қалғанымен
мен
үшін сен мәңгі
тірісің. Балалықтың
базарлы
шағын
бірге
өткізген,
бозбалалықтың
балғын дәмін бірге
татысып, жігіттіктің
желең
шағынан
бірге
өткерген
сенің орының мен үшін бөлек.
Ескененің баурайында іңгалап өмірге қатар келген екеуміз нағыз бақытты кезеңді бастан өткерген бақытты жандармыз. Алаңсыз балалық шақтың қызығын бірге бөлістік.
«Жақсы әке балаға 40 жыл азық»-демекші біздер колхоздың басқармасы болған қос
әкенің соңынан ерген, әке шарапатын көрген, еркін өскен ұлдармыз. Сарысу мен
Құдайменденің тулаған балығын сүзіп, алаңсыз асырсалып, нанға тойған балалармыз.
Біз үлкендердің батасымен ержеттік, есейдік. Сол кездегі дала филосовтары қазыналы
қарттардың тұмадай тұнық, тұщымды әңгімесінен сусындадық. Мейірім шапағаты нұр
жүзінен төгілген, еңбекқор, қулық-сұмдықты білмейтін мейірбан аналарымыздың аялы
алақанынан нәр алдық. Солардың күні-түні еңбек еткенін көріп, Отанды, елді, жерді
сүйіп, оны өркендетуге жанқиярлықпен атсалысқанын көріп, патриоттық рухты
бойымызға сіңірдік. Бір-бірін жатсынбай, бір қолдың саласындай болып, барды бөліп
жеген Ескене ауылының тәлім мен тәрбиесін алған біздер еңбек етуді, ұлтын сүюді
бала жастан бойымызға сіңірдік.
Достыққа адал досым ай! Өзің үнемі айтатын:
Әбүйірхан!
Өмірде
түзу
қартайайық,
соңымыздағы ұрпақтарға үлгі болайық!-дейтін
қасиетке құрылған шеңберден аспай, адамгершілік пен ар ожданды ту етіп өмірден өттің.
Балалығымыз, қисық қыңыр мінезімізді Жұмкен апамыз ақылмен айтып, тезге салып,
білдірмей сылып тастайтын еді. Ауыл мектебін бірнеше жыл басқарған Жұмекеңнің
тәлім- тәрбиесін оқымысты-даналар да бере алмайтынына көзіміз әлдеқашан жеткен болатын. Сенің ақкөңіл, досқа адалдығың, отырған жерді қызыққа кенелтетін құдыретіңе
сүйсінбейтін ауылдастарың жоқ ау сірә. Қай ортаға түссең де биязы мінезің, ілтипатың
мен ілкімді ой-өрісің сені даралап, ел алдына шығаратын. Ұядағы көрген, отбасыңнан
алған тәлім мен тәрбиең сені адами құндылықтармен толықтырып, биік шыңға шығарды.
Сол қасиеттердің арқасында қамқор әпкені саялап, инабатты, ибалы қарындастарға,
ізетті інілерге абзал аға болуға жарадық. Біз оларды, олар бізді мақтан етті. Елмен
етене араласып, кездескен мәселелерді қатар шешуге атсалыстық. Кіндік қанымыз
тамған туған жерге деген құрмет ата-бабадан бойымызға сіңсе соның шарапатын
ұрпаққа сіңіруге атсалыстық.
Жүрегі жақсылыққа толы жампозым! Сенің орының мына дүние-дүрмекте де, менің
алақандай жүрегімде де үңірейіп бос тұр. Оны ешкім де, еш пенде де толтыра алмайды.
Бір өзеннің екі аңғарындай, еменнің қос бұтағындай, қыранның қос қанатындай қатар
самғаған өміріміздің бір саласының тоқтағанына, сені досыңның жоқтағанына жыл
болды. Сен есіме түскен сайын жылқыауылдың қосындағы қызыққа толы күндер, асау
мен алысып, қылқұйрықты тұқырта мінген балалық шағым, еңбек есейткен еселі жылдарым, елуді еңсеріп, ел ағасы атанған сәттерім көз алдымнан көше береді-көше береді.
Сол көште ашық-жарқын, аңқылдаған қалпың өзің жүресің. Тура күні кешегідей ...
Сенің жоқ екенің ақиқатқа айналғанымен менің жанымда сенің рухың асқақ, өзің тірісің.
Сенің аңқылдаған ақ көңілің мен тартымды бейнең жүрегімде мәңгі сақталмақ. Бақұл
бол аңғал досым.
Ә.Төлеуұлы, «Ескене» ШҚ иесі
16 маусым 2018 жыл
6
ЕСКЕ АЛу
Қараағаш ауылының тумасы,Жаңаарқа
ауданының
тұрғыны
болған, қимас бауыр,
ардақты аға, адал жар,
асқартау әке Үздікбаев
Әбілқасымның
(Кәкім) арамыздан алыстап, бабалар көшіне
ілесіп, қайтпас сапарға
аттанғанына
да
ай
толды.
Ізетті
іні,
қадірменді аға, қамқор
әке болған азаматтың
өмірден
өткеніне
көңіліміз сенер емес. Күні кешегідей қайта
қауышармыз деген үмітіміз ақталар емес. Тұрлаусыз
дүниеден мәңгілік мекеніне аттанған ағамыздың жаны
жәннәтта тәні рахатта болсын дейміз.
Ағам едің дара шың,
Көзден ұзап барасың.
Кете бердің мұңайтып
Әулие Жартас жотасын.
Сағымдайын самал боп,
Ұзай бердің амал жоқ.
Көз жазсамда жүзіңнен
Көңілімнен табам көп.
Жүрегіме батты шын,
Ағатайым ақылшым.
Жаның болсын жәннәтта,
Дұға боп жырым оқылсын.
Қалды артыңда босағаң,
Көңіл осы босаған.
Иман болсын серігің,
Қош бол енді, Қош ағам!
Сағына еске алушылар:аға-жеңгесі Әнет-Қалипа,
жұбайы-Айтжамал, қарындасы-Гүлзат, балаларыЕржан, Нұржан, Қымбат
Әбілқасымның өмірден өткеніне 40 күн тотолуына орай 23-маусым күні сағат 13.00-де
Жаңаарқа
ауданындағы
«Алтын
арқа»
дәмханасында құран бағышталып, дәм беріледі
ЕСКЕ АЛу
Аудан
орталығындағы
В.И.Ленин атындағы орта
мектебіне 1968 оқуға келіп,
білім
бастауынан
сусындағын оқушылар 1978
жылы 10 «В» сыныбынан
алтын ұя мектептерін 30
оқушы қимай қоштасып,
қияға қанат қақты. Содан
бергі өткен аралықта сыныптастарымыз
өмір
ағысымен
түрлі
салада
еңбек етіп, шаңырақ көтеріп,
бақытты ғұмыр кешуде. Ел ағасы елу жасты еңсеріп, алпысқа аяқ басқан сыныптастарымыз биылғы жылы мектеп
бітіргенімізге 40 жыл толғанын атап өтіп, кездесуге асығудамыз. Тағдырдың жазуымен балалық шағымызды бірге
өткерген мектептегі ұмытылмас сәттердің куәсі болған сыныптас-достарымыздың өмірден өтіп, арамызда болмағаны
өкінішті.
Олар: Көшмағанбетов Бақтыбай Диханбайұлы , Беріков Байтуған Далабайұлы, Успаев Серік Асқарұлы,
Қайыров Аманжан Қайырұлы, Жұмаділдин Талғат Шәкірұлы, Бөгенбаев Рамазан Диханбайұлы , Орманова
Нәсіптің бақилық болып, мәңгілік ұйқыға кеткендеріне де міне жылыстап жылдар өтуде. Мектепті бірге
бітірмегенімен бірге оқыған Бекежанов Қали Әбдіұлы, Әлкеева Жұмакүл, Имашев Уахит Балтабайұлы.
Біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз аяулы сыныптас достарым.
Сол бір шақтар мектептегі ұмтылмайтын сәттерін,
Қолға алып, тілек жаздық, сыр сандықтың дәптерін.
Оқу-білім ордасынан, білім беріп мектебім,
Ұшырғантын қарлығашын, арман қуған кептерін.
Бастан кешіп тағдырлардың сыйға тартқан шешімін,
Өтті жылдар, көрдік достың таусылғанын несібін.
Дұға арнадық жәннат болсын жатқан жерің достарым,
Мамық болып тербетсінші енді жердей бесігің.
Сағына еске алушылар : В.И.Ленин атындағы орта мектебінің 1978 жылығы түлектері 10 «В» сынып оқушылары
ЕСКЕ АЛу
Ескене ауылының тумасы, Талдыбұлақ орта мектебін ұзақ
жылдар басқарған, ұлағатты ұстаз, ардақты аға, ізетті іні,
қимас бауыр, ардақты әке Әбдікәрімов Еренғайыптың
өмірден өткеніне жыл толды. Ағайын арасының
ақылшысы, дос-жаранға сыйлы, бауырларына қамқор,
балаларына сүйеніш болған ардақты жанның арамызда
болмауы қабырғамызды қайыстырып, жанымызға
батқанымен Алланың ісіне не шара. Ел ағасы болған әкеміз
білім беру саласына өлшеусіз еңбек сіңірген жан еді.
Мұң сыйлады мына күн, жанымызды жаралап,
Бауыр едіңіз Сіз адал, мақтан еткен сағалап.
Ізетті болып ағаға, қамқор едіңіз ініге,
Жақсылығыңызды сезініп, жүруші едік ағалап.
Білікті едіңіз кемеңгер өз ісінің шебері,
Пешенесіне жазғанын пенде шіркін көреді.
Жалғар әке әр ісін ұрпағыңыз саналы
Үлгі әркез біздерге әр ісіңіз өрелі
Сағына еске алушылар: бауырлары, балалары, немерелері
Әкеміздің өмірден озғанына жыл толуына орай 23-маусым күні сағат 13.00 де
Ескене ауылында құран бағышталып құдайы дәм беріледі
ЕСКЕ АЛу
ЕСКЕ АЛу
Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин ауылының тумасы,
ардақты әке, асыл жар, қамқор бауыр, ақкөңіл көпшіл жан
Көпеев Талғат Мақсұтұлының өмірден озғанына 1 жыл
толып отыр.
Жүруші ең маңайыңды жарық қылып,
Мезгілсіз кеткенің бе зарықтырып.
Жыл өтті нұр жүзіңді көрмегелі,
Мәңгілік мекеніңді бағыт қылып.
Азамат ең, еліңе керек едің,
Білімді едің, елгезек зерек едің.
Әулеттің ардақтаған тұңғышы едің,
Шаңырақтың тірегі сенері едің.
Еске аламыз, сағынышпен өтемін,
Көндік қой, біздер өзіңсіз өмір не екенін.
Жатқан жерің жарық болсын ардақтым,
Иманды бол, пейіш болсын мекенің.
Сағына еске алушылар: жары-Бибіайша, ұлы-Ғабит, бауырлары мен келіндеріҚанат-Ләззат, Жанат-Гүлнар, Рамазан-Сәуле, Айназар-Әсем, Көпеевтер әулеті
23-маусым күні Сәкен ауылының “Ақ босаға” тойханасында сағат 12.00-де ауыл
тұрғындарына, 15.00-де сырттан келгендерге құдайы дәм беріліп,
құран бағышталады
Биыл Жаңаарқа ауданындағы В.И.Ленин атындағы орта мектебінің 1988 жылғы түлектері
мектептен түлеп ұшқанымызға 30 жыл толып отыр. Қандай жылдам уақыт... Бір жағынан
алып қарасаң кеше ғана бір жанұяның баласындай мектепте жүріп едік. Ал қазір бәріміз
бір-бір жанұяның отағасы, отанасы болып отырмыз. Осыған қарап отырып, уақыттың
қалай жылдам өткеніне таң қаламыз. Сүйікті мектебімізді, ұстаздарымызды, сағына еске
аламыз. Мектеп барлық баланың білімге деген құштарлығының бастауы. Сондықтан
әркімнің өзінің оқыған мектебі жүрегіне жақын, әрі ыстық. Он жыл бірге оқып,
балалықтың бал дәуренін бірге кешкен сыныптас достарымыздың кейбіреулері о дүниелік
болып кетті. Оларды сағына еске аламыз. Барлығы да жандары таза, жүректері адал жандар еді. Олар: Мұқашев Өміржан, Жәкенов Мейіржан, Тамабеков Шекерғали, Ахметбеков Мереке, Ахметов Абзал, Досанова Ботакөз болатын. Сендердің жарқын
бейнелерің біздің жүрегімізден ешқашан өшпейді. Жатқан жерлерің жайлы, топырақтарың
торқа болсын дей отырып, мына өлен жолдарын арнаймыз.
Сағынышпен бейнелерің тұр есте,
Мәңгілікке кеттіңдер сағындырып,
Уақыт шіркін зымырайды емес пе.
Өмір заңы кетті ғой бағындырып.
Көп жыл болды арамыздан кеткелі,
Көп жылдар өздеріңсіз өтсе дағы,
Елжіреумен еске аламыз сендерді.
Елестейді бейнелерің сағым болып.
Сағына еске алушылар: В.И.Ленин атындағы
қазақ орта мектебінің 1988 жылы бітірген 10 «А» сынып түлектері
ЕСКЕ АЛу
Ауданымыздың тұрғыны, №56 разъездің тумасы,
отбасының тірегі, қамқор жар, ардақты әке, сүйікті атамыз Бақырбаев Базардың (Кәкен) келместің кемесіне
мініп, бабалр көшіне ілескеніне міне ай болды.
Ақылдың кені, қамқор да қорғаушы панамыздың орны
төрімізде ойсырап тұр. Ұл-қызының қызығын көріп,
немере-шөбере сүйген әкеміз өте кішіпейіл жан еді.
Сағынышқа айналған әке мейірімі мен ақыл кеңесі,
мейрімді жүзі санамыздан өшпейді. Әкеміздің әр ісі
ұрпақтарына үлгі өнеге. Алла Сізге жұмақ бағын
бұйыртсын.
Аялап бізді, ұшырып өзің баптадың,
Дара қалпыңды мейрімге толы сақтадың.
Жанымда мәңгі жүретін едің қорған боп,
Сағымға ұқсап жоқ болдың әке, таппадым.
Ақылың терең, дәрия едің, қорғаным,
Ұл-қызың бағың, жайқалған жасыл орманың.
Алыстап бізден, көзімнен таса болдың да
Қонағы болып кете бардың жалғанның.
Сағына есек алушы: жұбайы-Майра, балалары –Тілек, Айгүл, Жібек-Аманғали,
Гүлбаршын-Айжарқын, Аян-Рамазан, Оразалы-Айша, Баян-Аман, Зейнеп-Сырым,
Медет-Гүлсім, немере-жиендері
Әкеміздің қайтыс болғанына 40 күн толуына орай 22-маусым күні сағат
14.00-де «Жаңаарқа» тойханасында құран бағышталып, дәм беріледі
ЕСКЕ АЛу
Ескене ауылының тумасы, құлын-тайдай тебісіп өскен
сыныптас досымыз Ақылбеков Азамат Бергенұлы
2002-жылы кенеттен көз жұмып, ортамыздан мәңгілікке
кеткен еді. Азамат ол кезде небәрі 24 жаста еді. Тірі
болғанда 25-маусым күні 40-жасқа толатын еді. Алланың
жазуына не шара. Аңқылдаған ақкөңіл достарымыз Азамат пен Серіктен бірінен соң бірінен айырылып ортамыз
ойсырап қалды.
Бабалардың мәңгілік көшіне ілесіп кеткен достарымызға
топырақтарың торқа, жатқан жерлерің жайлы, рухтарың
шырайлы болсын деп дұға тілейміз.
Бұлыңғыр болып айналдыңдар да елеске
Кетіп қалдыңдар мәңгілік мекен келмеске.
Қимастық пенен сағыныш толы сезіммен
Достарың сені алады бүгін тағы еске.
Көре алмай бұл өмірдің көп қызығын
Сезе алмай жастық шақтың тәттілігін
Жасындай жарқ еттің де жоқ болдың ғой
Әттең-ай қысқа болды-ау от-ғұмырың
Еске алушылар: сыныптас достары
ЕСКЕ АЛу
Ескене ауылының тумасы ардақты бауырымыз
Серіков Мақсат Абдулхамитұлының бұл өмірден
кеткеніне 24-маусым күні 40 күн толып отыр.
Бауырымыздың маңдайына жасындай жарқ етіп өте
шығар қысқа ғана ғұмыр жазылған екен. Сыр тұнған
екі көзі ботадай мөлдіреп- ақ тұрушы еді. Сол әдемі
көздерін мәңгілікке жұмып, мәңгі ұйқыға кете барды.
Небәрі 26 жыл ғана ортамызда болған бауырымызға
Алладан рахым, Пайғамбардан шапағат тілейміз.
Бақұл бол, балапаным! Аллам бір өзі саған мейірім
шапағатын төгіп, жаныңды мәңгілік пейіште
шалқытсын.
Мақсат бауырымызға арнау
Бұйрық боп көкте тәңірден
Өттің ғой бауырым өмірден.
Кетсең де көзден ғайып боп
Кетпедің бір сәт көңілден.
Айта алмай жанға сыр ашып,
Жүруші ең құлыным мұң басып.
Ботадай мөлдір жанарың
Тұрмайды-ау енді нұр шашып.
Алаңсыз күннің бірінде
Қапыда қалдық көз жазып.
Әкеміз жүр ғой құлазып
Анамыз қалды құр азып
Аруанадай таппай жүр
Ботасын кеткен қыр асып.
Көтерген көкке ту басын
Іздейді сендей тумасын
Аға әпкелерің жоқтауда
Қайтейік бірге туғансын.
Шоғына оттың күйдіріп
Қатарың қалды-ау селдіреп.
Достарың жүр ғой «Аһ» ұрып
Езіліп іштей елжіреп.
Көңілден бір сәт кетпедің
Арман боп қалды-ау өткенің.
Жас шыбықтай қиылып
27-ге де жетпедің.
Сездің бе ботам осы жыл
Соңғы көктемің екенін
Сұм ажал адам талғамай
Ортадан сені алғаны-ай
Жылда келер туған күн
Аталмай қалды-ау жалған ай
Естірткен бауыр қазасын
Кім емдер жүрек жарасын
Қиянат саған қылғанның
Бір Алла берсін жазасын
Қайтеміз сабыр етемін
Нұрлансың қабір-мекенің
Білдіріп кеттің бауырдың
Қадірлі сондай екенін.
Еске алушылар: ата-анасы Қапыз-Мағаш, Тілектес-Ләззат, аға-жеңгелері: АрманДариға, Тілеген-Гүлнұр, Рауан, Асылхан-Элмира, апа-жезделері: Гүлден-Ерғазы,
Самал-Әміре, Әсем-Қуандық, Әсел-Илияс, інісі Ерлік және туған-туыстары, жиендері
Бауырымыздың қайтқанына 40-күн толуына орай Ескене ауылының “Ақниет”
дәмханасында 24-маусым күні, сағат 13.00-де құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
7
ЕСКЕ АЛу
16 маусым 2018 жыл
Ақтау аулының Ақмая жерінде дүниеге
келген әкеміз Нұршин Әбдірахман
Аманбайұлы еліне еңбегі сіңген, халқына
ардақты жан еді. Жаңаарқа аудандық газетінде баспаханашы, кейін жауапты редактор болып қызмет атқарған азамат Шет
ауданының “Социалистік табыс”, “Шет
шұғыласы” баспаларының жарық көруіне
көп еңбек сіңірген. Шет ауданында 13 жыл
аудандық газеттің бас редакторы қызметін
атқарған. Кеңес дәуірі кезінде аудандық
партия комитетінің мүшесі болған. “Ленин”
колхозының басшысы, Ескене, Ынтымақ,
Киров ауылдарының үстінен қарайтын уәкіл болып тағайындалып, 1964 жылы Ақтау совхозы құрылған жылдары орталық азық-түлік қойма меңгерушісі, аудандық “Жолдастық
соттың” торағасы қызметтерін атқарған.
Ел алдындағы қызметін жауапкершілікпен адал атқарған әкеміздің еңбегін жемісті де,
жеңісті деп баға береді халқы. Халқының алғысына бөленген әкемізді көзі көрген жандар
қатары қалмағанымен, еңбегін ескерген ұрпақтары бар.
“Өлі разы болмай, тірі байымас” дегенді ескере отырып әкеміз Аманбайбаласы
Әбдірахманға 33 жыл, әжеміз Айсабекқызы Гүлсімге 35 жыл және анамыз
Бейсенбекқызы Алтынсараға 37 жыл толып отыр.
Ас берушілер: балалары-Болат-Төкенай, Марат-Гүлбақыт, Гүлмира, Жанай,
Ерғұлан-Алмагүл, Батырлан-Жаннұр
29-маусым күні сағат 14.00-де “Сәт “мейрамханасында ардақты жандарға арналып
құдайы дәм беріліп, құран бағышталады. Құдайы асқа барлық туған-туыс, ағайын,
құда-жекжатты, әкемізді естіп-білген жандарлы шақырамыз
Голубева Людмила Ивановна
11 июня 2018 года ушла из жизни почетный связист РК Голубева Людмила Ивановна.
Она родилась 1941 году в селе Сиваш Снежного района Петрозаводской области РСФСР.
Она имела специальность плановик – экономист. Окончила Алматинский техникум электросвязи. В 1953-1973 годах работала почтальоном, ответственным дежурным, начальником почтового вагона, оператором связи, экономистом, заместителем начальника
Жанааркинского районного узла связи. В 1973-1981 годах работала начальником узла
связи нашего района, и до ухода на заслуженный отдых работала инженером районного
узла связи.
Где бы она не работала всегда показывала трудолюбие, профессионализм в области связи,
проявляла внимание и уважение к людям, за что Людмила Ивановна пользовалась авторитетом среди жителей района.
Голубева Л.И. за плодотворную трудовую деятельность была награждена двумя медалями, почетными грамотами министерство транспорта и телекоммуникаций, районного и
областного партийно-советских органов.
Светлая память о ней навсегда останется в наших сердцах.
Ю.Беккожин, К.Имантусупов, К.Кожыкаев, Б.Муканов, Х.Сатжанов, Г.Тотеев, А.Абдигожин, Р.Тусупов, А.Жылкыбаев, Л.Посохина, З.Ендаманов
Көңіл айту
Аудан әкім аппараты мен аудандық мәслихат аппараты аудандық мәслихат хатшысы
Имантүсіпов Қуат Анасұлына ағасы Имантүсіпов Манаптың қайтыс болуына байланысты
қайғысына ортақтасып көңіл айтады
***
***
***
***
***
***
***
***
***
Аудан әкім аппараты мен аудандық мәслихат аппараты еңбек ардагерлері Құрмашов Болсын мен Рамазанға әпкелері Тұрсын Құрмашқызының қайтыс болуына байланысты
қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
Аудан әкім аппараты мен аудандық мәслихат аппараты зейнетақы төлеу орталығының басшысы Әсем Құсайынқызына әкесі Құсайынның қайтыс болуына байланысты қайғысына
ортақтасып көңіл айтады
Аудандық білім бөлімі, білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және Бидайық жалпы
орта білім беретін мектебінің ұжымы осы мектепің мұғалімі Сүйіндіков Алпысбайға
ағасының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
Жарамсыз деп танылсын
Абдығазиев Балғатайдың атына 2007 жылы берілген №2141 жылжымайтын мүлікке
легализация шешімі мен 2007 жылы берілген №Б/Н қабылдап алу актісі жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
***
***
***
Акт приемки выданный 03.06.2007 года, постановление №714 от 03.06.2007 года, решение
№7775 районной комиссии по легализации недвижимого имущества выданный 16.06.2007
года на имя Абдрахманова Файзуллы в связи с утерей считать недействительными
Аса қауіпті зиянкес итальян шегірткесінің
таралуына қарсы жұмыстар жүргізілді
ҚР АШМ АӨК МИК «РФД ж БӘО» РММ мамандарының 2017 жылы зерттеу нәтижелері
ойдағыдай өтіп 2018 жылға жасалған болжамдар жөнінде хабардар етеміз.
2017 жылы аса қауіпті зиянкестер бойынша итальяндық прустың дернәсілдеріне көктемгіжазғы зерттеулер жоспар бойынша 231000га жерлерге жүргізіледі, оның ішінде
қоныстанғаны 91150 га алқаптарда тараса, өңдеуге жататын ЭЗШ асқан 41940 га
алқаптарда химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Экономикалық тиімділігі 94 %
құрады. Қолданылған препараттар Даклаприд, Димирон, Комбат.
Миграция уақытында байқалғаны жел бағыты оңтүстіктен солтүстікке шығысқа қарай
соғып тұрды. Жел бағытымен ұшқан шегірткелер Кенжебай-Самай- Қаражал-Байғүл-Целинный ауылдық округ бағыты мен Ералиев-Актүбек-Қараағаш ауылдық округ жерлерінде шағылысып жұмыртқалау кезеңдерінде өмірін тоқтатқанша тұрақталды. Жеке дара
мезгілінде жүрген шегірткелер Байдалы би, Айнабұлақ ауылдық округтері аумақтарында
тұрақталды. Мониторингтік зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша 2018 жылғы
Экономикалық зиянкестік шегінен асқан 43000 га алқаптары тіркеліп отыр. Сондықтан
осы жылы аудан бойынша 43000 га жерлерде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп
болжануда. Аса көп тараған ауылдық округтар Қараағаш а/о-7040 га, Түгіскен а/о-6480га,
Ералиев а/о -3680 га, Целинный а/о-4180 га. Өсімдік қорғау ілімін насихаттау бағытында,
ауыл шаруашылық құрылымдары мүшелерімен корреспонденттік топтармен бірлесіп, мониторингтік зерттеу жүргізу барысында әңгімелер өткізіп, баспасөз беттерінде мақала
арқылы таныстыру ретінде жариялаймыз. Бұл аса қауіпті зиянкестің алдын алу үшін
біржақты жұмыла жұмыс атқарамыз деп сенеміз.
Д. Ахметов, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Жеңісің құтты болсын Абылай
Бәрекелді!!!
4-маусым күні Жезқазған қаласында “Ұлы дала
мұрагерлері” форумы аясында Халықаралық,
республикалық олимпиадаларының, ғылыми жобалар
жеңімпаздары, спорт саласының үздіктері мен
жеңімпаздары бас қосты.
Осы форумға біздің ауданнан Ю.Гагарин атындағы
ЖОББ мектебінің 11 сынып оқушысы Есенбаев Абылай Дарханұлы қатысып, облыс әкімінің 100 000
теңгелік сертификатын иеленді.
Абылайды осы марапатымен құттықтап, алда тек
қана биіктерден көріне бер деп тілейміз.
А.А.Құлқаева,
Ю.Гагарин атындағы ЖОББ
мектебінің әлеуметтік педагогы
Бізге 1 жыл!
Атасу кеңсесін туған күнімен құттықтаймыз!
Құрылғандарына 1 жыл болған Атасу кентіндегі АКФ банк қызметкерлері Жанаарқа
ауданының халқына қаржылай қолдау танытып, несиемен қамтамасыз етуде.
АКФ банк қызметкерлері Сізге керек несиелік
өнімдер туралы кеңес беріп, сіздің
шаруашылғыңыз/бизнесіңізді жүргізу бойынша ақпаратпен бөлісуге әрдайым дайын.
Банк жеке немесе топта берілуі мүмкін кепілсіз және кепілді несие өнімдерінің
көптеген түрлерін ұсынады.
АКФ банкінде бизнесті дамытуға және кеңейтуге, коммерциялық және жылжымайтын
мүлікті
жөндеуге,
ауыл
шаруашылығын
қолдауға және басқа
да
тұтынушылық
мақсаттарға несиелер беріледі.
Несиелердің
артықшылықтары:
•Комиссиялық
ұсталымсыз
•Жеке икемді өтеу
кестесі
•Бұрыннан келе жаткан клиенттер үшін
п а й ы з д ы қ
мөлшерлемелерді
төмендету
•Кепілді несиелеу
кезіндегі несиелік
желіні ашу
Біздің клиенттеріміз Бөгенбаев Тілектес Диханбайұлы: Мен АКФ-тен несие алдым.
Банк қызметкерлеріне алғыс айтамын. Өте сыпайы, барлық іс-әрекеттері дәлме-дәл,
барлығы айтқан уақытында болды. Әсіресе А.Аменова, Амангелді Нұрсұлтандарға
өте көп рахмет.
Мұқашев Оразхан Айткожаұлы: Мен АКФ-тан несие алдым. Несие құжаттарын
қабылдап отырған қызметкерлер тұтынушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білетіндіктерін көрсетті.
Біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға келесі мекенжай бойынша жауап беруге әзірміз.
Мекен жайымыз: Жанаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік көшесі 5/1(“Нұр Отан”
ғимаратының арты), телефон: 8 (71030) 2 80 47.
Біздің сайт: www.asiancreditfund.com, https://www.facebook.com/asiancreditfund/, Email: [email protected]
Жаңаарқа ауданының құрметті тұрғындары!
Атасу бөлімі АЗИЯЛЫҚ НЕСИЕ ҚОРЫ
топтық және жеке несиелер ұсынады
Егер сіздер мал өсірумен, саудамен, өндіріспен,
қызмет көрсетумен және басқа да өндірістік
қызметпен айналысатын болсаңыз, сіздерге екі
түрлі несилер ұсынамыз:
−Топтық несие (топ құрамы 3 адамнан 10 адамға
дейін), әр адамға 30 000 теңгеден бастап 500 000
теңгеге дейін несие беріледі;
−Жеке кепілсіз несие – 100 000 теңгеден бастап 1 500 000 теңгеге дейін;
−Жеке, кепілмен несие - 19 000 000 теңгеге дейін.
АНҚ несиесінің артықшылықтары:
•Несиелер комиссиялық ұсталымсыз беріледі;
•Ауыл және тұрмыстық шаруашылықты жүргізу және бизнес бойынша ақысыз
кеңестер береміз;
•Әр-түрлі мақсаттарға арналған несиелер береміз.
Біздің мекен-жайымыз: п.Атасу, Тәуелсіздік көшесі, 5 үй\1 (ЕНПФ ғимараты).
Байланыс телефондары: тел. 8 (710-30) 2-80-47, Жансая +7 777 950 15 52,
87712665700.
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРАЛИНА САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, балаларының ардақты
әкесі, құдағиымызға қамқор жар, немерелерінің сүйікті
атасы, сыйлас та қадірлі құдамыз Ержанов Серік
Ерубайұлын Пайғамбар жасы 63 жасқа толған туған
күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Құдамызға зор
денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен
бақыт, шаңырағына шаттық тілей отырып, бақ-дәулетің арта
берсін дейміз. Балаларың мен немерелеріңнің қызығын
көріп, үлкен бәйтеректей жапырағың жайқала берсін!
Жасыңа жас қосылып, еңбегіңнің жемісін көріп,
отбасыңның тірегі, балаларыңның ақылшысы болып, сыйлы
ортада мәртебең биіктей берсін.
Құтты болсын 63 деген жасыңыз,
Жақсылықпен қуаныштан тасыңыз.
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Әлі талай асулардан асыңыз.
Ізгі тілекпен: құда-құдағиы-Наурызбай-Раушан
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қараағаш ауылының тұрғыны, бар ғұмырын орман
шаруашылығына арнаған, 40 жылдан астам табиғатты
қорғау саласында еңбек еткен, асқар таудай әкеміз,
анамызға арқа сүйер жар, немерелеріне ардақты ата Омаров
Қуантай Ақтайұлын 15-маусым күні 60 жас мерейтойымен
құттықтаймыз. Әкемізге зор денсаулық, шаңырағына
шаттық пен бақыт тілейміз. Жүзіңізден шуақ кетпей,
қуанышқа кенеліп, балаларыңыздың, немерелерініздің
қызығына тоймай мәнді де, сәнді ғұмыр кешіңіз.
Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты болып, шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асуына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.
Жаймашуақ нұрға толсын жүзіңіз,
Жарқыраңыз, күндей болып күліңіз.
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз.
Ізгі тілекпен: жұбайы-Гүлдан, балалары-Рахымтай-Назым, Амантай, немерелеріМұхамеджан, Жансерік, Дәрия
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Құрметті Омаров Қуантай Ақтайұлы!
Сізді ыстық ықыласпен ақсақалдықтың алды атанған
асқаралы 60 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен
құттықтаймын!
Сіз өміріңіздің саналы кезеңін қоршаған ортаны қорғау
сынды аса үлкен қамқорлықпен қадағалауды талап ететін
орман шаруашылығы саласында еңбек еттіңіз. Орман
шаруашылығы саласындағы еңбектеріңіз ауыз толтырып
айтуға болады. Оның ішінде табиғатымыздың төл
байлықтарын өсірумен қолдауға, орманды өрттен қорғауға
қосқан үлесіңіз қомақты.
Осы бір атаулы мерейтойыңызда Сізге зор денсаулық, ұзақ
ғұмыр және қажымас қайрат тілеймін.
Шаңырағыңыздан шаттық, босағаңыздан қызық қуаныш
кетпесін.
Ізгі тілекпен: Қ.А.Имантүсіпов, аудандық мәслихат хатшысы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жаңаарқа ауданың тумасы, бірімізге аяулы қарындас,
Мағзумова
Мәрия
бірімізге
ақылшы
әпке
Рашитқызының ауданымыздағы В.И.Ленин атындағы
мектепті бітіргеніне міне 50 жыл болды. Қашаннан бауырмал, ақылшы болған әпкеміз Ысқақ Төлеуұлымен
отау құрып, қызмет бабымен Ақадыр ауданына қоныс
аударып, сонда қызмет етті. Ақадыр ауданының сауда
саласында еңбек етіп, ауданның өркендеуіне атсалысқан
Ысқақ Төлеуұлы бүгінде арамызда жоқ. Алла жанын
жәннатта етсін.
Құрметті Мәрия Рашитқызы! Туған жердің төсінен
түлеп ұшып, биіктерді бағындырып, сүйікті жар, аяулы
ана, ақылман әже атандыңыз. Міне, кешегі өзіңіздің
балалық шағыңыз өткен алтын ұя мектебіңізбен
қоштасқаныңызға жарты ғасыр уақыт толды. Үнемі елдің қамын жасайтын елгезек, бауырмал қалпыңыздан таймай немере-шөберелердің қызығына тоймай ұзақ ғұмыр
жасаңыз.
Біз тілейміз бақыт, шаттық, қуаныш,
Тәлім алған мектеп атты ұяда,
Ұл-қызыңыз бақытыңыз жұбаныш.
50 жыл бұрын қанат қаққан қияға.
Құтты болсын мерейтойың бауырым, Арамызда ақылшы боп жүріңіз,
Ортақ болып, жиындарға қуаныш.
Кездесуге келген алтын ұяңа.
Ізгі тілекпен: аға-жеңгесі- Рақыжан-Ақмарал, іні-келіні Ақыжан-Сая, күйеубалақызы Жұбаныш- Ерсінай
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1618 дана
Тапсырыс №25
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
43
Размер файла
7 262 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа