close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 5 Жанаарка газеті (1)

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
[email protected]
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
№5 (9794), 28 қаңтар, 2017 жыл
ҚР Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу
мәселелері жөніндегі
үНДеуі
Құрметті қазақстандықтар! Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы
мəселені ұсынбақпын. Бұл – Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу. Біздің алдымызда
билік тармақ тарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр. Қазір заманның дидары өзгерді.
Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті, мемлекеттің бас қару жүйесін де жаңғыртатын кез келді.
Мен елдің мүддесі мен заман ның талабын, ұрпақтың бола шағын ойлай отырып осындай байлам жасадым. Арнайы құрылған жұмыс тобы атқарылған істерді баяндады. Реформа екі негізгі
бағыт бо йынша іске асады.
Біріншіден, Президенттің əлеуметтік-экономикалық про цестерді реттеудегі біршама өкі лет
тіктерін Үкіметке жəне басқа да атқарушы органдарға берген жөн. Сонда бұл салаға Үкімет,
министр ліктер жəне əкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Өкілеттіктерді беру тиісті
заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Бұл өзгерістерді Үкімет қазіргі сессияның аяғына дейін
Парламентке енгізуі тиіс.
Екіншіден, одан да күрделі міндет – билік тармақтары ара сын дағы қарым-қатынасты
конституциялық деңгейде теңгерімді ету. Осы реформаның аясында Үкіметті жасақтаудағы
Парла менттің рөлін күшейтеміз. Парламент сайлауында жең ген партия Үкімет құрамын анық
тауға түбегейлі ықпал ете тін болады. Бұл Министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы
жауапкершілігін арттырады. Тиісінше, биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке
бақы лауын кү шей теді. Айтылған екі бағыттың қай-қайсысы да жауапкер шілік пен
кəсібилікті арттыру арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін күшейтеді. Жұмыс тобы барлық
сұрақ тарды жан-жақты зерттеп, қо ғамдық талқылауға шығару үшін ұсыныстар жиынтығын
əзірлеуі қажет.
Құрметті қазақстандықтар! Мен сіздерге еліміз үшін қағидатты мəселе бойынша қайырылып
отырмын. Бұл – мемлекеттік билік тар мақ тарының арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу.
Менің өкіміммен арнайы Жұмыс тобы құрылды. Олар жаман жұмыс істеген жоқ. Мен топтың
жұмысы туралы есепті тыңдадым. Алдағы реформа біздің дамуымыздың қисыны мен тұтастай
қазіргі заманғы даму қисынына арқа сүйейді. Негізгі мəні – Президент өзінің бірқатар
өкілеттігін Парламент пен Үкіметке береді. Күшті президенттік вертикаль бізге мемлекет
қалыптастырудағы орасан қиын дық тарды еңсеру барысында қажет болды. Бұл уақытында
өзін ақтады. Біздің барлық жетістіктеріміз дəл осы жүйе кезінде жүзеге асырылды. Бұл реформа басқару жүйесінің тиімділігін арттыруды көздейді. Біз жаңа мемлекет, жаңа экономика,
жаңа қоғам құрдық. Біз іргесін қалаған даму траекториясының дұрыстығын тарихтың өзі
қуаттап отыр. Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өткен кезде біз өзіміздің табыстарымыз
туралы, оның ішінде билік құры лымдарының, президенттік жүйенің жұмысы туралы айттық.
Алайда, əлем бүгінде көз алдымызда өзгеріп жатыр. Қоғамдық үдерістердің жылдамдығы мен
күрделілігі Қазақстанда да артып келеді. Қазірдің өзінде біз алдағы кезең алдымызға міндетті
түрде көлденең тартатын жаһандық жəне өңірлік сын қатерлерге қалай қарсы тұратынымызды
ойластыруға тиіспіз. Ұсынылып отырған реформаның мəні билік өкілеттіктерін
сарабдалдықпен қайта бөлуде, тұтастай саяси жүйені демократияландыруда жатыр. Президент
үшін жаңа жағдайларда стратегиялық функциялар, жоғарғы арбитрдің биліктің тармақтары
арасындағы қатынастардағы рөлі басым болады. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, сыртқы
саясатқа, ұлт тық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетіне күшжігер жұмылдырады. Бұл ретте
Үкімет пен Парламенттің рөлі айтарлықтай күшейеді. Аталған жұмыс екі шешуші бағыт бойынша жүргізілетін болады.
Біріншіден, Президенттің əлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу жөніндегі заңымен
бекітілген өкілеттіктерінің айтарлықтай бөлігін Үкімет пен басқа да атқарушы органдарға
беру керек. Аталған салаға толық көлемінде Үкімет, министрліктер мен əкімдіктер жауап беруі
тиіс. Өкілеттіктерді беруді тиісті заңдарға өзгерістер енгізу есебінен қамтамасыз етуге болады.
Үкіметке немесе Парламентке беруге болатын 40 шақты өкілеттік бар. Бұл түзетулерді
қабылдау үшін Үкімет Парламентке үстіміздегі сессияның аяғына дейін басым ретпен енгізеді.
Екіншіден, бұдан да күрделірек міндет – билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастарды
конституциялық деңгейде теңгеру. Парламенттің Үкімет жасақтаудағы рөлін күшейту, Министрлер Кабинетінің депутаттар корпусы алдындағы жауап кершілігін арттыру маңызды.
Парламенттік сайлауларда жеңіске жеткен партия Үкіметті жасақтауға шешуші түрде ықпал
ететін болады. Осыны басшылыққа ала отырып, Үкіметтің өкілеттігін бұрынғыдай Пре зи
денттің емес, жаңадан сайланған Мə жілістің алдында тоқтатуы заңды болмақ. Үкімет
мүшелеріне Парламент палаталары тарапынан сенімсіздік білдіру тəртібін оңайлату қажет. Ол
биліктің заң шығарушы тарма ғының атқарушы тармаққа бақылау жасауын күшейтпек.
Үкіметке, ол сол үшін толық жауап кершілікте болатындай, мемлекеттік бағдарламаларды бекітуді тапсыру орынды болмақ. Үкіметтің өзіне оның құрамына кірмейтін орталық атқарушы
органдарды құру мен тарату құқығын беруге болады. Президент Үкімет пен ПремьерМинистрдің актілерінің іс-əрекетінің күшін жою болмаса тоқтату құқығынан бас тарта алады.
Мұның бəрі атқарушы мемлекеттік органдар мен оның басшыларының жауапкершілігін арттырып, қажетті өкілеттіктер береді. Заң күші бар Президент жарлықтарын қабылдау мүмкіндігі
туралы норма көкейкестілігін жойды. Жергілікті атқарушы билікке қатысты Парламенттің
рөлін күшейту ұсынылады. Оның сыртында Конституциялық Кеңестің, сот жүйесі мен
прокуратураның қызметін жетілдіру туралы мəселені қарастыру талап етіледі. Сонымен бірге,
бізге өз конституциялық құрылысымыздың бұлжы мастығына сөзсіз кепілдік қажет. Жұмыс
тобы одан əрі де жұмыс істей беретін болады, олардың осы мəселелерді жан-жақты зерттеп
жəне одан арғы қоғамдық талқылау үшін ұсыныстар пакетін дайындауы қажет. Ұсынылып
отырған бағдарлама үш міндетті шешуге жағдай жасайтын болады.
Біріншіден, көптеген жылдарға күні бұрын саяси жүйе тұрақтылығының қорын жасау.
Екіншіден, Үкімет пен Парламенттің рөлін арттыру қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге жауап
қайтарудың неғұр лым тиімді механизмін бермек. Иə, бұл басқарудың неғұрлым күрделі
жүйесі, бірақ қоғам да неғұрлым күрделі бола түсті. Мен Президент ие өкілеттіктердің
айтарлықтай бөлігін беруге саналы түрде барып отырмын. Мен мұны жалғыз ғана мақсатпен
– елді басқарудың неғұрлым тиімді, орнықты, заманауи жүйесін құру үшін жасап отырмын.
Үшіншіден, əлемде мемлекеттік құрылыстың əмбебап моделі жоқ. Бəрі де ізденіс үстінде.
Халықаралық тəжірибе шеңберінде іс-қимылдар жасайтын мəселелер бола тұрса да, біз
өзіміздің, кейде ерекше шешімдерімізді таба отырып, мемлекеттік құрылыстың бөгде модельдерін көшіріп алумен ешқашан айналысқан емеспіз. Біз ұсынып отырған реформа ең алдымен
өз тəжіри бемізге жəне Қазақстанның өзінің қажеттіліктеріне арқа сүйейді. Реформалар
бағдарламасы – ол Қазақстан қай бағытта жүреді деген сауалға біздің жауабымыз. Жауап
айқын жəне дəйекті – демократиялық даму жағына қарай. Ұсынылып отырған шаралардың
маңыздылығын ескере отырып, мен жарияланатын конституциялық реформалардың жобасын
жалпыха лықтық талқылауға ұсыну жөнінде шешім қабылдадым. Тиісті Жарлық шықты.
Мұның бəрі елдің болашақ дамуына жауап береді жəне бес институттық реформаға сəйкес келеді. «Ашық Үкімет» атты бесінші пункт дəл осы өкілеттіліктерді елеулі түрде қайта бөлуді
қарастырған болатын. Биліктің барлық тармақтары тиімді жəне жауапкершілікті жұмыс істеуі
үшін олардың арасында тиісті тепе-теңдіктер мен арасалмақтар құру маңызды.
Үндеуге үн қосамыз
Демократияға төте жол
«Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз». Билік тармақтары арасында
өкілеттіктерді қайта бөлу мəселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің
Үндеуіндегі осы екі жолдың мағынасы еліміздің жаңа даму жолына бет бұрғанын анық
анғаруға болады. Жаһандану дəуірінде, еліміздің жарқын болашағына үміт арта отыра осындай үлкен қадамға баруы Елбасының пайымды парасаттылығының биік биік шыңы.
Үндеудің салмағы ауыр, мақсаты айқын. Әрине бұл қадам аяқ асты ғана ойластырылып,
жарияланған шара емес. Еліміз нағыз демократиялық мемлекет құру жолында сатылай отырып, бірнеше зор реформаларды қолға алып, жүзеге асырып келеді. Елбасымыздың 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт
жоспарының да басты миссиясы да осы. Еліміз егемендік алып, есін енді жиғанда «жүйе
адамға» принипі басым болса, бүгінде дамыған, зайырлы мемлекетте «адам жүйеге» формуласы алдыға шықты. Бұл заңдылық. Үкімет қоғамға, халыққа барынша жақын тұруы тиіс.
Ендігі кезекте Парламенттің пəрмені артып, Үкіметтің жауапкершілігі күшейе түспек. Өз
кезегінде еліміздегі саяси партияларға да артылар жүк ауыр. Бұл тарапта Елбасының бастауымен үлкен істер атқарып келе жатқан «Нұр Отан» партиясы да тізгінін босатып,
сауырға қамшы басатыны анық. Елбасының көздеген реформасы сəтті жүзеге асса мемлекеттік құрылым одан əрі шымырланып, «Қазақстан 2050» Стратегиясы белесін үлкен жетістікпен бағындыру оңайлана түспек. Сондықтан да барша қазақстандықтармен бірге Біз де
26 қаңтар мен 26 ақпан аралығында "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының жобасын
талқылауға барынша атсалысып, өз ұсыныс пікірлерімізді білдіріп, қолдау көрсетуіміз қажет.
Ә.Аманжолов, «Нұр Отан» партиясының
Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
2
28 қаңтар 2017 жыл
Ауыл әкімдерінің тұрғындар алдындағы есебі жалғасуда
Ауыл әкімдерінің есебі кесте бойынша Ақтау ауылдық округі, Қызылжар кенті,
Түгіскен, Ералиев, Ақтүбек ауылдық округтерінде жалғасты. Бұл кездесулерге аудан
әкімі Ғ.Омаров, мәслихат хатшысы Қ.Имантүсіпов, аудан прокуроры А.Әділханов,
қоғамдық кеңестің төрағасы Х.Сәтжанов, аудан әкімдігінің аппарат басшысы
А.Әбдіғожин және мекемелер мен бөлім басшылары қатысты. Ауылдарда өткен есептік кездесулерді аудан әкімі Ғ.Омаров ашып, өткен жылдағы жетістіктер мен алға
қойған мақсаттар туралы айтып өтті. Бұдан кейін ауыл әкімдері баяндама жасады.
Мəселен Ақтау ауылдық округінің әкімі А. Отарбаев: «Жұмыстың табысты болуы –
ұйымдастырудан» -деп сөз бастап,
ауылдағы
ақсақалдар
алқасы, ауыл
тұрғындары
қауымдастығы, ауыл жастары,
көше белсенділері мен мекемелер
қызметкерлерінің ақылдаса отырып,
бірлесіп
жұмыс
атқаратындығын тілге тиек етті.
Әрине, мұндай бірлігі жарасқан
жерде табыстың да
мол
болатындығы
белгілі. Қазіргі
таңда
ауылда
шаруақожалықтарының қатары
көбейіп, мал басының саны
былтырғы
жылымен
салыстырғанда əжептəуір өсіпті.
Шаруа қожалықтары мемлекеттік бағдарламалардан да қалыс қалмай, несиелер алып,
мал басын асылдандыру мəселесін де жолға қойыпты. Көктемгі тазалық айлығында жүк
тиегіш трактор жəне екі Камаз көлігімен көмек көрсеткен қожалық жетекшісі Ұзақбай
Оспановқа ауылдастарының айтар алғысы мол. Ауылда спорт саласына ерекше көңіл
бөлініп, əсіресе ат спорты дұрыс жолға қойылған. Ауыл көкпаршыларының облыстық
спартакиядаларда жеткен жетістіктері осының айғағы. Биылғы жылы мəдениет үйін
жөндеу, мал өлекселерін жоятын орын салу, өрт сөндіретін бекет ашу тəрізді маңызды
мəселелер жүзеге аспақ.
Кездесу соңында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Әбдіғалымов сөз сөйлеп,
ауыл тұрғындары атынан атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
Қызылжар кентінің әкімі Р.Балкеновтың айтуынша кент тұрғындарының əлеуметтік
жағдайына ерекше көңіл бөлініп, көптеген игілікті шаралар атқарылыпты. Қазіргі таңда
орта мектеп, акушерлік бөлімше, мəдениет үйі, кітапхана, пошта, 5 дүкен, 5 дүңгіршек, 1
тамақтандыру орыны, шашатараз жəне мешіт үйі халыққа қызмет көрсетуде.
Тұрғындардың жеке аулаларындағы мал басының саны да көбейген. Балабақша ашу
жұмысы қолға алынып, биыл пайдалануға берілмек. Орталық алаң қоршалып, көшелерге
жарық шамдары орнатылған. Алдағы уақытта акушерлік бөлімшені дəрігерлік
амбулаторияға айналдыру, құм көшкінін тоқтату мақсатында кент сыртынан тал отырғызу,
көшедегі тас жолдарды ағымдық жөндеуден өткізу, шағын бизнесті өркендету саласы
бойынша дəріхана, шаштараз, аяқкиім жөндейтін шеберхана, стадион, əмбебап дүкен, қонақ
үй құрылысы қолға алынып, халыққа қызмет көрсетеді деп жоспарлануда.
Түгіскен ауылдық округінің әкімі Өмірғали Кенжетаевтың баяндамасында
айтылғандай бұл ауыл біріңғай мал шаруашылығымен айналысатындықтан қазіргі таңда
шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындардың мал бастары көбеюімен қатар оның сапасына
да көңіл бөлініп отыр. Шаруа қожалықтары мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, жұмыс
жасауда. Сыртқа мал өнімдерін сату да жолға қойылып келеді. Мəселен, осы округке қарасты
“Жеңіс” ЖШС Біріккен Араб Әмірліктеріне 3320 бас қойды жіберді. “Өңірлерді дамыту”
бағдарламасы бойынша көшелерге жарық шамдар орнатылды, ауылдың бір тұрғыны
ауылшаруашылық қолдау қорынан 3 млн қаржы алып, дөңгелек жөндейтін шағын цех пен
қонақ үйдің құрылысын салуды қолға алды. Бұрыңғы бастауыш мектебінің ғимаратын
балабақшаға айналдыру жөнінде де жұмыстар жасалуда. Алдағы уақытта көшелерді қалыпқа
келтіріп, көтерме жол жасап, қиыршық тастар төсеп, тегістеу жоспарда бар.
ералиев ауылдық округінің әкімі ербол Мәмбетов өзінің есебін өткен жылғы кездесуде
тұрғындар тарапынан айтылған
ұсыныстардың орындалысынан
бастады.
Атап
айтқанда,
мектептің қазандығы ауыстырылып, насос орнатылды. Көп
жылдан бері өзекті мəселеге айналып жүрген ауыз су мəселесі
толығымен шешіліп, көшелерге
тегіс су құбыры тартылды. Бір
тұрғынның үйін жөндеуге
көмектесіп, бір азамат жұмысқа
тұрғызылды.
Тұрғындардың
сұрауы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының
өкілдері айына екі рет келіп, құжаттар қабылдап, түсіндіру
жұмыстары жүргізеді. Округ бойынша 109 шаруа қожалығы
тіркелсе, соның 23-і малды асылдандырумен айналысып, субсидия алады. Өткен жылы 197 ірі қара эспортқа шығаралып,
3 трактор лизингіге алынды. Облыстық бюджеттен бөлінген
45 млн теңгеге ауылдың кіре беріс 10 шақырым жолы
жөнделді. Ақбастау елді мекеніне жаңа трансформатор орнатылды. “Сарыарқа ENERGY” ЖШС-ның демеушілігімен 36
млн теңгеге монша салынды. Республикалық бюджеттен
бөлінген қомақты қаржыға дəрігерлік амбулатория салынып,
пайдалануға берілді. Қайырымдылық шаралары бойынша,
ауыл тұрғындарының ұсынысын қолдаған аудан прокуроры А.Қ.Әділхановтың тікелей ықпал
етуімен аз қамтылған 5 отбасына “Жалын” кенішінен 7 тоннадан тегін көмір түсірілді.
Осылайша, атқарылған жұмыстарды тізбелеген ауыл əкімі алда тұрған міндеттерді де ортаға
салды. Жиын соңында ауыл тұрғындарының атынан сөйлеген Берген Қожамұратов ақсақал
ауыл халқының жағдайына назар аударып, көмек көрсетіп отырған Елбасына, қолдау көрсетіп
отырған облыс əкіміне, үкіметтің бағдарламаларын жүзеге асыруға бастамашы болып жүрген
аудан əкіміне рахмет айтып, ауыл əкімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.
Ақтүбек ауылдық округінің әкімі Айдархан Аманбаевтың айтуынша бұл ауылда да
көптеген жұмыстар
атқарылыпты.
“Өңірлерді дамыту”
бағдарламасы бойынша
бөлінген
қаражатқа кіре берістегі
тас
жол
жөнделіпті. “Өрлеу”
бағдарламасы бойынша
3
адам
ақшалай көмек алып,
құс өсіріп, тігінші-
лікпен айнылысып отыр. 4 шаруа қожалығы мемлекет тарапынан
субсидия алып, 1 шаруа қожалығы МТЗ-82 тракторын алды.
“Сыбаға” бағдарламасы бойынша 87 бас ірі қара алынып, 3 шаруа
қожалығы қаржылай көмек алып, шаруашылықтарын дамытуда.
“Құлан” бағдарламасы бойынша 78 бас жылқы сатып алынып, 1
шаруа қожалығы қаржылай көмекке қол жеткізді. Ауылдағы мектеп,
мəдениет үйі мен кітапхана, дəрігерлік амбулатория тұрақты түрде
сапалы қызмет көрсетіп келеді. Ауылда 4 дүкен, монша жұмыс
істеп тұрса, 1 адам ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан
қаржы алып, наубайхана ашуды қолға алды. Ауыл əкімі атқарылған
жұмыстармен қатар, келешекте Ақтүбек орта мектебіне спорт залын
салу, Қараағаш - Өркендеу бағытындағы жəне Ақтүбек ауылындағы
электр желісін жөндеу, жергілікті бюджетке түсетін салық көлемін ұлғайту тəрізді атқаратын
жұмыстарға да тоқталып өтті. Есептік кездесуге қатысқан ауыл тұрғындары əкімнің есебіне
көңілдерінің толатындықтарын білдіріп, табыс тіледі.
Әр ауылдағы өткен есептік кездесуді аудан әкімі Ғ.Омаров қорытындылап, ауыл
әкімдерінің атқарған жұмыстарына өз пікірін білдіріп, сұрақтар қойып, кеткен кемшіліктер болса, алдағы уақытта жоюды қатаң тапсырып отырды. Әкімдердің міндеті
халыққа қызмет жасау екендігін естеріне салып, қай істе болмасын ұқыпты болуды міндеттеді. Бір сарынмен жүре бермей, ширақтық танытып, үкімет тарапынан беріліп
жатқан көмектер мен қаржыларды көзін тауып, құжаттарын дайындап, ауылға әкеліп,
халықтың игілігіне жұмсай білу керектігін ескертті. Әрине, ондай іскер әкімдер біздің ауданда баршылық. Қазіргі уақытта күн тәртібіндегі күрделі мәселе - кооператив құру. Жеке
аула тұрғындарының мал тұқымын асылдандырып, табыс табуға, жекелеген адамдарды
жұмыспен қамтуға арналған бұл бағдарлама ауыл халқы үшін өте тиімді. Ветеринария
саласына биыл аудандық бюджеттен 95 млн теңге бөлініп отыр. Қаржы жеткілікті.
Сондықтан да әрбір тұрғын малдарының санын жасырмай, тіркетіп, дер кезінде түрлі
ауруларға қарсы еккізіп, қанын алғызып отыру керек. Кездесулерде ауыл тұрғындары
көшені қардан тазалау туралы сұрақтар қояды. Республикалық, облыстық, аудандық
маңызы бар жолдарға жергілікті бюджеттен қаражат салынып, аталған жолдарды тазалап
тұру үшін “Жаңаарқа 2006” ЖШС-мен келісім шартқа отырылған. Ал, ауылдың ішкі
жолдарын аршу үшін әр округтің елді мекендері мен көшелерінің санына қарай 350-400
мың теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр. Округ әкімдері өздеріне берілген осы
қаражатты тиімді пайдаланып, заңды жолымен техникасы бар адамдармен келісім
шартқа отырып, жұмыс жасату керек. Халыққа пайдалы ақпараттарды дер кезінде жеткізіп отыратын аудандық “Жаңаарқа” газетіне жаппай жазылуды қолға алатын кез жетті.
Өйткені, аудан әкімдігінің, аудандық мәслихаттың, мекемелер мен бөлімдердің қаулылары
мен шешімдерін, бағдарламалардың түрлері мен берілетін жеңілдіктер туралы, аудан
көлемінде атқарылған игілікті шаралар туралы тек қана осы газетте жарияланады. Осы
тақілеттес көптеген мәселелерді еске салған аудан әкімі халықтың бірлесе еңбек етуінің
арқасында әлі талай жетістіктерге қол жеткізетіндіктеріне сенім білдірді. Яғни, ауыл
әкімдері бастап, халқы қостаса бітпейтін іс жоқ.
Өз тілшіміз
28 қаңтар 2017 жыл
3
Жаңаарқа ауданының әкімі Ғ.И.Омаровтың 2016 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму
бағдарламаларының орындалысы және 2017 жылы алда тұрған міндеттері туралы
еСеБі
2016 жыл барша Қазақстандықтар үшін мерейлі, табысты да
берекелі жыл болып, мемлекетіміз экономикада, саяси жүйеде,
əлеуметтік секторда маңызды табыстарға қол жеткізді. Баршамыз ел тəуелсіздігінің 25-жылдығы мен облысымыздың
80-жылдық мерейтойларын салтанатты түрде атап өттік. 25жылдықта ауыз толтырып айтарлықтай игілікті істер ауданымызда атқарылды. Өткенді елемей, болашақты болжай
алмайсың демекші, мешін жылы да аудан халқы үшін
молшылыққа толы, əрі табысты жыл болды. Ауданымыз
өркендеп, əр жылда аудан тұрғындарының бiрлiгi мен
еңбексүйгiштiгiнiң арқасында жақсы нəтижеге қол жеткiздi.
Өнеркəсіпті өркендету, инвестиция тарату, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықты жою бойынша оңды істер
жалғасын табуда. Осы мақсатта Елбасының бастамасымен
барлық деңгейдегi əкiмдердiң тұрғындармен есеп беру кездесулерi қоғамымыздың демократизациялау, оның бiрлiгiнiң
нығаюы, азаматтардың қоғамдық белсендiлiгiн арттыру,
əлеуметтiк-экономикалық əрi қарай даму жолындағы аса
маңызды iс-шара болып табылады. Жыл сайынғы Қазақстан
Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдаулары жеткен нəтижелердi қорытындылап алдағы жоспарларды түйiндеуге негiзделген. Бүгінде дəстүрге айналған
тұрғындар алдында есеп беру кездесулерді өткiзiп, атқарылған
жұмыстың қорытындысын тұжырымдап, болашаққа
мақсаттар айқындап отырамыз. Әкімдердің халық алдындағы
есебі биыл оныншы рет өтуде. Осы кездесулерде халық тарапынан көтерілген көптеген мəселелер мен ұсыныстар
ауданның əлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларына
сəйкес шешіліп келеді. Елбасының Жарлығына сəйкес, 2016
жылы аудандық маслихат сессияларында аудан əкімі
атқарылған жұмыстар бойынша 2 рет есеп берді. Барлық
деңгейдегі əкімдер 14 қаңтар мен 1 ақпан айлары аралығында
барлығы 38 есептік кедесулер өткізді. Оған 3058 адамның
қатысуы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар өткен жылы аудан
əкімдігіне жазбаша берілген 441 өтініштердің 95 пайызы жəне
ауызша айтылған 120 өтініштердің 100 пайызы орындалды.
Аудан əкімшілігінде арыз шағымдармен жұмыс істеу мəселесі
үнемі бақылауда болып, аппараттық кеңестер отырысында
айына бір рет талқыланып отырды. Бұл ұсыныстар мен
тілектердің негізі – тұрғын үймен, ауыз сумен қамтамасыз ету,
жарықтандыру, жолды жөндеу, ұялы байланыс орнату, электр
желілерін жөндеу, шаруашылықты рəсімдеу, қой басын
көбейту, спорттық оқу, спорттық, демалыс нысандарын салу
мəселелері өз шешімін тапты. Есептік кезеңде Елбасы, Үкімет
тапсырмаларының орындалуы үнемі қадағалауымызда болады. Ал шешімін таппаған өтініштердің ағымдағы жылы
орындалуы жоспарға қойылып, бақылауға алынды. 2016
жылы өткен аса маңызды шара ол Қазақстан Республикасы
Парламенті Мəжілісі депутаттарының төменгі палатасын тарату туралы ұйғарымына сəйкес, Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың 20 наурыз күні төменгі палата жəне
жергілікті мəслихат депутаттарының сайлауын өткізу туралы
шешімі еді. Аталған саяси науқан барысында біздің аудан
тұрғындары азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. Біз елдің жарқын болашағы үшін дауыс беріп, сайлауды
жоғары белсенділікпен өткіздік. Елбасының «100 нақты
қадам» ұлт Жоспарының «Мемлекеттік органдар мен əкімдер
жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлдерін күшейту»
мақсатында тұрғын халық, атқарушы билік органдары мен
жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасында тығыз байланысты орнатуға ықпал жасау мақсатында ауданымызда 14
жергілікті қоғамдастықтар жұмыс атқаруда. 2016 жылы
қолма-қол бақылау шотына 55 млн. 267 мың теңге түсті. Жыл
басынан аудан бойынша жергілікті қоғамдастықтардың 14
жиыны мен 35 жиналысы өткізілді. 2016 жылдың 26 ақпан
айында Жаңаарқа ауданының қоғамдық кеңесі құрылып,
олардың сапалық жəне сандық құрамы анықталып сайланды.
Атап айтқанда бюджет, экономика, қаржы жəне бизнес
мəселелері бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жөніндегі жəне құқықтық мəселелер бойынша, қоғаммен
жұмыс жасау жəне əлеуметтік мəселелері бойынша, тұрғын
үй – коммуналдық шаруашылығы, құрылыс жəне экология
мəселелері бойынша тұрақты комиссиялар сайланып, үнемі
жұмыс жасауда. Ағымдағы жылдың 12 айында қоғамдық
кеңестің 12 жиналысы өткізілді. Осы жиналыстарда атқарушы
органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы
10 есебі тындалып талқыланды. Дүниені шарпыған қаржылық
жəне экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан ауданымыз
жылды оң көрсеткіштермен аяқтап, барлық салалар бойынша
дамудың жағымды динамикасын сақтап қалды.
Атап айтқанда: Экономиканың нақты сектор саласында
2016 жылы 12 айында 3 млрд. 942,3 млн. теңгенің өнімі
өндіріліп, жылдық жоспарды 100,7 пайызға орындады (жоспар 3 млрд. 913, млн. теңге).1-ші бес жылдыққа «Кəсіпкерлікті
қолдау картасы» бағдарламасы бойынша 3 жоба жұмыс істеуде. («Қайрат-2», «Ескене» шаруа қожалықтары жəне
«Сарыарқа Energy ЖШС) аталған жобалар жоспарға сəйкес
жұмыстар атқаруда. 2-ші бес жылдыққа ағымдағы жылы 2
жобаның құжаттары дайындалуда. («Тutas» ЖШС «Шығыс
Қамыс кен орнында марганец брикетін шығару жобасы. Жоба
құны 80,0 млн. тг. «Ескене» шаруа қожалығы 3000 бастық мал
бордақылау алаңын салу жəне ет өндеу модульдік кешенінің
құрылысын салу жобасы. Жоба құны 1 млрд. 66,4 млн. теңге).
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 1670 құрылым
тіркелген. Осы салада 4640 адам жұмыс атқарады. Аудан бойынша жалпы ішкі өнімінің 65 пайызы шағын жəне орта
кəсіпкерліктің үлесіне тиеді (өндірілген өнім, көрсетілген
қызмет көлемі – 11,2 млрд. теңге). Инфляциялық процесстерді
тежеуге 33 түрлі əлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне
бағаны тұрақтандыру
мақсатында сырттан əкелінген
əлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне 5 пайыз
мөлшерден артық негізсіз бағаны көтермеуге аудан əкімі 109
азық-түлік дүкендерінің жетекшілерімен ынтымақтастық
меморандумға отырды (оның ішінде 64 – Атасу кентінде, 45–
ауылдық округтерде). Бүгінгі күнге жалпы аудан бойынша
əлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне негізсіз бағанын
өсуі байқалмайды. Жыл басынан облыстық тұрақтандыру
қорынан 28 тоннаға жуық азық-түлік өнімдері алынды. Қазіргі
таңда
сұйық май өнімдері алынуда. Сонымен қоса
ауданымыздың «Жандос», «Алия», «Әлем», «Азамат» азықтүлік дүкендерінде əлеуметтік бұрыштар ашылып, əлеуметтік
маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бірқатары арзандатылған
бағамен сатылуда. Мереке күндері ауданымыздың
орталығында жəрмеңкелер ұйымдастырылады. Елбасының
тапсырмасына сəйкес бірыңғай «Қазақстанда жасалған» логотипі 2016 жылдың І-ші жартыжылдығында 6 кəсіпкерлік
ғимараттың қас бетінде ілінді. «Бизнестің жол картасы 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында 2 жоба жүзеге асырылуда. Олар: 1. Жеке кəсіпкер
«Мирас и К» жетекшісі Қырбасова Майра
«Сауықтыру
орталығы» жобасын іске асыру үшін екінші денгейдегі
Еуразиялық банкісі арқылы қаражат алып, құрылыс
жұмыстарын жүргізуде. «Сауықтыру орталығының» ашылуы
2017 жылдың шілде айына қарастырылған. 2. Жеке кəсіпкер
Ускембаева Тоғжан «Несиелер бойынша пайыздық
мөлшерлемесін кепілдеме жəне субсидиялау механизмі»
Атасу кентінен 2 қабатты фитнес орталығын салу жобасы.
Жобаның жалпы құны 30 млн.теңге. Бүгінгі күнге жоба «Казком Банк» тарапынан қолдау табуда алдағы уақытта
қаржыландыру
жұмыстары
ұйымдастырылады.Аудан
аумағында ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телімдерінің
көлемі 1 млн. 473 мың 672 га қамтылған. Жер
пайдаланушыларға бекітіліп берілген егістік жер телімдерінің
көлемі – 39 мың 797 гектар. Оның ішінде: егістік жер
телімдерінің көлемі – 24 мың 806 гектар, тыңайған жер
телімдерінің көлемі – 14 мың 991 гектар құрайды. 2016 жылда
егістік жердің көлемі 13%-ға ұлғайды. Қазіргі уақытта
ауылдық округтердегі ауылшаруашылық мақсатындағы жер
телімдерін конкурс арқылы айналымға енгізу жұмыстары
жүргізілуде.
Ауылшаруашылығы бағытында жеке меншік қосалқы
шаруашылықтардың əлеуетін тиімді пайдалану жəне ауыл
шаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру бойынша
жасалынған іс-шараларға сəйкес, 2017 жылдың сəуір айына
дейін аудан бойынша 1 ауыл шаруашылығы кооперативін
құру, 2 сүт қабылдау пунктін ашу, 5,10,15 басқа арналған 27
отбасылық мал бордақылау алаңдарын құру, сүт таситын 1автокөлік алу, 2-рефрижератор алу жəне 1-кормоцех ашу жоспарлануда. Аталған тақырыпта 2017 жылдың 13-қаңтар күні
облыс
əкімінің
орынбасары
Ш.Мамалиновтың
басшылығымен семинар-кеңес өтті. Семинарға Жезқазған,
Сатпаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау ауданының өкілдері
арнайы келіп қатысты. 19 қаңтар күні «Ауылшаруашылығын
қаржылай қолдау қоры» АҚ мамандары келіп, Байдалы би,
Ералиев ауылдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Ауыл шаруашылық кооперативтерін құру туралы» ҚР
Заңына сəйкес бүгінгі күнге «Батыр ауылы», «Рамазан»,
«Мирас» шаруа қожалықтары бірігу арқылы ет бағытындағы
ірі қара малының тұқымын өсіру, «Жанболат», «Ақсан»
шаруашылықтары мен «Шынболат», «Мүбарак» жеке
кəсіпкерлердің бірігуі арқылы ет дайындау үшін ірі қара
малын өсіру бойынша ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін, сол сияқты ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру
жəне өңдеу бойынша «Зергер-Агро Жаңаарқа» ауыл
шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып отыр.
Қазақстан Республикасында «Агроөнеркəсіптік кешенді дамыту жөніндегі» 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес2020» бағдарламасын орындау мақсатында аудан əкімінің
қаулысымен 2016-2020 жылдарға арналған Жаңаарқа
ауданның агроөнеркəсіптік кешені саласын дамыту жоспары
бекітіліп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында
қорғалды. “Агробизнес - 2020» бағдарламасының негізінде,
«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша
«шебер-жоспар» жасалынып, барлық ауылдық округтерге
бөлініп, тапсырмалар берілді. Атқарылған жұмыстардың
нəтижесінде «Құлан» бағдарламасы бойынша жоспардағы
418 бастың орнына 455 бас жылқы алынып, жоспар 108,8
пайызға орындалса, «Алтын асық » бойынша жоспардағы 315
бастың орнына 498 бас қой алынып, жоспар 158 пайызға,
«Сыбаға» бойынша жоспардағы 518 бастың орнына 747 бас
сиыр малы алынып, жоспар 144 пайызға орындалды. Сол
сияқты экспортқа ірі қара мал етін өткізу бойынша
жоспардағы 50 тонна еттің орнына 50,3 тонна ет өткізіліп,
жоспар 100 пайызға орындалды. Ауданымыз облыс бойынша
алғаш рет алыс шет елдерге қой экспорттауды жолға қойды.
Түгіскен ауылдық округіне қарасты «Жеңіс» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі Біріккен Араб Әмірліктеріне 3320 бас
қой жіберді. Ал импортқа келетін болсақ, 2016 жылы
«Ақнияз» шаруа қожалығы Ресей Федерациясына қарасты
Орынбор облысынан 140 бас асыл тұқымды қазақтың ақ бас
сиырын сатып əкелді. Сонымен қатар «Мирас» шаруа
қожалығы Шығыс Қазақстан облысынан 60 бас «Герефорд»
асыл тұқымды ірі қара малын сатып алып, өсіруде. Бұл
алынған малдар аудан бойынша асыл тұқымды ірі қара
малының үлес салмағын арттыруға септігін тигізді. Бүгінгі
күнге барлық ірі қара малына шаққанда асыл тұқымды ірі
қара малының үлес салмағы 5,5 пайызды құрап отыр. Аудан
бойынша бүгінгі күнге «Береке» бағдарламасының аясында
ауданымыздың 8 тұрғыны «Ауыл шаруашылығын қаржылай
қолдау қоры» АҚ арқылы несие алып, отбасылық бордақылау
алаңын
ашып
отыр.
Сонымен
қатар,
«Игілік»
бағдарламасының негізінде 14 жеке тұлға жылқы жəне сиыр
малын өсіру үшін 42,6 млн.теңге несие алды. Сол сияқты 50
ауыл концепсиясын жүзеге асыру мақсатында біздің ауданға
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 100
млн. теңге қарастырылған болатын. Осы қаржыны игеру үшін
пилоттық негізде Целинный ауылдық округі анықталып, 22
құрылтайшылардың
қатысуымен
«Орынбай»
ауыл
шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Бүгінгі күні
сүтті тұқымды ірі қара малын алу үшін кооператив мүшелері
43 млн. теңге несие алды. Алдағы уақытта қалған қаражатқа,
сүт таситын автокөлік, рефрижератор, сүт сауатын
қондырғылар, басқа да қажетті құрал жабдықтар алынып, сүт
қабылдайтын пункттер ашылатын болады. Осы бағыттағы
шаралардың атқарылған нəтижесінде жұмысы тоқтап тұрған
сүт зауытының жұмысын жандандыру көзделген. «Жанболат»
шаруа қожалығының 2000 басқа арналған мал бордақылау
алаңын салу жəне репродуктор-шаруашылық құру бойынша
дайындаған
инвестициялық
жобасы
өңдеу
цехы
болмағандықтан аумақтық индустриялдық картаға енгізілмей
тұрған болатын. Үстіміздегі жылы Қытай Халық Республикасынан өз қаражаты есебінен жобалық құны 20 млн.теңге
тұратын ет өңдейтін шұжық цехының қондырғылары жеткізілді. Осы цех іске қосылғаннан кейін «Жанболат» шаруа
қожалығын индустриялдық картаға енгізу жоспарланып
отыр.
Ветеринария саласына келсек, аудан бойынша 2016
жылдың 12 айында барлық жануар бірдейлендіріліп, бірдейленген мал басы мəліметтер дерек қорына 100% енгізілді. Бірдейленген барлық жануар түріне ветеринариялық төлқұжат
таратылып берілді.Ветеринариялық профилактикалық ісшараларға 2016 жылдың 12 айында 77 860 000 теңге бөлініп,
алдын-ала егу жұмыстары 100 пайызға орындалды.
Ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге арналған препараттар мен дəрі-дəрмектер алынған уақытта əр кент, ауылдық
округ ветеринариялық пункт меңгерушілеріне уақытылы таратылып беріледі. Былтырғы жылы облысымыздың екі ауданында малдар «Сібір жарасы» ауруына шалдығып,
нəтижесінде адам өлімі мен мал шығыны болғаны
баршаңызға белгілі. Сол себепті біздің ауданымызда «Сібір
жарасы» дертіне шалдыққан малдардың өлекселерін көмген
14 (он төрт) ошақ тіркелген, Қаражал қаласы аумағындағы
бұрынғы «Сары-Арқа» отгонынан 7 (жеті) ошақ. Жергілікті
жердің тұрғындар арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізу
барысында 5 (бес) (С.Сейфуллин, Ералиев, Ақтау, Целинный
жəне Түгіскен ауылдық округтерінде) көмінділердің болжамды орыны анықталды. Аудан бюджетінен осы
көмінділерге 1 650 000 теңге қаражат бөлінді. Осы қаржатқа
темір қоршау орнатылып, көмінді орындары бетон плиталармен жабылып, «Абай болыңыздар!!! Сібір жарасы!!!» деген
арнайы белгілер қойылды. 7 ошақтың сырты 2000 метр
аумағының жері жыртылып, арнайы белгілер қойылды.
Анықталған болжамды жобалардан, «Сібір жарасы»
көмінділерін анықтау үшін, топырақтан сынама алынып,
Қарағанды облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне
жолданып, теріс нəтиже көрсеткен туралы
қорытынды алынды. Топосъемка жасау, координаттарын
анықтау, иелерінен жер телімдерін кайтып алу жұмыстары
жүргізілді. Аудан əкімдігінің қабылдаған тиісті қаулысы негізінде мемлекеттік актілер дайындалды. Аудан көлемінде мал
өлекселерін көметін 9 қорым бар. Олардың ішіндегі 3 қорым
типтік түрлі.
(жалғасы келесі бетте)
4
28 қаңтар 2017 жыл
Жаңаарқа ауданының әкімі Ғ.И.Омаровтың 2016 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму
бағдарламаларының орындалысы және 2017 жылы алда тұрған міндеттері туралы
еСеБі
(жалғасы. Басы 3-бетте)
Байдалы Би ауылдық округіндегі, Ералиев ауылдық округінде, М.Жұмажанов ауылдық округінде орналасқан , ал 6
қорым жадағай түріне жатады, олар Атасу кентіндегі,
Айнабұлақ а/о, Ескене елді мекеніндегі, Бидайық а/о, Целинный а/о, Ақтүбек а/о. Бұл қорымдарды санитарлық жағдайға
сай ұстау үшін, аудан бюджетінен 10 000 000 (он миллион)
теңге бөлінді. Бүгінгі күні ауылдық округтерді толығымен
қорымдармен қамтамасыз етуге байланысты, 7 округкке
қорым салу үшін жобалау-сметалық құжаттар дайындалып,
экологиялық зерттеуге жіберілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы
бойынша 2016 жылға атаулы əлеуметтік көмекке жергілікті
бюджеттен 12139,0 мың теңге бөлінді. Атаулы əлеуметтік
көмек алуға 147 отбасы өтініш берді, оның ішінде 645 адамға
12139,0 мың теңге тағайындалып, толығымен төленді.
Еңбекке қабілетті азаматтар үлесі 2016 жылды 2015 жылмен
салыстырғанда 3,7% кеміді. Азық-түлік тауарлырының
қымбаттауына байланысты жергілікті бюджеттен атаулы
əлеуметтік көмек алушыларға материалдық көмек
көрсетілуде. Биылғы жылдың 12 айында 645 адамға 11504,3
мың теңге төленді. 2016 жылға 18 жасқа дейінгі мемлекеттік
балалар жəрдемақысын жергілікті бюджеттен 30371,0 мың
теңге қарастырылды.
2015 жылды осы кезеңімен
салыстырғанда 16 отбасыға азайды, бала саны 26 балаға кеміді. 2015 жылдың шілде айынан «Өрлеу» пилоттық
бағдарламасы бойынша ауданымызда жұмыс атқарылуда.
«Өрлеу» пилоттық жобаға 2016 жылы жергілікті бюджеттен
1757,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 3035,0 мың
теңге қаражат қарастырылды. «Өрлеу» пилоттық жобаға 2016
жылы өтініш білдірген 36 отбасы, оның ішінде 180 адамға
шартты ақшалай көмек жергілікті бюджеттен 1757,0 мың
теңге, республикалық бюджеттен 3035,0 мың теңге
тағайындалып, төленді. Тұрғын үй көмегі табысы төмен 115
отбасына, оның ішінде 350 адамға 4800,0 мың теңге төленді.
«Жаңаарқа ауданының 2016-2020 жылдарға даму
бағдарламасы» бойынша 14 нысанға мүмкіндігі шектеулі
азаматтарға бейімдеу жасалды.
2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»
бағдарламасына 535 млн. 284 мың теңге бөлінді. Бағдарламаға
– 487 адам қатысты, оның ішінде: өзін – өзін жұмыспен
қамтыған – 72, жұмыссыздар – 407, жартылай жұмыспен
қамтылғандар – 8 адам.
Білім беру саласында 28 жалпы білім беретін мектептер бар.
Мектепке дейінгі балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) –
3911 адам өсім деңгейі 2015 жылдың сəйкес мерзіміне
қарағанда 162,8 % құрады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балардың
мектепке дейінгі тəрбиемен 80,1% қамтылған. Мектепте
оқитын балалардың саны 5620 адам. 2015 жылдың 1қарашасына мектептер бойынша компьютерлік база 1348 бірлік, 1 компьютерге 4 баладан келеді.
2016 жылдың 1 қыркүйегінде «100 мектеп жəне 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламсы аясында М.Жұмажанов
ауылдық округінде апаттық жағдайдағы мектептің орнына 150
орындық мектеп қолданысқа берілді. Жалпы ауданымыздағы
7 мектепте, 1 музыкалық мектебінде, жəне 4 балабақшасында
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша
барлығы 88,131 млн. теңгеге ағымдық жөндеу жұмыстары
жүргізілді.
Спорт және дене шынықтырудағы негізгі мақсат аудан
жұртшылығының бос уақытын дұрыс ұйымдастыру жəне өз
денсаулықтарына көңіл бөлуіне назар аудару болып саналады.
Аудан бойынша 12 айда 58 спорт жарыстары өткізіліп, оған
6120 жастар мен жасөспірімдер қатыстырылды. Аудан спортшылары облыстық, республикалық жəне халықаралық
деңгейдегі түрлі жарыстарға қатыстырылды. Көптеген спортшыларымыз жарыстың биік тұғырынан көрінді. Атап
айтқанда 2016 жылдың 15-ші сəуір мен 11-ші қыркүйек
аралығында облыс орталығында «Сарыарқа 2016» ХХХ
облыстық жазғы Спартакиадасы өтті. Жарыстың
қорытындысы бойынша Қарағанды облысы көлемінде
Жаңаарқа ауданының құрама командасы 1 орынға ие болды.
Көкпардан 3 аудан командаларын жеңіп, финалдық ойында
облыстың намысын қорғап жүрген Қарқаралы ауданының
командасымен тең дəрежеде ойын көрсетті.
Ағымдағы жылы аудандық спорт мектебінде «Жұмыспен
қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 8 млн.теңге
бөлініп, ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Түгіскен ауылдық округінде «Мақсат» шаруа қожалығының
жетекшісі Көпбаев Қайрат өз қаражаты есебінен спорт кешенін салды. Ал кешенді жылумен, сумен, электр қуатымен
қамтамасыз ету, материалдық-техникасын нығайту мəселелері
атқарушы билік арқылы шешілді.
Денсаулық саласы «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
аясында медициналық көмек көрсету бағытында жұмыс
атқарады. Бағдарламаға сəйкес алғашқы медициналықсанитарлық көмек көрсету қызметіне басым бағытта назар
аударылуда. Отбасылық дəрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік – акушерлік пунктер жəне медициналық пунктер
медициналық жабдықтармен, дəрі-дəрмектермен ойдағыдай
қамтамасыз етілуде.
Ералиев ауылында отбасылық дəрігерлік амбулатория салынып, Тəуелсіздік мерекесі қарсаңында қолданысқа берілді.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша
инфрақұрылымды жəне тұрғын үй - коммуналдық
шаруашылығын дамыту есебінен аудандық орталық
ауруханаға 40 млн. теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу
жұмыстары жүргізілді.
Кадр мəселесіне келсек, ауданымызды дəрігерлермен
қамтамасыз ету əліде болса стандартқа сай емес. Дегенмен кейінгі
жылдары
ауданымыз
білікті
кадрлармен
толықтандырылып келеді, атап айтсақ: «Дипломмен ауылға»
жəне үш жақты келісім шарт жасалыну жобасында ауруханаға
5 дəрігер оқуын бітіріп, жұмысқа қабылданды.
«Сарыарқа ЭНЕРДЖИ» ЖШС-ң демеушілігімен 15 млн.теңге
ауданымыздың коммуналдық меншігіндегі денсаулық сақтау
саласының бұрынғы ғимараты тұрғын үйге бейімделіп, 5
пəтер медицина қызметкерлеріне берілетін болады.
Қазақстан Республикасының 2 қараша 2015 жылғы «Ішкі
істер органдар туралы» Заңына сəйкес жаңадан құрылған
Жаңаарқа ауданының жергілікті полиция қызметі аудан
əкімдігімен, жергілікті атқарушы органдарымен, кент,
ауылдық округ əкімдерімен бірлесіп қоғамдық тəртіпті сақтау,
құқық бұзушылықтың алдын алу, жол жүрісінің қауіпсізідігін
қамтамасыз ету, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас жəне
кəмелетке толмағандармен жұмыс жасау бағытында бірлесіп
тиісті профилактикалық шаралар жүргізіп отыр.
2016 жылдың желтоқсан айында аудан əкімшілігі «Жұмыспен
қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Атасу
кентінің орталығында орналасқан, бұрынғы «Халыққа қызмет
көрсету орталығының» ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп,
ғимараттың 3 бөлмесінен жергілікті полицияның учаскелік
тірек пунктісі ашылды. Кабинеттер құрал-жабдықтармен
қамтамасыз етіліп, байланыс жүйесі орналастырылды. Қазіргі
уақытта жұмыс атқаруға қолайлы. Жергілікті полиция
қызметінің учаскелік инспекторларының тоқсан сайын
халықпен кездесуін өткізу үшін арнайы кесте құрылып, бекітілген кестеге сай бүгінгі күнге дейін 68 кездесу
ұйымдастырылған. Жергілікті полиция қызметінің атқарып
отырған жұмыстары əкімдік аппараттық кеңесінде жəне
Қоғамдық кеңестің отырысында қаралып, міндеттемелер
қойылды.
Ішкі саясат саласы бойынша есептік кезеңде Елбасы Жолдауын, 100 нақты қадам бағдарламасын, «Ұлт Жоспары –
қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын
насихаттауға байланысты аудандық «Жаңаарқа» газетінде 52
мақала жарық көрді. Аудан аумағында оппозициялық саяси
партиялардың өкілдіктері жоқ. Жалпы алғанда ауданымызда
қоғамдық-саяси ахуал бірқалыпты, тыныш. Ауданның елді мекендері бойынша діни ахуал картасы мен діни бірлестіктердің
діни төлқұжаттары жасалған жəне тұрақты түрде жаңартылып
тұрады.
2016 жылы мәдениет саласын дамытуға жергілікті бюджеттен 249 млн. 555 мың теңге бөлініп толығымен игерілді.
Сонымен қатар мəдениет ошақтарында өткен жылы 2274 іс
шара ұйымдастырылып, өткізілді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы
Ақтүбек ауылдық округі Мəдениет үйінің ағымдық жөндеу
жұмыстарына 11 млн. теңге, Ералиев ауылдық округі
Мəдениет үйінің абаттандыру жұмыстарына 4 млн. теңге
бөлініп игерілді.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне бөлінген 14
млн. 770 мың теңгеге Халыққа қызмет көрсету орталығының
ескі ғимараты қазіргі талапқа сай қайта жөндеуден өтіп, балалар мен жас өспірімдер кітапханасына берілді жəне С.Сейфуллин атындағы кітапханаға ағымдық жөндеу жұмыстары
жүргізілді. Ақтау, Түгіскен ауылдық округі мəдениет үйлеріне
аудандық жергілікті атқарушы органының төтенше жағдайлар
қорынан 1 млн. 137 мың теңге бөлініп тиісті жөндеу
жұмыстары жүргізілді.
Аудан өнерпаздары республикалық, облыстық деңгейдегі əр
түрлі байқауларда жеңімпаздар қатарынан көріне білді.
Құрылыс саласы бойынша 2016 жылы ауданымызда
«Өңірлерді дамыту 2020» мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде «Қол жетімді баспана» бағытын жүзеге асыру өз
жалғасын табуда. Ағымдағы жылы Атасу кентінде 16 пəтерлі
2 қабатты тұрғын-үй құрылысы жалғасуда. Биылғы жылы
жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлінуіне байланысты тұрғын үй құрылысы 2017 жылы пайдалануға берілетін
болады. 2014 жылы Атасу кентіндегі тұрғын-үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыру мен
дамытуға 16,736 млн.теңге бөлініп, биылғы жылы облыстық
бюджеттен 45,0 млн. теңге бөлінді. Құрылыстың толық
аяқталуына алдағы уақытта жергілікті бюджеттен 58 млн. 565
мың теңге қарастырылып отыр.
2016 жылдың 4 тоқсанында Атасу кенті Ә.Байбосынов
көшесіндегі көп пəтерлі тұрғын үйлердің ауласын
абаттандыруға «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде
Ұлттық қордан 16 млн. 583 мың теңге қаражат қарастырылып,
мердігер анықталып құрылыс жұмыстары басталды.
Құрылыстың жалпы құны 77 млн. 853 мың теңге. Құрылыс
2017 жылға өтпелі. Құрылысты аяқтауға қажетті 62 млн.теңге
қаражат 2017 жылға «Ұлттық қордан» қарастырылып отыр.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бойынша 20162017 жж. қысқы жылу маусымын ойдағыдай өткізу үшін 7
локалдық жылу қазандықтары жəне 43 дербес жылу
қазандықтары жұмыс істеуде. «Жұмыспен қамту 2020»
бағдарламасы бойынша ауданымызда біршама жұмыстар
жүргізілді. Атап айтсақ, Атасу кентінің Орманбаев, А.Сейдімбек, Б.Күжікенов, Сарысу жəне Трутько көшелерінің 5
шақырым су желілеріне 27 млн. теңгеге жəне Тəуелсіздік,
А.Сейдімбек көшелерінің 0,5 шақырым кəріз жүйелеріне 6,5
млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келелі
мəселелердің бірі болып келген Ералиев ауылдық округінің 2
шақырым су жүйелеріне ағымдық жөндеу жұмыстары
жүргізілді. 33 млн.теңгеге Атасу кентінде орналасқан 5 көп
қабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне
қосу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар əрі қарай үш бюджеттік мекемені атап айтсақ, мəдениет үйі, модуль спорт кешені жəне бұрыңғы халыққа қызмет көрсету ғимараты осы
орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылатын болады.
Облыстық бюджеттен бөлінген 45 млн. теңгеге Ералиев
ауылының кіре беріс 10 шақырым жолына орташа жөндеу
жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 10 млн. теңгеге Атасу
кентінің С.Сейфуллин даңғылының 500 метр жолына орташа
жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Кенттің көше жолдарын орта жөндеу жəне жыл бойында күтіп
- ұстау жұмыстарына жалпы 54 млн. 944 мың теңге бөлінді,
оның ішінде 7 млн. 740 мың теңге күтіп - ұстау жұмыстарына,
13 млн. 599 мың теңгесіне Б. Мухамеджан көшесінің бойына
жалпы ұзындығы 1,2 шақырым автокөлік жолдарына орташа
жөндеу жұмыстары жүргізілді. С.Сейфуллин даңғылының
бойындағы жалпы ұзындығы 2,2 шақырым жолға 28 млн. 605
мың теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 5 млн.
теңге кенттің барлық көшелеріндегі 3200 шаршы метр ой шұңқырларды бітеу жұмыстарына жұмсалды. Атасу кентін
абаттандыру жəне көгалдандыру мақсатында биылғы жылы
17 млн. 540 мың теңге қаржы бөлініп біршама жұмыстар
атқарылды. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сəйкес орындалып, уақытында тапсырылды.
Аудан орталығы Атасу кентінің көше жарығын ұстап пайдалану жұмыстарына бөлінген 11 млн. 904 мың теңге жыл басынан бері көше жарығы желілерін күтіп ұстау, жөндеу жəне
пайдаланылған электр қуатының төлемдеріне жұмсалуда.
Оның 3 млн. 752 мың теңгесіне К.Абжанов көшесінің бойына
41 көше жарық шамдары орнатылды.
«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту»
бағдарламасы бойынша 7 млн.теңгеге 2016 жылы Ж.Дүйсенов
орамындағы №1,5, тұрғын үйлердің қасбеттеріне, шатырларына, кіре-берістеріне, есік терезелеріне жөндеу жұмыстары
жүргізілді. 2017 жылға аудан бойынша тағыда 5 тұрғын
үйлердің
құжаттары
əзірленіп,
тиісті
қаржы
қарастырылғаннан кейін жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Сәулет және қала құрылысы бойынша бүгінгі күнде
Атасу кентінің нақты жобалау жобасымен бірге орындалған
бас жоспары жəне Қызылжар кенті мен Түгіскен ауылының
құрылыс салу схемалары, яғни бас жоспардың жеңілдетілген
түрлері қолданыста. Алдымыздағы 2017 жылы Ералиев, Байдалы би, Ақтүбек ауылдарына құрылыс салу схемаларын
əзірлеу үшін жергілікті бюджеттен жалпы – 9 млн. теңге
қаржы қарастырылып отыр. Қазіргі кезде ұлттық қауіпсіздік
комитетінің келісімі бойынша Атасу кентінің бас жоспарының
бекітілген инженерлік коммуникациялар схемалары Жаңаарқа
ауданы əкімі аппаратының ақпараттық порталында, яғни
сайтта жəне əкімдік ғимаратының дəлізінде орналасқан.
Абаттандыру жұмыстары бойынша Ералиев ауылдық
округінің мəдениет үйіне, Байдалы би округінің демалыс
саябағына, Қызылжар кентінің саябағына жəне Атасу кентінде
орналасқан Жаңаарқа ауданы əкімдігінің ғимаратына
мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша
барлығы 29,626 млн. теңге бөлініп абаттандыру жұмыстары
жүргізілді. Сонымен қатар көшелерді жарықтандыру бойынша Қызылжар кентінің 40 лет Победы мен К.Байдаулетов
көшелеріне «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»
бағдарламасы бойынша барлығы 2,994 млн. теңгеге көшелерді
жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Құрметті жаңаарқалықтар!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылда
Үкіметке халық алдындағы əлеуметтік маңызды міндеттерді
орындауды тапсырды. Ал бiздер үшiн 2017 жылда алға қойған
мақсаттарды орындау үлкен мiндеттердi талап етедi, оны
жүзеге асыру үшiн еңбек, бiлiм, қуат, əсiресе ойлары мен
iстерiнде бiрлiк қажет. Бiздiң аудан болашақта да қызметтiң
барлық саласында көлемiн ұлғайтатына сенемiн, өйткенi ол
үшiн бiздiң əлеуеттi мүмкiндiктерiмiз жəне мемлекет тарапынан кепiлдi қолдауымыз бар, сондықтан мемлекетiмiздiң
қоғамдық-саяси жəне экономикалық өмiрiнiң барлық салаларында белсенділік танытып, оң өзгерiстерге қол жеткiзуге
аудан тұрғындары да өз үлесiн қосады деп сенемiн. Жетістік
кеңесе білген жерде. Олай болса, ауданымыздың əлеуметтікэкономикалық мəселелерін шешуге бағытталған бастамаларды қолдауға шақырамын. Алдағы уақыттада кəсiпкерлiктi,
ауыл шаруашылығын жəне əлеуметтiк бағытты дамыту бойынша жоспарланған барлық жобаларды бəрiмiз бiрiгiп iске
асыра берейік.
28 қаңтар 2017 жыл
АуДАННЫҢ ЖҰМЫС БеРуШіЛеРіНе еСКеРТу
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сəуір айындағы №482-VҚРЗ сəйкес: 28-бап. Жұмыс берушiлердiң
халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы. 1. Жұмыс берушiлер халықты жұмыспен қамту
саласындағы мемлекет саясатын iске асыруға: 1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес еңбек
шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жəрдем көрсету; 2)
персоналды кəсiптік оқыту жүйесін дамыту; 3) кадрларды техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі,
жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдары арқылы даярлау; 4) құрылымдық өзгерiстер барысында білiктi жұмыскерлердің кадрлық əлеуетiн
сақтау жəне ұтымды пайдалану; 5) қоғамдық жұмыстарды жəне əлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
үшін жұмыс орындарын құру; 6) жұмысқа орналастыру мəселесi бойынша, оның ішінде халықты жұмыспен
қамту орталығының жолдамасы бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сəйкес бар бос орындарға қабылдау; 7) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру; 8) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық деректер базасына сұранысқа ие мамандықтар
бөлінісінде ағымдағы бос орындар жəне жұмыс орындарын болжамды құру туралы деректерді ұсыну; 9)
жұмыс орындарын құру арқылы қатысады. 2. Жұмыс берушi: 1) бос жұмыс орындарының (бос
лауазымдардың) болуы туралы мəліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, пайда
болған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жiберуге; 2) жұмыс беруші
— заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші — жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына
əкелетін өндірістердің жəне орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі кезінде
алдағы уақытта жұмыскерлердiң жұмыстан босайтыны туралы, босатылатын жұмыскерлердiң лауазымдары
мен кəсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi жəне еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, жұмыстан босатылуы
мүмкiн жұмыскерлердiң саны мен санаттары туралы жəне олар жұмыстан босатылатын мерзiмдер туралы
жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын халықты жұмыспен қамту орталығына толық көлемде
ақпарат беруге; 3) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуы не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің
тоқтатылуы, адам санының немесе жұмыскерлер штатының қысқартылуы, жұмыс берушінің экономикалық
жағдайының нашарлауына əкелетін өндірістердің жəне орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер
көлемінің төмендеуі кезіндегі бас тартқан жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің қатысуымен жасалған
əлеуметтік келісімшарт негізінде кəсіптік оқытудан кейін оны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда,
халықты жұмыспен қамту орталығының кəсіптік оқытуға төлеуге, жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді
шараларының қатысушыларына стипендиялар төлеуге жəне материалдық көмекке арналған шығыстарын
өтеуге; 4) жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы себебiн көрсете отырып, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа
қабылдаудан бас тарту туралы дер кезiнде (жұмысқа орналастыру үшін жiберген күннен бастап бес жұмыс
күнi iшiнде) халықты жұмыспен қамту орталығына хабарлауға; 5) алған мамандығы мен біліктілігін көрсете
отырып, кəсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан жəне өндiрiсішілiк оқытудан өткендердің саны туралы
мəліметтерді халықты жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі уəкілетті органға ұсынуға; 6) жұмыс беруші —
заңды тұлғаның таратылуы не жұмыс беруші — жеке тұлға қызметінің тоқтатылуы, адам санының немесе
жұмыскерлер штатының қысқартылуы, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына əкелетін
өндірістердің жəне орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі жағдайларын
қоспағанда, осы Заңның 27-бабы 1-тармағында көзделген, белгiленген квотаны орындауға; 7) жұмысқа
қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы ақпаратта еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарға
жол бермеуге; 8) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат қолданысының тоқтатылуына байланысты, тартылған
шетелдік жұмыскердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуын қамтамасыз етуге; 9) Қазақстан
Республикасының міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сəйкес əлеуметтік аударымдар
жүргізуге; 10) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сəйкестігі туралы анықтама негізінде жұмысқа
тартылған шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдағаны туралы жəне (немесе) олармен
еңбек қатынастарын тоқтатқаны туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі уəкілетті
органға ұсынуға міндетті. 3. Жұмыс берушінің: 1) оған тікелей өтініш білдірген адамдарды халықты жұмыспен
қамту орталықтарының жолдамасы бар адамдармен бірдей шарттарда жұмысқа қабылдауға; 2) халықты
жұмыспен қамту орталықтарынан еңбек нарығының жай-күйі туралы тегін ақпарат алуға; 3) халықты
жұмыспен қамту орталығынан жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмысқа орналастыруға іріктеу жəне жіберу
бойынша көрсетілетін қызметтерді алуға; 4) қоғамдық жұмыстарды жəне əлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыруға қатысуға, уақытша сипаттағы жұмыстардың басқа да түрлерін ұйымдастыруға жəне жүргізуге;
5) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға субсидия алуға; 6)
экономиканың салалары бойынша кадрларға қажеттілікті болжауды ұйымдастыруға жəне айқындауға қатысуға
құқығы бар. 38-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзғаны үшін
жауаптылық Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзған жеке жəне
заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылықта болады.
НА ЗАМеТКу РАБОТОДАТеЛЯМ РАЙОНА
В соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года №482-VЗРК «О занятости населения»:
Статья 28.Участие работодателей в обеспечении занятости населения. 1. Работодатели участвуют в реализации
государственной политики в сфере занятости населения путем: 1) оказания содействия в трудоустройстве с
соблюдением условий трудовых договоров и коллективных договоров в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан; 2) развития системы профессионального обучения персонала; 3) подготовки
кадров через организации образования, реализующие учебные программы технического и профессионального,
послесреднего, высшего и послевузовского образования; 4) сохранения и рационального использования кадрового потенциала квалифицированных работников в ходе структурных изменений; 5) создания рабочих мест
для организации общественных работ и социальных рабочих мест; 6) принятия на имеющиеся вакансии лиц,
обратившихся по вопросу трудоустройства, в том числе по направлению центра занятости населения в соответствии с квалификационными требованиями, установленными в организациях; 7) создания специальных
рабочих мест для трудоустройства инвалидов; 8) представления текущих вакансий и данных о прогнозируемом
создании рабочих мест в разрезе востребованных специальностей в единую информационную базу рынка
труда; 9) создания рабочих мест. 2. Работодатель обязан: 1) направлять центру занятости населения сведения
о наличии свободных рабочих мест (вакантных должностей) в течение трех рабочих дней со дня их появления
с указанием условий труда и оплаты; 2) предоставлять центру занятости населения в полном объеме информацию о предстоящем высвобождении работников в связи с ликвидацией работодателя – юридического лица
либо прекращением деятельности работодателя – физического лица, сокращением численности или штата,
снижением объема производств и выполняемых работ и услуг, повлекшего ухудшение экономического состояния работодателя, о количестве и категориях работников, которых оно может коснуться, с указанием должностей и профессий, специальностей, квалификации и размера оплаты труда высвобождаемых работников и
сроков, в течение которых они будут высвобождаться, не менее чем за один месяц до начала высвобождения;
3) возмещать расходы центра занятости населения на оплату профессионального обучения, выплату стипендии
и материальной помощи участнику активных мер содействия занятости в случае отказа в приеме его на работу
после профессионального обучения на основании социального контракта, заключенного с участием работодателя, за исключением случаев отказа при ликвидации работодателя – юридического лица либо прекращении
деятельности работодателя – физического лица, сокращении численности или штата работников, снижении
объема производств и выполняемых работ и услуг, повлекшем ухудшение экономического состояния работодателя; 4) своевременно (в течение пяти рабочих дней со дня направления для трудоустройства) извещать
центр занятости населения о приеме на работу или об отказе в приеме на работу путем соответствующей отметки в направлении (с указанием причины в случае отказа в приеме на работу); 5) предоставлять уполномоченному органу по вопросам занятости населения сведения о количестве прошедших профессиональную
подготовку, переподготовку и внутрипроизводственное обучение с указанием полученной специальности и
квалификации; 6) выполнять установленную квоту, предусмотренную пунктом 1 статьи 27 настоящего Закона,
за исключением случаев ликвидации работодателя – юридического лица либо прекращения деятельности работодателя – физического лица, сокращения численности или штата работников, снижения объема производств, выполняемых работ и оказываемых услуг, повлекшего ухудшение экономического состояния
работодателя; 7) не допускать в информации о вакансиях для приема на работу требования дискриминационного характера в сфере труда; 8) обеспечить выезд привлекаемого иностранного работника за пределы Республики Казахстан в связи с прекращением действия разрешения на привлечение иностранной рабочей силы;
9) производить социальные отчисления в соответствии с законодательством Республики Казахстан об обязательном социальном страховании; 10) предоставлять информацию в уполномоченный орган по вопросам занятости населения о приеме на работу иностранцев или лиц без гражданства, привлекаемых на основании
справки о соответствии квалификации для самостоятельного трудоустройства, и (или) прекращении трудовых
отношений с ними. 3. Работодатель имеет право: 1) принимать на работу лиц, непосредственно обратившихся
к нему, на равных условиях с лицами, имеющими направления центров занятости населения; 2) получать от
центров занятости населения бесплатную информацию о состоянии рынка труда; 3) получать от центра занятости населения услуги по отбору и направлению на трудоустройство лиц, ищущих работу; 4) принимать участие в организации общественных работ и социальных рабочих мест, организовывать и проводить другие виды
работ временного характера; 5) получать субсидию на создание специальных рабочих мест для трудоустройства инвалидов; 6) участвовать в организации прогнозирования и определении потребности в кадрах по отраслям экономики. Статья 38. Ответственность за нарушение законодательства Республики Казахстан о
занятости населения.
Физические и юридические лица, нарушившие законодательство Республики Казахстан о занятости населения, несут ответственность в соответствии с законами Республики Казахстан.
5
Жаңаарқа аудандық мәслихатының шешімі
Атасу кенті
№8/69
21 желтоқсан 2016 жыл
«Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2017 жылы көтерме жәрдемақы және
тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын
ұсыну туралы»
Қарағанды облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акт 2017 жылғы 10
қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4102 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
8 шілдедегі «Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді
мекендерге жұмыс істеу жəне тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік
қамсыздандыру, мəдениет, спорт жəне агроөнеркəсіптік кешен саласындағы мамандарға əлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына сəйкес, аудандық мəслихат ШЕШІМ
ЕТТІ:
1. Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу жəне тұру үшін келген денсаулық
сақтау, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, мəдениет, спорт жəне агроөнеркəсіптік кешен
саласындағы мамандарға 2017 жылы өтініш берген сəтіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке
тең сомада көтерме жəрдемақы жəне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін өтініш берген сəтіне, маманмен мəлімделген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада, бюджеттік кредит түрінде əлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті
Vііі сессиясының төрағасы
Ж.С.Рыспеков
Аудандық мәслихат хатшысы
Қ.А.Имантүсіпов
Решение Жанааркинского районного маслихата
поселок Атасу
№8/69
21 декабря 2016 года
«О предоставлении в 2017 году мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и бюджетного кредита для приобретения или строительства жилья специалистам
в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта
и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские
населенные пункты Жанааркинского района»
Нормативно правовой акт зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №4102 от 10 января 2017 года в департаменте Юстиции
Карагандинской области
В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном
управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан от 8 июля
2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских
территорий», постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года №183
«Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты», районный маслихат
РЕШИЛ:
1. Предоставить в 2017 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального
обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жанааркинского района подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю на момент подачи заявления и социальную
поддержку для приобретения или строительства жилья в виде бюджетного кредита в сумме заявленной
специалистом, но не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя на момент подачи заявления.
2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
Председатель Vііі очередной
сессии районного маслихата
Рыспеков Ж.С.
Секретарь районного маслихата
Имантусупов К.А
Гендерлік саясат – ұлт ұйытқысы
Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың бірлігі мен теңдігі принципін жария етеді.
Азаматтық бірлігінің конституциялық принципі мемлекеттің біртұтастығынан шығады - бұл Республика азаматтарының біртұтас конституциялық кұқық субьектілігіне негізделген бірыңғай құқықтық
мəртебеге ие екендігін білдіреді. Ата Заңымызға сəйкес, адамның құқықтары əркімнің туғанынан тиесілі, адамның намысына қол сұғуға болмайды. Ешкім де азаптауға, зорлыққа, адамның намысын
түсіретін басқа да қатыгездік немесе шабуыл əрекеттеріне ұшырауға тиісті емес. Сонымен қатар,
əркімнің өз ар-ожданын жəне намысын қорғауға құқығы бар.
Қазақстан Респуликасының «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Кодексіне сүйенсек, неке
(ерлі-зайыптылық) жəне отбасы, ана, əке жəне бала мемлекеттің қорғауында болады. Осы Кодекс еркектер мен əйелдердің некелік одағының еріктілік принципін, отбасындағы ерлі-зайыптылар
құқықтарының теңдігін бекітеді. Ал, жұбайлар тең құқықтарды пайдаланады жəне тең міндеттілікте
болады жəне неке кезінде жұбайлар жинаған мүлік олардың ортақ игілігі болып табылады. Елімізде
əйелдердің теңдігіне арналған гендерлік теңдік стратегиясы қабылданған. Отбасының мүдделерін
қорғау, елдің саяси-əлеуметтік, экономикалық жəне мəдени өміріне əйелдердің атсалысуы үшін қажетті
жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Отбасы
жəне əйелдер іс-жөніндегі ұлттық комиссиясы құрылған. Бұған дейін ҚР-сы Президентінің жанында
Отбасы, əйелдер жəне демография саясатының проблемалары жөніндегі кеңес жұмыс істеп келген болатын. Кең ауқымда алып қарасақ, бұл саясаттың біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Себебі, отбасы-демографиялық көкей-кесті мəселелердің шешілуі тікелей мемлекет ұстанып отырған гендірлік
саясатқа байланысты. Бүгінде жер шарындағы мемлекетаралық саясаттық өзекті мəселелерінің бірегейлі ретінде демографиялық мəселелер тұр. Бұл мəселе дұрыс шешілмейінше, жер бетінде тыныштық
болады деуге де ертерек. Өйткені, осынау мəселенің дұрыс шешілмеуінен бірқатар елдердің ешқандай
соғыссыз, ешқандай індетсіз өздігінен құрып бара жатқаны, мұндай дерттің қəзір Еуропа елдері тұрсын
Азия елдерін де шарпып отырғаны бұқаралық ақпарат беттерінде жариялануда. Кейінгі кезде электронды бұқаралық ақпарат беттерінде гендерлік саясатқа қатысты біраз мəселелер көтеріліп, бұқара арасында дақпыртқа жол берілуде. Бұқаралық ақпарат бетінде тараған «Қытайдан келетін қалталы күйеу
балалар» туралы ақпарат жұртшылықты бей-жай қалдырмай қызу талқылануда. Бір-ақ, құзырлы органдар бұл туралы жақ ашпай, үнсіздік танытып отыр. Ал, тарихымызды зерделесек Ұлы Дала
заңдарында отбасылық, неке жəне ұрпақ тəрбиесі мəселелері өмірлік тəжірибе негізінде жан-жақты
қамтылған. Болашақ ұрпақтың амандығын жəне ұрпақтың дұрыс қалыптасуын, небір жаугершілік заманда да ұлттың құрып кетпеуін ескеріп, қатаң қадағалап отырған. Балаларының отбасын дұрыс құруын
ата-аналар өздерінің қасиетті борышы деп есептелген. Сол себепті де тəрбиелі, өнегелі отбасылардың
қыздарын өз балаларына айттырып, аттастырып, олардың отбасы құруын үлкен мереке етіп, отыз күн
ойын, қырық күн тойын тойлаған. Бір жағынан алғанда келер ұрпақтың саулығын ойлаған қасиеттіде,
киелі даналар «алты атасына» дейін үйленуге тиым салған. Осыдан-ақ, Ұлы Дала заңдарындағы үлкен
гендерлік саясатты көріп, білуге болады. Сол бір заманда Кеңгірбай би сияқты аруақты, ұлтжанды
абыз адамдардың Ұлы Дала заңдарының қағидаларын бұзған жандарды қатаң жазалаған, өзінің
туысқаны болса да Еңлік пен Кебекті өлім жазасына кескен. Бұл дегеніңіз үлкен жауапкершіліктен
туған, келешек ұрпақтың саулығын, амандығын жəне ұлт болашағын ойлаған, туысқанынан Елінің
мəртебесін жоғары қойған ұлтжанды шешім деп бағалауға болады. Алдағы уақытта, енді ғана
Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлаған Мемлекетіміздің бұдан əрі дұрыс өркендеуі, келер жас
ұрпақтың толық қанды ұлтжанды болып қалыптасып, олардың Отан сүйгіштік мақсатта тəрбиеленуі
тек қана құзырлы органдардың ісі ғана емес, Қазақстан Республикасының əрбір азаматтарының, ата–
аналардың қасиетті борышы мен міндеті деп білемін. Осы мəртебелі жəне ұлағатты іске барлығымыз
біркісідей жұмылып атсалысуымыз қажет.
Ә.Әбдіразақов,
Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасының басшысы
6
Елі үшін еңбек еткен энергетика маманы
Атамыз қазақ ғасырлар бойы мал шаруашылығымен айналысқан.
Табиғаттың төрінде малын бағып, жердің қыр-сырын, ауа райының
тылсым құбылыстарын жақсы білген қазақ халқының басқа ұлттарға
қарағанда жады мықты, ойы терең. Сөздері де кестелі əрі салмақты.
Жаратылысты, дөңгеленген дүниені танып-білуде де ұлтымыздың
жеткен жетістіктері баршылық. Ал, ХІХ ғасырда пайда болып, ХХ
ғасырда бізге жеткен электр, энергетика саласы– қазақ үшін мүлдем
тосын жайт еді. Кеңестер елінің көсемі В.И.Ленин: «Коммунизм дегеніміз – бүкіл елді электрлендіру» деп текке айтпаған. Сол сонғы
жаңалықты жақсы меңгеріп, ел игілігіне жаратқан жандардың бірі –
Мəнтен Хамзеұлы əкеміз.Бұл кісіні толық танып-білу үшін
ғұмырдариясына шолу жасайық.
Мəнтен Хамзеұлы – 1934 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа
ауданыңдағы Атасу кентінде (төлқұжат бойынша) дүниеге келген.
Балалықтың базарында болған ауыл баласы сол жердегі №161- ші
орыс мектебінде оқып, он жылдықты ойдағыдай бітіреді.
Әрі қарай, Целиноград қаласындағы байланыс саласындағы біліктілікті арттыру жөніндегі оқуға жіберіледі. Бұл – 1951 жылдың басы болатын. 1952 жылы осы оқуды аяқтағаннан кейін ауылға келіп, Жаңаарқа телеграф-телефон желісіне
монтерлік жұмысқа кіріседі. Алғашқы еңбек жолы осылай басталды. 1957 жылы өз ауылындағы шойын
жол депосында бухгалтер болып істейтін Төкебайқызы Жəмилаға үйленеді. Жəмила анамыз келін боп түскен
кезде жолдасының анасы Биға шешеміз қатты сырқаттанып жүрген еді. Ең негізгі қиындық –жас келінге
енесінің қылтамақ ауруымен төсек тартып жатып қалуы болды. Сонда да қолынан келгенше өз анасындай
күтті. Бірақ «қылтамақ» атты жаман кеселден емделіп-жазылу да мүмкін емес екенін іштей сезген-тін. Сөйтіп,
1958 жылы Дулат есімді тұңғыштары дүниеге келген. Сол сəтте қатты ауырып, қиналып жатқан енесі бірінші
немересі ұл баланың өмірге келгенін көріп, жаңа туған нəрестені бауырына ұзақ басып, арманының
орындалғанын айтып, көп ұзамай дүние салған екен. 1961 жылы Мұрат есімді екінші ұлдары өмірге келген.
Дəл сол жылы өз əкесі Хамзенің тілегімен, сұрауымен Қаражал мен Жаңаарқаның арасындағы Қытай стансасына қоныс аударады. Жаңа мекенде шойын жолдың байланыс саласына механик болып орналасады.
Анамыз Жəмила сол жердің сауда орнында дүкенші болып еңбегін жалғастырады.1964 жылы Қанағат есімді
үшінші ұл дүние есігін ашады. Осы жылы əкесі Хамзе дүние салған. Сонан 1966 жылы бұл отбасы
Қытайдан Қаражал қаласына көшеді. Қаражалдың ол уақытта дүрілдеп, дəуірлеп тұрған шағы. Әкеміз
Мəнтен «Жолдорцех» мекемесіне байланыс бөліміне қызметке келеді. Сол кездерде бұл шаңыраққа үш
ұлдан кейін Бағдат есімді қыз бала өмірге келеді. Анамыз Жəмила бұл жерде де сауда саласында сатушы
болып жұмысын жалғастырады. 1968 жылы Доспаевтар əулетінде бесінші бала Марат есімді ұл дүниеге
келеді. Әкеміз осы жылы Қарағандының тау-кен техникумының Қаражалдағы бөлімшесінің электроэнергетика мамандығына сырттай оқуға түседі. 4 жыл оқып 1972 жылы оны жақсы бітіріп шығады. Сол жылы
сүйікті кенже қыздары Салтанат өмірге келеді. Энергетик дипломын алғаннан кейін əкеміздің қызметі
жоғарылап, Қаражал Кен басқармасындағы Батыс кенішінде ауысым бастығы қызметіне шақырылады. Бұл
қызметті 1974 жылға дейін абыройлы атқарады. Еңбегі ерекше бағаланып, əртүрлі жоғары деңгейлі грамоталар жəне медальдармен марапатталады. Соның нəтижесі ретінде басқарма Бас диспетчері қылып
тағайындайды. 1975 жылы ата-енесінің науқастануына байланысты өскен жері Жаңаарқаға қоныс аударуға
тура келеді.
1975-1977 жылдары сол кезде салынып жатқан Ертіс-Қарағанды каналының №78 - ші ПМК-да бас энергетик болып қызмет істейді. 1976 жылы енесі Ақтай қайтыс болғаннан кейін Қарағанды облыстық энергосбыт мекемесінің шақыруымен Жаңаарқа бөлімшесіне бас инспектор болады. Бұл қызметте жүргенінде
халықпен тығыз араласып, олардың хал-жайын, тыныс-тіршілігін жіті қадағалап, əрбір үйдің, əрбір ұйым
мен мекеменің электр энергиясы бойынша есеп-қисабын жүргізу осы кісіге жүктеледі. Соның арқасында
қолынан келгенше Жаңаарқа кентіндегі барша жұрттың жағдайына көмектесіп, елге танымал болады.
Халықтың тіршілік жағдайымен санасып, əсіресе, күнделікті бар салаға өте қажетті электрмен қамтамасыз
ету – қиынның қиыны болғаны рас. Осы ретте əділдік танытып, кейбір жағдайы төмендеу жанұялардың
электр шығындарын мекемелер мен ұйымдардың есебінен жыл соңында толық жауып елінің ақ батасын
алған. Әкеміз 1977 жылдан 1996 жылға дейін осы Энергосбыт мекемесінің бастығына дейін көтеріліп, оны
да абыройлы атқарған.
1996 жылы зейнеткерлік жасына жетіп, Құрметті демалысқа шығады. 1998 жылы Қарағанды қаласына
балаларының қолына келіп, қонысын өзгертеді.
Анамыз Жəмиля Жаңаарқада Ертіс-Қарағанды каналы қүрлысының сауда саласында сатушылық қызмет
атқарып, 1980 жылдардың ортасында шойын жол сауда бөлішесінде қойма меңгерушісі болады. Осы
қызметте жүріп 1986 жылы 50 жасында зейнеткерлікке шығады. Әрі қарай да 1995 жылға дейін еңбек
жолын жалғастырған. Өздеріңіз көріп отырғандай, анамыз өмір бойы əкемізге қосарлана тыным таппай 40
жылдан астам жұмыс істеп, өз бала-шағасын асырауға көп еңбек сіңірді. Әсіресе, əкеміздің ата-анасынан
жалғыз екендігін білдірмеу үшін аянбай еңбектенді. Ақылды да көреген, жанашыр жар екендігін дəлелдеп
шықты. Мəнтен əкеміз 1998 жылдан 2016 жылға шейін Қарағандыда тұрды. Қарағандыға көшіп келген жылдары ол кісі өзінің екінші ұлы Мұраттың əріптес ғалым ағалары қазірде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің ғылым жөніндегі кеңесшісі, химия ғылымдарының докторы,
профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Халықаралық Фитохимия Холдингінің
президенті, Сарыарқаның жусанынан ең бірінші болып рак ауруына қарсы емдік дəрі ойлап тапқан, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Серғазы Мыңжасарұлы Әдекеновпен, Қазақстан Жаратылыстану
Академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қ.И.Сəтбаев атындағы ғылым саласына берілер премияның иегері Болат Қоңырұлы Қасеновпен, Химия-Металлургия институтының директоры,
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Манат Жақсыбергенұлы Толымбековпен жəне тағы да басқа ғылымда
жүрген баласының достарымен дəмдес-дастархандас болды. Бұл ғалымдардың барлығы да əкеміздің ақылпарасаттылығын, көрегендігін, азаматтылығын ерекше сыйлап, құрметтеді. Жиі кездесіп, бірге болуды
қалайтын. Барлық саналы ғұмырын халық игілігіне, ұлт ұрпағының келешегіне жұмсаған аяулы да ардақты
жан 2016 жылы 2 ақпанда өмірден озды.
Енді сəл шегініс жасасақ, атамыз Хамзе 1932 жылы Нұра ауданы Балықтыкөл ауылының жанында
орналасқан Сегізкөң дейтін ата-бабалар жерінен Қарағандыға қоныс аударған. Оның себебі, сол кездегі
жаппай аштықтың салдарынан əрі денсаулығының болмауына байланысты еді. Сонан Қарағандыдағы ет
комбинатының директоры болып істейтін Медетбек деген немере інісіне пана іздеп келеді. Сол шақта
қайғы-қасіретті көп көрген атамыз екі аяғынан жүре алмай қалған екен. Атамызды Медетбек бауыры жақсы
қарсы алып, ет комбинатының жанынан үй жалдап, күтуші қояды. Күтуші қылып Қарқаралының Киргизия
ауылынан келген Биға деген қызды қояды. Ол қыздан «Күтуші болам» деген келісімін алады. Сол үшін ет
комбинатына жұмысқа алады.
1933 жылы əлгі қызбен атамыз екеуі көңіл жарастырып, қосылады. Сол жылы ет комбинатының директоры
Медетбек інісін Осакаров ауданына колхоз председателі қылып ауыстырады. Ол кісі Хамзе ағасын жəне
жаңадан қосылған жеңгесі Биғаны өздерімен ертіп əкетеді. Жаңа қонысқа барған бетте бұл кісілер революциядан бұрын, ертеректе өмір сүрген Мəнтен дейтін байдың қыстағына орналасады. Сол қыстақтың
маңайындағы «Мəнтен» деп аталатын көлдің жағасында біздің əкей дүниеге келіпті. Өзгеге тосындау
естілетін ерекше есім содан қалған. Әкей өте аққөңіл, ер мінезді, сері адам еді. Домбыра, мандалин, аккардион секілді музыка аспаптарында жақсы ойнайтын жəне қоңыр дауысымен əжептəуір əн салатын.
Жаңаарқада жүрген кезінде кез келген отырыс- тойларда ылғи əн айтып, шапан киетін. Өнерге өте жақын
ақылды да парасатты жанның білімі де, өмірден түйген тəжірибесі де мол болатын. Оның үстіне техника
мен электроэнергетика саласы бойынша əр түрлі деңгейде емтихан тапсырып отыратын. Сол жыл сайынғы
емтихан-сынақтармен де өз білімін жан-жақты толықтыратын, дəлелдейтін. Өз өмірінде өте өжет, бірбеткей
адам болғандығын мына бір кішкентай детальдан анық байқауға болады.
1941 жылы əкесін соғысқа алып кеткеннен кейін, үйде шешесі екеуі ғана қалады. Мал атаулыдан жалғыз
бие қалады. Күнделікті нан табу үшін шешесі сол биені арбаға жегіп, аудан базарында елдің жүгін тасып,
өздерін асыраған. 1942 жылы поселкелік ауылнайдың шешімімен əлгі жалғыз биені əскерге жүк тартатын
жылқылардың қатарына қоспақшы болады. Сонан биені алмақ болып, ауданнан бір уəкіл келеді. Уəкіл келгенше, оны алдын ала естіген қаршадай 7 жасар бала биені жетектеп қораға кіргізіп, аузына құлып сала
қояды. Арнайы келген адамды қораға кіргізбей, есік алдында жылап тұрып алады. Әрі оған «мені ауыл басшысымен кезіктір» деп талап та қойған. Кешке дейін райынан қайтпаған қайсар баланы əлгі уəкіл ауыл
əкіміне ертіп келеді. Жеті жасар баланың боздап отырып айтқан бар мұң-мұқтажын тыңдаған ауылнай қара
биені қалдыруға рұқсат етеді. Бұл жерде айта кетерлік бір жайт, көркем шығармалар мен киноларда болсын,
ел ішіндегі аңыз-əңгімелерде болсын соғыс уақытындағы ауыл басшыларын жамандап əлек, олардың кемшілік тұстарын ғана тілге тиек етеді. Шындығында, адам жанын түсінетін, əсіресе, жас баланың жан
дүниесін тани білген жақсы адамдар да, сезімтал басшылардың болғаны да анық.
Әкейдің бауырмалшылдығы жөнінде бірер сөз. 1943 жылы олар тұрып жатқан екі бөлмелі жер үйге
неміс отбасын – еркегі мен əйел, екі баласымен төрт адамды кіргізеді.
28 қаңтар 2017 жыл
1944 жылы шешесі екеуі шешен халқының құрамында жеті адамы бар отбасын үйлеріне қабылдайды.
Сұрапыл соғыс біткенше, шешесі екеуі баяғы қара биемен күнделікті өзектерін жалғап, немістің де,
шешеннің де отбасыларына көмектерін көрсеткен. Соғыс аяқталған соң, шешендер көшіп кетеді де, немістер
сол жерде қалып қойған. Олардың балаларымен бұл жанұя көпке дейін араласып тұрады.
Мəнтен əкеміздің 1976 жылы енесі Ақтай, 1977 жылы атасы Төкебай қайтыс болады. Ата-енесі қайтқаннан
кейін екі балдызының бірін тұрмысқа шығарып, екіншісін үйлендіреді. Жалғыз бажасы Қайролламен өмір
бойы тату-тəтті болып, сыйлас-құрметтес ғұмыр кешкен. Берік есімді балдызын өз інісіндей көріп, электроэнергетика саласына баулып, өз мамандығына қарай икемдейді. Ол кісі əлі де сол салада жемісті еңбек
етуде.
Енді балалары мен ұрпақтары туралы қысқаша шолу жасасақ, Мəнтен қария өз өмірінде ұрпақ мəселесіне
зор көңіл бөлген жан. Сол ұлағатты ұядан түлеп ұшқан əр баласы қазір өз алдына бір-бір шаңырақ, бір-бір
мемлекет. Мəселен, үлкен ұлы Дулат мектеп бітірген соң Жаңаарқаның СПТУ-на (Ауылшаруашылық
кəсіптік-техникалық училище) түсіп, соны аяқтайды. Әрі қарай əскер қатарында болып, кейіннен электроэнергия саласындағы монтер қызметін атқарады. 1980 жылы Бақыткүл есімді қызға үйленіп, бүгінде оларда
Марғұлан, Еркебұлан, Айдана атты үш балалары бар олар жоғарғы оку бітірген азаматтар Үш баладан бес
немере сүйді. Бұлар – Мəнтен ақсақалдың бес шөбересі. Әкей зейнетке шыққаннан кейін үлкен ұлын байланыс саласына қарасты Қазтелерадиоға электромонтер қылып ауыстырады. Сол жерде Дулат 1999 жылдан
жұмыс істеп келеді. Кейінгі мамандығы – байланыс механигі. 2008 жылы Қарағанды политехникалық колледжін сырттай оқып бітірген. Әкейге тартқан табиғи мінезі – ақкөңілділігі.
Екінші ұл – менің есімім Мұрат. 1978 жылы Жаңаарқадағы Сəкен Сейфуллин атындағы қазақ орта мектебін
үздік аяқтағаннан кейін Алматыдағы сол кездегі ең жоғары білім ордасы Еңбек қызыл ту орденді С М
Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия мамандығына оқуға түсіп, оны 1983 жылы
ойдағыдай бітіріп шықтым. Сол кезеңнің дəстүрі бойынша, Қарағанды Металлургиялық комбинатына жолдама берілді. Аталмыш өндіріс орнында бір жыл қызмет жасағаннан соң, өзімнің мамандығым бойынша,
электрохимия (сол кезде дəуірлеп тұрған) негізін атақты академик Е.А.Букетов салған Химия-металлургия
институтына инженерлік қызметке келдім. 1988 жылы химия мамандығы бойынша аспирантураға түстім.
1989 жылы көптеген ғылыми ізденістердің негізінде тапқырлық көрсетіп, «СССР өнертапқышы» атағына ие
болып, медалімен марапатталдым. 1993 жылы 9 жылдық ғылыми жұмыстарымды қорытындылай келе
«Электрохимическое поведение меди и её окисленных соединений в водных растворах» тақырыбында
кандидаттық диссертация қорғап, химия ғылымдарының кандидаты атандым. 2010 жылы «Научные основы
и разработка гидроэлектрометаллургических технологии получения и применения высокодисперсных порошков меди, ее окисленных и сульфидных соединений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғадым.
2011 жылдан бастап металлургия саласындағы техника ғылымдарының докторымын.
Бүгінде Химия-металлургия институтының Электрохимиялық процесстер бөлім бастығы болып қызмет
атқарып жүрмін. Онан басқа Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті, Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті, Қарағанды Экономикалық Университетіті секілді жоғары оқу орындарында төрт мамандық бойынша магистрлік диссертациялар жəне бакалаврлық дипломдар қорғататын жоғары
аттестациялық комиссиясының төрағасымын.
2016 жылы 26 қазанда Қазақстан химия-металлургия ғылымы саласына сіңірген еңбегім үшін маған ХАА
ғылым Академигі жоғары дəрежесі берілді. Жолдасым Әлия өзіммен бірге ҚазМУ-ді бітірген. Қазір оқуағарту саласында жоғары дəрежелі ұстаз. Олжас, Дархан есімді екі ұлымыз бар. Олар жоғары оқу орнын
тамамдаған. Екеуі де қызметте.
Үшінші ұл – Қанағат 1988 жылы Жезқазған педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қарағанды
қаласына келіп, Органикалық көмір синтезі институтында инженер болып қызмет істеді. 1992 жылы
Гүлбарам есімді қызға үйленіп, қазірде Перизат, Азамат, Асхат атты балаларын тəрбиелеп отыр. Екі үлкен
баласы жоғары оқу орнын бітірген. 1992-2000 жылдар аралығында электроэнергия бойынша бұрынғы
қызметінде болған Қанағат 2000 жылдан бастап Қазтелерадио ұйымында механик болып қызметін
жалғастырды. Республикалық Казтелерадионың басшылығы Қанағат Мəнтенүлының ерекше
ұйымдастырушылық жəне жоғары техникалық білгірлігін ескере отырып оны 2002 жылы Жаңаарқа
Қазтелерадио бөлімінің бастығы қызметіне тағайындады. Әкесі зейнетке шыққаннан кейін, оның ісін
Жаңарқа өңірінде əрі қарай жалғастырушысы– осы ұлы.
Төртінші қыз – Бағдат 1983-1988 жылдары Теміртаудағы ВТУЗ-дың құрылыс мамандығын оқып, оны бітіргеннен кейін, өзімен бірге оқыған Қырғызбаев Талғатқа тұрмысқа шығып, отбасын құрады. Олардың
Рауан, Сұлтан, Аяулым есімді ұл-қыздары бар олардың екеуі жоғары білімді кішісі мектепте. Талғат
Қарағанды Металлургия комбинатындағы құрылыс цехында участок басшысы, Бағдат негізгі құрылысшы
мамандығына қоса, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің филология факультетін аяқтап, филолог мамандығын
да меңгерген. Қазір орыс мектебінде жоғары дəрежелі қазақ тілі маманы жəне сол мектеп директорының
орынбасары.
Бесінші ұл – Мараттың ерекше қасиеті мектеп кезінен, 6-шы сыныптан бастап музыкаға, əнге əуестенді.
7-ші сыныптан бастап вокальды инструментальдi ансамбльде барабаншы жəне басқа да музыкалық аспаптарды жақсы игеріп, əн айта бастайды. Бүгінде əкесінің серілік қасиетін жалғастырып, заманға сай бизнес
– индустрияны жақсы меңгеріп, өз орнын тапқан азамат. Жолдасы Бақытжан, балалары Лаураның жоғары
білімі бар Тілеужан студент Сəнім мектеп оқушысы.
Алтыншы қыз – Салтанат əке-шешесінің кенжесі, ең сүйікті де тəтті балалары. Мектеп бітіргеннен кейін
Теміртаудағы медучилищеге түсіп, медбике мамандығын алып шыққан. Онан кейін Қарағандыдағы Фитохимия ғылыми-зерттеу институтының дəрі-дəрмек шығаратын зауытында инженер қызметін атқарды. Сол
қызметте істеп жүріп Қазақстанда тұңғыш рет ашылған Фармацептикалық институтқа түседі. Оны жақсы
аяқтағаннан соң Қазақстандағы Греция-Кипр фармацептикалық компаниясының арнайы уəкілі болып
тағайындалды. Көп жылдар осылай халыққа медициналық көмек көрсетеді. Кейінгі жылдары Ұлыбритания
дəрі-дəрмек компаниясы қызметке шақырып, қазір сол салада қызметте. Салтанат 1990 жылы Марат есімді
азаматқа тұрмысқа шыққан. Мараттың алғашқы мамандығы мектепте дене шынықтыру мұғалімі əрі
жаттықтырушы болды. Қарағандыға көшіп келгеннен кейін Қазақстан соғыс əуе күштері Сарыарқа
авиаполкындағы исртебитель самолеттердің парашюттерін жөндейтін механик болып жұмыс жасайды. Осы
жұмысты 13 жыл мінсіз атқарып, 2015 жылы əскери зейнеткерлікке шықты. Үлкен балалары Динара
жоғары білімді математик. Кіші балалары – Ахмади мектеп оқушысы, Медет балабақшаға барады.
Әкеміз осы алты баласынан он сегіз немере, сегіз шөбере көрген бақытты қария болды.
Хамзе атамыз бастаған, Мəнтен əкеміз жалғастырған біздің əулеттің негізгі Тоқа-Жабағыларының атамекені
Нұраның бойындағы Сегізкөң дейтін жер. 2012 жылы сол жерде 17 ғасырдан бері аталарымыздың
қорымында жерленген 136 мүрдені қоршап, жөндеу секілді аманатты істі үлкен буыннан əкеміз Мəнтен өзі
бастап, орта буыннан баласы Мұратты ерте жүріп толық орындап шықты. Ұзындығы 100 метр темір тордан
жасалған қоршауды қорымға орнатып, негізгі ата-бабаларымыздың аты-жөндері жазылған көктасты бастарына қойды. Сол күні əруақтарға арнап Балықтыкөл ауылында құдайы ас беріліп, қорымның басында Құрандұға бағышталды. Әкеміздің жылдар бойы армандаған ойы іске асты. Ол кісі осы істелген іске риза болғаны
соншалық, сол сəтте көзіне жас ала отырып, өзін керемет бақытты сезінгенін айтқан еді.
Иə, сонымен, Доспаевтар əулетінің тарихи шежіресі осылай. Көпті көрген, көп нəрсені көңілге түйген,
даланың дарханмінезді қайсар ақсақалы Мəнтен əкеміз 2016 жылы ақпан айының 2-ші жұлдызында мынау
жарық дүниеден өтіп, мəңгілік мекеніне аттанды. Биыл соған бір жыл толып отыр.
Марқұм əкемнің топырағы торқа, жатқан жері жайлы болсын дей отырып, рухының алдында бас иіп, мына
бір-екі шумақ өлеңімді арнаймын:
Мықтылықтың мығым ұстар желкенін,
Ұланы еді Жаңаарқадай өлкенің.
Ұшарында үміт күтіп, үлгі етіп,
Текті ұлға артқан еді ел сенім.
Биік болу – азаматтың арманы,
Қыран болып қияларды шарлады.
Талай-талай асулардан өткенде,
Орындалды əкеміздің арманы.
Өмір бойы адал еңбек, маңдай тер,
Қолдап жүрді қасиетті туған жер.
Ел ырзығын, Жаңаарқаның байлығын,
Еңбегімен еселеткен нағыз ер.
Бала-шаға өсіп-өніп өрледі,
Ел сыйлайтын жасқа жетті төрдегі.
Тірісінде Мəнтен ата атанып,
Бейнетінің зейнеті бұл - көргені!
Жүруші еді біздің əкей ту ұстап,
Жас ұрпаққа тəрбиені дұрыстап.
Мəңгілікке мейман болып кеткелі,
Бір жылың да өте шықты жылыстап.
Ал бүгінде еске алады ұрпағы,
Ұрпағының ата берсін нұр таңы.
Кешегі мен бүгінгіні жалғайтын,
Қимайды олар əке жатқан қырқаны.
Жаңаарқаның самал желі əн қылып,
Өнеге мен өсиеті жаңғырып,
Ұрпақтарын желеп-жебеп жүретін,
Мəнтен əкем болсын дейміз мəңгілік!!!
Сағына еске алушы: баласы Мұрат Мәнтенұлы Доспаев,
техника ғылымдарының докторы, профессор, ғылым академигі
7
28 қаңтар 2017 жыл
ЕскЕ
алу
Қараағаш ауылының тумасы қамқор жар, ардақты əке, сүйікті ата
Айтбеков Қайыргелдінің өмірден өткеніне ай толды. Айналасын
мейірім-шуаққа бөлеген ардақты жанның ақыл-кеңесі, нұрлы жүзі
біздің мəңгі жадымызда. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немережиен сүйген ардақты əкеміздің жаны жəннəтта, тəні рахатта болсын
дейміз.
Ғұмыр кешіп, үлгі болдың ұл-қызға,
Бізді теңеп ай мен күнге, жұлдызға.
Аттандыңыз мəңгі қайтпас сапарға,
Еске алып, қалдық сізді мұң, сызда.
Білеміз ғой жалған өмір өтерін,
Армандаумен əр пенденің кетерін.
Жақсылығың шапағатқа бөлесін,
Жұмақ болып, жан əкешім, мекенің.
Сағына еске алушылар: жұбайы-Айтбала, балалары, немерелері.
Атамыздың өмірден озғанына 40 күн толуына орай 11 - ақпан күні сағат 13.00
де Қараағаш ауылының тойханасында құдайы дәм беріліп құран бағышталады.
Көңіл айту
Аудандық білім бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің кəсіподақ ұйымы жəне
Ынтымақ орта мектебінің ұжымы осы мектептің ұстазы, еңбек ардагері Әбішева Бәтима
Ақашқызының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына жəне туғантуысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз
Өрт - тілсіз жау
Көлік жайдағы автокөліктерден келетін
өрттерден сақтана білейік
Өрт кезінде адамдардың өлімін алдын алу бойынша қолданған шараларға жəне атқарылған
жұмыстарға қарамастан, жағдай қиындап барады.
Өрт қауіпсіздігі Ережесі бойынша əрбір автокөлікте өрт сөндіру құралы болуға тиіс, бірақ,
көлік иелері оны Жол полициясынан көліктерін техникалық қараудан өткізетін кезде ғана
есіне алады. Көліктегі өрттің көбісіне автокөлік иелерінің өздері кінəлі. Машинадағы электр
жабдықтары, жанар-жағар май мен синтетикалық материалдар тез тұтанып, жылдам жанады. Соның нəтижесінде көлік санаулы үш-төрт минуттың ішінде жалынға оранып
үлгереді. Электр жабдықтарының бұзылуы, отқа қалай болса солай қарау, жанар-жағар май
жүйесінің ақауы, салонда шылым шегу, сайып келгенде көлік иесінің машинадағы өрт
қауіпсіздігіне салғырт қарауы-көліктегі өрттің басты себебіне айналып отыр.
Төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелеріне назар аударыңыз, ол Сіздің автокөлігіңіздегі өрттің
алдын алуға септігін тигізері анық:
-қыс кезінде көптеген жүргізушілер суықтан оталмай қалған машинаның қозғалтқышына
ашық отты жағып (паяльная лампа, факел, ашық спиральды калорифер) жылытатыны белгілі. Бұл мүлде дұрыс емес;
- аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядттауға болмайды;
- көлікке жарық түсіру мақсатында ашық отты пайдалануға тыйым салынады;
- көліктің жанар-жағармай құятын багының аузын ашық тастауға болмайды;
- автокөліктің қозғалтқышына ғана емес, сонымен қатар электрлік жабдықтарына да назар
аударып, техникалық қарауды жиі жүргізу қажет;
-автокөлікте міндетті түрде өрт сөндіру құралын алып жүру керек.
Егер, көлік өртенсе не істеу керек?
-автокөліктің жылдамдығын арттырып, өртті сөндіремін деп ойламаңыз;
-машинаны өшіріп, қолданбалы тежегішке қойыңыз;
-жолаушыларды дереу көліктен шығарып, өрт сөндіру қызметіне 101 нөмірі арқылы
хабарлаңыз. Өрттің шығу көзіне қарап, оның қауіптілігін бағалай беріңіз. Егер, өрт жанармай
құятын бак жақта болса, онда жағдай өте қиын. Ондай жағдайда қасыңыздағы адамдармен
бірге машинадан аулаққа қашып, қауіпсіз жерге тығылған дұрыс, себебі өртеніп жатқан
көлік кез-келген секундта жарылуы мүмкін. Капотты ашқан кезде от ұшқындарынан сақ
болыңыз. Капотты ашар кезде қолыңыз күймес үшін шүберекті пайдаланыңыз. Бетіңізді
шоқтан қалқалаңыз. Өрт сөндіру құралын жалынның ошағына бағыттап, шашыңыз. Егер,
өрт сөндіру құралы болмаса, басқа қолда бар құралдарды: құм, қар, су, брезент немесе өзге
де материалдарды (курткалар, тыстар жəне т.б.) қолданыңыз. Машинаның сұйықтығы ағуы
салдарынан болған өрт кезінде, ең алдымен жанып жатқан сұйықтықты, сосын барып көлікті
өшіріңіз. Өзіңіздің жеке басыңыздың қауіпсіздігін де ұмытпаңыз. Қолыңызбен жанармайды
ұстаған болсаңыз, үстіңізге жанармайдың буы сіңген болса, өзіңіз де өртеніп кетуіңіз мүмкін.
Сондықтан, сасқалақтамай, сабырлық пен сақтық танытқан жөн.
Құрметті автокөлік иелері! Көлігіңіздің бұзылмай, Сізге ұзақ қызмет етуі үшін, машинаңыз
өртеніп, материалдық шығынға батпас үшін, көлігіңізді барынша күтіп ұстаңыз. Естеріңізде
болсын! Өрт шыққан жағдайда дереу 101 нөмірі арқылы Өрт сөндіру қызметіне хабарлау
керек!
Ж.Б.Садықов,
Жаңаарқа ауданы ТЖБ-нің инженері
азаматтық қорға аға лейтенанты
Открыто наследственное дело
Открыто наследственное дело после смерти Ломако Светланы Ивановны умершей
19.12.2016 г. у нотариуса Бакировой Салтанат Мазыкеновны. Всем наследникам обращаться
по адресу: п.Атасу, Жанааркинского р., пр.Сейфуллина №19-3
РОЗЫСК
В Жанааркинском районом суде возбуждено гражданское дело о признании г-на Билюшина
Николая Ильича безвестно отсутвующим. Имеющим сведения о месте прибывания Н.И.Билюшина сообщить об этом суду в трехмесячный срок со дня публикации.
Жарамсыз
Нұрғалиев Садақбайдың атына 28.04.2005 жылы берілген №0442681 Балабақсы №61 үйге
берілген мемлекеттік акт жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
ЕскЕ алу
Ауданымыздың тұрғыны болған, тіршілігінде ардақты əке, сүйікті ата,
отбасымыздың қамқоршысы бола білген Имашев Жақсылық (Жақан)
Әшімұлының өмірден өткеніне 1 жыл толды. Ұл-қызын қызықтап,
немерелерінің қызығына кенеліп жүрген əкеміздің арамыздан алыстағаны
көңілімізге қаяу түсіргенімен Алланың ісіне не шара?
Атса-дағы арайланып таң күліп,
Арамыздан кеттің əке мəңгілік.
Ұмытылмайсың ұрпақтарың барда Сен,
Есімің тұр жүректерде жаңғырып.
Жанды қинап, жабырқатты жүректі,
Бұл жалғаннан озғаныңа жыл өтті.
Жарқын бейнең сағым болып елестеп,
Сағынышпен көңілдерді жүдетті.
еске алушылар: жұбайы - Балбала, балалары, немерелері
Әкеміздің қайтқанына 1 жыл толуына орай 4-ақпан күні сағат 13.00-де “Диас” тойханасында құран бағышталып, құдайы ас беріледі
ЕскЕ алу
Көзі тірісінде сүйікті перзент, қимас бауыр, қамқор аға бола білген Омаров
Абзал Әзияұлының өмірден өткеніне 40 күннің жүзі болды. Тіршілігінде
ағайын-туыстың тірегіне, ауыл-аймақ, əріптестерінің қадірлісіне айналған
ашық-жарқын мінезді, ақ көңіл, бауырмал жанның нұрлы бейнесі
сағынышқа айналды. Қолға алған əр ісіне тиянақты, атқарған жұмысына
адал, жауапкершілігі мол болушы еді. Алланың жазғанына шара бар ма,
мезгілінен бұрын өмірі күрт үзілді. Жаны жайсаң ардақты жанның
топырағы торқа болып, қабіріне Алланың нұры жаусын дейміз!
Тағдырдың дегеніне шара бар ма,
Жоқсың ғой бүгін біздің арамызда.
Ақ көңіл жүрегің мен жарқын бейнең,
Сақталар мəңгі біздің санамызда.
Жатқан жерің нұр төгілер тұрақ болсын,
Ол жақта саған жеңіл сынақ болсын.
Мəңгілік мекеніңде тыныш ұйықта,
Алланың берері тек жұмақ болсын.
Сағына еске алушылар: анасы - Зәуреш және Омаровтар әулеті.
Марқұмның қайтыс болғанына 40 күн толуына байланысты 3-ақпан күні сағат 14.00де "Сұлтан" тойханасында құран бағышталып, құдайы ас беріледі.
ЕскЕ
алу
ЕскЕ
алу
Бидайық ауылына қарасты №69 разъезінің тұрғыны аяулы ана, сүйікті
жар Болатбекова Әсия ермекқызының өмірден откеніне де санаулы
күндер болды. Қабырғамызды қайыстырып, жүрегімізге өшпес із
салып, қайғы мұңға батырған қазаның ауыр болғанымен Алланың
ісіне не шара. Қос құлынның қызығын көрмей небары 39 жас ғұмыр
кешкен аяулы жанның жарқын бейнесі, жайдары жүзі мəңгі жадымызда жаттаулы. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында айналасын
мейірім шапағатқа бөлеп, ағайын-туысқа сыйлы, дос жаранға құрметті
болған аяулы жанның соңында аңырап ата-анасы, қайғырып атасы
мен жары, боздап қос ботасы қалды Қош сүйікті жар, аяулы ана, бауыр
ет бала, Әсия! Жатқан жерің жайлы, көрмеген көшең жарық болсын. Алла иманыңды
жолдас етіп, жұмақ төрін бұйыртсын
Жүруші едің жайраң қағып, күнге ұқсап,
Жоқтығың жаншып кетті жанды тұсап.
Айрылып артыңда біз қала бердік,
Жалт етіп жоқ болдың ғой сағым құсап,
Оты едің ошағыңның маздап жанған,
Нұр едің шуақ құяр ала таңнан.
Жаныңа иман тілеп дұға оқимыз,
Жаныңды жұмақта етсін жалғыз Аллам.
еске алушылар: жары-Қанат, балалары-Әділжан, Наргиза.
Марқұмның қайтыс болуына 40 күн толуына орай 12-ақпан күні сағат 13.00 де
Бидайық ауылындағы «Амангелді» тойханасында құран бағышталып, құдайы дәм
беріледі.
Күні кеше ғана арамызда құлпырған күндей, түрілген түндей,
ашылған гүлдей болып өсіп келе жатқан, əр ісіне ата-анасымен бірге
ағайын-туысын, өзі оқыған О.Жұмабеков атындағы мектеп ұжымын
қуантып, жетістіктерімен биіктерді бағындырып келе жатқан жарық
жұлдыз Төлеубек Заңғар ескенеұлы аман болғанда 6-ақпанда 17
жасқа толар еді.
Қауызын жармастан сабағынан үзіліп, шоқ
жұлдызға айналмай ағып түскен Заңғардың алар асуы мен шығар
биігі көп еді. Өзі сүйіп оқитын пəндерден ғылыми зерттеу
жұмыстарына қатысып, қара үздіріп жүрген жас өркеннің арманы асқақ,
мақсаты биіктін. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында талайды тамсандырып, білім
сайысында талабымен таңдай қақтырған Заңғардың нұрлы жүзі, күлімсіреген келбеті
күні кешегідей көз алдымызда. Ол өшер емес, өшпейді де. Балалықтың базарлы
шағынан алыстамаған періште жүрек, пəк көңілді құлынымның құлдыраңдаған кейпі
есіктен енердей əлі күтудемін. Әттең маңдайына жазылған тағдырдың келте болғаны
өкінішті. Ол бар болғанда жайраңдап, жайнап ортамызды қызыққа кенелтіп жүрер еді.
Заңғар едің қанат қаққан қияға,
Сағынышым өр кеудеме сия ма.
Жоқтығыңа көз бен көңіл сенгенмен,
Ана жүрек жасын енді тия ма.
еске алушылар: ата-анасы-ескене-Бақтыбала, аға-жеңгелері - Аман-Балдырған,
Жаңабай, еркін-Баян, апалары-Анар-Береке, Жансая, бауырлары-Мұхамед Әли, Ханзада.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жасалуына экономикалық жəне əлеуметтік себептер мен
шаралар ықпал етеді, бұл факторлар өз кезегінде біркелкі комплексті құрайды жəне сəйкесінше
оған көпжақты жəне тиімді күрес жүргізудің алдын алу шараларын қолдану қажет. Жемқорлықты
болдырмау үшін, экономикалық, құқықтық жəне саяси сипаттағы алдын алу шаралар кешенін
қабылдау керек, оның ішінде Экономика жəне қаржылық саясаты саласында: 1) салықтың
заңнаманы жетілдіру, көлеңкелі экономикалық зонаның аясын тарылту мақсатында,
кəсіпкерлерді мемлекеттік қызметкерлердің тарабынан қысымға түсіру мұмкіншілігін шектеу; 2)
ақша қаражатын бағылауды жеңілдету мақсатында, яғни қолма-ғол пара беруді қиындату
мақсатында, қолма-ғол ақша айналымын төмендету, қазіргі заманңа сай электрондық есеп айырылысуды дамыту, қазіргі заманңа сай есеп беру нысанын енгізу. Құқықтық жəне саяси салада:
1. Сыбайлас жемқорлықтың сайлау үдерісіне ықпалын азайту. Сайлау рəсімінің тазалығы жəне
ашықтығы, ең алдымен – сайлау науқандарын қаржыландыру. 2. Заң шығару органдарына сыбайлас жемқорлықтың ықпалын кеміту. Ол үшін депутаттарды қылмысты жауапқа тарту рəсімін
ықшамдау керек. Конституция мен елдің заңдарына сүйене отырып, партия қызметіне мемлекет
тарапынан бақылауды күшейту. Партиялардың құрылуын қолдау қажет, үміткерлердің сайлаушылар алдында жауаптылығын арттыру, оларға ашық түрде өздерінің үміткерлерін таныстыру,
саяси əлеуметтік тетігіне ие болу жəне олар үшін жауап беру. 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күресті жүргізуші кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондықтан олардың жұмысын жетілдіру, ішкі сатқындардан тазарту – ең алдыңғы міндеттердің бірі. Бұл мəселені шешу үшін: ең алдымен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеру; құқық сақтау органдарын
заманауи техникамен қамтамасыз ету деңгейін көтеру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық
технологияларды енгізу қажет; насихат жəне хабардарлық. Бұл шаралар кешені төмендегі
бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын
жүзеге асыру жөнінде тұрақты ақпарат беріп тұру. Шетелдік практика көрсеткендей Сингапур,
Жапония сияқты елдерің сыбайлас жемқорлыққа қарсы модельдерін тəжірибеде алмасуға болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты əрекет оның алдын алуға бейімделген стратегия болғанда
ғана мүмкін. Сондықтан, жазалауды қатаңдатумен жəне қылмыстық қудалауды күшейтумен бірге
сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған қосымша шаралар пысықталуда. Осы мəселені шешуде мемлекет пен қоғамның күш салуын біріктіруге аса
көңіл бөлінуде. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық дерегі туралы хабарлаған немесе
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жəрдемдескен адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия
болып табылатынын жəне құқық қорғау органдарының немесе соттың сұратуы бойынша заңда
белгіленген тəртіппен ғана табыс етілетінін əрбір адам білуі қажет. Сыбайлас жемқорлық пен
құқық бұзушылық орын алған жағдайды хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күреске жəрдемдескен адам мемлекеттің қорғауында болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрестің тиімділігін арттыру кез-келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мəнге ие. Елбасымыз халыққа арнаған сөздерінде жемқорлық індетінің тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайтынын жиі айтып келеді. Жемқорлық белең
алған жағдайда еліміз бəсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосыла алмайтыны белгілі.
Мұндай əрекеттер экономикамыздың бəсең дамуына, əлеуметтік жағдайымыздың төмендей
түсуіне əкеліп соқтырады. Жалпы, қоғамдағы қандай да болсын келеңсіздіктің алдын алуды əрбір
азамат өзінен бастаған жөн деп есептеймін. Бұл ретте, мен өзін отанымыздың патриотымын деп
есептейтін əрбір замандасыма айтарым, еліміздің биік белестерді бағындыруы, мемлекетіміздің
50 дамыған елдердің қатарына кіруі сынды асыл мұраттарға қол жеткізуіміз біздің отан
алдындағы еңбегімізді адал атқаруымызбен тікелей байланысты. Қорытындылай келе, əр бір азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы əрекетті өзінен бастау керек. Өз кезегінде мемлекетте қоғамда
сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мəдениетті қалыптастыруды ұдайы жүргізу қажет екені анық. Ал біздің мақсатымыз жоғарыда
шаралар негізінде мемлекет жəне азаматтық қоғам болып сыбайлас жемқорлықтың алдын алып
жою болып табылады.
Т.А.Искаков,
Жаңаарқа аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы
Балалар ертегі әлеміне сапар шекті
Ертеден келе жатқан Шығыс күнтізбесі бойынша тауық жылы 22 наурызда кіруі тиіс. Алайда,
қалыптасқан ресми күнтізбе есебімен Жаңа жыл 1-қаңтардан басталғандықтан, біз де жыл басын
осы уақытта қарсы алуға əдеттендік.
Мектебіміздің келер жылды қарсы алуға деген дайындығы əдеттегідей Тəуелсіздігіміздің 25
жылдығын тойлап болған соң алдын-ала басталып кетті. Мектебіміздің алдында ұстаздар мен
оқушылар еңбегімен жасалған он екі айға иелік ететін хайуандар, Аяз ата мен Ақшақардың бейнесі жəне биылғы Астана қаласында өтетін ЭКСПО көрмесіне арналып жасалған мүсін қардан
қаланып, оған мектеп алдындағы жарық беретін түнгі шамдар мен өсіп тұрған шыршалар əсемдігі
түнгі Қызылжар кентіне көрік берді.
Әр жыл біздің ауылымыз үшін өзінің несібесімен, молшылығымен, берекесімен өтетіні даусыз.
Сондықтан, өткен жылдың игіліктеріне алғыс айтып, босағадан аттағалы тұрған жаңа жылды
барынша сəн-салтанатпен қарсы алуға тырысатынымыз заңдылық.
Жаңа жыл мерекесі мектеп ұжымының ұсынысымен деңгей-деңгейімен тойланды. Бұл кеш
əдеттегідей мəз-мейрам болған балаларға, əн мен жырдан шашылған шашуға, ертегілер əлеміне,
сиқырға толы шыршаға көмкерілді. Лайықтап безендірілген зал іші тек қуанышқа тұнып тұрғандай
көрінді. Себебі бұл балалардың кіршіксіз пəк көңіліне куə болған кеш еді.
Мерекені мектеп басшысы Жайлаубаев Дүйсенбай Соқабайұлы ашып беріп, өрлеу жолындағы
мектебіміздің жетістіктерін айта келе, еліміздің сөгілмес іргетасын қалайтын осы бүлдіршіндеріміз
екенін тілге тиек етті. Мерекенің қызықты өтуіне ата-аналар мол үлес қосты. Ертегі кейпінде
киініп шыққан ата-аналарымыз Нұрмағамбетова Гүлнұр, Тамабекова Замзагүл, Омарова Күлпат,
Шілікбаева Әсем сынды ата-аналарымыз кішкентай бүлдіршіндерімізге шат-шадыман көңіл-күй
сыйлады. Жаңа жыл кешіне қатысқан ата-аналар бүлдіршіндерімен бірге қардан жасалған мүсіндер
жанында ескерткіш суретке түсті.
Ж.Т.Оспанова, Қызылжар ЖОББМ-нің кітапханашысы
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСеЙіТОВ Дүйсенбай
МеНШіК ИеСі: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
Құттықтаймыз!!!
Балалық балдəурен күндерді бірге өткеріп, одан кейінгі өміріміз отбасылық
достыққа ұласқан қадірлі құрбымыз Тиыштық Әбілдақызы! Сені туған
күніңмен шын жүректен құттықтаймыз! Кезінде сыныбымыздың
мақтанышы болған əрі əнші, əрі спортшы, сен бүгінде аяулы ана,
ардақты əже, үлағатты ұстаз ретінде ел құрметіне бөленген жансың.
Қасыңда қосағың Қабыкенің жоқ демесең, Құдайға шүкір, бауырыңда
балаларың, жетегіңде немере-шөберелерің бар басыңа бақ қонған
адамсың. Алла тағала алдағы ғұмырың ұзақ болуын нəсіп етіп,
ұрпағыңның қызық-қуанышына бөлене бер.
Бала кезде ортамыздың гүлі едің,
Мақтан тұтар қызымыздың бірі едің.
Бүгін, міне, аяулы əже атанып,
Жетпіс жасқа аттың басын тіредің.
Төрт құбылаң түгел болып жан-жағың,
Орындалсын мақсат-мұрат арманың.
Ұл-қызыңның қызығына кенеліп,
Шапағаты жаусын саған Алланың.
ізгі ниетпен отбасылық достарың: Бөлемес-Қоңырша, Меркеш-Алтынай, Саламат-Айжан, елубай-Шәрипа, Сайын-Бану, Фахритдин-Зоя, Темірғали-Жәмила,
Мейрам, Әлфия
Құттықтаймыз!!!
Отбасымыздың қорғаны, бəрімізді өсіріп, оқытып жеткізген ардақты əкеміз
Әбілдин Бейсенғали Қуанышұлын 50 жасқа толған мерейтойымен
құттықтаймыз. Ол кісі ұзақ жылдан бастап электр саласында аянбай тер
төгіп, көпшіліктің құрметіне бөлендіп келеді. Әкемізге тек жақсылықтар
мен қуаныштар, бала-шағаның қызығын қызықтап, анамыз екеуіңіз ортамызда аман сау жүре беріңіз деген тілек білдіреміз.
Жан əке, құтты болсын 50 жасың,
Біз үшін ардақты ғой алтын басың.
Анамыз Айнагүлмен қанаттасып,
Жүріңіз əр күн сайын алға басып.
Алла жар боп денсаулығың зор болсын,
Құтты болып əрқашан қуанышың,
Отбасыңыз қасыңызда аман жүрсін.
ізгі тілекпен: жұбайы - Айнагүл, балалары - Асылан-Назгүл, ернар-Әсел, Назерке,
немерелері.
Дүниежүзілік экономикалық форумның
жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси
бағыты» атты Жолдауында бұл бағыттағы меженi белгiлеп берген едi. «Қазақстан – 2030» стратегиясын қабылдағаннан кейiнгi 15 жыл барысында бiздiң елiмiз əлемдегi қарқынды дамушы бес
мемлекеттiң қатарына ендi. 2012 жылдың қорытындысы бойынша жалпы iшкi өнiм көрсеткiшiмен
əлемдегi 50 iрi экономикалы ел қатарына кiремiз. Бүкiл əлем елi дамуын өлшейтiн рейтингтер бойынша да мойындалып жатырмыз. Ендiгi бiздiң басты мақсат – 2050 жылға дейiн əлемдегi ең
дамыған 30 елдiң қатарына қосылу. Оған бiзде барлық мүмкiндiк бар: ресурсымыз да, бiлiмдi адамдарымыз да, қазақстандықтардың жарасымды бiрлiгi де» деген болатын. Әлемдегi дамыған 30
мемлекеттiң қатарына қосылу жөнiндегi асқақ мақсат Елбасы Н.Назарбаевтың 5 институционалды
реформасы мен оны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадамнан» тұратын Ұлт жоспарында
да көрiнiс тапқан. Сарапшылар қазiр белсендi түрде жүргiзiлiп жатқан реформалар табысты
аяқталса, отыздыққа ену жөнiндегi мақсаттың орындалатынына сенiмдi.
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бəсекеге қабілеттілік индексі рейтингінің
көрсеткіштерін жақсарту бойынша Жаңаарқа ауданының əділет басқармасының жұмыс жоспарына
сай, 2016 жылда атқарған іс-шараларына тоқтала кетсек, Елбасының «Қазақстан жаңа жаhандық
нақты ахуалда: Өсу, Реформа жəне Даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жəне «100 нақты
қадам» Ұлт жоспарын насихаттау барысында 13 ауылдық (кенттік) округтерінде ай сайын жиындар
өткізілді.
Жиынға, ақпарттық насихат тобының мүшелері, аудандық экономика жəне қаржы бөлім басшысы
– А.Жылқыбаев, сəулет жəне қала құрылысы бөлім басшысы – Қ.Бакиев, Қарағанды облысы
Кəсіпкерлер палатасының Жаңаарқа аудандық филиалының директоры – С.Рымбеков, жəне
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша
филиалы «Жылжымайтын мүлік орталығы»департаментінің Жаңаарқа аудандық бөлімшесі басшысы – А.Құрмашев жəне «Жер ҒӨО» департаментінің Жаңаарқа аудандық бөлімшесі басшысының
м.а – А.Абдрахманов жəне Жаңаарқа аудандық заң кеңесінің адвокаттары мен жеке нотариустар,
сот орындаушылар үнемі қатысады.
Жиын барысында, ауыл тұрғындары өздерін толғандыратын мəселелер бойынша жауаптар алады.
Өзінің құзыреттілігі аясында əділет басқармасы мемлекеттік қызметтің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың, сонымен қатар кəсіпкерлік субъектілердің
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелердің,
ұйымдардың жұмыстарын заңнамалау режимін сақтайды.
Азаматтар мен заңды тұлғадарды толғандыратын барлық сұрақтарға жауап берілу үшін Әділет
басқармасы тұрақты түрде кəсіпкерлермен дөңгелек үстелдер, кездесулер, семинарлар, сонымен
қатар ашық есік күндерін өткізеді.
Атап айтсақ, 2016 жылда, 56-семинар, 39-дөңгелек үстел, 12-ашық есік, 13-жиын өткізіліп, 148
дəріс оқылды жəне бұқаралық ақпарат беттерінде 31 мақала, 15 ақпарат Қазақстан
Республикасының Әділет Министрлігінің веб-сайтында жарияланды.
Басқармалармен жүргізілген бұл қызметтер азаматтар мен кəсіпкерлік субъектілердің құқықтық білгірлік дəрежесін жоғарылатуға жəрдемдеседі.
Әділет басқармасы мемлекеттің бəсекеге қабілеттілігін арттыруына қатысты мəселелердің шешімдерін табу үшін аса маңыздылықты иеленетін Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулыларын
жүзеге асырады. Стратегиялық жоспарлардың жүзеге асырылуы – бұл бəсекеге қабілеттілік рейтингісінде біздің еліміздің беделін арттырудың тиімді тəсілі болып табылады.
Д.Ж.Батталова,
Жаңаарқа ауданының әділет басқармасының
бас маманы, Заңгерлер одағының мүшесі
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1320 дана
Тапсырыс №5
Автор
1988-1986
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
113
Размер файла
8 065 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа