close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Работа с трудными

код для вставки
«Күйгелек», қиынға бейім оқушымен жүргізілген жеке жұмыс түрлері.
Мақсаты:
А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.
Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі - өнеге
көрсетуінде»,- деген ғой. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап,
дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің
жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және
балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін
бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп,
ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Ол баланың сабақ үлгерімі жақсы, бірақ денсаулығының өзіндік ерекшелігі болуына
байланысты, 3-4 сыныптарға дейін бірқалыпты , тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін қиынға
бейім оқушы болуы мүмкіндігіне байланысты психологпен жұмыс жасау тиіс деп ұйғардым.
Себебі, 1-3 сыныптарда бала мінезі өте ашушаң, айналасындағы балалармен үнемі агрессивті
қарым – қатынаста болды. Өзін ойын ойнағанда да айқайлап шу көтеріп жүретін. Әр нәрсеге
күйгелектенетін. Үнемі басы ауырып жүретін. Сабақты тек өзінен сұрауын талап етіп отыратын.
Өте өзімшіл, басқа балалармен санасқысы келмейтін.
1.Тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастадым
-Ата-анасы балаға шектен тыс қамқор болып отырғандығын. Ата-ана бойындағы өз қорқынышын
/денсаулығына байланысты/ балаға беретіндігін, шектен тыс алаңдатындықтан, бала
денсаулығына зиян тигізе бастағанын көре білдім. Және анасы саудамен, әкесі 15 күн вахтамен
жұмыс жасайтындықтан баламен терең байланыс жоқ .
2. Оқушымен жұмыс. (ер бала)
1. Ата-анасына көмектескен, еңбекке ерте араласқан бала теріс жүріске бармайды.
Сондықтан еңбек сабағында берілетін тапсырмаларды үйінде анасы бар уақытта анасымен
бірлесіп жасауға кеңес бердім. Бұл балаға анасымен қарым-қатынас орнатуға, өзіне деген
сенімділікті нығайтуға көмектесті. Мысалы, 3-сыныпта Мектепішілік «Балалар Тәуелсіздікті
жырлайды» сайысында «Ақтау - әсем қала» атты макетті әке-шешесімен бірлесіп жасап
мектепішілік сайыста 3-орынды иемденді.
2. Ата –анасына өз тарапымнан психологиялық кеңестер бердім.
-Ата-аналарға балаларына қарым-қатынасын өзгертуге кеңес беріледі; балаға еркін әрекет жасауға,
дербестікке мүмкіндік беру, шектен тыс қамқор болуды қысқарту. Баласына үлгі өнеге болуға
тырысу, өз қорқынышыңды балаға бермеу, оның қорыққаны үшін реніш білдірмеу, сынамау,
қорқыныштан тек сырттай қорғап емес, оның себебін тауып көмектесуге ұмтылу.
-Қорқыныш сезімін болдырмау үшін, алдын - алу үшін жанұяда жағымды ахуал тудырып, театрға,
паркке, аттракциондарға, қала сыртына демалып, күйзелістен арылуға, көңіл-күймен тонус
көтеретін орындарға баламен бірге бару.
-Педагогтарға баланың орнықты психикалық қалпын сақтау кейбір баланың осындай проблемаға
бейім екенін, олардың тұлғалық проблемалары, қорқынышы күйзеліске бейімділігін ескеру керек
екендігін ұмытпау керек. Бұлар баланың бірқалыпты әрекетпен айналысуына, қарым-қатынас
жасауына кесел келтіріп, қиындыққа алып келуі мүмкін.
-Қорқақ, күйзеліске бейім балалар педагогтың ерекше назарын қажет етеді. Балаға сенім, үміт арту
бірқалыпты, жай дауыспен сөйлеу, өте артық қамқорлық көрсетуден босату, ұжымдық
жұмыстарға баланы белсенді араластыру да қорқыныштан арылтады.
3. Тренингтер өткіздім.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе сөз.
- Балалар, денсаулық мәселесі бүгінгі күнде күрделі мәселеге айналып отыр. Отбасының
әлеуметтік жағдайы, аурулармен ауру, көңіл - күйдің мазасыздығы, түрлі жағдайларға оқушының
нашар бейімделуі мәселенің сан қырлы екенін көрсетеді де, арнайы мамандар мен мұғалімдерден
көп күш жұмсауды талап етеді. Сондықтан денсаулығымызды сақтау, өз денсаулығымызды
басқара білу, түрлі келіспеушіліктің алдын алу, кикілжіңнің туу себептері мен одан шығу
жолдарын түсіну мақсатында «Кикілжіңнің денсаулыққа әсері» атты психо - профилактикалық
сабақты ұйымдастырып отырмыз.
ІІ. Психологиялық тренинг.
- Бүгінгі сабағымыз көңілді өту үшін көңіл - күйімізді көтеретін жаттығудан бастайық.(Жағымды
баяу музыканың ырғағымен)
1 - кезең. Денемізді бос ұстап ыңғайлы отырамыз.
2 - кезең. Көзді жұмып, тыныштанып бүкіл денемізді ойша шоламыз.
3 - кезең. Денемізді бос ұстап, өз - өзімізді жағымды және көңілді сезініп, өмірдегі барлық
жағымды сәттерді еске алайық.
4 - кезең. Өзімізді әлі күлтелерін ашпаған гүл деп сезінейік. Сол гүл күлтелері баяу ашылып, күнге
қарай ұмтылуда. Денемізді бос ұстап жоғары көтерілеміз, көзімізді ашып қолымызды сілкілейміз.
- Балалар, ыңғайлы отырып, бір - бірімізге қарап, әдемі жымиып, күлейік. Әрқашан осылай көңіл күйіміз көтеріңкі болсын.
- Балалар, енді кезекпен кезек барлық адамзатқа жақсы денсаулыққа арналған тілектер
айтайықшы:
Мысалы: Денсаулық - адамның басты байлығы, сондықтан денсаулықты сақтай білейік. Күлкі адам өмірін ұзартады, ешқашан жүзімізден күлкі кетпесін. Көңіл - күйіміз әрқашан көтеріңкі
болсын.
ІV. Ситуациялық жағдайлар.(Рөлдік ойындар)
Екі оқушы көшеде келе жатып бірін - бірі қағып кетеді. Екеуі біраз кикілжіңге барды. Соңында
төбелеске ұласу қаупі туындады.(Ал балалар, осы кикілжіңнің себебін ойластырып, одан шығу
жолын рөлге еніп көрсетіңдер. Оқушының дөрекілігіне, көңіл - күйіне, ұстамсыздығына, өз сезімін
қадағалай алмауына, қарым - қатынасқа түсе алмайтынына мән беру қажет)
Адамдар арасында кикілжіңді болдырмау үшін, екі жақ та бірдей шешімге келуі тиіс. Мына
жағдайда ашуды ақылға жеңдіріп, бір - біріне жылы сөз айтып келісімге келу - компромисс деп
аталады.
Компромисс - бұл кикілжің туындаған сәтте, екі жақтың да кейбір өз ойларынан бас тартып ортақ
бір шешімді қабылдауы. Келісім - бұл келешекте алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін
адамның біріге күш қосуы.
V. Валеологиялық тренинг:
1 - кезең. «Мен сабырлымын», «Мен тынышталамын», «Бәрі жақсы болады» деп іштей қайталап
өзімізді сендіреміз.
2 - кезең. Сабаңа түсіп көңіл - күйің қалпына келгенше 10 - ға дейін сана.
3 - кезең. Құлақ қалқанын жеңіл қимылмен айналдыра сипала, басыңды қолыңмен қаусыра
құшақтап, алақаныңды құлағыңа тигіз, мойныңды сипап иығыңды ысқыла.
VI. Қорытынды.
Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты. Өзіңді сыйлағаның,
денсаулығыңды сыйлағаның. Ғұмырыңды қысқартатын әсерлер - үрей, уайым, зарығу, жігерсіздік,
күндеу, жек көру.
Мінеки, балалар, бүгін кикілжіңнің әсері денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін білдік. Әр
жағдайда ақылмен ойлап, екінші жаққа қысым жасамауды, зорлық тудырмауды, ашу - ыза, жек
көрушілікке жібермей шешуге адам баласының күші жетеді. Осы күшті пайдаланып, өзіңнің де
өзгенің де денсаулығын ойлап, кикілжіңнің денсаулыққа әсерін түсініп шешім қабылдаған жөн.
Әрқашан кикілжіңнен аулақ жүрейік, өйткені кикілжің адам денсаулығына зиян!
3. Қазақ халқы-ғажап тәлімгер.
Халықтық педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тәрбие беруде
жеткіншектерге тілі мен әдебиетін , тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгертуоқушыға қажет.
Белгілі жазушы Ж. Аймауытов «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе - өскен орта, ата-ана тәрбиесі.Соңғысы
күшті болмаса, бара-бара адамды замандас жолдастың азғырып, не түрлі жаман мінезді
жұқтыратыны белгілі. Отбасының жылуын көрмеген, ата-ананың махаббатына бөленбеген бала
жаны қатыгезденіп, қылмыстық жолға бейімделетінін мұғалімдерге түсіндіру артық болар. –
дейді. Бұл сөз ата-анаға үлкен жүк артады.
Тәрбие - тал бесіктен» демекші іргетасы берік үй оңайлықпен құламайды, яғни жастайынан
берілген тәрбиені қоршаған орта түбегейлі өзгерте алмайды.
Осындай еңбектің нәтижесінде балада мынадай оң кезеңдер байқалады:
Өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер бола бастайды.
Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа
адамгершілікті сапалардың арасында күрес басталады.
Бекіту кезеңі: Әрбір қиын оқушы мінез құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерістер болған сайын,
өзін - өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу,
алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты
аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек
Оқушымен сұхбат
(Қиынға бейім баламен жұмыстың нәтижесі.)
4-сыныптың оқушысы
Менің атым: М
Әкесінің аты: Б
Анасының аты: Ы
Мен ұнатамын: Еңбек сабағынан берілген қолөнер бұйымдарын мамаммен бірлесіп жасау маған
ұнайды. Еңбекшіл, қамқоршы, көмегін анасынан аямайтын адам ретінде сезінем.
Папам маған сөзжұмбақ шешуде, жаңылтпаш, жұмбақ шешуде көмектеседі.
Папамның
маған қамқор екенін сезінем.
Папам дүкенге
жұмсаса қолғабыс жасағаныма мақтанам. Сол кезде өзімді мейірімді бала ретінде сезінем.
Папа-мамамның сабағыма көмектесіп отырғанын, айтқанымды тыңдағанын жақсы көрем.
Достарыммен бірге болуды, бірге қыдырып демалуды ұнатамын.
Алдымен ата-анамнан рұқсат сұраймын. Рұқсат етсе ғана қыдырамын.
Кім болам? Үздік Футболист болғым келеді.
Қарындасыма үнемі сабағына көмектесем, түсіндірем.
Мамам тапсырып кетсе, үй жинаймын, көрпе саламын. Дүкенге барамын.
Менің теріс мінез- құлқым: Шыдамсыздық, ашушаңдық, біреуге тиісе беру.
Өзімді тәрбиелеймін: Сабырлы болдым. Ашуланбаймын. Ешкімге орынсыз тиіспеймін.
Үй маңындағы Б-ш, Б-р мазақтайтын еді. Мен ашуланатын едім.
Олар мазақтаса үйге
кіріп кетіп мән бермей үйрендім. Ал қазір ашуланбай үйренгендіктен олармен доспын.
Қазақ халқының мақал – мәтелдерін жолдастарымнан гөрі көп білемін. Өміріме пайдалана
аламын.
Ашу –дұшпан, ақыл-дос.
Ақылыңа ақыл қос. Осындай мақал арқылы мен ашуланбай сабыр сақтауды үйрендім.
Менің достарым: Қазіргі уақытта менің достарым көп. Қыздармен де дос бола аламын. Т, Н, Д, А,
Е, Б, С, т.б
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
8
Размер файла
19 Кб
Теги
трудными
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа