close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

«Ұлттық тәрбие негіздері» /Этнографиялық ойын/

код для вставкиСкачать
сценарий
22 –ші наурыз Ұлттық мейрамға арнап,
«Ұлттық тәрбие негіздері» атты
этнографиялық ойынның
сценарииі
Мақсаты: оқырмандардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін ,
қызығушылығын арттыру, жас ұрпақтың ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз
ұлтын сүюге, кітап оқуға тәрбиелеу.
Ойынның көрнекілігі: кітап көрмесі , даналық сөздер.
Жүргізілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Кітапханашы: - Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқырмандар!
«Өнер алды - қызыл тіл» - деп Абай атамыз айтқандай, сіздер осы наурыз
мейрамына арналған этнографиялық ойынын тамашалағалы отырсыздар.
Ойын шарты: ойын 3 кезеңен тұрады.
1 Мақал- мәтелді жалғастыру
2.Жұмбақтар шешу
3.Викториналық сұрақтар
1.Мақал- мәтелді жалғастыру.Мақал- мәтелдер – ғасырлар шежіресі, онда
халық тарихы оның тіршілігі ақыл өнегісі мол көрініс тапқан.
1.Тіл туралы мақал айту: «Өнер алды –« қызыл тіл»
«Бас кеспек болса да, (тіл кеспек жоқ!)
«Басқа пәле( тілден)
«Бала тілі –( бал».)
2.Ас туралы мақал айту:
«Ас (адамның арқауы), «Асың дәмді болса, (көңілің сәнді болар),
«Анасын көріп( қызын ал, ыдысын көріп асын іш)
«Ас бар жерде (ауру тұрмайды), «Ас (иесімен тәтті).
3.Жақсылық пен жаманшылық туралы мақал айту:
«Жақсы бала – сүйік, (жаман бала – күйік)
«Жақсылыққа жақсылық (әр кісінің ісі)
Жамандыққа жақсылық (ер кісінің ісі»)
4.Ақыл туралы мақал айту:
«Ашу асыққанда (ақыл басу айтады), «Ақылсыз сұрақ беріп, а(қылды жауап
күтпе), «Ашу дұшпан, ақыл дос, (ақылыңа ақыл қос), «Ас тасыса, (қатығы
төгілер), Ашу тасыса, (ақылы төгілер)
5.Дос туралы мақал айту: «Дос көбейсе дұшпан аяқ астында», «Алыстағы
дұшпаннан аңдып жүрген дос жаман».
II Тіркесін табу:
1. Тіл тас жарады...
(Тас жармаса, бас жарады).
2.Ерді намыс өлтіреді...
(Қоянды қамыс өлтіреді).
3.Басқа елде сұлтан болғанша...
(Өз еліңде ұлтан бол).
4. Зейіні бардың...
(бәріне де бейімі бар).
Төмендегі тақырыпқа екі мақалдан құрау.
1.Отан туралы
«Отан үшін отқа түс, күймейсің»,
«Отансыз адам – ормансыз бұлбұл».
2.Ашу, ыза туралы
«Ашумен басталған іс абыроймен аяқталмайды».
«Ашу дұшпан ақыл дос,
Ақылыңа ақыл қос».
3.Ар – ұят намыс туралы
«Мал үшін таласпа, ар үшін талас»
«Арлы арына қараса, арсыз жеңдім дер»
4.Бала туралы
«Балалы үй-базар, баласыз үй – қу мазар»
«Бала тілі - бал».
5. Денсаулық туралы
«Денсаулық – зор байлық»
«Дені саудың – жаны сау»
3. Жұмбақ сайысы.
Жұмбақтар – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жұмбақ адамның
дүниетану жолындағы ойының , қиялының шамасын білдіреді.
Ойын шарты:
а)Берілген жұмбақтың жауабын айту.
1.Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ жүреді.
Ауызы жоқ ұлиды. (Боран)
2.Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
3.Тіріден өлі туады, өліден тірі туады.(Жұмыртқа мен балапан)
4.Өмірді өлшейді ешкімнен сұрамай, тіліңді алмайды тетігін бұрамай. (Сағат)
5.Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп, тербеледі адам соқса.
Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда үндемейді адам жоқта. (Домбыра)
6.Күмбір-күмбір күйі бар
Құлағыңа құйып ал (домбыра)
7.Әжем уыстап сығып
Далада кептірген
Қатты әр тәтті дәм
Кім бар жеп көрген (құрт)
8.Қабырғада қиық тұр
Жері жүзі оған сыйып тұр (геог.карта)
1.Жарқылдаған қос қылыш, қолға тисе жоқ тыныш. (Қайшы)
2.Жаралғанға жабысқан. (Есім)
3.Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа)
4.
Наурыз нама туралы викториналық сұрақтарға жауап береміз. Қай
оқырман наурыз туралы көп біледі екен соны ортаға саламыз.
Наурыз сөзі қайдан шыққан?
Наурыз көжені қалай жасайды?
Наурыз көк деген не?
Он атаны ата?
Үш мақсат деген не?
Үш арсызды ата?
Жеті байлықты ата?
Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата?
Қазақтың ұлттық тағамдарын айт?
Кітапханашы: «Тұз астың дәмін келтіреді
Мақал сөздің мәнін келтіреді»
«Мақал қайдан шығады ой болмаса,
Киіз қайдан шығады қой болмаса» дегендей, бүгін біз оқырмандардың мақал
мен жұмбақ жарысын тамашаладық. Жарысқа қатысушы сайыскерлер, өздерінің
сөздік қорын байытып, қазақтың мақал-мәтелдерін, жұмбақтарын жақсы
білетіндіктерін көрсете білді.
Құрметті оқырмандар , осы жаттаған жұмбақ, мақалдармен шектелмей,
мемлекеттік тілімізді құрметтеп, шешендік сөздерді көбірек білу үшін кітап
оқып ,кітапты құрметтеп тілге шешен, сөзге жүйрік болуға ұмтылыңыздар.
(Оқырмандарды дастарханнан дәм тартыру)
Автор
library.karazhal
Документ
Категория
Филология
Просмотров
354
Размер файла
17 Кб
Теги
этнография, ойын, биб
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа